Иммунопатологиялық үрдістер


Slide 1

СӨЖ

Тақырыбы:Иммунопатологиялық үрдістер

Алматы-2010.

Орындаған: Ахметова Ж.

Курс: 2

Тобы: 07-(02)

Фак: қ. д. с.

Қабылдаған: Анаятова Б. Ж.

С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті

Кафедра: Патологиялық анатомия

Slide 2

жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Иммундық жүйеге байланысты патологиялар

Иммундық тапшылықтар

Аутоиммундық аурулар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

<#>

Slide 3

Кіріспе

Қазіргі таңда адам және жануарлар организмінде иммундық бақылауды жүзеге асыратын, жеке- дара иммунокомпетентті жүйе барлығы анықталған. Ағылшын патологі Миллердің (1961) жүргізген тәжірибелерінде айырша бездің осы иммундық реакцияларды басқаратын орта екендігін анықтаған.

Адам және сүтқоректілердің иммунитетінің орталық ағзаларына тимустан басқа сүйек кемігі, ал құстарда - фабрициус қалтасы жатады.

Көкбауыр, шеткі лимфа бездері, асқазан- ішек жолындағы, өкпедегі шоғырланған лимфоидтық тін және қандағы лимфоцит жасушалары иммундық жүйенің шеткі бөлімдері болып есептеледі. Тимусқа тәуелді лимфоциттерді Т- лимфоциттер, ал фабрицус қалтасына тәуелдісі В- лимфоциттер деп аталады. Сондай-ақ олардан басқа таңбасы жоқ лимфоциттерде болады.

<#>

Slide 4

Негізгі бөлім Иммундық жүйеге байланысты патологиялар

Иммундық патология деп әртүрлі антигендерге қарсы бағытталған иммундық реакциялар тек қана қорғаныс қызметін атқармай, сол аймақтағы тіндерді де зақымдауын айтамыз.

Тіндердің иммундық зақымдануы гуморалдық немесе жасушалық иммунитет негізнде жүреді. Олар жоғары сезімталдық реакциялары деп аталып 4 түрге бөлінеді.

Иммундық кешенді аурудың жергілікті түрінің классикалық үлгісі ретінде Артюс феноменін мысалға келтіруге болады. Бұл реакция алдын ала сенсибилизацияланған жануарлардың терісіне антигеннің шешуші дозасын дарытқанда туындап қанда иммундық кешендердің пайда болуымен сипатталады.

<#>

Slide 5

Анафилаксиялық түрі алдын ала сенсибилизацияланған организмге антигеннің шешуші мөлшері түскенде өте жедел түрде дамиды. Оның себебі IgJ - нің лаброциттер мен базофилдер сыртындағы Ғс- бөлшектермен байланысуы. Байланыстыру қызметін комплемент компоненттері- С5а және С3а атқарады. Нәтижеде лаброциттер түйіршіксізденіп, көптеген біріншілік медиаторлар ( гистамин, аденозин, эозинофильдер мен нейтрофильдердің хемотаксистік факторлары, протеозалық ферменттер, қышқыл гидролазалар) және екіншілік медиаторлар ( арахидон қышқылының метаболиттері - лейкотриендер мен простагландиндер, тромбациттерді белсендіруші факторлар, кейбір цитокондер) бөліп шығады.

Осы медиаторлар әсерінде жергілікті және жүйелі анафилаксиялық реакция дамиды.

<#>

Slide 6

Цитотоксиндік түрі иммундық жүйеде организмнің өз антигендеріне қарсы антиденелер түзілуімен сипатталды. Ол 3 түрде өтуі мүмкін.

Антиденелерге байланысты жасуша дисфункциясы. Бұл реакция нәтижесінде жасуша зақымданбайды, бірақ қызметі өзгереді. Мысалы, антиденелерге байланысты қалқанша без жасушаларының қызметінің күшеюі Базедов ауруына соқтырады.

Комплементке тәуелді реакцияларда антиегн мен антидененің әсерлесуі жасушаның сыртында өтіп, сол жерге комплемент жабысады. Комплементтің белсенділігі артқанда мембран шабуылдаушы мешен іске қосылып, мембрана бүтіндігі бұзылады.

Антиденелрмен байланысты реакцияларда өзгерген жасушалардың жойылуы IgJ- дің Ғс- рецепторлары бар жасушалр арқылы жүреді.

<#>

Slide 7

Иммунокешендік түрі. 3-ші типтегі жоғарғысезімталдық иммундық кешеннің тіндерге зақымдаушы әсер етуіне, оның комплементті белсендіру мумкіншілігіне байланысты. Иммундық кешен қанда немесе антидене қан тамырынан шыққанда, жергілікті пайда болады. Кейін иммундық кешендер қан тамырларының қабырғасына немесе тіндерге, әртүрлі сүзгілерге (бүйрек сүзгісіне) шөгіп қалады. Осыған байланысты иммуно- кешендік аурудың жергілікті және жүйелі түрлерін ажыратады. (1-сурет)

<#>

Slide 8

1-сурет.

Иммунокешендік (ИК) гломирулонефрит. Эн z - Эндотели. МЗК - мезангиалдық жасуша (В. В. Серов бойынша)

<#>

Slide 9

Жүйелі иммуно-кешенді аурудың дамуы

Қанда антиген- антиденеден тұратын иммундық кешеннің түзілуі;

Иммундық кешеннің әртүрлі ағзаларға шөгіп қалуы;

Иммундық кешеннің комплементпен бірігуі;

Иммундық кешеннің лейкоциттерді өзіне тартып алуы (хемотаксис) ;

Лейкоциттердің иммундық кешенді жұтуы (фагоцитоз)

Лейкоциттерден лизосомалық ферменттер және биологиялық белсенді заттардың бөлініп шығып, қабынудың басталуы.

<#>

Slide 10

Иммундық жасушалармен байланысты түрі

Жоғарғы сезімталдықтың баяу түрі, ол СD4+Т- лимфоциттермен байланысты;

Тікелей цитотоксиндік әсер етуші CD8+ Т- лимфоциттер реакциясы.

Мысалы: манту реакциясы, ол туберкулинді тері ішіне жібергенде дамиды. осы антигенге сенстбилизацияланған адамдарда 8-12 сағаттан соң тері қызарып, ісініп, 48 сағатта оныңкөлденеңі 2 см-ге жетеді, ортасында кейде некроз ошағы пайда болады.

Сенсибилизацияланған Т-лимфоциттер анцигендік қасиеттері өзгерген жасушаларға тікелей шабуыл жасап оларды жойып жібере алады, соңдықтан оларды жендетте (киллерлер) деп атайды. Бұл реакция трансплантантты көшіруде, ісікке, вирустық инфекцияларға қарсы күресуде өте маңызды. Мысалы, вирустар әсерінде жасушалар сыртында жайғасқан НLA-антиггендер өзгереді.

<#>

Slide 11

Иммундық тапшылықтар

Иммундық тапшылық -иммундық реакцияларға қатысушы Т-және В-лимфоциттеріңнің, моноциттердің, фагоциттер жүйесінің жеке-жеке немесе біргелікті жетіспеушілігінің нәтижесі. Олар іштен туылған, гендік себептер нәтижесінде туындайды.

Біріншілік иммундық тапшылық. Бұл иммундық тапшылық синдромында жасушалық иммунитет те, гуморалдық иммунитет те бірдей бүлініп, организмде ауыр патологиялық өзгерістер дамиды.

<#>

Slide 12

Иммундық тапшылықтың швейцариялық түрі. Иммундық тапшылықтың бұл түрін бірінші рет Глацман және Риниккер (1950) ашқан. Бұл синдромда тимус семіп, онда лимфоциттердің мөлшері азайып кетеді, тимус деншіктері тіпті көрінбейді. Қан құрамында гаммаглобулин болмайды. Шеттік лимфа түйіндерінде тек ретикулалық сторма ғана қалады, лимфоидтық жасушалар өте аз, ал фоликулалар мүлде жетілмеген. Бұл синдромның негізінде организмде лимфоидты жасушалар пайда болатын бағаналық жасушалардың жеткілікті өсіп- өнбеуі жатады.

<#>

Slide 13

м

Незелов синдромы

Луи- Бар синдромы

Вискот-олдрич синдромы

Ди-Джорди синдромы

Иммундық тапшылықтың және

гуморалдық иммунитеттің

тапшылығына,

сондай - ақ бұзылуына

байланысты синдромдар.

Брутон синдромы

Иммуноглобулиндер мөлшерінің бұзылу синдромы

<#>

Slide 14

Аутоиммундық аурулар

Аутоиммундық аурулар организмнің өз тіндеріне қрсы бағытталған және оларды зақымдаушы антиденелердің немесе сенсибилизацияланған лимфоциттердің пайда болуымен сипатталды. Аутоиммундық аурулардың көпшілігінің пайда болуы иммунологиялық төзімділікке (толеранттыққа) байланысты. Организмнің иммундық жүйесі ұрықтың жатырда даму кезінде көптеген ағзалар антигендерімен кездесіп, олармен әсерлесетін лимфоциттерді тимуста жояды.

<#>

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Анасы мен ұрығында антиденелердің жиналуына байланысты нәресте иммунитетіне иммуноглобулиндер кластарының ролі
Аутоиммунды аурулар
Қан анализінде
Иммундық процестердің бұзылуы. Аллергия
Шашыранды склероз
Терапевт консультациясы
Гуморальдық иммунитеттің жетіспеушілігі
Қазақстандағы экологиялық проблемалар мен әлеуметтік-демографиялық үрдістер (1946-1991)
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар
Бейбіт және соғыс уақыттағы төтенше жағдайлар. Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz