Қазақ халқынын қалыптасуы және Қазақ хандығының құрылуы


Slide 1

Қазақ халқынын қалыптасуы және Қазақ хандығының құрылуы.

Slide 2

1. Қазақ хандығының құрылуы.

2. Қазақ халқының шығу тегіндегі антропологиялық және этникалық жақтары.

3. Қазақ халқының құрылуының негізгі кезеңдері және этнос ретінде қалыптасуының аяқталуы.

Slide 3

Қазақ хандығынын құрылуы. Жәнібек пен Керей.

Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерiнде XIV-XV ғасырларда орын алған әлеуметтiк-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды қоғамдық құбылыс.

Slide 4

Өндiргiш күштердiң дамуы, феодалдық топтардың тәуелсiздiкке ұмтылуының, негiзінде Әбiлхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстын өршуi, әлеуметтiк қайшылықтардын үдеуi XV ғасырдын екiншi жартысында бұл мемлекеттердiң құлдырауына әкеп соктырды.

Slide 5

Жәнібек қазақ хандығынын туңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы.

Slide 6

Қазақ хандығының құрылуына XV ғасырдың екiншi жартысында Қазақстан жерiнде екi мемлекеттiң - Әiлхайыр хандығы (Көшпелi өзбек мемлекетi) мен Моғолстанның iшкi саяси ахуалы накты жол ашты.

Slide 7

«Қазақ» этнонимiнiн пайда болуы.

XV ғасырдын аяғында «өзбек» деп аталып келген Өзбек ұлысының бiрталай халқы Шайбани хан Орта Азияны жаулап алғаннан кейiн сонда коныс аударған, ал Қазақстан аумағында қалған көшпендiлер «өзбек-қазақ» деген атауға ие болды.

Slide 8

«Қазақ» атауының шығу тегiне байланысты академик В. В. Вельяминов-Зернов атаудың накты тусiнiгiн «қазақ - өзiндiк тұрмыс-салты бар, көшпендiнiң еркiн де тәуелсiз салтын ұстанатын адам дегендi бiлдiредi» деп тужырымдайды.

Slide 9

Қазақ хандығының жүздерi

Қазақ халкының кұрылу процесi этникалық территориясының қалыптасуымен қатар жүргізілді.

Slide 10

Қазақстан территориясын этносаяси және шаруашылық жургiзу ерекшелiктерiне байланысты

Ұлы жүз,

Орта жүз және

Кiшi жүз болып үшке бөлiндi.

Slide 11

Жүз деген уғымнын өзi халыктың «бөлiгi»,

«бұтағы», «тармағы» дегендi, бiлдiредi.

Ұлы жуздiн, Орта және Кiшi жүздердiң қашан құрылғаны жөнiнде накты мәлімет жоқ, бүл туралы бiр бiрiне қарама-қайшы келетiн пiкiрлер кездеседi.

Slide 12

Ұлы жуз Сырдарияның орта ағысынан Жетiсуға дейiнгi аймактарды қамтыды.

Онын курамына: үйсiн, қаңлы, дулат, албан, суан, ысты, шапырашты, жалайыр, ошақты, шанышқылы, сіргелі, қатаған т. б. рулар кіреді.

Slide 13

Орта жүз Орталық және Солтүстiк-Шығыс Қазақстанды қамтыған, құрамына:

қыпшақ, арғын, (тарақты), найман, қоңырат, керей, уақ рулары жатады.

Slide 14

Кiшi жүз Сырдариянын төменгi ағысын, Арал теңiзi жағалауын, Каспий маңы ойпатын қоныстанған, құрамында:

3 үлкен ата : 1. Байұлы,

2. Жетіру.

3. Әлімұлы

Slide 15

Байұлының құрамындағы рулар:

адай, жаппас, алаша, берiш, шеркеш, есентемiр, алшын, байбақты, ысық, таз, масқар, қызылқұрт.

Slide 16

Жетірудың құрамындағы рулар:

табын, тама, жағалбайлы, рамадан, кердері, керейіт, телеу.

Slide 17

Әлімұлыныңы құрамына кіретін рулар:

Қаракесек, қарасақал, кете, төртқара, шөмекей, шекті.

Slide 18

Қазақ халқының қалыптасуы

Қазақ халқының шығу тегіндегі антропологиялық және этникалық жақтары

Қазақ халқының құрылуының негізгі кезеңдері және этнос ретінде аяқталуының қалыптасуы.

Slide 19

Халықтың қалыптасуы туралы түсінік

Әрбір халықтың жеке халық болып қалыптасуы үшін көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткізуіне тура келеді. Бұл күрделі процесс бір немесе екі ғасырдың ішінде болмайды, халық болуы үшін бірнеше ғасырларды керек етеді.

Slide 20

Қазақстан жерінде халық болып құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, оан кейін қола дәуірі мен (б. з. д. ІІ-І м. ж. кезеңі) темір дәуірі (б. з. д. VII-IV) кезеңдермен, немесе бұлкезде өмір сүрген ру-тайпалардың өсіп-өркендеуінен басталды. Олар Қазақстанның ұлан ғайыр территориясын ежелден мекендеген байырғы (автохонды) тайпалар мен тайпалар бірлестігінен құралған.

Slide 21

Қазақ халқының шығу тегі

Қазақ халқының бастауы болып табылатын, сақ тайпаларының тікелей жалғасы болып үйсін, қаңлы тайпалары саналады.

Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақтық кезеңге: үндіеуропалық және түріктік кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде лингвистикалық тіл жағынан Қазақстан тұрғындары үндіеуропалық топтың ежелгі иран тобына кіреді, яғни бұл кез б. з. д. ІІІ-І мыңжылдықты қамтиды

Slide 22

Екінші кезеңде Қазақстан территориясында шығыс жатқан көптеген көптеген көшпелі тайпалардың соның ішінде ғұндардың Батысқа қарай қоныс аударуына байланысты, сақ және сармат тайпаларының жалғасы - үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен.

Slide 23

Қазақ халқының шыққан тегі туралы көптеген аспектілері ішінен өзекті ретінде лингвистикалық және антропологиялық мәселелерін бөлшектеп алған жөн. Орта Азия мен қазақстан өңірінде осы екі процестің екеуіде қатар дамып отырған.

Slide 24

Қарахан феодалдық мемлкеті қазақ халқының қалыптасуына ықпал еткен. Бұл мемлекеттің кезінде халық болып қалыптасу пісіп-жетіліп, қалалық өмір өркендеп, отырықшылық жанданып, қолөнер дамып, көрші жатқан елдермен сауда қатынасы артып, жалпы мәдени-экономикалық даму өскен.

Slide 25

Қарахан мемлекетінде феодалдық қатынастар түрі қоғамның барлық саласын қамтыды. Шығыстан моңғол тектес көшпелі халықтардың жасаған шапқыншылығы Оңтүстік және оңтүстік Шығыс Қазақстанның қалыптасқан этникалық жайына оншалықты өзгеріс жасай алған жоқ.

Slide 26

Қазақ халқының қалыптасуындағы қиыншылықтар

Алтай жақтан ығыса келіп, өздерінің мемлекеттік бірлестігін құрған Наймандар мен керейлер Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына елеулі әсерін тигізді. Кейіннен найман және керей тайпаларының атауы сол күйінде қазақтың генеологиялық құрылымына енді.

Slide 27

Қазақ халқының қалыптасуын моңғол шапқыншылығы тас-талқан етіп қиратты. Нәтижесінде қазақ жерінде этникалық бірлестіктердің құрамы бұзылып, халық болып қалыптасу процесі XV ғасырға дейін немесе 200 жылдай уақытқа кешеуілдеді.

Slide 28

Қазақ халқының құрылуының негізгі кезеңдері және этнос ретінде аяқталуының қалыптасуы

Моңғол шапқыншылығы салдарынан Қазақстан жеріндегі ру-тайпаларының арасында тарихи қалыптасқан жағрафиялық ортақтастық мәдени-экономикалық байланыстар бұзылды. Моңғол басқыншылары көптеген қалалар мен елді мекендерді, егіншілік ошақтарын алқандап, өлкенің өндіргіш күштерін күйзелтті.

Slide 29
Ұқсас жұмыстар
Керей хан Жәнібек хан
Қазақ хандығына 550 жыл
Мауараннахр мен Моғолстан хандығы
Қазақ хандығының құрылуы
Құрылуы 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан
Қазақ хандығының құрылуының себептері
Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы
Қазақ сөзі
Әбілхайыр ханның немересі
Қазақ хандығының құрылу алғы шарты және қазақ хандығының құрылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz