Әбілқайыр Мұқамбет Ғази Бахадүр хан (1963-1748)




Презентация қосу
Тақырыптың өзектілігі:
Жеке тұлғалардың, тарихи ерекше
мемлекеттік қайраткерлерінің туған еліне,
халқына сіңірген еңбегін, олардың жеке өмірі
мен қоғамдық саяси және әлеуметтік
процестердегі рөлін ашу тарихи қажеттілік
болып табылады. Қазақ тарихындағы күрделі
тұлғалардың бірі — Кіші жүз ханы Әбілқайыр.
Бүгінге дейін оның қоғамдық-саяси қызметі,
тарихи портреті сан мәрте талқыланып, сан
қырынан зерттеліп, ой елегінен өткізілгенімен
нақты бағасын ала алмай келеді.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері:
Жұмысымыздың басты мақсаты – Кіші жүз
ханы Әбілқайыр ханның саяси портретін
ашып корсету. Осыған орай төмендегідей
міндеттер алға қойылды:
Әбілқайр ханның шыққан тегін қарастыру;
Қазақ хандығының Ресей бодандығын
қабылдау процесін жан- жақты қарастыру;
Әбілқайыр ханның жүргізген саясатын
талқылау;
Әбілқайырдың шыққан тегі қара сұлтандарға жатқан, ол
тұқымынан хан шыққан жоқ, сондықтан ол хан болуға
болмаған еді. XVIII ғасырда қазақ қоғамында қара сүйек
тұқымынан хан болу, тек қана адамның жеке басының ерлігі
мен қажымас қайсар өжеттілігі ғана, жаңадан хан мұрагерлігін
қалыптастыруға Кіші жүзде Әбілқайыр ханның ұрпақтары
бірінен соң бірі хан болып келді. Бұл жөнінде атақты
шығыстанушы В.В. Григорьевтің сол заманында хан
тұқымынан шықпаған адамның хан болуы үшін, «он должен
обладать огромной решительностью, чтобы присвоить себе
титул верховного правителя».
Барақ

Әз Жәнібек

Өсеке

Бөлек Қоян

Айшуақ

Ырыс

Қажы

ӘБІЛҚАЙЫР
Ресей империясының қолдауы арқылы
шешпекші болды.Әбілхайыр ханнын
мақсаттары:
1. Қалмақтар мен башқұрттардың
Қазақ жерін шабуылдауын тоқтату.
2. Петербург билеушілеріне арқа сүйеп,
аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңу.
3. Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор
өзендері бойындағы қазақтардың мал
жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтау.
4. Қазақ жері арқылы өтетін керуен
жолдарының қауіпсіздігін қалпына
келтіру.
Патша үкіметінін мақсаты - қазақ -
жоңғар соғысын пайдаланып, бекіністер
салу арқылы Қазақ өлкесін біртіндеп
жаулап алу.
Патша үкіметі Жайық бойына
бекіністер тұрғызып, егін шаруашылығына
қолайлы өңірлерді басып алып, орыс
помещиктеріне, казак - орыс
қоныстанушыларына таратып беру
саясатын ашық жүргізе бастады.
Әбілқайырдың өтініші бойынша қазақтарды
Ресей бодандығына қабылдау жөніндегі 1731
жылы 19 ақпандағы Анна Иоановнаның
грамотасында мынандай шарттар қойылды:
а) башқұрттар секілді қызмет ету және салық
(ясақ) төлеу;
ә) жаулар шабуыл жасағанда орыстар
тарапынан әскери көмектің көрсетілуі; ал
өздерінің (яғни қазақтардың) башқұрттар,
қалмақтар және Жайық казактарына шабуыл
жасамауы;
б) орыс тұтқындарын қайтаруы және орыс
көпестері мен сауда-керуендеріне зәбір-жапа,
қысым көрсетпеу, қайта қазақ ауылдары
арқылы өткенде оларды қорғау және
сауданың дамуына қолдау көрсету.
Қазақ тарихындағы осы маңызды
процесті тарихшылар әртүрлі бағалайды:
- М.Макшеев, И.Завалишин
т .б. Әбілхайырдың іс - әрекеттерін
тұтасынан ақтайды.
- А.И.Левшин бұл бодандықты
Әбілхайырдың жеке бас мүддесін
ойлағаннан туыңдаған іс - әрекет деп
түйіндейді.
Орыс əкімшілігі тарапынан болған
дөрекіліктерге ашуланған хан мен
“бодандыққа қылыштың күшімен емес, өз
еркіммен кірдім...”, “орыстар бізді
қалмақтар мен башқұртттар сияқты еткісі
келеді, бірақ біз ауыр езгіге көніп тірі
жүргенше, өлуге дайынбыз”, “біз
Жайықтың суы кері аққанда ғана отар
боламыз” деп мəлімдеген болатын.
Тарихи құжаттар Әбілқайыр Ресей
протекциясын сұрауға шын ниетімен
бармаған, ондай қадам жасауға мәжбүр
болған деген тұжырымға итермелейді.
А.Тевкелевтің “Неліктен сіз басқа хандар
мен сұлтандардың, беделді старшындардың
келісімінсіз бұл іске (яғни, Ресей
бодандығын қабылдауға.) бардыңыз?”
деген сұрағына, Әбілқайыр “Жылдар бойы
қонтайшымен соғысып келемін, оған әлім
жетер емес… Оның үстіне Еділ қалмақтары,
башқұрттар, Бұқара және Хиуамен соғыса
бастадық. Төрт жағымыздан бірдей жау
қоршауында қалдық” деп жауап береді.
Әбілқайыр қазақ жерінің бүтіндігін сақтауға,
бір орталыққа бағынған қуатты қазақ
хандығын құруға тырысты. Оның барлығын
сол замандағы өз танымы, өз пайымы
тұрғысынан, Ресей көмегі арқылы жүзеге
асыруға әрекеттенді. Бірақ ол оқиғалар
шырғалаңынан шыға алмады, бір халық
келіп екінші халыққа жұмақ
орнатпайтындығы туралы философиялық
ой-пікір болашақтың сыбағасында қалды.
Әбілқайыр ханның мысалы ел тәуелсіздігін
күмәнді есептерге негізделген саяси ойын
құралына айналдыруға болмайтындығын
көрсетеді. Тарих мемлекет егемендігіне
балама жоқтығын дәлелдейді.
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Екінші қолын
ҚАЗАҚ – ЖОҢҒАР ҚАТЫНАСТАРЫ
Ресейге қосылуы
Қазақ хандығына 550 жыл
Тауке ханның басқару кезінде
Қазақстанда отарлау кезеңінің басталуы
Мемлекетті басқару құрылысы
Бұрындық хан
Қазақ хандығы құрылуы, тұлғалар
Цин империясының қазақ жеріне шабуылы
Пәндер