Жер пайдалану құқығы және жерге өзге де құқықтар


Slide 1

Жер пайдалану құқығы және жерге өзге де құқықтар

Жер құқығы - жер құқық қатынастарының реттелу айнасы. Мемлекет жер қатынастарын реттеуде оны құрал есебінде пайдаланады, оған бағыт береді, оның мақсаттары мен міндеттерін белгілеп береді. Мұның өзі құқықтық қатынастарды жүйелеп, ғылыми түрде қарауды талап етеді. Бірақ экология, аграрлық құқықтар саласында жер құқық қатынастары туралы ғылыми зерттеулер өте аз.

«Жер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы - Қазақстан Республикасының заң шығарушылық құқығының өрісіне қарай заңды көрініс. Жер туралы жаңа заңның Республикамызда жер құқық қатынастарын нарық экономикасының талаптарына сай құруда атқаратын қызметі орасан зор. Оның заңдық күші Қазақстан Республикасы Парламентінің қабылдаған заңдарымен бірдей. Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы.

«Жер құқық қатынастарының түрлері дегеніміз- жер құқық қатынастарының құрамдас бөлігі. Олар жер құқық қатынастарының қырларын көрсетіп, соған орай олардың өзгешеліктерін айқындайды.

Жер құқық қатынастарының бөлінуі немесе түрлері жөнінде ғалымдар арасында қалыптасқан пікір жоқ.

Slide 2

Жер құқық қатынастарын Г. А. Аксененок екі топқа бөледі. Біріншісі- жерге меншік құқық қатынастары, яғни жерді билеу және басқару қатынастары. Екіншісі- жерді пайдалану құқық қатынастары. Бірақ бұл екі жер құқық қатынастарының негізінде жерге мемлекеттің меншігі жатыр. Сондықтан жер пайдалану құқықтық қатынастар жерге мемлекет меншігі құқығынан туындайды, әрі оған бағынышты дейді.

А. А. Русколдың пікірінше жер қатынастары- бұл жерді мемлекет атынан бөліп беретін мемлекет органдары мен жерді әр түрлі мақсаттарға алатын жер пайдаланушылар арасындағы қатынастар.

И. В Павловтың айтуынша жер құқық қатынастары- мемлекеттің меншігі болып табылатын жерді басқару, оны бөлу және қайта бөлу, пайдалануға беру. Және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін жер пайдаланушылар мен шаруалар арасындағы қатынастар.

Жер құқық қатынастарының қағидаттары- заңдарда бекітілген негізгі бастамалар. Реттелген және реттелетін жер құқық қатынастардың қағидаттарға қайшы келетін тұжырымдары болмауы керек.

Ә. Стамқұлұлы «экология құқығының қағидаттары- мемлекет, қоғам, кәсіпорындардың, өкімет орындарының, ұйымдардың және басқа құрылымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың экологиялық құқықтық қатынастардағы түпкі бастамасы» деп анықтама берген. »(1)

Біз де осы анықтаманы қолдай отырып, жер құқық қатынастарында да қағидаттар осындай қызмет атқаратынын басшылыққа аламыз.

Жер құқық қатынастары- экологиялық құқық қатынастарының бір саласы. Жер құқығының өзі экология құқығының салалық бөлігі болғандықтан жер құқық қатынастарының қағидаттарымен ұштасып жатады. Табиғи ресурстардың ерекшеліктеріне және оларды реттеу өзгешеліктеріне байланысты салалық қағидаттар болады.

Slide 3

Жерге мемлекеттік меншік құқығы саласындағы құқықтық қатынастардың мазмұны- мемлекеттің жерді иелену, пайдалану, билік ету және басқару құқығы болып табылады. Бұл құқықтық халді аталған иелікті иелену құқығы, пайдалану құқығы, билік ету құқығы және басқару құқығы десе де болады. Бұлар аталған жерге меншік құқығының заңдық көрінісі. Бұл жөнінде Жер туралы Жарлықта Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер мемелекеттік және жеке меншікте болады, меншік иесінің өзіне тиесілі жерді иемденуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар. Жер құқық қатынастарының қағидаттары- заңдарда бекітілген негізгі бастамалар. Реттелген және реттелетін жер құқық қатынастардың қағидаттарға қайшы келетін тұжырымдары болмауы керек.

Жерге мемлекеттік меншік құқығы саласындағы құқықтық қатынастардың мазмұны- мемлекеттің жерді иелену, пайдалану, билік ету және басқару құқығы болып табылады. Бұл құқықтық халді аталған иелікті иелену құқығы, пайдалану құқығы, билік ету құқығы және басқару құқығы десе де болады. Бұлар аталған жерге меншік құқығының заңдық көрінісі.

Бұл жөнінде Жер туралы Жарлықта Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер мемелекеттік және жеке меншікте болады, меншік иесінің өзіне тиесілі жерді иемденуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар. Жер құқық қатынастарының қағидаттары- заңдарда бекітілген негізгі бастамалар. Реттелген және реттелетін жер құқық қатынастардың қағидаттарға қайшы келетін тұжырымдары болмауы керек.

Ә. Стамқұлұлы «экология құқығының қағидаттары- мемлекет, қоғам, кәсіпорындардың, өкімет орындарының, ұйымдардың және басқа құрылымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың экологиялық құқықтық қатынастардағы түпкі бастамасы» деп анықтама берген. »(1)

Біз де осы анықтаманы қолдай отырып, жер құқық қатынастарында да қағидаттар осындай қызмет атқаратынын басшылыққа аламыз.

Жер құқық қатынастары- экологиялық құқық қатынастарының бір саласы. Жер құқығының өзі экология құқығының салалық бөлігі болғандықтан жер құқық қатынастарының қағидаттарымен ұштасып жатады. Табиғи ресурстардың ерекшеліктеріне және оларды реттеу өзгешеліктеріне байланысты салалық қағидаттар болады.

Slide 4

Жерге мемлекеттік меншік құқығы саласындағы құқықтық қатынастардың мазмұны- мемлекеттің жерді иелену, пайдалану, билік ету және басқару құқығы болып табылады. Бұл құқықтық халді аталған иелікті иелену құқығы, пайдалану құқығы, билік ету құқығы және басқару құқығы десе де болады. Бұлар аталған жерге меншік құқығының заңдық көрінісі.

Бұл жөнінде Жер туралы Жарлықта Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер мемелекеттік және жеке меншікте болады, меншік иесінің өзіне тиесілі жерді иемденуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар.

Жерге мемлекет құқығын Қазақстан Республикасы мемлекеттік құрылымдар арқылы халық шаруашылығы салаларын ұйымдастыру жолдымен және ғылым, қорғаныс, табиғатты қорғау, ренталық қатынастарды белгілеу және мемелекеттік құрылымдардың шаруашылық қызметі, соның ішінде жерді өндірісв құралдары және аумақтық объектілер есебінде пайдалану арқылы жүзеге асырады. Мемлекеттің жер пайдалану құқығы бүкіл халықтың, қоғамның мүддесіне, болашақ ұрпақтың мүддесі үшін пайдаланылады. Бұл- жерді мемлекеттік пайдаланудың бір көрінісі. Жерді мемлекеттік пайдаланудың бір көрінісі. Жерді мемлекеттік пайдаланудың екінші көрінісі- нарық экономикасына байланысты мемлекеттік құрылымдардың ауыл шаруашылық ғылыми- зерттеу, тәжірибе жүргізу және оқыту мақсаттары және басқа жағдайларда жер пайдалануы.

Slide 5

Жер пайдаланушы субъектілер мемлекеттік, мемлекеттік емес, ұлттық, шетелдік, азаматтығы жоқ адамдар, жеке және заңды тұлғалар. Олар: тұрақты, уақытша, бастапқы және кейінгі жер пайдаланушыларға бөлінеді. Соған орай, олардың жер пайдалану құқығының мазмұнында өзгешеліктер бар. Жер туралы Жарлықта «жер пайдалану құқығы жерге заттық құқыққа жатқызылған. »(4) Ол ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде де бар. Жер пайдалану құқығы- тұлғаның мемлекет меншігіндегі жер учаскесін мерзімсіз немесе белгілі мерзім ішінде иелену және пайдалану құқығы. Жер туралы Жарлықта белгіленген шарттар мен шекте жер пайдаланушы өзіне тиесілі жер пайдалану құқығына иелік етуге де құқығы бар, яғни жер пайдаланушы жер құқығын пайдаланады және иелік етеді. Бұл анықтамада жер пайдаланушының құқығында кездесетін билік ету өкілдігі аталмаған. Жер пайдаланушылар Жер туралы заңдарда көрсетілген жағдайларда пайдалануындағы жерге билік ету құқығын да жүзеге асырады. Оған мынадай мысалдарды келтіруге болады. Жер туралы Жарлықтың 40 бабының 3 тармағында тұрақты мемлекеттік емес жер пайдаланушылардың өздеріне тиесілі жер пайдалану құқығына билік етуге құқығы бар деп көрсеткен. Осыған қарағанда 1- баптың 12- тармағы, 40- баптың 3- тармағына сәйкес келмейтінін байқаймыз. Егер 1- баптың 12- тармағындағы «иелік» сөзін, «билік» сөзімен алмастырылса, оның орысша атауына тура келеді. Онда аталған атау жөнінде пікір- талас болмас еді. Жерді пайдалануды және қорғауды бақылауға алу жүйесі жер мониторингісін және жер кадастрын қамтиды.

Slide 6

Менің пікірімше, жер туралы заңдарда ең алдымен мынадай көтермелеу шаралары орын алу керек.

1. Құнарлылығы төмен жерлерді жеке меншігіне немесе пайдалануына алған адамдарды, оларды үш жыл ішінде құнарлылығын арттырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіргендерді жер салығын төлеуден босату.

2. Ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлердің құнарлығын агротехникалық, экологиялық шараларды қолдану арқасында арттырып ауыл шаруашылық өнімдерін дылда арттырып отырғандарға жер салығының үштен бір бөлігіне жеңілдік беру.


Ұқсас жұмыстар
ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
Жер қатынастары негізінде туындайтын құқық бұзушылықты реттеу
Жерге мемлекеттік меншік
Жерге меншік құқығы
Меншік құқығының қорғалуы
Азаматтық құқық қатынастары
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРІ
ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ НЕГІЗДЕРІ
Жердің құқықтық
Міндеттемелік құқық. Міндеттемені орындау негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz