Есімше: жасалу жолдары және сөйлемдегі қызметтері


Slide 1

Есімше - сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте жұмсалатын етістіктің ерекше түрі.

Slide 2 Slide 3 Slide 4

Есімшелердің сөйлемдегі қызметі

Есімше әрі есім, әрі етістік мәнінде қолданылатындықтан, ыңғайына қарай сөйлемнің барлық мүшесінің қызметін атқара алады.

1. Есімше жіктеліп келіп, сөйлемнің баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: Екеуі де жарытып, тіс жарып сөйлемейтін. Берілген сөйлемдегі II жақта, сөйлемейтін (екеуі не істейтін?) келіп, сөйлемнің баяндауышы болып тұр.

2. Есімше зат есіммен тіркесіп келіп немесе ілік септікте тұрып анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Айтқанның аузы жаман, көргеннің көзі жаман (мәтел) . Берілген сөйлемдегі айтқанның (кімнің аузы?) көргеннің (кімнің көзі?) деген есімшелер анықтауыш болып тұр.

3. Есімше атау септікте тұрып заттанып, бастауыш қызметін атқарады. Мысалы: Үнсіз күліп тұрған - бағанағы шәкірт бала. Берілген сөйлемдегі күліп тұрған (кім шәкірт бала?) деген есімше адам және зат мәнін білдіріп бастауыш болып тұр.

Slide 5

4. Есімше атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып толықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім. Берілген сөйлемде ұялғанды, жауап айтпағанды (нені кешірмейтін?) деген есімшелер табыс септікте жұмсалып, толықтауыш болып тұр.

5. Есімше барыс және жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірінде тұрып немесе шылау сөздермен тіркесіп пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Осыны сезген сайын Абай тоқтаусыз жыр тереді. Берілген сөйлемдегі барыс септіктегі және сезген сайын (қашан жыр тереді?) деген септеулікпен тіркескен есімше пысықтауыш болып тұр.


Ұқсас жұмыстар
Көсемше: анықтамасы, жасалу жолдары және сөйлемдегі қызметі
Етістікті бекіту сабағы: түрлері, жасалу жолдары және сөйлемдегі қызметі (Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына орай)
Есімшенің жасалу жолдары мен түрлері
12 шақ категориясының функционалдық қызметі мен жасалу жолдары
Атаулы сөйлем: анықтамасы, жасалу жолдары және түрлері
Баяндауыштың құрылымы, түрлері және жасалу жолдары
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдары мен мысалдары
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлемдер: құрылымы, жасалу жолдары және практикалық жаттығулар
Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер: семантикасы, жіктелуі және жасалу жолдары
8-сынып қазақ тілі: аралас құрмалас сөйлемнің түрлері, жасалу жолдары және талдауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz