Жапония жайлы
Презентация қосу
Аумағы жағынан Жапонияны
Батыс Еуропадағы ең ірі
елдермен және АҚШ-тың
штаттарымен салыстыруға
болады. Алайда, ол құрамы
мен кескін – келбеті жағынан
олардан мүлде өзгеше.
Жапония төрт ірі және төрт мыңдай ұсақ аралға
қоныстанған аралдар елі. Бұл тұтасымен аралдар әлемі.
Жапония салыстырмалы түрде табиғи ресурстарға кедей
де, жағалауға бай. Жағалау сызығының ұзындығы (30
мың км) жағынан ол АҚШ сияқты үлкен елді басып
озады және бүкіл Африкамен теңестіруге болады.
Жапония халқының саны жағынан дүние жүзі
елдерінің «алғашқы ондығын» аяқтайды. Алайда
соңғы онжылдықтарда халқының табиғи өсу
сипаты күрт өзгерді. Бұл
«демографиялық революция» өте қысқа
мерзімге өтті. Ол жапон қоғамының аса ірі
әлеуметтік – экономикалық қайта құрылуының,
білім беру мен денсаулық сақтау саласында
үлкен жетістіктерге жетуінің нәтижесінде іске
асты.
Жапония – дүние жүзінде балалар өлімінің
көрсеткішінен ең төмендігімен және өмір сүру
орта жасы бойынша көрсеткішінің ең
жоғарылығымен танылған салауатты адамдар
елі. Сондай-ақ оған мемлекеттік демографиялық
саясат үлкен әсер етті. Онда отбасының
мәселелерін жоспарлау жөніндегі сабақтар
мектептің жоғары сыныптарында-ақ өткізіледі.
Неғұрлым кеш некелесу қатты насихатталады.
Осы жылдың басында Жапонияда жойқын жер
сілкінісі болып, арты цунамиге ұласты. Соңғы
20 жылда болмаған табиғат апатынан бірнеше
елдімекендер жермен-жексен болып, көптеген
адамдар қайтыс болды.
50 – жылдардан бастап ширек ғасыр
бойы жапон экономикасы өте жоғары
қарқынмен өсуде болды. Ел қысқа
мерзім ішінде ғылымда, техникада,
білім беруде, өнеркәсіп пен саудада
үлкен жетістіктерге жетіп, қарыштап
алға басты. Жапония дүние жүзіндегі
ең басты несие беруші елге айналды.
Жапония әрқашан да таза егінші ел болатын. Егістік жердің тең
жартысын алып жататын күріш бұрынғысынша дәнді дақылдардың
ішіндегі жапондардың негізгі наны болып қала берді. Бау – бақшамен
айналысу, мүйізді ірі қара мал (сиыр), шошқа, құс өсіру жақсы дамуда.
Жапондық шаруашылықтың тағы бір дәстүрлі саласы – балықшылық.
Балық аулау жөнінде Жапония алғашқы орындардың бірінде тұр. Елде
3 мыңнан астам балық аулау аймағы бар.
Жапония шаруашылығының аса маңызды ерекшелігі – оның
халықаралық экономикалық байланысқа айрықша кеңінен
тартылуында.
Жапон экономикасының тірегі -
автомобиль өнеркәсібі, электроника
және жаңа технология. Бұл салалардың
әрқайсысында әлемдегі өнімнің 27-33
пайызы осы елде шығарды. Жапон
экономикасын дамытушы негізгі күш
оның ана тілі. Жапония бүгінгі таңда өз
тілін қоғамның барлық саласына енгізу
арқылы ғылым мен техникада, оның
ішінде жаратылыстану ғылымдарында,
электроникада, биотехнологияда және
т.б. тамаша табыстарға жеткен,
әлеуметтік саладағы жетістіктері
(әлемде ең ұзақ өмір сүретін халық)
басқа елдерге үлгі болатын ерекше
қоғам.
Соңғы төрт-бес жыл бедерінде екі
елдің өзара сауда-экономикалық
қатынастары еселеп арта түскен. 2005
жылы Қазақстан мен Жапония арасын
дағы тауар айналымы 736,1 миллион
долларды құраса,
2006 жылдың жарты жылында ол 439,2 миллион долларға жетіп
отыр. Мұны өткен жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда 21
пайызға артқандығын көруге болады. Ал Қазақстан Жапония
рыногына негізінен ферроқорытпа, болат, титан, жерасты сирек
металдарын экспорттаса, бұл ел бізге автокөліктер мен олардың
бөлшектерін, сондай-ақ электр жабдықтары мен тұрмыстық
техникаларды импорттап келеді.
Біраз жылдардан бері Жапонияның
халықаралық ынтымақтастық банкі
Қазақстанда несие беру арқылы
бірқатар жобаларды жүзеге асыра
бастады. Олардың ішінде темір жол
көлігінің тасымал қуатын
арттыруға, Ертіс өзені үстінен көпір
құрылысын салуға, Астанадағы
халықаралық әуежайды қайта
жөндеуден өткізуге, Батыс
Қазақстанда көлік жолдары жүйесін
дамытуға, Атыраудағы мұнай өңдеу
зауытын күрделі жөндеуден өткізуге
арналған жобалар бар. Бүгінде
солардың бірқатары жүзеге
асырылды.
Қазақстан мен Жапония арасындағы
өзара ынтымақтастықтың жаңа сатыға
көтеріліп, байланыстардың орныға
бастауына 1994 жылдың сәуірінде және
1999 жылдың желтоқсанында Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтің осы елге жасаған ресми
сапарлары негіз қалағанын атап өткен
жөн.
Екі мемлекеттің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығы да уақыт
өткен сайын жақсарып келеді. Оған Қазақстан басшысының Токиоға
жасаған алғашқы сапары барысында Жапонияның сол кездегі премьер-
министрі М.Хосокаваға соғыс жылдарында Қазақстан аумағында
әскери тұтқында болып, қайтыс болғандардың тізімі бар “Естелік
кітапты” табыс еткені дәлел болмақ.
Бүгінгі таңда, Қазақстан экономикасы әсерлі және
серпінді түрде дамып жатқан мемлекеттердің
қатарында. Жапония сияқты алдыңғы қатардағы
дамыған мемлекеттер бізді экономикалық және саяси
серіктестік ретінде мойындады.
Ұқсас жұмыстар
Қытай - АҚШ |
Жапония саяси жағдайы туралы |
РАДИОЗОНД ЖАПОНИЯ |
Есептеуіш машиналар |
Егіздер |
Ресей тахеометрлері |
Әль - Бируни афоризмдары |
Логикалық тапсырмалар |
Құстар жайлы жалпы сипаттама |
Соғыс машиналары |
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz