Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселелері
Презентация қосу
Қазақстан
Республикасының
Дүниежүзілік сауда
ұйымына кіру мәселелері
Ауыл шаруашылығы, сөзсiз қайта өркендетудi, қолдауды қажет етедi.
Бұл – дүниежүзілік тәжірибе. Біріншіден, ДСҰ-на кіргенде
Қазақстанның ауыл шаруашылығының деңгейі 40 пайыздан төмен
болмауы тиiс.
- Ол қалай жүзеге аспақ?
- Біз қазір бюджетті 3 жылдық мерзімде жоспарлап отырмыз.
Мемлекет алдағы үш жылдың ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу
бағасын белгілеу керек. Айталық, егер, бидайдың нарықтың бағасы 100
доллардан түсіп кетсе, не, мақтаның бағасы 40 доллардан түсіп кетсе,
онда мемлекет өзі бюджет есебінен жоғары бағамен ауыл өнiмiн сатып
алып, мемлекеттік резервте ұстай алады. Өйткені, ауыл шаруашылығы
әрдайым табиғатқа тәуелді. Және тек Қазақстандағы емес
дүниежүзіндегі өнімділікке тәуелді. Дүниежүзінде бидайдың, күріштің
не мақтаның өсімі жақсы болса, бағасы да төмендей түседі. Бұл –
заңдылық. Осы кезде біздің мемлекет өз шаруаларымызды қолдауы
керек. Екіншіден, осы себептен де ауыл шаруашылығын
қамсыздандыру, сақтандыру iсiмен айналысу керек. Сол сияқты,
ауылға берілетін несие арзандатылып, техниканы лизингке беру
шарасы жүзеге асырылуы тиiс. Бұл арада, сондай-ақ, қазіргі заман
талабына сәйкес тұтыну кооперациясын қалпына келтірудi де
. Иә, біздің алдымызда
ДСҰ-ға мүше болу мақсаты
тұр.
Мына жылы тауардың мынадай тобына байланысты келісеміз,
келесі жылы анандай тобына байланысты келіссөз жүргіземіз
деген нақты бағдар жасау керек. Үкімет жалпы алғанда, бұл
процесті бақылап отырған жоқ. Рас, жасауға тырысады. Бірақ
нәтиже шамалы. Үкімет экономиканың қазіргі туындатып
отырған өмір шындығына жауап бере алмауда. Бізде Үкімет өз
бетінше, халық өз бетінше өмір сүріп жатқандай. Мысалы, ауыл
шаруашылығын алып қарайық. Ауыл шаруашылығы өнімін
өндіру үшін қыруар еңбек, көп уақыт кетеді және ол климаттық
тәуекелге бел буады. Ауыл шаруашылығы дегеніміз –
Қазақстан экономикасының элементі. Ол осы шеңберден тыс
өмір сүре алмайды. Үкімет осы проблемаға көңіл аудара
бастады, бірақ нәтиже жеткілікті емес. Ауыл шаруашылығы
өнімінің шет елмен салыстырғанда бәсекеге қабілеттілігі
төмен. Бұл ауыл шаруашылығы өнімінің бағасының
тұрақсыздығына алып келеді. Бұдан елдің орташа еңбек
табысы бір басқа, ауыл шаруашылығындағы еңбекақыны бір
басқа етеді.
Бізге алдымызға мақсат қойып сол мақсатқа жету міндеттерін
орындауымыз керек.
[] ДСҰ міндеттері
ДСҰ басты міндеті — іркіліссіз халықаралық сауда-саттықа мүмкіндіктер жасау.
Дамыған елдердің бастамасымен құрылған аталған ұйым халықаралық саудада
экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс тіршілігін көтеруге ықпал етеді деп
есептеледі. Бүгінгі таңда әлемдік сауда жүйесі негізгі бес ұстанымға сәйкес
келуі тиіс:
— Саудада еш кемсітушіліктің болмау шарты, яғни бірде-бір мемлекет қайсыбір
мемлекетке экспорт пен импортқа шектеушілік қоюға құқығы болмайды;
— Сауда кедергілерін азайту, немесе қайсыбір елдің нарығына шетелдік
тауарлардың келуіне кедергі келтіретін факторларды жою, оларға бірінші
кезекте кедендік алымдар мен импорттық квоталар жатады, басқаша айтқанда
импортқа қойылатын көлемдік шектеулер;
— Тұрақтылық пен сауда шартының алдын-ала болжамдылығы, бұл шетелдік
компаниялар, инвесторлар мен үкіметтер қолданыстағы сауда шарттарының
кенеттен және бір тараптың еркімен өзгерілмейтініне кепілдік береді;
— Халықаралық саудадағы бәсекелестікті ынталандыру, яғни түрлі елдер
фирмаларының тең құқықты бәсекелестігі үшін «әділетсіз» тәсілдерді жою, оған
экспорттық субсидиялар (экспортшы-фирмаларға мемлекет демеушілігі), жаңа
сату нарықтарын иелену мақсатында демпингтік бағаларды пайдалану;
— Жоғары дамымаған мемлекеттер үшін халықаралық саудада жеңілдіктер
жасау. Нақ осы бап жоғарыда көрсетілген ұстанымдарға кереғар келеді, алайда
ол әлемдік шаруашылыққа осал дамыған елдерді тарту үшін қажет болды. Бұл
елдер алғашқы кезеңде дамыған мемлекеттермен бәсекелесе алмайтыны айдан
анық, сондықтан да нашар дамыған елдерге ерекше жеңілдіктер қарастыру
«әділетті» болар деп есептеледі.
[] Қазақстан — ДСҰ-ға кіруге
мүдделі
Қазақстан Үкіметі ДСҰ-ға кіру — елдің сыртқы экономикалық саясатындағы басымды бағыттардың бірі деп
біледі. Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі жұмысшы топқа осы ұйымның 38 мемлекеті кіреді, сонымен
бірге нарыққа тауарларды шығару жөніндегі келіссөздерге 14 ел, ал қызмет нарығына қатысты 10 ел
қатысады.
Келіссөздер Женевада орналасқан ДСҰ Хатшылығында көпжақты және екіжақты негізде жүргізіліп келеді.
Бүгінгі таңда қазақстандық делегация төрт негізгі бағыттар бойынша келіссөздер жүргізуде:
— Тауарлар рыногіне шығу келіссөздері ұйымға кіргеннен соң Қазақстан пайдалануға құқық алатын
импорттық кедендік алымдарды барынша байланыстыру деңгейлерін ДСҰ-ға мүше-елдермен анықтау және
келісуді көздейді;
— Қызметтер нарығына шығу туралы келіссөздердің мақсаты қазақ нарығына шетелдік жеткізіп
берушілердің шығу шарттары болып табылады;
— Ауыл шаруашылығына қатысты арнайы көп жақты келіссөздер, тарифтік аспектіден бөлек, ауыл
шаруашылығын іштен қолдау білдіру мен экспорттық субсидиялардың мөлшерін келісуді көздейді;
— ДСҰ қатысушысы ретінде өз міндеттемелерін орындау үшін заңнамада қолдануға тиіс шараларды
анықтау мақсатында жүргізіліп отырған жүйелік мәселелер бойынша келіссөздер;
Жеке елдермен өткізілген екіжақты келіссөздердің 14 раундының қорытындылары бойынша Қазақстан
тауарлар нарығына шығу жөнінде келіссөздердің соңғы мәресіне жетті. Бүгінгі таңда тарифтік
міндеттемелерді егжей-тегжейлі талқылап, АҚШ, Еуропалық Одақ, Канада сияқты елдермен диалог құруға
қол жеткізді. Сонымен қатар қызметтер нарығына шығу жөніндегі келіссөздер процесін одан әрі қарқынды
жүргізуге негіз қаланды.
Бүгінгі таңда, Грузия, Пәкістан,
Пәкістан, Түркия,
Түркия, Оман Сұлтанаты , Корея,
Корея, Жапония , Куба,
Куба, Мексика Қырғыз
Республикасымен екіжақты келіссөздердің аяқталуы туралы Хаттамаларға және ҚР Индустрия және сауда
министрлігі мен Мысыр Араб Республикасының Индустрия және технологиялық даму министрлігі арасында
өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. ҚР мен ДСҰ арасындағы ынтымақтастықтағы маңызды
оқиғалардың бірі 2004 жылғы тамыздағы ДСҰ Бас хатшысы С.Паничпакдидің Қазақстанға сапары болды.
Осы тұста айта кетер бір жай ДСҰ басшылығы әдетте бір елге арнайы сапар ұйымдастырмайды,
қалыптасқан тәжірибе бойынша бірнеше мемлекетті аралап шығады. Осы сапардың барысында ұйым
басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен , елдің бірқатар министрлерімен кездесіп, ДСҰ келісімдерінің
міндеттемелерін қабылдау жөніндегі Қазақстанның ортақ ұстанымын түсінісуге қол жеткізілді.
Қазіргі кезде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру процесі маңызды сатыда тұр. Келіссөздер
жүргізу тұрғысында Қазақстан үшін бес мемлекет, атап айтқанда, АҚШ,
АҚШ, Еуропалық Одақ , Канада ,
Аустралия және Болгария ең маңызды болып табылады. Келіссөздер процесінде уағдаластыққа жету
қиыншылықтары тауарлар мен қызметтер нарығына шығуда көп жағдайда олардың нақты коммерциялық
мүддені қозғамайтын, тіпті еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әсіреқатаң талаптар
қоюынан туындауда. Аталған проблемаларды реттеу үшін Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздер
мен ресми кездесулер кестесі әзірленді. Бұл тұрғыда Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелері де
ДСҰ мүшелері болып табылатын жеке елдерге саяси ықпалды күшейтуге барлық мүмкіндіктер жасауда.
МҮШЕ БОЛУ ҚАЗАҚСТАНҒА НЕ
БЕРЕДI?
ДСҰ-ға мүше болуды қос қолын көтерiп қолдайтын сарапшылардың пiкiрi сауда ұйымының сыбағасы
мол дегенге саяды. Әрi Қазақстанның экономикалық ендiктегi орны мүшелiктен тартуға болмайтындай
жағдайға келген. Себебi, бiздiң елмен сауда-саттық жасайтын мемлекеттердiң тоқсан пайызға жуығы
ДСҰ-ның мүшелерi болып табылады.
Сондықтан ортақ сауда заңына жүгiнiп, баға мен сапа саласындағы темiрдей тәртiпке бағынатын
мемлекеттерге Қазақстанның қақпасы ашық болғанымен, қазiргiдегiдей нарықта еркiн әрекет ете
алмайтын серiктес елдер бiзден iргесiн аулақ салуы мүмкiн. Ал бiрыңғай сауда заңына бағынатын
елдер импорттық имунитетке ие болғандықтан, қазақстандық өнiмдi босағадан да сығалатпауға
құқылы.
Импорттан қорғану тұрғысынан алғанда бұл бағыт бiзге арман болған жол десе де болады. Себебi,
ДСҰ-ның шектеулерi экономиканы импорттан зардап шегу қаупiнен қорғайды. Мәселен, мүше елдерде
баж салығы 12 пайыздан жоғары болса, Қазақстанның қазiргi жағдайында ол 8-9 пайызды ғана
құрайды. Баж салығындағы қолайлы бағамның болмауы бiздiң елдiң импорттық имунитетiн баяғыда-ақ
жойып жiберген едi.
Бүгiнде сауда сөрелерiнде сiресiп тұрған сырттан әкелiнген өнiмдердiң басымдығы мен отандық жеңiл
өнеркәсiптiң үнi шықпай отырғандығының да бiр ұшы аталған сауда саясатында жатыр. Нақты
мысалмен айтайық, Қазақстанда жасалған тауарлардан Қытайдан шығарылатын өнiмдердiң әлдеқайда
арзан болуы бiздегi баж салығының төмендiгiнен. Яғни, жұмыс күшi су тегiн, дайын шикiзатты
тұтынатын елдегi бағаның нарқы мен отандық тауардың өзiндiк құны аралығындағы айырмашылықты
реттейтiн тетiктер жұмыс iстеп отырған жоқ. . Оған кедендiк бақылаудың әлсiздiгiн қосыңыз.
Ал ендi ДСҰ-ға мүшелiкке өткеннен кейiн отандық өнiмдi қорғаудың мүмкiндiгi айқындалады. Басқаша
айтқанда, қытайлық кәсiпкерлер Қазақстанның қазынасын толтыратын салық төлеуге әрi халықаралық
сапа стандарттарына сәйкесетiн тауар түрiн тасымалдауға мәжбүр болады. Бәсекеге қабiлеттiлiк басты
орынға шығады. Дәл осы талап тұрғысынан қарағанда iшкi өндiрiстiң сын тезiне ұшырауы да кәдiк.
Өнiмдерiне сапа сертификатын ала алмаған Қытайдың аталмыш ұйымнан өз еркiмен шығып кетуi де
бiзге сабақ болуы тиiс. Алайда бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға стратегиялық сипат берiлуi
әлем назарына «Made in Kazakhstan» белгiсiмен ұсынылатын тауардың толыққанды болатындығына
кепiлдiк әкеледi. Ол турасында Елбасының халыққа арнаған биылғы Жодауында нақты айтылған.
Ауыл шаруашылығы
жөніндегі келіссөздер
Ауыл шаруышылық өнімдері саудасы халықаралық саудасының ең маңызды
саласының бірі. Әлемдік тауарлар экспортының жалпы көлемінен 10%-ын
құрайды (540 млрд. АҚШ доллардай). Ауыл шаруашылық өнімдерінің әлемдік
саудасында үлесі 80%-ға тең азық-түлік пен өңдеу өнеркәсібінің өнімдерінің
саны көпшілік. Қалған 20% ауыл шаруашылық шикізатын құрайды. Ауыл
шаруашылық өнімдерді ірі экспорттаушылары – АҚШ (әлем экспортының
12,1%), Франция (7,2%), Нидерланд (6,2%), Канада (6,0%) мен Германия (5,1%).
Елдер көпшілігінің тәжірибесі көрсеткендей, ауыл шаруашылық мәселелері
бойынша келіссөздер, ДСҰ-ға қосылу процесінің шеңберінде, сондай-ақ әлем
саудасын либеризациялау бойынша келіссөздердің жаңа кезеңі шеңберінде
ДСҰ, ауыл шаруашылық әлем елдерінің көпшілігінің экономикаларында
маңызды орын алатындықтан, мүше елдері арасындағы ең күрделі және ұзақ
келіссөздер болып табылады.
Кейінгі жылдары Қазақстан ДСҰ-ға кіру бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.
Осы кіру әлем экономикалық жүйеге қосылу міндеттері, әлем нарықтарын қол
жеткізу қолайлы шарттарын қамтамасыз ету, шетел инвестициялары мен
технологияларын Қазақстанға қажеттілігімен түсіндіріледі.
Қосылу процесі өз нарықтарын ашудан гөрі, ішкі құқықтық пен экономикалық
кеңестігін халықаралық кеңістігімен біріктіру үшін маңызды.
Соңғы уақытта келіссөздер процесінің белсенділігі едәуір артты, үкімет ДСҰ-ға
кіруді жылдамдатуға бағытталған бірқатар іс-әрекеттерді жүзеге асырды.
Ауыл шаруашылық жөніндегі
ДСҰ-дағы негізгі құжаттарына
Уругвай кезеңінің үш келісімі
кіреді:
Ауыл шаруашылық жөніндегі келісім, Санитарлық және
фитосанитарлық шаралар жөніндегі келісім.(СФШ)
Аталған келісімдердің түпкі идеологиясы қолданатын шаралардың
транспаренттілігі, мемлекет тарапынан сауданы шектейтін,
сондай-ақ ветеринария мен өсімдіктер карантині және ішкі
регламенттер мен стандарттарды халықаралық тәжірибе
шеңберінде қолданылатындармен үйлестіру бойынша
негізделмеген шаралардың қолданылуын жою немесе болдырмау.
ДСҰ-ға ауыл шаруашылық саласында қосылу шарттары жөніндегі
техникалық келіссөздер екі негізгі құраушыға бөлінеді:
(а) ауылшаруашылық өнімдер нарығына қол жеткізу жөніндегі
келіссөздер, дәлірек айтсақ, қосылатын мүдделі мүше елдерінің
біреуімен екі жақты келіссөздер нәтижесінде ауыл шаруашылық
өнімдерінің импорттық баждары ставкаларының ең жоғарғы
деңгейін анықтау мақсатында уағдаластыққа жету,
(b) ауыл шаруашылықты ішкі қолдау бойынша субсидиялар мен
экспорттық субсидиялар деңгейі, ең алдымен сауданы
бұрмалайтын, дәлірек айтсақ, тауардың өзіндік құны мен бағасына
әсерін тигізетін мемлекеттік қолдау шараларын азайту
мақсатында плюрилатералдік (көп жақты) отырыстар.
Ауыл шаруашылық
тауарлары нарығына қол
жеткізу
Ауыл шаруашылық тауарларының ішкі нарығы
әдеттегідей кез келген елде кедендік органдары
шекараны кесіп өту сәтінде алатын импорттық
баждар да, тарифтік емес шараларымен де қолдау
үстінде, осындай шараларға жататындар импорттық
сандық шектеулер, ауыспалы импорттық алымдар,
ең төмен импорттық бағалар, импорттық
лицензиялау рәсімдері, экспортты «еркін түрде»
шектеу жөніндегі келісім, сондай-ақ мемлекеттік
сауда кәсіпорындары орнататын шектеулер.
ДСҰ ауыл шаруашылық жөніндегі келісімдерімен
сәйкес тарифтік емес шараларға тыйым салынған,
олар көп ұзамай жойылып, ДСҰ-ға кіруден кейін
қарапайым импорттық баждарға өзгертілуі тиіс.
Ауыл шаруашылық жөніндегі келісім
мемлекеттің ауыл шаруашылықты
қолдауының екі негізгі категориясын
анықтайды:
1. «Жасыл жәшік» шаралары, сауда немесе өндіріске кері әсерін тигізетін, үкіметтік
бағдарламалар негізінде қабылданатын және өндірушілер үшін бағаларды қолдауды
көздемейтін мемлекеттік қолдау шаралары. Ауыл шаруашылық жөніндегі келісімде
белгіленген нақты критерияларға сәйкес келген жағдайда, «Жасыл жәшік» шаралары
жойылуға жатпайды.
Оған кіретін шаралар:
- ғылыми зерттеулерді қаржыландыру;
- зиянкестер немесе жануарлар ауруларымен күресу мақсатында ақшалай қаражаттарды
бөлу;
-қызметкерлер дайындау бойынша қызметтер, ақыл-кеңес беру қызметтері, маркетинг
бойынша қызметтер;
- инфрақұрылым бойынша қызметтер: автожолдарды салу, электр қуатымен жабдықтау,
нарықтық және портты құрал-жабдық, сумен жабдықтау мен дренаж жүйелері, бірақ та
оған тек күрделі құрылыс пен құрал-жабдық жатады, іске қосу осыған жатқызылмайды;
- азық-түлік, ең алдымен бидайдың, қауіпсіздігінде қамтамасыз ету мақсатында
мемлекеттік сатып алуларды мемлекеттік қорға;
- қажет ететін халыққа ішкі азық-түлік көмек көрсету мақсатында мемлекеттің
фермердерден ауыл шаруашылық өнімдерді сатып алу;
- мемлекеттің төтенше жағадйларды астықты сақтандыру жөніндегі бағдарламаларға
қатысуы, т.б..
2. ДСҰ-ға кіру шеңберінде пікірталастың негізгі тақырыбы болып Агрегирленген қолдау
шарасы (АҚШ) деп аталған мемлекет қолдау шаралары немесе «Кәріптас жәшігі»
шаралары, дәлірек айтсақ, әлем нарығындағы бәсеке қабілеттігіне, атап айтсақ, тікелей
немесе жанама қолдау нәтижесінде бағалардың жасанды төмендетуі кері әсерін
тигізетін, осының себебінен жойылуға жататын, шаралар категориясы табылады.
«Кәріптас жәшігі»
шаралары
ДСҰ-ға кіру шеңберінде пікірталастың негізгі тақырыбы болып
Агрегирленген қолдау шарасы (АҚШ) деп аталған мемлекет
қолдау шаралары немесе «Кәріптас жәшігі» шаралары, дәлірек
айтсақ, әлем нарығындағы бәсеке қабілеттігіне, атап айтсақ,
тікелей немесе жанама қолдау нәтижесінде бағалардың
жасанды төмендетуі кері әсерін тигізетін, осының себебінен
жойылуға жататын, шаралар категориясы табылады.
Шараларға кіретіндер:
- ішкі нарықтағы пайдалылығын және бәсеке қабілеттілігін
кепілдік жасау үшін ішкі нарықтағы жоғары бағаларды қолдау
мақсатында мемлекеттің ауыл шаруашылық өнімдерін
фермелерден интервенциялық сатып алу.
- ауылшаруашылық өнімінің өзіндік элементтерін
субсидициялау, мысалы минерал тыңайтқыш құнының
төмендеуі;
- ауылшаруашылық өнімін сату бағаларын төмендету
мақсатында өтемақыларды фермелерге төлеу;
- қарыздарқы сипаттау немесе кейінге қалдыру.
Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіруі
жағдайындағы ауыл шаруашылығын мемлекеттік
қолдау мәселелері .
Еліміздегі мемлекттік қолдауды қажет ететін, сонымен қатар ДСҰ шегіндегі дотация
қарастырылған сала – ауыл шаруашылығы саласы. Ауыл шаруашылығын дамытумен
Қазақстан
тұрғындарының 44%-ң күнделікті қызметі және тұтыну қажеттілігі байланысты.
Ауыл шаруашлығы саласына мемлекеттік қолдау көрсетпеу көптеген қауіпті
салдарларға алып
келуімүмкін. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сыртқы саудада бәсекеге қабілетсіздігі
көп
шығынға соқтырады. Мұндай жағдайда халық ауыл шаруашылығымен айналысудан
қашатын
болады. 6 млн. адам қалаларға көшуге мәжбүрлі болады, қалалар мұндай ағымды
көтере алмай
қалада жұмыссыздық көбейіп, кедейшілік пен қылмыстылық артады.
ДСҰ-да ауыл шаруашылығын қолдау үш бағытта жүзеге асады:
1. ауыл шаруашылық өнімдерінің экспортына субсидиялар бөлу;
2. ауыл шаруашылық өнімдеріне төмен тарифтер;
3. ауыл шаруашылығына ішкі субсидиялар бөлу, яғни мемлекет ішінде ауыл
шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету.
Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауға :
Субсидия – ауыл шаруашылығын дамытуға қаржылай көмек көрсету;
ауыл шаруашылық өнімдерінің сыртқы нарыққа шығуына консулдық, посолдық
мекемелер және сауда өкілдіктерін ашу арқылы қолдау көрсету жатады.
Дүниежүзілік сауда
ұйымы
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — халықаралық
сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай
реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995
жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады.
Алғашқы кезеңде ДСҰ-ға 77 мемлекет кірсе, 2005
жылғы 11 желтоқсандағы соңғы мәлімет бойынша
оған 149 ел мүше болды. Бұрынғы кеңестік елдерден
оның қатарында Литва , Латвия , Эстония, Грузия,
Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина (соңғысы
2008 жыл 5 ақпанында қабылданды) бар. ДСҰ-ға
кіретін елдердің үлесі әлемдік тауар айналымның
95% құрайды, яғни Ресейді қоспағанда бүкіл
дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады.
Және Қазақстанды қосқанда 30-ға жуық ел осы
ұйымға кіру ниеттерін білдірді, олар бүгінгі таңда
бақылаушы мәртебесіне ие.
Қазақстан ДСҰ-ға кiре отырып,
мынадай мiндеттемелердi
орындайды:
- кедендiк тарифтi айтарлықтай мөлшерде төмендету және тарифт iк
емес өлшемдердi тарифтендiру;
- ауыл шаруашылық өнiмдерiнен дотация мен субсидияны алып
тастау;
- кедендiк шараларды ДСҰ талаптарына сәйкестенд iру;
- тауар нарығы мен қызметт i, капитал айналымын барынша кеңейту;
- ДСҰ-ның барлық ережелерi мен қағидаларын орындау.
Ендi Қазақстанның ДСҰ-ға кiру арқылы не ұтатынына көшелiк:
- Әлемдiк нарыққа кiруге жол ашылып, қазақстандық тауарлар
сатылуы барысында барлық сауда барьерлер i алынып тасталады.
- Республиканың кең көлемдегi ақпараттық базасына, экономика
туралы бiлiмге жол ашылып, сауда режимдер iндегi елдермен тәжiрибе
алмасуға мүмкiндiк туады. Сыртқы қатынастарға сауда стратегиясын
ашық әрi тең құқылы жағдайда жасау мүмкiндiгi мен қажеттiлiгi
туындайды.
- Халықаралық нормалар мен ережелерден туындайтын дауларды
реттеу.
- Жалпыға ортақ халықаралық стандарттарға сәйкес құқықтық-
нормативтiк базаны қалыптастыру.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz