Жекелеген қылмыстарды ашу және алдын алу ерекшеліктері




Презентация қосу
Жекелеген қылмыстарды ашу және
алдын алу ерекшеліктері

Жекелеген қылмыс қарсы бағытталған қоғамдық қатынастар жекелеген
қылмысобъектісі деп аталады.
Заңнамада, сот практикасында және құқықтық әдебиеттерде «қылмыс»
ұғымымен қатар бір мәндес ретінде «қылмыстық қол сұғушылық» ұғымы да жиі
қолданылады. Бұл кездейсоқ емес адамның белгілі бір жүріс-тұрысы бір нәрсеге қол
сұққандықтан ғана қылмыстық ретінде танылады, қоғамдық қатынастарға залал
келтіреді немесе залал келтіру қауіпін тудырады.
Қылмыстың субъектісі әрбір қол сұғушылықтың жасалуындағы ажырамас
элементі болып табылады. Сонымен қатар кез-келген қоғамдық қатынастар емес, тек
әрекет ететін қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар ғана жекелеген
қылмыс объектісі ретінде бағаланады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінің 2 бабында оның міндеттері: адам мен азаматтың құқықтарын ,
бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды
мүдделерін , қоғадық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан
Республикасның конституциялық құрлысы мен аумақтық тұтастағын, қоғам мен
мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықпен қорғау,
бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін қорғау болып табылатындығы бекітілген.
Қылмыстық қол сұғушылықтың объектісін дұрыс түсінудің үлкен практикалық маңызы
бар. Ол қылмыстық әрекеттерді қылмыстық емес әрекеттерден ажыратуға мүмкіндік
жасайды, себебі қылмыстық-құқылық қорғаудың объектісі болып барынша маңызды
қоғамдық қатынастар танылады.
Қылмысты объектісі бойынша саралауды әңгіме етуден бұрын және саралау
процессінің өзіне өтудің алдында тек төмендегі жағдайлардың орындалысының
барысында ғана жетістіктерге қол жеткізу мүмкін екендігін ескеру қажет.
А) Жасалған қоғамдық қауіпті әрекеттің фактілік мән-жайлары, қылмыстың
жалпы құрамының төрт элементі объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік
жағы бойынша жүйеленеді және топтасырылады яғни аталған құрам, нақты
қылмыстық құрамдарды танудың, олардың мазмұнын ашу үшін теоретикалық
негіз қызметін атқарады.
Б) Жасалған іс-әрекетпен барынша ұқсас болып табылатын нақты құрамның
заңды белгілері ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптары да аталған төрт элемент
бойынша жіктеледі.
Тек логикалық заңдарын, оның категорияларын және тәсілдерін пайдалана
отырып жүзеге асыру және дұрыс жасау мүмкін болады, себебі қылмысты
саралау адамның ой еңбегінің, күрделі танымдық процесстің ой қорытудың
жемісі болып табылады.
Қылмыстық заңнама өзінің нормаларымен қоғамдық қатынастарды қылмыстық
қол сұғушылықтардан қорғайды. Кез-келген жекелеген қылмысқоғамдық
қатынастарға қол сұққандықтан қоғамға тұтастай қауіп төндіреді. Сонымен қатар
қоғамдық қатынастар дегеніміз адамдар арасындағы қатынастар және адам
аталған қатынастардың қатысушысы болып табылады. Сондықтан адамның
жеке басына, меншікке, қоршаған ортаға қол сұға отырып қылмыскер осы
құндылықтармен байланысты қоғамдық қатынастарға да қол сұғады. Қылмыстық
құықтың көптеген теоректиктерінің пікірінше қол сұққаны үшін ҚК-те
Жауапкершілік қарастырылаған қоғамдық қатынастар қылмыстың объектісі
болып табылады.
Жекелеген қылмыстарды ашу барысында қол сұғушылықтың топтық объектісін
анықтаудың маңызы жоғары. Ондай жағдайда нақты тұлғаға жасаған іс-әрекеті
үшін қолдануға қажетті ҚК-тің нормасын Қылмыстық кодекстің өн бойынан іздеуге
тура келмейді.
Топтық объектіні анықтау ҚК-тің Ерекше бөлімінің ішінен ұқсастықты табу
қажеттілігін, теңдестіруді білдіреді. Кейбір құрамдарда топтық және тікелей
объектілер ұқсастыққа ие болады. Мысалы ұрлықта олар меншік, бұзақылықта
қоғамдық тәртіп болып табылады.
Жекелеген қылмыс объектісінің маңызы мынада, оның көмегі арқылы басқа
жағынан ұқсастығы бар іс-әрекеттерді ажырату мүмкін болады. Мысалы судьяны
қорлау әділсот органдарының қалыпты қызметіне қол сұғу ретінде ҚК-тің 342
бабы арқылы жауаптылықты туындатса, ал өкімет өкілін қорлау басқару тәртібіне
қол сұғу ретінде 320 бап бойынша жауапқа тартылады. Келтірілген мысалдан
топтық объектіні анықтау барысында қылмыстан жәбірленуші тұлғаның кім
болғаныныңда маңызға ие екендігін байқауға болады.
Қылмыстық қол сұғушылықтың топтық объектісін анықтауда жекелеген
қылмыссубъектісінің белгілері де аз рөл атқармайды. Мысалы, денсаулыққа
қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру ҚК-тің 104 бабы бойынша
жауаптылыққа тартылады. Бұл жағдайда қылмыстың топтық объектісі болып
жеке тұлға табылады. Бір әскери қызметшінің екіншісіне қатысты жасаған нақ
сол әрекеттері ҚК-тің 370 бабы бойынша жауаптылықты туындатады, аталған
жағдайда әскери қызметті өтеу тәртібіне қол сұғу орын алады. Ендеше өзара
ұқсастығы бар көрсетілген жекелеген қылмысқұрамдары топтық және тікелей
объектілері бойынша айырмашылықтарға ие болады. ҚК-тің Ерекше бөлімінде
осындай ұқсас құрамды қылмыстар аз емес.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың тікелей объектісін негізгі,
қосымша және факультативтік қылып айырып, бөледі. Бұл өмірдің
нақты талабынан туындайды: көптеген криминалды әрекеттер немесе
әрекетсіздіктер бір уақытта бірнеше объектіге қол сұғады және олар
белгілі бір шамада кейде органикалық түрде өзара байланысты.
Мысалы бұзақылықта қоғамдық тәртіпке қол сұғу – негізгі объект,
азаматтың денсаулығы ар-намысы факультативті объект,
қарақшылықтың барысында – меншік негізгі объект, жәбірленушінің
денсаулығы – қосымша объект болып табылады. Бұл жағдайда негізгі
тікелей объекті әрекетті ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті бабымен саралау
үшін бірінші кезекті және шешуші маңызға ие болады. Көрсетілген
объектіні анықтау қылмыстық заңмен қорғалатын қатынастардан
әлеуметтік – мемлекеттік маңыздылығына сай жүргізіледі, қандай
қоғамдық қатынастарға залал келетіндігіне тәуелді болады және
берілген қылмыстық әрекетпен қоғамдық қатынастардың қай түріне
әрқашан залал келтіретіндігі есепке алынады.
Қосымша және факультативтік объектілердің арасындағы
айырмашылық мынада: қосымша объект екі объектілі (көп объектілі)
жекелеген қылмысқұрамдарында болады, ал факультативтік объекті
(бірақ әрдайым емес) жай құрамды қылмыстарды жасау барысында
болады. Мысалы әрбір бұзақылық әрекеттің барысында жеке адамға,
меншікке қол сұғу бола бермейді.
Кей кездерде қылмыстың объектісін дұрыс анықтау үшін қылмыстық
заты маңызды рөл атқарады. Мысалы, дәріханадан дәрілік құраладар
ұрланған кезде ең алдымен қандай дәрілік құралдар ұрланғаны жөнінде
сұрақ қойылады: наркотикалық дәрілер ме, әлде басқама? Бірінші
жағдайда қылмыстың объектісі халықтың денсаулығы (ҚК 260 б.), ал
екіншісінде меншік (ҚК 175 б.) болды. Осындай жолмен ҚК-тің
көрсетілген баптарындағы жекелеген қылмысқұрамдары бір-бірінен ең
алдымен қылмыстың заты бойынша ажыратылады.
Қылмыстық құқықтың теоретиктерінің көпшілігі қылмыстың затын
құрамның факультативтік белгілеріне жатқызады, себебі кейбір
жекелеген қылмыстүрлерін жасау барысында қылмыстың заты
қылмысты саралауға ықпал етпейді. Мысалы, ҚК-тің 258 бабы бойынша
тағылық ретінде сараланатын әрекеттердің біреуі көліктегі немесе
басқа да қоғамдық орындағы мүлікті қасақана бүлдіру саналады.
Кінәліні ҚК-тің көрсетілген нормасы бойынша жауаптылыққа тарту
мәселесін шешу барысында қандай мүлік бөлінуге ұшырағаны маңызға
ие болмайды. Кейбір жекелеген қылмысқұрамдарында қылмыстың
заты тіптен болмайды. Мысалы адам өлтіру, зорлау, жала жабу, сотты
құрметтеу, қашқындық т.б.
Қылмыстың заты объектіге не жекелеген қылмысқұрамының басқа да
элементеріне жатқызылмайды. Ол жекелеген қылмысқұрамының басқа
белгілерінің арасында өзіндік орынға ие болады.
Соңғы жылдары Қазақстанда ел ішінде әлеуметтік-экономикалық
дағдарысты жағдайдың орын алуына байланысты қылмыстылық,
әсіресе күштеу кылмыстылығы құлаш жайды. Кеңес дәуірінде
кылмыстылықпен күресу мәселесі қолданыстан шығып, оның орнына
қылмыстылықты белгілі шекте ұстап тұру тұжырымдамасы бекітілді.
Қазақстанда әлі күнге дейін қылмыстылықпен күресуге арналған бірде-
бір заң қабылданбаған. Онымен 2002 жылы 20 қыркүйекте №-949
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты тұжырымдамасы
күресуді жанама реттейді.
Қылмыстылықпен күресу қылмысты кесуден, алдын-алудан тұрады.
Қылмысты кесу бұл қылмыстық - процессуалдық іс әрекет, ал алдын-
алу -криминологиялық түсінік.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің алдын-алу мемлекеттік
деңгейде жалпы алдын-алу және арнайы кримонологиялық алдын-алу
шараларынан тұрады.
Мемлекеттік деңгейде әрине, денсаулыкқа қасақана ауыр зиян келтіру
қылмыстарының алдын-алу үшін халықтың әлеуметтік әл-ауқатын
көтеру керек, жұмыссыздар санын азайтуға бағытталған жаңа жұмыс
орындарын ашу керек, жәрдемақы мен жалақыны көтеру керек, өйткені
көптеген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірулерді жұмыссыздар
мен тұрақты табыс көздері жоқтар, кедейшіліктегі адамдар жасайды.
Жекелеген қылмыстарды ашу және алдын-алу үшін ең бір
әсерлі шара ретінде бұл заң шығарушылык деңгейде Қазақстан
Республикасындағы кылмыстылықпен күресудің
тұжырымдамасының қабылдануы болар еді. Заңда тек қана
қылмыстарды кесуге бағытталған кылмыстық-процесуалдық
шаралармен бірге криминологиялық шаралардың да көзделуі
тиіс. Бұл үшін Қазақстан Республикасында қазіргі
демократияның қағидаларына сай, қазіргі заман талаптарына
лайықты қоғамдағы адамгершілік кұндылықтарын қалыптастыру
керек. Қоғамдағы адамгершілік құндылықтарын калыптастыру
әртүрлі мемлекеттің тарабынан БАҚ арқылы насихаттау, жалпы
орта білім беру, жоғарғы білім беру, арнаулы кәсіби білім беру
орындарында тәрбиелеу шараларьі, белгілі адамгершілікке жат
іс-әрекеттерді қылмысты қудалаумен тыйым салу шаралары
арқылы жүзеге асырылады. Тек қана осы қалыптастырылған
кұндылықтар шегінде мемлекеттік акпараттық саясатты
қалыптастыру және жүзеге асыру керек. Бүның өзі халықтың,
қоғамның теріс тәрбиеленуінің алдын-алып қана қоймай,
сондай-ақ жекелеген қылмыстарының да алдын-алуға өз үлесін
косады.

Ұқсас жұмыстар
Ішкі істер органдарының міндеттері
ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУДЫҢ ЗАҢИ НЕГІЗІ - ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ
Әйелдер қылмыстық әрекетінің психологиялық негізі
Қылмысқа қатысудың мәні, түрлері және нысандары
Көлеңкелі экономика және экономикалық қауіпсіздік
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық негіздері
Сыбайлас жемқорлықтың белгілері
ПРОЦЕСТІК КЕЛІСІМ
БҰҰ-ның Оңтүстік-Шығыс Азия аймағындағы қызметі
Сыбайлас жемқорлық түсінігі
Пәндер