ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ АУА БАССЕЙНІНДЕГІ НЕГІЗГІ ЛАСТАУШЫ ЗАТТАР КОНЦЕНТРАЦИЯСЫНЫҢ ЖЫЛ МАУСЫМЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ӨЗГЕРУІ


Slide 1

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ АУА БАССЕЙНІНДЕГІ НЕГІЗГІ ЛАСТАУШЫ ЗАТТАР КОНЦЕНТРАЦИЯСЫНЫҢ ЖЫЛ МАУСЫМЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ӨЗГЕРУІ

Орындаған:

4 курс студенті Мұхатаева Е.

Ғылыми жетекші:

б. ғ. к, доцент Көшкінбаев Қ. С.

Алматы,

2010 жыл

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Бітіру жұмысы

Биология факультеті

Ботаника және экология кафедрасы

Slide 2

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері

Жұмыстың мақсаты - Өскемен қаласының атмосфеоалық ауасындағы ластаушы заттар концентрациясының жыл маусымдары бойынша өзгеруін зерттеу

Жұмыстың міндеттері:

Өскемен қаласының физикалық-географиялық және климаттық жағдайымен танысу;

Өскемен қаласындағы атмосфераның негізгі ластаушы көздерді анықтау;

Экологиялық мониторинг жүргізу жолдары мен әдістерін меңгеру;

Өскемен қаласындағы негізгі ластаушы заттардың концентрациясының маусым бойынша өзгеруін зерттеу;

Slide 3

Өскемен қаласы Қазақтың кіші қыраты мен Кенді Алтайдың орта таулығы арасында орналасқан

Осы жерде рельефтің үш типті түрі айқын байқалады

Тип 1. Осы территорияның оңтүстік, оңтүстік-батыс және

шығыс бөлігіндегі қалдық төбешіктермен айқындалатын

Қалбы және Кенді Алтай тау етектеріндегі бөлшектенген рельеф

Тип 2. Әлсіз жіктелген жайпақ толқынды рельеф - олар Ертіс және Үлбі өзендері аралығындағы жазықтықтармен және алқап үсті террасалармен сипатталады

Тип 3. Тегістелген ойпаң жер - ол 270-300м биіктіктерді алып жатқан және қазіргі комплексті аллювиальді шөгінділер (құм, бескарбонатты саз бен құмнан тұратын тау жыныстары) орналасқан Үлбі және Ертіс өзендерінің қазіргі алқаптары

Slide 4

Өскемен қаласының климаты

Өскемен қаласында климат континентальді. Жылдық орташа ауа температурасы - 2, 7 °С. Қаңтар айының орташа ауа температурасы минус 16, 3 °С., ал ең жылы ай шілдеде ауаның орташа температурасы плюс 20, 5 °С

Қаңтар айында орташа максимальді температура минус 10, 4 °C болса, шілде айында орташа максимальді температура 28°C дейін көтеріледі (сурет 7) . Ең жоғары температура 43 °C 1974 жылы шілде айында тіркелген.

Ең суық ай - қаңтарда орташа минимальді температура минус 22, 1°С болса, ең төменгі температура осы айда 1931 жылы байқалынып минус 49 °C жеткен

Өскемен қаласында орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 487 мм

Жауын-шашын мөлшері әр айға, маусымға байланысты. Көбінесе жылы айларда жауады. Ең жауын-шашынды ай - шілде (54, 5 мм) . Ақпан айында орташа жауын-шашын мөлшері 25 мм-ден аспайды.

Желдің жылдық орташа жылдамдығы 2, 3 м/с. Қатты желдер көбінесе сәуір-маусым және қазан-қараша айлары аралығында байқалынады

Өскемен қаласында көбінесе желдің бағыттары солтүстік-батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс болып келеді

Slide 5

Өскемендегі ауаны ластауыш көздер

Өскемен қаласында көптеген техногенді ластауыш көздері орналасқан, соның ішінде транспорт, авто жанармай құю стансалары, тамақ өнеркәсіп орындары, жеке меншік үйлер бар.

Маңыздыларына Казцинк, Өскемен жылу энергетика орталығы, Өскемен титан-магний комбинаты, Үлбі метталургия зауыты тағы басқалар жатады. Олардың экологиялық ролдері әртүрлі, өйткені олардың қоршаған ортаға шығарындылары мен әсері әртүрлі болып келеді.

Соңғы уақытта танспорттың көбеюі техногендік әсерді жоғарылатуда.

Slide 6

Ауаның ластануын бақылайтын посттардың (ЛБП) Өскемен қаласында орналасу карта-схемасы

ЛБП-1 - Рабочая к., 6

ЛБП-5 - К. Кайсенов к., 30

ЛБП-7 - . Первооктябрьская к., 126

ЛБП-8 - Егорова к., 6

ЛБП-12 - К. Сатпаева д., 12

ЛБП-1

ЛБП-5

ЛБП-12

ЛБП-7

ЛБП-8

Ауа атмосферасының анализ бойынша алынған жобалар жүйелі түрде Өскемен қаласында демалыс және мейрам күндерінен басқа күніне 3 рет 5 экологиялық посттарда бақыланады (07, 13 және 19 сағат жергілікті уақытымен сай)

Атмосферадағы 8 ингридиент мөлшеріне бақылау жұмысы жүргізілді: қалқымалы заттар (шаң), күкірт диоксиді, азот диоксиді, фенол, формальдегид, хлор, мышьяк және оның қосындылары. Бір мезгілде зат қосылыстарын өлшеумен бірге метеопараметрлер бақыланды.

Slide 7

Ауа бассейінінің ластаушы заттармен ластануы

Өскемен қаласы 2006 жылы Қазақстандағы елді мекендер арасында атмосфераның ластану индексі (АЛИ) бойынша 7 орында болатын, Бірақ, өкінішке орай, кейінгі жылдары Өскеменде АЛИ жылдан жылға көбейді. Суретте көрсетілгендей 2009 жылы Өскемен қаласы 3 орынға көтерілді (АЛИ=9, 6), яғни Өскемен Республиканың ең лас қалалар (Алматы мен Шымкенттен кейін) қатарына енді.

2006-2008 ж аралығында Қазақстанның елді мекендерінде атмосфераның ластану индекстері

Slide 8

Соңғы 5 жылдағы (2005-2009 ж. ) Өскемен қаласындағы атмосфера ауасының ластануының орташа айлық деңгейлерін зерттей отырып, олардың жыл бойы күрделі өзерісте болатынын байқауға болады. Бірақ, басқа айларға қарағанда АЛИ-дің жоғары деңгейде болуымен қаңтар айы мен ақпан айы ерекшеленеді. Оның себебі - осы айларда Өскемен қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлы күндер жиі болады

Өскемен қаласында АЛИ-дің жыл бойы өзгеруі

Slide 9

Ластаушы заттар концентрациясының жыл (маусым, ай) бойы өзгеруі

Қалқымалы заттардың маусымдық өсу динамикасы жылдың суық кезеңінде байқалады. Жаз мезгілінде қалқымалы заттардың ауадағы концентрациясы о. т. ШРК аспайды

(ШРК (ШМК) - шекті рұқсат (мүмкіндік) концентрация)

Жылдық динамикасында азот қостотығының мәні ерекшеленбейді

Slide 10

Ластаушы заттар концентрациясының жыл (маусым, ай) бойы өзгеруі

Ауаның күкірт қостотығымен ластануының маусымдық динамикасы ең жоғарғы концентрацияларын жылдың суық кезеңінде көрсетеді

Маусымдық динамикасында ауаның күкірт қышқылымен ластану мәні ерекшеленбейді

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіптің дамуынан қоршаған ортаның ластануы
Жоғарғы атмосфераның антропогендік ластануы
Қышқылдық жаңбырлар
Алматы қаласының экологиялық жағдайы
ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТОПЫРАҒЫНЫҢ ЖӘНЕ АГРОЦЕНОЗЫНЫҢ ЛАСТАНУЫН БАҒАЛАУ
Атмосфера қабаттары
Қышқылдық жаңбыр
Шешім алгоритмі, сандық алгоритм
Көміртек оксид азот оксид азот оксид
Оттек айналымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz