Қажытай Ілиясовтің сатиралық шығармалары



Қажытай Ілиясовтің сатиралық шығармалары

Қажытай Ілиясұлы

Қаралатын мәселелер
Ақын өмірдерегі
2. Шығармашылығы
3. Сатиралық шығармалары
4. "Суреттер сыр шертеді. . . "

Өмірдерек
Қытайдың Шың-жан өлкесінде, Тарбағатай айма
ғындағы Еміл өзенінің төменгі сағасында дүниеге
келген. Жасынан қиссашылдықпен. домбырамен,
айтыспен, суретпен, спортпен, бимен айналысады.
Үрімшіде Шың-жан Тіл институтының қытай тілі
факультетін бітіріп, 40 жылдан астам баспасөз са
ласында қызмет атқарады.

Кітаптары
“Тасжар-ған”
“Қайран жастық"
"Маймылдың мәдениеті”
“Қалақай қамшы”

Қажытай сатирасын түр-
формасына орай 3 топқа
жіктейміз:
Мысалдары
Сықақ өлеңдері
Тұрмыстық эпиграммалары

Тұрмыстық эпиграммалар
“Шойынқұлақ”, “Кәкеңнің қалпы”, “Қару хат, “Бір
бидай”, “Белгібайдың белгілері”, “Пернебай”, “Қыз
хикаясы”, “Дәрігер“, “Мүшел тойда”, “Қалжың хат”,
“Езуден енші” т. б.
Бұлар ақынның құрбы-құрдас,
жора-жолдас, қыз, жеңгелеріне арнал-
ған бірқақпайлары түрінде келеді

"Қалжың хат"
Сұрау сап бері өткен мен ары өткеннен,
Ізіңді шығарып ем Қараөткелден.
Дүмпу бар өзің жайлы неше алуан,
Саумысың жазу жазбай тары еккеннен
Мәдише қоныстансаң, Қараөткелден,
Жасыта алмас жалғыздық зары өткенмен.
Алды-артына топырақ жаның сауға,
Азап бар ма, жаманды жар еткеннен
Әрине, тоқал алсаң ұтылмадың,
Жөн де шығар құлдықтан құтылғаның
Білемін жаңа жеңгем жайлы болса,
Саулайды көмейіңнен жұтынған үн. . .

Сықақ өлеңдері
Бұл топтағы туындыларында қоғамдық, саяси-әлеуметтік мәселелер қозғалған
“Қайдахметтің қазақшасы”, ”Сауапты жауап”, ”Маймылдың мәдениеті”, ” Шалтан ның шағымы”, “Түйе мөңірейді”, “Пысақай”, “Сымақтың сыны”, “Махаббат маңайынан”, “Жазбайтын жазушы”, “Тұғыр туралы толғау”, “Алып тұрады. . . салып тұрады. . . ” т. б.

"Бірдеңкеевтің ымы"
- Бауырым, төрт аласың ба, бес аласың ба
Жаман ағаң тірі болса,
Сен де жүресің ғой
Бұл институттың босағасында.
Қыста жіберген балығың базданыпты,
Ал етің шіруге аз қалыпты.
Бірақ туыстық жөнін түсінемін,
Өзім ішінде жүрген соң,
Әрине, оқуға түсіремін.
Әуелі бесті-беске қоса ғой,
Сосын мына ағаларыңды,
Бүгін кеште сыйлау үшін
Көктөбедегі рестораннан тоса ғой, -
Деп Дәлбіжік Бірдеңкеев
Алдында отырған балаға,
Ақырын ғана сыбырлады.

“Көжектің қулығы”, “Аң
туралы ақиқат”, “Қоян-
ның көңілі”, “Шауқарға-
ның шарапаты”, “Қарлы
ғаштың қаупі”, “Қанден-
нің қалыңдығы”, “Тоқты
ның түсі” т. б.
Мысалдары

“Көжектің қулығы”
Мынау. . .
бер жақтағы Қоянның көжегі,
Ар жақтағы аюға айтқан бір сөзі еді
"Аға, мына қызықты көріңіз
Келмесеңіз, сорыңыз.
Ойбай, тез болыңыз"
Дегенде әлгі қорбаңдаған көзелі
Көк тасқынға
қойып кеткен өзі еді.
Содан қақалып-шашалып
Көзіне неше мәрте жас алып. . .
Қоштасып басқа аңдармен,
Кете жаздап әйтеуір
Аю ағаң жағаға шығып жан-дәрмен
-Ия, көжек, не жаңалық, -
Деп суы сорғалаған аю келе қалып,
Дереу оң жамбасқа алғанда,
-Әне жерде жатқан құмыраның кішкене сынығын
Көрген де арманда, көрмегенде арманда.
Соны сіз біле ме екен деп,
Түнде жүрсе, байқамай
Табанын тіле ме екен деп
Сақтандыру үшін,
сонан кейін
Маңайымыздағы аңдарды жасқандыруүшін,
Сонан кейін "Көжек шақырса,
Аю өлсе де келеді"
деген ат қалдыру үшін
Жасаған амалым ғой.
Басқаға қыр көрсетудің
Айласын табамын ғой, -
Деп көжек әлденені қоқсып тұр.
Ал қарнындағы суды
Қайтерін білмей,
Алқынған аю лоқсып тұр. . .

Сықақ өлеңдерінің түр жағынан бөлінуі
Сатиралық портрет
тік суреттемелер
Сатиралық
шолулар
Сатиралық миниатюра

Сатиралық портреттік сурет
темелер
Мұнда кейіпкердің іс-тіршілігі, жүріс-жорығы, психолгиясына мінездеме беріліп, нендей адам екені айтылады
“Жапақтың жарапазаны”, “Тоқыраған той”, “Шалтанның шағымы”, “Пысақай”, “Қайдахметтің қазақшасы”
“Жазбайтын жазушы”
Кетік Шалтан Шәріпов:
“Ғабдолланың қара сөзінендиссертация жаздым қатырып”, -
Деген желеумен көрінгенге бөсіп жүретін
Өз айтуынша кандидаттықты қорғаудың тек қана кезегін тосып жүретін.
Межелі мерзім жеткенде, қорғамапты, сорлапты.
Өйткені ол ғалым емес, залым екен.
“Еңбегінің” қалай туғаны мәлім екен.
Жүз бетін кәдімгі қасқа бас Қабышқа жаздырыпты.
Қалғанын бір соғымға баспа -бас қалалық танысқа жаздырыпты.
Әйтпесе Шалтанның арапша архипты қаза алмақ түгіл,
Өзінің атын жаза алмайтынын есі бар ел біледі.
Ал интервью алып, ептеп “со автор” болып,
Табыс табатыны бізге де белгілі еді
Бірақ бір кеселі сол кітаппен тай сойып, табақ тартып, қазысы бес елі
Баяғы мешін жылы “Жазушылық билет алған”деседі. Мұнысы жалған шығар
Мүмкін алса, алған шығар. Өйткені ол тірі сауысқанның бауырынан жұмыртқа
ұрлайтын епті ғой. Егер жаза алмайтыны білінсе кетеуі әбден кетті ғой. . .

“Маймылдың мәдениетіі”
Жапонияның бұрынғы мемлекет басшысы
К, Танака уызында жарымаған аш кісі
“Нәпахаңды таста да, қайда барсаң, бар, ака”
Деп товарын өткізе алмай миы ашыған,
Американың “Локхид”компаниясынан
Ұланғайыр пара жеді,
Сыбайластарының сыбағасын былай қойғанда,
Бес жүз мың долларды дара жеді.
Енді сол елдегі даяшы, маймылдың мәдениеттілігінқарашы!
Рестораннан ас-су ішкен елге, он жыл бойы ізетпен
Жұмыс істегенде, бір пендеден бес тиын алып көрмепті,
Мен бұл хикаяны, ”Ғалам ғажайыптарынан” естідім.
Мінеки, осы екеуін санамызда салмақтайтын болсақ,
Қай қасиеттісін ардақтайтын болсақ, маймыл байғұс
Әлдеқайдаадал ғой, ел басқарған арамның
“Жемтік” жегені жаман ғой.
Бірақ жапон үкіметі
“Аппақ болған адыра қалғыр-ай”демекші,
Ісі тергеудегі, араны ашылған жаңағы көркеудені
Ең соңғы парламенттік сайлауда,
Үкімет мүшелігіне сайлады.
Байқаймын, Жапон жағыңыз
Парақорға пайдалы. . .
Қып-қысқасын айтқанда, алпыс екі айлалы
Тажалдан бетер Танака тұғырынан таймады.
Қай елдің капиталистері де
Халыққа қара ниетті ғой.
Ал маймыл байғұстар оларға қарағанда,
Жан-жақты мәдениетті ғой.
Сатиралық шолулар
Мұнда ел ішін жайлаған қоғамдық дерт-індеттер жайлы айтылады.

Сатиралық миниатюра
Мұнда сықақ етіліп отырған
адамның міні, кемшілігі же
ріне жете әшкереленеді.
“Пысақай”,
”Жымқырма ақынға”,
“Сымақтың сыны”, ”Алушы -
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz