Жапония саяси жағдайы туралы
Презентация қосу
Жапония саяси жағдайы
Жапония мемлекетінің саяси жүйесі өзіне тән ерекшелігімен
анықталады.Бұл мемлекетте локальді және профектураларда әрекет
жасайтын 10 мыңға жуық саяси партиялар тіркелген. Жапонияның
саяси сахнасында 5 саяси партия шынайы түрде билікке араласып, өз
жұмыстарын атқарып отыр.Қазіргі кезде мемлекеттің саяси жүйесінде
көппартиялық қағида ұсталынады,яғни әрбір профектуралық
аймақтардан әр түрлі идеялогиялық саяси партиялар құруға рұқсат
етілген.Жапонияның саяси билігінде ағымдағы уақытта 1948 жылдар
кезінде елдің саяси жүйесінде беделі күшті бір партия жұмыс істеуге
көп мүмкіншілік болды.Мемлекет жеке министрлікті және министрлер
кабинетін бірнеше рет таратып жіберуіне байланысты осы ел
тарихында 1994 жылдар аралығында Либерал - демократиялық
партиясы,социал-демократиялық саяси партиясы,көп мазмұнды емес
«сакигакэ» саяси партияларының ортақ мүдде көздей отырып,
коалиция құрған болатын,бұл Жапонияның соғыстан кейінгі
тарихында орын алған болатын.
1989 жылдан бастап Жапония императоры Акихито болды,оның
мұрагері ханша Нарухито болды.
Конституция бойынша императордың статусы анықталған, яғни император мемлекеттік биліктің
символы және халықтың бірлігі болып табылады. Жапонияның конституциясында мемлекет
басшысының фигурасы көрсетілмеген. 7 статьеге сәйкес император көптеген функцияларды атқарады:
Конституцияға промульгациялық жөндеу жүргізу, заңдар, үкіметтік указдар мен келісім шарттар,
парламентті шақыру, парламент палатасының өкілдерін босату, барлықортақ парламенттік сайлаудың
өтетіндігін жариялау, мемлекеттік министрлер мен басқа да тұлғаларды қызметке алу және оларды
қызметтен босату, граматоларды беру, ортақ және жеке амнистия жариялау, сыйлық беру, жазаны
жеңілдету.
1889 жылы ақпан айында Жапонияның Негізгі заңы қабылданды, соған сәйкес Жапония
конституциялық монархия деп жарияланды.
Мен Жапонияның саяси жүйесінен тоқталатыннан алдын, саяси жүйесінің кішкене тарихына
тоқталып кетсем. . Негізі бәрімізге белгілі Жапония елі Токугава сегунатына дейін абсолютті монархия
елі болды. 1869 жылы Мэйдзи реставрациясынан кейін Министрлер Кабинеті батыстың саяси, сот,
және әскери жүйесін ала отырып, Жасырын Кеңес құрды және Мэйдзи Конституциясын құруға
дайындалған болатын, сонымен қатар парламентті құрды. Мэйдзи реставрациясы Жапония
ммемлекетін ұлы державаға айналдырған болатын. 1956 жылы Жапония БҰҰ кірді. Конституция
бойынша Жапонияның императоры « мемлекеттің символы және халықты біріктіруші », барлық
мемлекеттік тағайындауларды және шешімдерді ол Министрлер Кабинетімен ойласып шешеді,яғни
оған жауапты болады. Мемлекеттік кездесулерде император мемлекет басшысы ролін ойнайды. 1947
жылы 3 мамырда Жапония жаңа пацифисттік конституцияны қабылдады, яғни либералдық
демократияға бет бұрыс жасады.Жапонияның мемлекеттік билігінде ең жоғарғы орган және жалғыз
Заң шығарушы орган – Парламент болып табылады. Ол екі палатадан тұрады : Өкілдер палатасы және
Кеңестер палатасы. Өкілдер палатасы 480 депутаттан құрылады, сайлану мерзімі 4 жыл. Ал Кеңестер
палатасы 252 депутаттан тұрады, сайлану мерзімі 6 жыл. Кеңестер палатасы әр үш жыл сайын
жартысы жаңарып отырады. Конституция бойынша парламент барлық заң билігін өз қолына алады
және бірақ финанстық салаға араласа алмайды. Жапонияда 20 жастан асқан барлық азаматтарға
барлықортақ дауыс беру құқығы берілген. Екі палатаны сайлағанда жасырын түрде өткізіледі.
Жапонияда екі негізгі партия бар. 2009 жылы парламентте көп дауысқа
ие болған социал-либералдық және демократиялық партия болды,
яғни консервативтік либералық-демократиялық партияның орнын
басып алды, бұл партия 54 жыл билікте отырған болатын.
Үкімет – Атқарушы орган, Жапонияның премьер-мин.истрі басқарады.
Бұл қызметке парламеттің бір өкілін император тағайындайды.
Премьер-министр Министрлер Кабинетінің басшысы болып табылады.
2009 жылдан бастап премьер-министр Юкио Хатояма.
Тарихи деректерге сүйенсек, Эдо дәуірінен бастап Жапонияның
құқықтық жүйесі қытайлық жүйеге негізделіп жасалған болатын. ХІХ
ғасырдың соңына қарай Жапонияның соттық жүйесі романо-германдық
құқыққа негізделіп жасалды, яғни Францияның және Германияның
жүйесіне ұқсатылып. Мысалы, 1896 жылы жапон үкіметі германдық
модельде азаматтық кодексін жасады. Статуттық құқығы заң шығарушы
орган – парламет болды. Статуттық құқықтың негізгі бөлігін «Алты
кодекс құрайды». Конституциядағы жаңа заңдар императордың
мақұлдағанынан кейін ғана өз күшіне енеді.
Жапонияның соттық жүйесі 4 сатыдан тұрады: Жоғарғы сот,
аппелляциялық, негізгі және дисциплиплинарлық сот. Жоғарғы сот
конституциондық судтарға сәйкес басқа мемлекеттерде құқықтық
нормалардан бас тартуға құқығы бар. Жоғарғы сот өкілдерін үкіметтің
ұсынысымен император тағайындайды, ал қалған судьяларды
Министрлер Кабинеті тағайындайды.
Енді мен Жапонияның саяси жүйесіндегі маңызды ролді
ойнайтын саяси партиялар жөнінде айтып кетсем:
Жаңа саяси партия «Жапония, тұр» («Вставай,
Япония»)Либералдық-демократиялық партияны сайлау кезінде
фиаско кезінде құлағанға байланысты жапон саясаткерлері
құрады. Жаңа саяси күштің басшысы Жапонияның бұрынғы
қаржы министрі Каору Есано болды.
2009 жылы 30 тамызда Жапонияда Парламенттік сайлау өтті.
Сайлау кезінде 480 депутат сайлануы керек еді. Төменгі
палатаға 480 депутат сайланды. Жапонияның саяси жүйесінде
және тарихында 1954 жылы либералдар мен демократтардан
құралған либералдық-демократиялық партия 1993 жылдың
ортасына дейін үкіметті осы партия басқарып келді. Одан басқа
4 партия – социалистік, коммунистік, демократиялық социализм
және Комэйто( таза саясат партия ) қызмет атқарды. 80
жылдардың соңында ЛДП арасынан бірнеше топтар құрылып,
жаңа саяси партиялар ( « Жаңа көкжиек», « Жапон
демократиялық партиясы» т.б.) қалыптасты. 1993 жылы
көктемде болған парламент сайлауында ЛДП жеңгенімен, басты
орын басқа партияларға тиді. Солар бірігіп, коалициялық үкімет
құрды ( Компартия оны қолдады, бірақ үкімет қатарына енбеді).
Әуелі үкімет басынада « Жаңа көкжиек» партиясының өкілі М.
Хосакава болды.
Сыртқы және ішкі саясатта әскерилердің беделі күрт өсті. 1931
жылдары күзде Маньчжурияда қуыршақ үкімет құрылып, 1933 -36
жылдары Қытайға қарсы агрессияны күшейтті. Жапония 1936 жылы
қарашада Германиямен «Антикоминтерндік пактіге» қол қойды да,
1937 жылы шілдеде Қытайды толық жаулап алу үшін соғыс
бастады. 1938 жылы Қытайдың неғұрлым шығыс бөлігін толық
басып алып, Кеңес Одағы мен Моңғолияға шабуыл жасауға
дайындалды. Бірақ 1938 жылы шілдеде Хасан көлі жағасында 1939
жылы мамыр – тамыз айларында Халхин – Гол ауданында кеңес
әскерлерінен жеңіліп қалды. Осыдан кейін жапондар оңтүстік
бағытта, яғни еуропалық мемлекеттер мен АҚШ – тың Оңтүстік
Шығыс Азиядағы отарларына шабуылды күшейтті. 1940 жылы
қыркүйекте Үндіқытай түбегінің солтүстігін басып алды. 1941 жылы
7 желтоқсан күні түнде жапон әскерлері ешқандай соғыс
жарияламастан америкалықтардың Гавай аралындағы негізгі соғыс
базасы Перл – Харборға және Гуем, Манила, Ганконгке басып кірді.
1942 жылдың орта тұсына дейін Филиппинді, Тайландты,
Үндіқытайды, Бирманы, Малайзия мен Индонезияны басып алды.
1945 жылы 6 – 9 тамыз күндері Америка әскери - әуе күштері
Жапонияның екі қаласына (Хиросима мен Нагасаки) атом
бомбасын тастады. 1945 жылы 9 тамызда Кеңес әскерлері шабуылға
шығып, Манчжурияны, Солтүстік Кореяны, Оңтүстік Сахалин және
Куриль аралдарын азат етті. 2 қыркүйек күні Жапония өзінің
толық жеңілгендігі жөніндегі актіге қол қойды.
Елге одақтастар атынан АҚШ әскерлері басып кірді. Жапония
барлық отарларынан айырылып, ел экономикасы аса қиын
жағдайда қалды. 1947 жылы 3 мамырда Конституция қабылданды.
1946 – 49 жылдары аграрлық реформа жүргізіп, мемлекеттік аппарат
пен ағарту саласы демократияландырылды. Жүргізген реформа
елдің әрә қарай жедел дамуына мүмкіндік туғызды. Корея соғысына
қажетті әскери тапсырыстың күрт артуы өнеркәсіптің жедел
дамуына алып келді. Сөйтіп, 1950 жылдардан бастап экономика тез
арада көтеріліп, 60-жылдардың аяғына таман Жапония дамыған
елдер арасында АҚШ – тан кейінгі екінші орынға шықты. Жапония -
өнеркәсібі жоғары дамыған мемлекет. Өңдеуші өнеркәсіпте 14 млн-
дай адам немесе елдегі халықтың 25 % -ы жұмыс істейді. Жапония
кеме шығарудан (52%), автомобиль (30%), трактор, металл өңдейтін
құрал – жабдықтар, тұрмыстық қажетті электроника, робот жасаудан
дүниежүзінде бірінші орын алады. Бұған қоса жапондар әлемдегі
түрлі – түсті теледидардың 60 % -ін, жасанды талшықтың 12,3% -ын
өндіреді. Жапония энергия ресурстарына өте кедей. Сондықтан
энергетикасы энергия көздерінің (мұнай, газ, көмір, уран т.б.) 80%-
ын шеттен әкеледі. Соңғы жылдары су және атом энергиясын өндіру
жедел артып келеді. Елде жалпы көлемі 35 млн квт. Ток өндіретін
43 атом реакторы бар. Атом шарушылығында 5,7 млн адам жұмыс
істейді және жалпы жиынтық өнімнің 2,2% -ын өндіреді. 5,3 млн га
жер өңделеді.
Бүгінгі халықаралық саяси-экономикалық байланыстар жүйесінде басты
элементтердің бірі болып аймақтық қарым-қатынас ұстанымы дамып
келеді. Яғни, күшті мемлекеттің маңайында орналасқан басқа елдер
амалсыздан өркендеу жолына түспек. Тарихтың заңдылығы сондай, бір
империяның орнына келесі бір фаворит дайын тұрады. Аймақтық
принцип бойынша біріккен Еуропа, болмаса Оңтүстік Америка елдеріне
қарағанда, азиялық елдердің бірігуі нәтижелі бола бастағаны осы
кеңістікте ғұмыр кешіп жатқан бізді қуантады. Сондықтан, болашақта
дамыған Жапонияның жеткен жетістіктері мен одан көрген жемістерді
біз де татуымыз керек. Қазіргі таңда Еуропаға еліктеп-солықтаудан
гөрі, Қазақстанға аймақтық қауымдастықты дамытуға ден қойып, сол
ұйымдар ішінде ықпалды мемлекетке айналу – анағұрлым абырой
әпермек. Сол себептен, Қазақстанға Күншығыс елінің жаңа саяси
күштерімен байланыс орнатып, Жапонияның инвестициясын өзімізге
молынан тартып, сол арқылы экономикалық тұрғыда біте қайнасып
кетуіміз қажет. Жапондық мақалмен қорытқанда: «Ертеңгі жел – ертең
соғады». Жапонияның үкіметбасы Ю.Хатояма Шығысазиялық
қауымдастық алдында бірыңғай валюта енгізу жайлы ұсыныспен
шықты. Жапон қоғамының алаңсыз өмірге деген үміті жаңа үкіметтің
сайлауалды бағдарламаларының орындалуымен тығыз байланысты
екенін, ол ақталмаса билік басына алып келген тарихи мүмкіндіктің
уыстан шығып кететінін демократиялық партия басшылары жақсы
біледі.
Жақында Жапон үкіметі «Елдің дағдарысты ырықтандыруға
бағытталған бағдарламасын жыл аяғына дейін қайта қарауымыз
мүмкін» дегенді айтты. Либерал-демократтардың жеңілісінен
сабақ алған демократиялық партия соңғы сайлауда қол жеткен
жеңісінің саяси аванс екенін мойындайды. Кезек күттірмес
жайттардың қатарын толықтырып отырған әлеуметтік,
экономикалық жайттар, соның ішінде зейнетақы жүйесін
реформалау, жұмыссыздықпен күрес, бала туу деңгейін көтеру,
еңбектен қол үзіп, бала тәрбиесімен айналысып отырған
аналардың жағдайына көңіл бөлу тәрізді мәселелерді кешенді
түрде, бір-бірімен сәйкестендіре отырып шешуге тырысады. Бұл
ретте Хатояма үкіметі Таро Асо кабинеті тұсында қабылданған
дағдарыспен күрес бағдарламасына бірқатар түзетулер енгізді.
Онда сайлауалды бағдарламаларда айтылған міндеттерді
орындауға қосымша қаржы бөлу тетіктерінің механизмдері
қарастырылған. Жапонияның Қаржы министрі 2010 жылдың
бюджетін қаржыландыруға кірісіп үлгерді. Үкімет қабылдаған
бағдарламаларда жеке тұлғалар мен орта және кіші бизнес
өкілдеріне несие төлеу мерзіміне 3 жылға дейін мораторий
жариялау, ең төменгі жалақы мөлшерінің деңгейін көтеру, кіші
және орта бизнеске арналған компенсациялық төлем жүйесін
енгізу тәрізді тың ұсыныстарымен айшықталады.
Жапония - инвестициялық, өндірістік және технологиялық әлеуеті
жағынан әлемдік өркениет көшінің алғашқы бестігінен орын алған ел.
Біз жапон компанияларына, инвесторларына, жапон технологиясын
шығарумен айналысатын біріккен жобаларға еліміздің шикізаттық емес
секторынан орын алуына жағдай туғызу арқылы екіжақты
байланыстардың көкжиегін анағұрлым кеңейте алған болар едік.
Ғаламшар шикізат көзінің азая түскенін барынша сезе бастады. Бұл
ретте жапондықтар да қазақ елінің энергокөздерін өз еліне жеткізуге
ғана емес, қазақтың табиғи мүмкіндіктерін бірлесіп пайдалануға
барынша мүдделі болып отыр. Қазақстан мен Жапония арасындағы
саяси қатынастар 1992 жылдың мамыр айындағы Жапония Премьер-
Министрінің орынбасары Сыртқы істер министрі М.Ватанабэнің
Қазақстанға жасаған сапарынан бастау алады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 1994 жылдың
6-7 сәуірдегі және 1999 жылдың 5-8 желтоқсандағы Жапонияға жасаған
сапарлары екі жақты қатынастардың негізін қалады. Елбасының
Жапонияға жасаған бірінші сапары барысында Кеңес Одағы мен
Жапония арасындағы келісімдерді мойындау туралы ноталармен
алмасып, Бірлескен мәлімдеме қабылданса, екінші сапар барысында
достастық, серіктестік және ынтымақтастық туралы Бірлескен
мәлімдемеге қол қойылды.
Жапония көптеген елдермен берік байланыстар орнатты. Шешім
немесе ғаламдық мәселелер оның талқылауынсыз өткізілмеді .
Жапония мәртебесі әлем державасы ретінде мойындалуы оның
Ұлттар Лигасы Кеңесінің тұрақты мүшесі болуы.
Әскери жеңіліс нәтижесінде Жапония барлық мәртебесінен
айырылған болатын. Оның саясатының абыройы толығымен
түсірілді. Жапонияның басқарушылары сот алдында әскери
қылмыскерлер ретінде алдына келді, ал дипломатиялық корпус
пен мемлекеттік ақпарат тазартылуға тартылды.
Ол көптеген әлем мемлекеттерімен соғыс халінде болды. Оның
басты мақсаты дипломатиялық қарым-қатынастарды қайта
қалыптастырып экономикасын өркендету. Жапонияның бірінші
жетістігі 48 мемлекетпен, бұрынғы әскери қарсыластықтарымен,
КСРО мен коммунистік мемлекеттер блогынан басқа бейбіт
келісімге тұруы. Жапония жеңілген, сөзсіз тізе бүгуді екінші
дүниежүзілік соғыста қабыл алған және халықаралық қылмысты
іске асырған, яғни агрессиялық соғысқа бағыт алған мемлекет.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz