ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ ЕУРОПАЛЫҚ БАҒЫТЫ



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ ЕУРОПАЛЫҚ БАҒЫТЫ
Формат: презентация
Тексерген: Бақтыбаева Г. Ж.
Орындаған: Баймухамбетова Ф.
Дюсембинова Б.
Егеубаев Х.
Казыкеева М.
Сарыбаева Э.
Алматы, 2009 жыл

ЖОСПАР
Еуропалық Одақ - экономикалық, саяси интеграциялық бірлестік;
Қазақстанның Еуропалық Одақпен ынтымақтастығының даму тенденциясы;
Қазақстанның Француз Республикасысымен екіжақты байланыстары;
Қазақстанның Ұлы Британия және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігімен екіжақты байланыстары;
Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы қатынастар;
Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы қатынастар;
Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы қатынастар;
Қазақстанның Бенилюкс елдерімен байланыстары;
Қазақстанның Скандинав түбегі елдерімен әрекеттестігі;
Қазақстанның Орталық Еуропа елдерімен ынтымақтастығы;
Қазақстанның Шығыс Еуропа елдерімен қарым-қатынастары.

ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ - ЭКОНОМИКАЛЫҚ, САЯСИ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ БІРЛЕСТІК
Еуропалық Одақ - Еуропадағы 27 мемлекет - Австрия, Бельгия, Венгрия, Ұлыбритания, Германия, Грекия, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Польша, Португалия, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция және Эстония қатысатын саяси-экономикалық бірлестік болып табылады. Ол 1948 жылы Маршалл жоспары аясында АҚШ-тың берген көмегін реттеп отыратын Еуропалық экономикалық ынтымақтастық және дамыту ұйымы ретінде құрылды. Құрамында үш мемлекет - Бельгия, Нидерланды және Люксембург бар бұл ұйым Бенилюкс одағы деп те аталды. Бір жылдан соң Еуропа кеңесі деген атқа ие болды. 1958 жылдың сәуіріндегі Париж шартына сәйкес Көмір және болат жөніндегі еуропалық бірлестік болып қайта құрылды. Оған үш мемлекетпен қатар Италия, ГФР және Франция кірді.
1957 жылдың наурызында қол қойылған Рим шартына байланысты бірлестік Еуропалық экономикалық кеңістік және Атом энергиясы жөніндегі еуропалық кеңістік деп аталды. Оның жұмысы негізінен кедендік одақ құрып, ішкі сауда кедергілерін жоюға және ядролық энергияны бейбіт мақсатқа пайдалануды дамытуға бағытталды. 1967 жылы Одақтың институттары - Еуропалық комиссия, Еуропалық кеңес, Еуропалық Парламент және Еуропалық сот дүниеге келді. 1987 жылдың шілдесінде Еуропалық Парламенттің өкілеттілігін нығайтатын және 1992 жылдың 31 желтоқсанынан бастап Одаққа мүше елдер арасында еркін тауар айналымына, қызмет көрсетуге, капиталдар мен адам қозғалысына көшу жөніндегі Біртұтас еуропалық акт, сондай-ақ 1993 жылдың қаңтарында бірыңғай ішкі рынок құру арқылы экономикалық, валюталық, саяси одақтар және жалпыеуропалық азаматтық мәселелерін шешуге негізделген Еуропалық Одақ туралы шарт күшіне енгізілді. 2002 жылғы қаңтардың 1-інде Еуропалық Одақтың бірыңғай ортақ валютасы - еуро айналымға шығарылды. Еуропалық Одақтың басты институттары Еуропалық Парламент, Еуропалық Одақтың кеңесі, Еуропалық кеңес, Еуропалық комиссия, Аудиторлық сот, Экономикалық және әлеуметтік комитет, Еуропалық инвестициялық банк, Еуропалық орталық банк және Еуропалық омбудсмен болып табылады.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ
Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында дипломатиялық қатынас 1993 жылдың 2 ақпанында орнады. Байланыс содан бері жоғары қарқынмен дамып келеді. Бұған 1995 жылдың 23 қаңтарында Брюссельде Қазақстан Президенті Н. Назарбаев пен Еуропалық Одақ кеңесінің төрағасы А. Жюппенің Қазақстан Республикасы мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық және әріптестік туралы келісімге, сондай-ақ 2002 жылдың қарашасында Қазақстан Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі еуропалық кеңістік арасындағы термоядролық синтезді басқару ынтымақтастығы мәселелеріне қатысты келісімге қол қойылуы ерекше үлес қосты. Қазақстан мен Еуроодақ делегациялары бұдан кейін де бірнеше мәрте кездесіп, ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады. Қазіргі кезде ол өз нәтижесін беріп отыр.
Бүгінде Қазақстан Еуроодақтың Орталық Азиядағы ең ірі сауда және инвестициялық әріптесі болып табылады. Мысалы, 2002 жылы Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы тауар айналымы 3083, 9 миллион долларды, 2003 жылы 4041, 5 миллион, 2004 жылы 10492, 4 миллион долларды құрады. Өткен жылдың бірінші жартысындағы көрсеткіш 7585, 9 миллион доллар болды. Қазақстанның сыртқы саудадағы тауар айналымының 35, 8 пайызы Еуроодақ елдерінің үлесіне тиеді. Ал Одаққа мүше жекелеген мемлекеттерге келсек, Қазақстанмен тауар айналымы көлемі жағынан Италияның (29, 7%), Францияның (18, 9%), Германияның (13, 1%), Нидерландының (6, 4%) және Ұлыбританияның (4, 7%) үлес салмағы басым.
Ынтымақтастық орнағаннан бергі жылдар ішінде Еуроодақ
Қазақстан экономикасына қомақты инвестиция салып келеді. Бүгінде
Оның көлемі 10 миллиард АҚШ долларынан асып отыр. Бұл инвестицияға
Одақ бағдарламаларына сәйкес бірқатар жобалар жүзеге асырылу
үстінде. Бұған нақты бір мысал, 2003 жылы жалпы көлемі 36, 5
миллион еуроның Еуропалық Одақ бюджетінен бөлінгендігі.
Сондай-ақ, Еуроодақтың есірткі проблемалары жөніндегі аймақтық
өкілдігінің офисі Орталық Азияның басқа елдерінде емес, Алматыда
ашылуы Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы тығыз қарым-қатынасты
айғақтап тұр.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФРАНЦИЯМЕН ЕКІЖАҚТЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ
Жалпы мәліметтер
1992 ж. 7 қаңтар - Француз Республикасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін мойындады.
1992 ж. 25 қаңтар - екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.
1992 ж. наурыз - Қазақстан Республикасында Француз Республикасының Елшілігі ашылды.
1993 ж. ақпаннан бері - Қазақстан Республикасындағы Француз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Жерар Перроле.
1993 ж. шілде - Француз Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды.
2005 ж. 6 қазаннан бері - Француз Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Аманжол Жанқұлиев.
Саяси ынтымақтастық
Екі жақты қатынастардың негізгі қағидаттары 1992 жылы ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Францияға ресми сапары кезінде Достық, ынтымақтастық және өзара түсіністік шартына қол қою арқылы, сондай-ақ 1993 жылы Франция Президенті Ф. Миттеранның Қазақстанға ресми сапары барысында құрылды.
Қазақстан мен Франция арасындағы қатынастардың дамуында мемлекеттер басшыларының арасында қалыптасқан өзара жеке сенімді диалогтары өзінің маңызды рөлін атқарып отыр. 1995 - 2005 жылдар кезеңінде олар ресми және жұмыс сапарлары барысында және халықаралық форумдар шеңберінде оннан астам рет кездесті.
Соңғы жылдары жоғарғы деңгейдегі екі жақты байланыс қарқынды дамып келеді. Францияның Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік хатшысы Р. Мюзельенің (2002 ж. ), Сенат төрағасы К. Понселенің (2003 ж. ақпанда), Сыртқы сауда министрі Ф. Лоостың (2003 ж. мамырда), Қорғаныс министрі М. Аллио-Маридің (2003 ж. шілдеде), Индустрия және сауда министрі П. Деведжянның (2004 ж. тамызда), Конституциялық кеңес төрағасы П. Мазоның (2005 ж. тамызда), Франция Сенатының төрағасы К. Поселенің (2006 ж. мамырда) Қазақстанға сапарлары болды.
Өз кезегінде, ресми және жұмыс сапарлары шеңберінде Парижде: ҚР Президенті Н. Назарбаев (2003 ж. маусым), Мемлекеттік хатшы - сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев (2002 ж. маусым), Мемлекеттік хатшы И. Тасмағамбетов (2003 ж. қазан), Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қ. Келімбетов (2004 ж. наурыз), ҚР Сенаты Төрағасы Н. Әбіқаев (2004 ж. сәуір), Индустрия және сауда министрі Ә. Жақсыбеков (2004 ж. сәуір), Ішкі істер министрі З. Тұрысбеков (2004 ж. маусым), Білім министрі Б. Әйтімова (2005 ж. сәуір), ҚР Сенаты төрағасы Н. Әбіқаев (2006 ж. мамыр) болды.
Екіжақты қатынастардың нығаюына екі ел парламентшілері қомақты үлес қосып келеді. Төрағалар арасындағы және парламенттердің екі палатасының мүшелері арасындағы сапарлар мен кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Француз депутаттары ҚР-да болып жатқан саяси үдерістерге үлкен қызығушылық танытып отыр. Франция Парламентінің мүшелері 2004 жылғы 19 қыркүйектегі парламенттік және 2005 жылғы 4 желтоқсандағы президенттік сайлауларда Халықаралық бақылаушылар ретінде қатысты.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
Қазақстан-француз қатынастары жүйесінде экономика саласы басты орын алады. Бүгінде Қазақстанда француздық 40-тан астам компаниялар («Тоталь», «Арева/Кожема», «Жейсмар», «Сифаль», «Газ де Франс», «БНП Париба», «Сосьете Женераль» және т. б. ) мұнай, тау-кен өндірісі, энергетика, көлік, банк және қызмет көрсету салаларында қызмет атқарады.
Қазақстан - француз сауда-экономикалық қатынастары тұрақты дамып келе жатыр. Ресейді айтпағанда, Францияның сауда серіктестері тізімінде Қазақстан ТМД елдері ішінде екінші шепті ұстап отыр.
ҚР статистика органдарының ресми деректеріне сәйкес, өткен жылмен салыстырғанда 2005 жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 63 пайызға жоғарылап, 2, 956 млрд. АҚШ долларын құрады. ҚР Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, 2002 - 2004 жылдары тауар айналымы көлемі 13 есе көбейді (2002 жылы 138 млн АҚШ доллары және 2004 жылы 1 млрд. 782 млн. АҚШ доллары) .
Қазіргі таңда Қазақстан Францияға экспорт көлемі бойынша 35-ші орынды, Франциядан импорт көлемі бойынша 52-ші орынды ұстап отыр.
Қазақстандық экспорттың негізін: мұнай, металдар және металл өнімдері, химиялық және ауылшаруашылық (қатты бидай, балық) өнімдері құрайды. Франциядан Қазақстан электрлік, электрондық және механикалық жабдықтар, тұтыну тауарлары, медикаменттер және косметика, автокөліктер, азық-түлік, құрылыс материалдарын импорттайды. Франция таңдаулы тауарларды дәстүрлі жабдықтаушы болып табылады: винолар, теңіз өнімдері, ірімшік, парфюмерия және косметика, кутюрлерден киім және аксессуарлар (жоғарғы мода) .
Соңғы бес жылда француздық инвестицияның Қазақстан экономикасындағы көлемі едәуір артты. 1994 - 2005 жылдар кезеңінде француз кәсіпорындары қазақстандық экономикаға 1, 3 млрд, АҚШ долларын инвестициялап, қазіргі таңда шетелдік тікелей инвестициялау деңгейінің 8-ші шебінен орын алып отыр.
Екі ел министрліктері мен мекемелері арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Тиісті мекемелердің өзара ықпалдасуы шеңберінде соңғы жылдары жоғарғы полиция мектептері, шекара қызметтері, сондай-ақ ұйымдастырылған қылмысқа қарсы күрес және қызметтік иттерді баптауды үйрету салаларында 4 жоба жүзеге асырылды. Сондай-ақ, Еурокомиссияның қолдаумен ҚР Жоғарғы Соты және Ұлттық магистратура мектебі ағымдағы жылы ҚР сот жүйесінің институционалдық дамуына жәрдемдесу жөніндегі жобаны табысты жүзеге асырды.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық Мәдениет және өнер саласындағы Келісім (1993 ж. ), Қазақстан Ұлттық Академиясы және Францияның Ұлттық ғылыми зерттеу орталығы арасындағы Келісім (1994 ж. ), сондай-ақ Алматы және Ренн қалаларының бауырлас байланыстары негіздерінде Қазақстанның Франциямен мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастығы дәйекті даму үстінде. Бауырлас қала байланысын құру екі қала арасындағы ынтымақтастықтың көптеген салаларын дамытуда нақты мүмкіндіктер берді.
Қазақстан және Франция білім саласында да табысты ықпалдасуда. Жоғарғы басқару кадрларын дайындау мақсатында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы мен француз Ұлттық әкімшілік мектебі (ENA) арасында ынтымақтастық жолға қойылған. Президенттік «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер Францияда дәріс алуда. Екі елдің жоғары оқу орындары тұрақты негізде және тікелей келісімдер жасасу арқылы бір-бірімен студенттер және оқытушылар алмасып келеді.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛЫБРИТАНИЯМЕН ЕКІЖАҚТЫ БАЙЛАНЫСТАРЫ
1992 ж. 19 қаңтарда - Қазақстан Республикасы мен Ұлы Британия және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.
1992 ж. қазанда - Қазақстан Республикасында Ұлы Британия және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі Елшілігі ашылды.
1996 ж. ақпанда - Ұлы Британия және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінде Қазақстан Республикасы Елшілігі ашылды.
2002 ж. шілдеден бері - Ұлыбританиядағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Е. Ыдырысов.
2006 ж. қаңтардан бері - Қазақстан Республикасындағы Ұлыбританияның Төтенше және Өкілетті Елшісі - Пол Браммел.
Маңызды сапарлар хроникасы
1991 ж. қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Құрама Корольдікке сапары өтті. Жоғары деңгейде өткен 1992 ж. қаңтардағы, 1994 ж. наурыздағы, 1997 ж. маусымдағы сапарлар екі мемлекет арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықтың тұрақты дамуын қамтамасыз етті.
1996 ж. 7-8 қарашада британдық тақтың мұрагері ханзада Уэльстік Чарльз Қазақстанда ресми сапармен болды. Қазақстанға корольдік әулиеттен ханшайым Анна (1993) мен Глостер Герцогі (2000) келіп кетті.
1999 ж. сәуірде НАТО мерейтойы салтанатында Президент Н. Назарбаев Ұлыбритания Премьер-Министрі Т. Блэйрмен кездесті.
2000 ж. 15-17 қарашада Қазақстан Елбасының Ұлыбританияға кезекті ресми сапары өтті. Сапар барысында ҚР Президенті Королева ІІ Елизаветамен, Премьер-министр Т. Блэйрмен, Қорғаныс министрі Дж. Хунмен, британдық іскер топтардың өкілдерімен келіссөздер өткізді. Н. Назарбаев Ұлыбританияның жоғары наградасы - Әулия Михаил мен Георгий Орденінің Үлкен крестімен марапатталды. Сапар шеңберінде әскери саладағы ынтымақтастық, ҚР Үкіметі мен «Би-Эй-И системс» компаниясы арасында өзара түсіністік, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Британдық Кеңес арасында Қазақстандық-Британдық университетін құру туралы құжаттарға қол қойылды.
2002 ж. қарашада - ҚР Президенті мен Ұлыбритания Премьер-министрі Т. Блэйр Прагада өткен НАТО Еуроатлантикалық Ынтымақтастық Кеңесі шеңберінде кездесіп, екіжақты қатынастарды тереңдету мәселелерін талқылады. ҚР Президенті Т. Блэйрді Қазақстанға ресми сапармен келіп кетуге шақырды. Бұл шақыру қабыл алынып, оның уақытын қосымша келісіп белгілеу шешілді.
2003 ж. 24-28 қыркүйекте Ұлыбритания Премьер-министрінің Қазақстанға инвестициялар мен сауда жөніндегі арнайы өкілі Йорк Герцогының сапары болды. Сапар барысында Ханзада Эндрю ҚР Президентімен кездесті, Астана қаласындағы Британдық-қазақстандық қоғамның иннаугурация салтанатына және Атыраудағы Британдық сауда өкілдігінің ашылуына қатысты.
2004 ж. 5 ақпанда Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дж. Строның Қазақстанға алғашқы сапары болды. Сапардың мақсаты жоғары деңгейде келіссөздер өткізу, екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылау, Астанада Ұлыбритания Елшілігінің өкілдігінің ашылуы. Дж. Стро ҚР Президенті тарапынан қабылданды, ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевпен келіссөздер өткізді, Астанада Ұлыбритания Елшілігі өкілдігінің ашылуына қатысты.
2004 ж. 28-29 маусымда Стамбұл қаласында өткен екі күндік НАТО саммитінде ҚР Президенті мен Ұлыбритания Премьер-министрі бейресми форматта бірқатар сұхбаттар өткізіп, екіжақты қарым-қатынастардың жағдайы, форумның күн тәртібі, Ирақтағы, Ауғанстандағы жағдай және бірқатар халықаралық мәселер талқыланды.
2005 ж. Ұлыбританияның Еуропалық Одақтағы төрағалығы ескеріле отырып, екіжақты қатынастар ЕҚЫҰ шеңберінде, әсіресе Қазақстанның 2009 ж. ЕҚЫҰ төрағалық етуге сұранымын алға басқызу бөлімінде, ынтымақтастық жасау бағытында белсенді түрде дамыды. Президент Н. Назарбаев пен Ұлыбритания Премьер-министрі Т. Блэйр маңызды саяси, экономикалық және халықаралық мәселелерде екіжақты ықпалдастық жөнінде тікелей хат жазысу арқылы ұдайы байланыста болды.
Сондай-ақ, 2005 ж. басында Қазақстан Президенті қазба байлықтар салаларындағы (EITI) айқындық жөніндегі Т. Блэйрдің бастамасына ҚР-ның қосылуы туралы мәлімдеді. Бұл екіжақты қарым-қатынастарда оң көрініс тапты. 2005 ж. маусым айында Энергетикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық меморандумға қол қойылуы екі мемлекеттің белсенді саяси диалогының логикалық жалғасы болды.
2005 ж. Ұлыбританияға жоғары деңгейдегі сапарлардың одан әрі жандануымен ерекшеленді. ҚР Премьер-министрінің орынбасары - индустрия және сауда министрі, энергетика және минералды ресурстар, экономика және бюджеттік жоспарлау, білім және ғылым министрлері, Есеп комитетінің төрағасы, Астана Әкімі, индустрия және сауда, мәдениет, ақпарат және спорт министрлерінің орынбасарлары, ККМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы, Ұлттық банктың төрағасы мен орынбасары, даму институттарының басшылықтары, Көлік және коммуникациялар, қаржы министрліктерінің, Кеден комитетінің, Шекара қызметінің және басқа мекемелердің делегациялары, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз», «ҚазАтомПром» ҰК төрағалары ресми және жұмыс сапарлармен Лондонда болып қайтты.
БҰҰ саммиті шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев Ұлыбритания сыртқы істер министрінің Еуропа істері жөніндегі орынбасары Д. Александрмен Қазақстанның 2009 ж. ЕҚЫҰ төрағалық ету мәселесіне байланысты екіжақты кездесу өткізді.
2006 ж. 31 қаңтар-1 ақпанда ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевтың Ұлыбританияға жұмыс сапары болды. Сапар барысында Ауғанстанның келешегі жөніндегі Лондондық конференцияға қатысып, наркотрафикпен күрес, мембасқару сессияларында сөз сөйледі.
2006 ж. 6-10 наурызда ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевтың Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дж. Строның шақыруымен Біріккен Корольдікке ресми жұмыс сапары болды. Сондай-ақ, ол Ұлыбритания СІМ құрамындағы беделді «Wilton Park» ұйымы өткізген «Каспий және Орталық Азия: аумақтық тұрақтылық, саяси және экономикалық өзгерістер» атты конференцияға қатысты. Сапары барысында Қ. Тоқаев Сыртқы істер министрі Дж. Стромен, Йорктік Герцогпен, британдық депутаттармен, іскер топтар мен БАҚ өкілдерімен кездесулер өткізді. Сонымен қатар, Халықаралық стратегиялық зерттеулер институтында сөз сөйлеп, Каспий ақпараттық орталығының 2005 ж. ҚР Президентінің сайлауының қортындысына байланысты дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
2006 ж. 15-17 наурызда ҚР Ауылшаруашылығы министрі А. Есімов алғашқы презентациялық Қазақстандық инвестициялық саммитіне қатысқан делегацияны бастап Ұлыбританияға сапармен келді. Саммиттің мақсаты Қазақстанның жоспар, міндеттері, дамуының динамикасы мен экономиканың маңызды секторларындағы стратегиясымен халықаралық ресми және іскер топтарды таныстыру және іскерлік байланыстарды орнату және дамыту болды.
Парламентаралық байланыстар 2001 ж. Ұлыбританияның парламентінде Қауымдар палатасы мүшесі, көрнекті лейборист Джон Манның төрағалығымен Қазақстан жөніндегі бүкіл-партиялық топ ресми түрде тіркелді.
2002 ж. - 2005 ж. қазақстандық-британдық ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық топтың 5 отырысы болды.
2004 ж. 20-27 наурызда ҚР парламенттік делегациясының Құрама Корольдікке екінші ресми сапары болды. Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы Ш. Омаров басқарған ҚР делегациясының құрамына сенатор М. Өтебаев пен Мәжіліс депутаты С. Әлібаев кірді. Британдық Парламентте өткен пікір алысуда Қазақстанның экономикалық және демократиялық реформалардағы жетістіктері және екі ел арасында қатынастарды стратегиялық әріптестер ретінде нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.
2004 ж. 30 қыркүйек - 5 қазанда Ұлыбритания Парламенті депутаттарының делегациясы Қазақстанға барды. Дж. Манн бастаған топқа Лорд Уэйверли, Р. Спинк және Л. Гилрой кірді. Қазақстандық-британдық ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық топтың бесінші отырысы барысында екіжақты қатынастардың, соның ішінде сауда, азаматтық қоғамды дамыту, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес, ғылым мен технология, білім беру және пенсиямен қамтамасыз ету салаларында, бұдан былайғы басымдылықтары белгіленді. Тараптар Парламентаралық ынтымақтастық туралы хаттаманың мәтінінін талқылады.
2005 ж. 11-12 қыркүйекте қазақстандық парламентарийлердің сапары өтіп, олар британдық Парламентаралық Одақ тобының мүшелерімен кездесті.
2005 ж. 7-11 қазанда елімізге Ұлыбритания Парламентінің Қазақстан жөніндегі бүкіл-партиялық тобы төрағасының орынбасары Дэвид Раффли басқарған британдық делегация келді. Сапар барысында ҚР Парламенті Сенатының және Мәжілісінің спикерлері Н. Әбіқаевпен және О. Мұхамеджановпен, сондай-ақ басқа ресми тұлғалармен кездесулер өтті.
2005 ж. қарашада Қауымдар палатасының мүшесі, Ұлыбритания Парламентінің Қорғаныс жөніндегі бұрынғы төрағасы, ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының бұрынғы президенті Б. Джордж басқарған ЕҚЫҰ бағыты бойынша ҚР президенттік сайлауларына қысқа мерзімді бақылаушылар тобы Қазақстанға келді. Сонымен қатар, британдық Парламенттің депутаттары Лорд Паркинсон, Лорд Килклуни, П. Лилли және Д. Раффли Қазақстанда болып, ҚР-дағы сайлау процессіне байланысты көптеген ЕҚЫҰ бағаларымен астаспайтын, өздерінің тәуелсіз оң бағаларын берді.
Сауда-экономикалық қатынастар 2005 ж. Ұлыбритания Қазақстан экономикасына жасалған тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) жөнінен екінші орыннан үшіншіге (АҚШ пен Нидерландтан кейін) түсіп қалды (1993 ж. - 2005 ж. сәуірге дейін) . Бұл голландтық бизнестің жандана түсуінен болды, дегенмен, британдық инвестициялар 4, 3 млрд. долл. шамасында немесе ТШИ-дың жалпы көлемінің 10, 6 пайызын құрады.
2004 ж. елдеріміз арасындағы тауар айналымы 541, 1 млн. долл. құрады (экспорт - 240 млн., импорт - 301, 1 млн) . 2005 ж. алғашқы тоғыз айда ҚР мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымы 688, 4 млн. долл. құрады (экспорт - 297, 8 млн. долл., импорт - 390, 6 млн. долл. ) . Экспорт минералдық өнімдерден, феррохром, болат, мыс, жүн, тері шикізаты, тыңайтқыштар, бағалы және жартылай-бағалы металлдардан тұрады. Импорт - жабдықтар, аппаратуралар, көліктер, оптикалық саймандар, химиялық, алкогольдік және темекі өнімдерінен, текстильден, тағам өндірісі өнімдерінен тұрады.
Британдық инвесторлардың қатысуымен Қазақстанда 128 компания тіркелген, оның ішінде 57 біріккен кәсіпорын, 71 британдық компаниялардың өкілдіктері.
Мұнайгаз саласы. Инвестициялық саясат және экономикалық байланыстарды дамыту жағынан алып қарайтын болсақ, британдық «Шелл» мен «Бритиш Газ» (Қашаған, Қарашағанақ) компанияларының қазақстандық нарықта жұмыс істеуінің маңызы зор.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz