ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ ТҮСІНІГІ




Презентация қосу
ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ

ТУРИЗМ, 4 - ТОП
Еңбек құқығы түсінігі
Еңбек құқығы дегеніміз – еңбек қатынастарын реттейтін
құқықтық нормалардың жиынтығы. Бұл қатынастар
тараптардың жеке және ұжымдық шарттар негізінде
белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыру жөнінде
туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы
қатынастар.
ҚР-дағы еңбек бостандығына қатысты конституциялық
құқық, ең алдымен, әрбір адамның өзінің жұмыс күшін
(немесе еңбекке қабілетін) өзі дербес жұмсауынан,
мүдделеріне, кәсіби дайындығына, өзінің мүмкіндіктері
мен қалауына қарай кәсіп түрі мен қызмет түрін таңдау
құқығынан көрініс табады. ҚР-ның әрбір азаматы кез
келген өзге де қызметпен айналысуға, мемлекеттік,
әскери немесе кез келген өзге де қызметпен
айналысуға, заңды тұлғаны құрмастан жеке еңбек
қызметімен айналысуға немесе ешқандай еңбек
қызметімен айналыспауға құқылы.
Еңбек құқығының пәні
Еңбек құқығын оқу пәні және құқық саласы ретінде
қарастырмастан бұрын, “еңбек” және “құқық”
сөздерінің түп-төркініне көз жүгірткен жөн.
Жалпы алғанда, құқық адамдардың әр түрлі
қоғамдық қатынастардағы жүріс-тұрыстарын
реттесе, ал еңбек құқығы еңбекпен байланысты
қоғамдық және еңбек қатынастарын реттейді.
Еңбек – бұл еңбек өнімін алу үшін адамның дене,
ақыл-ой, рухани қабілеттерін жұмсау арқылы
жүзеге асатын мақсатты қызмет. Еңбек дене, ақыл-
ой және рухани қабілеттерден туындайды да,
бұлардың нәтижесінде материалдық, рухани және
санаткерлік құндылықтар жасалады.
Сонымен, еңбек құқығының пәні болып тек еңбек
емес, сонымен қатар еңбек үдерісіндегі еңбек
қатынастары және олардан туындайтын, еңбекке
қатысы бар қатынастар да табылады.
Еңбек құқығының
қағидалары
Еңбекті құқықтық реттеудің негізгі қағидалары – бұл
қолданыстағы еңбек заңнамасының мәнін қысқаша
көрсететін басты ережелер. Олар осы құқық саласының
даму негізін құрайды және дамуды бағыттайды.
Еңбек құқығының қағидалары ретінде еңбек құқығы
нормаларының мәнін және мемлекеттің еңбек
қатынастарын құқықтық реттеу саласындағы
саясатының басты бағыттарын көрсететін,
қолданыстағы заңнамада бекітілген негіздемелік
бастамаларын (идеяларды) түсінуге болады.
Жалпы қағидалар еңбекті құқықтық реттеуде басты
рөлге ие. Олар ҚР-ның Конституциясында бекітілген
және бұл жайт олардың жалпылық сипатын
дәлелдейді. Мұндай қағидалардың қатарынан
мыналарды атауға болады: заңдылық қағидасы;
азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды
мүдделерінің мемлекеттің мүдделерінен үстемдігі
қағидасы; мемлекеттік қызметке кірудегі тең құқық;
қоғамдық көзқарасты ескеру және жариялық;
ұлтаралық одақтастық қағидасы.
Еңбек құқығының қайнар
көздері
Еңбек құқығының қайнар көздері ретінде
мемлекеттің құзыретті органдарының еңбек
және өзге де қоғамдық қатынастарды реттеу
саласындағы құқық шығарушы қызметінің
нәтижелерін тануға болады. Басқаша айтар
болсақ, еңбек құқығының қайнар көздері – бұл
жалданбалы қызметкерлердің еңбегін
пайдалану және ұйымдастыру жөніндегі
қатынастарды, еңбек нарығын реттейтін
нормативтік құқықтық актілер.
Еңбек құқығы қайнар көздерінің түрлері.
В.Н.Уваров атағандай, нормативтік құқытық
актілер 2 түрге бөлінеді: негізгі және туынды.
Негізгі нормативтік құқықтық актілерге ҚР
Конституциясы, конституциялық заңдар, еңбек туралы
жекелеген заңдар, ҚР Президентінің нормативтік
құқықтық жарлықтары, ҚР Үкіметінің, Конституциялық
Кеңесінің және Жоғарғы Соттың қаулылары,
министрліктердің және өзге де орталық мемлекеттік
органдар басшыларының нормативтік нормативтік
бұйрықтары, еңбек мәселелері жөніндегі мемлекеттік
комитеттердің және өзге де орталық мемлекеттік
органдардың нормативтік қаулылары, мәслихаттар мен
әкімдердің еңбекті ұйымдастырудың жергілікті
мәселелері жөніндегі нормативтік шешімдері жатады.
Туынды нормативтік құқықтық актілерге әр түрлі
ережелер, нұсқаулар, ұсыныстар және т.б. жатады.
Туынды актілер негізгі нормативтік құқықтық актілердің
негізінде қабылданады және олармен бірге біртұтас
жүйені құрайды.
Жеке еңбек шарты

Жеке еңбек шарты дегеніміз бұл
қызметкердің ішкі еңбек тәртібіне бағына
отырып, белгілі бір еңбек функциясын (белгілі
бір мамандық, біліктілік және кәсіп бойынша
жұмысты) орындау міндетін, ал жұмыс
берушінің қызметкерге уақтылы және толық
көлемде жалақы төлеп отыру және қалыпты
еңбек жағдайларын қамтамасыз ету міндетін
көздейтін қызметкер мен жұмыс берушінің
арасындағы жазбаша келісім.
Жұмыс уақыты және демалыс
уақыты
Жұмыс уақыты – бұл қызметкер заңдарға, ұжымдық және
жеке еңбек шарттарына, ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес
еңбек міндеттерін орындайтын уақыт. Қолданыстағы еңбек
туралы заңдар жұмыс уақытының келесі түрлерін көздейді:
қалыпты ұзақтықтағы, қысқартылған ұзақтықтағы және
толық емес жұмыс уақыты.
Демалыс уақыты. Еңбек құқығында демалыс уақыты ретінде
қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос уақыты
танылады. Бұл уақытты олар өз қалауы бойынша пайдалана
алады. Заңдарда қызметкерге демалу және тамақтану үшін
үзіліс белгіленген. Еңбек туралы заңдарда демалыс
уақытының келесі түрлері белгіленген:
- күнделікті жұмыс барысындағы үзілістер;
- жұмыс күндері арасындағы күн сайынғы демалыс күндері;
- апта сайынғы демалыс күндері;
- жыл сайынғы демалыс күндері;
- жыл сайынғы мереке күндері;
- жыл сайынғы еңбек демалысы.
Еңбекті қорғау
Еңбекті қорғауды кең және тар мағынада түсінуге
болады. Кең мағынада еңбекті қорғау дегеніміз
бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның
өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған
шаралар жүйесі. Кең мағынада еңбекті қорғау
құқықтық, медициналық, техникалық және
экономикалық құрамдас бөліктерден тұрады. Бұл
жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем
дегенде бір құрамдас бөлігі бұзылса, онда бүкіл
еңбекті қорғау бұзылды деп саналады.
Тар мағынада еңбекті қорғау дегеніміз бұл
қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін
қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс
құралдар мен шаралардың жүйесі.
Еңбек даулары
Еңбек даулары ретінде қызметкер мен жұмыс
берушінің арасындағы тікелей келіссөздермен
реттелмеген, қолданыстағы заңдарда қолдану, жаңа
еңбек жағдайларын белглеу және еңбек жағдайларын
өзгерту жөніндегі мәселелерге қатысты
келспеушіліктер танылады. Еңбек дауларының
туындауына әсер ететін себептер алуан түрлі болуы
мүмкін. Бұл себептерге және еңбек дауының пәніне
қарай еңбек даулары келесідей түрлерге бөлінеді.
Субъективтік құрам бойынша, яғни, еңбек дауына
қатысушыларының құрамы бойынша жеке және
ұжымдық еңбек даулары болып бөлінеді. Жеке еңбек
дауларына бір жағынан – қызметкер, екінші жағынан –
басшылық қатысады. Ұжымдық дауларға бір жағынан –
еңбек ұжымы немесе брнеше ұйымдардың еңбек
ұжымдары, екінші жағынан – бір немесе бірнеше
ұйымдардың басшылығ қатысады.
Еңбек тәртібі – тәртіптік және
материалдық жауапкершілік
Еңбек тәртібі дегеніміз – ол екі жақты процесс және
оның жүзеге асырылуы екі тараптың да жүріс-
тұрысына тікелей тәуелді. Яғни, еңбек тәртібі жұмыс
берушінің белгілі бір жүріс-тұрыс ережелерін бекіту
құқығын ғана емес, сонымен қатар, қызметкерге
қалыпты еңбек жағдайын қамтамасыз ету міндетін де
қамтиды.
Тәртіптік жауапкершілік. Егер қызметкерлерге белгілі
бір жетістіктері, табыстары үшін қандай да бір
марапаттау түрі қолданылатын болса, еңбек тәртібін
бұзғаны үшін қызметкерлер тәртіптік
жауапкершілікке тартылады. Тәртіптік жауапкершілік
– бұл тәртіптік теріс қылық жасаған қызметкерге
тәртіптік жаза тағайындау арқылы оның әрекетін
бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Еңбек құқығының функциясы
Геометрия бөлімінің бөлімшелері
Жер құқығы басқа да құқық салалар сияқты өзіне тән құқықтық реттеу
Жерге меншік құқығы
Жер құқығының әдістері
Еңбек құқығының принциптері
Еңбек құқығының қағидалары
Еңбек құқығының субъектілері
Құқықтың пайда болуы және қалыптасу жолдары туралы
Жұмыс уақыты және демалыс уақыты
Пәндер