Қазақ Ұлттық Университетінің құрылу тарихы
Презентация қосу
Қазақ Ұлттық
Университеті
Қазақ Ұлттық Университетінің құрылу
тарихы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті –
Қазақстандағы ең ірі жоғарғы оқу орындарының бірі. Оның
іргетасы 1934 жылы 15 қаңтарда қаланды. Оның ең бірінші
ректоры алманов Баймен Алманұлы 15 күн ректорлық
қызметін атқарды. Одан кейін Федор Трофимович Оликов
тағайындалды. Физика-математика, биолгия
факультеттерінде сабақ басталды.
Алғашқы оқытушылар қатарында Г.Аяпбергенов,
М.Әмірбаев, Т.Чумбалов, О.Сарыбатыров, С.Толыбеков,
С.Аманжолов, Т.Шонанов, кейін қазақ химия ғылымының
көшбастаушыларының бірі Ә.Бектұров, профессор
Литвинов болған.
Іс тетігін білетін, жұмысқа ұйытқы болып ұйымдастыра
алатын мықты кадрлар әзірлеу мақсатында бірте –бірте
факультеттер ашыла бастайды. Гуманитарлық сала бойынша
қажеттіліктер ескеріліп, төрт жылдық шет тілдер, филология
факультеттері ашыла бастайды, үш кафедра жұмысқа
кіріседі.
Университеттің қиын-қыстау уақытындаой жіберсең,
біраз тарихи оқиғаларға куә боласын. Қазақ КСРінің
20 жылдығына арналған бірінші Бүкілқазақстандық
ғылыми конференциябілім ордасында өткізілген
тұңғыш ғылыми форум болуымен қатар, ең алғашқы
үлкен ғалымдар жиналған маңызды жиын еді.
1944 жылдың ортасына қарай университеттің
кітап қоры 165633 болыпты. Білім алуға ұмтылған
талапкерлерге оқу залы 12-14 сағаттан жұмыс істепті.
1946-1947 оқу жылы оқытушы профессорлар
құрамы 147 адамға жеткен. Ғылым мен әдебиет
алыптары Мұхтар Әуезов , Қаныш Сәтбаев, Әлкей
Марғұлан, т.б. дәріс оқыған. Бұл білім ордасының
қуатын едәуір арттырып, мәртебесін бекіткен.
1947 жылы тамызда геология-география факультеті, бір жылдан соң, тарих бөлімі
дербес факультет болып қайта құрылды.
1949 жылы философия және экономика факультеттері ашылады.
Беделін биіктете түскені анық. Сонымен қатар, университетке басқа ел дерден
студенттер келе бастайды. Жоғары білім алға талпынған жастарға жағдай жасау
мақсатында 1959-1965 жылдары 120 мың шаршы метрлік ғимараттар кешенін, 1200
орындық студенттер жатақханаларын және оқытушыларға арналған екі тұрғын үй
салу қарастырылды. Алғашында санаулы ғана жастармен жұмыс істей бастаған
білім ордасында саны уақыт өте келе 8950 адамға жетті. Оларға тианақты білім беру
үшін 5 ғылыми-зерттеу зертханасын, есептеу орталығын және университет
баспаханасын ашу көзделді.Сөйтіп , 1960 жылдардың бас кезінде ҚазМУ өз даму
жолында жаңа кезеңге аяқ басады.
1970 жылдың желтоқсанында Қазақ КСР Министрлер кеңесі ҚазМУ кешені
құрылысының бірінші кезегін бастау жөніндегі шешімге қол қойылады.
Ректорат, биология, география төрт гуманитарлық факультет корпустарын;
1850 орындық акт залын, 200 орындық сауықтыру кешені мен күніне 250 адам
қабылдайтын емтихан орныдарын, 800 орындық асхананы, 2,5 млн кітап сақтай
алатын қоймалары бар кітапхананы, 4400 орындық студенттік жатақханалармен
спорт кешендерін салуға кетеді деп есептеген жобаның құны -46 млн соманы
құрапты.
1971 жылы сәуірде Ұлттық университеттің бас ғимаратының іргетасы8 қалау
салтанаты мен қалашық құрылысының жобасы жүзеге асырыла бастады. 80-
жылдардың басына қарай бірнеше студенттер жатақханасы, гуманинартарлық,
биология мен география факультеттерінің оқу корпустары, тамақтану комбинаты,
сауда орталығы , өндірістік-шаруашылық инфрақұрылымдарының бірқатар
нысанлдары пайдалануға берілді.
Егеменді Қазақстанның саяси және экономикалық өмірінің
ақиқаты университеттің мамандар даярлау жөніндегі бүкіл
жүйесіне әсерін тигізбей қойған жоқ.
ҚазМУ 1991 жылдан бастап Шығыстың ұлы ойшылы , әмбебап
білімді ғалым, қазақ топырағында туып-өскен Әл-Фараби есімімен
аталады.
Республика Президенттінің 1993 жылғы 9 қаңтардағы
қаулысымен университетке өзін-өзі дербес басқаратын
мемлекеттік ұлттық жоғарғы оқу мәртебесі берілді.
Университет бүгін оқу, ғылыми, қаржы қызметінің негізгі
мәселелерін дербес өзі шешеді.
Мамандар даярлаудың жаңа бағыттарын, олардың халық
шаруашылығына қажеттілігін сәйкестілігін, студенттердіғ
магистрантарды, доктаранттарды қабылдау тәртібі мен жоспарын
айқындайды.
Университеттік білімнің мазмұны мен құрылымын белгілейді
Шетелдік ұйымдармен тікелей шарттар мен келісім-шарттар
жасайды.
Әл –Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – мамандар
даярлау мен оларды қайта дайындықтан өткізу, ғылым мен
техниканың түрлі салаларын қамтитын аса маңызды ғылыми
бағыттар бойынша зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен
орындау жөніндегі осы заманғы ғылыми және оқу орталығы.
Университетте 14 факультет бар: заң, биология, химия,
физика, математика, тарих, филология, журналистика,
философия және политология, экономика және бизнес,дайындық
факультеттері.
Университет ұтқыр ісімен, заманға сай бастамасымен қашаннан
бергі көшбасшылығын дәлелдеп, кадр даярлаудың жаңа жүйесіне
жол салды. 2003 жылдың 16 қыркүйегінде Болонья қаласында
Қазақ ұлттық университеті университеттердің Ұлы Хартиясына қол
қойды. Сол сияқты 2006 жылы тәуелсіз мемлекет тарихында
тұңғыш рет Президенттің сапа саласындағы жетістіктері үшін
сыйлығының лауреаты атанды. Бұл біздің университет үшін аса
маңызды болды. Себебі бұл мәртебелі сыйлық еліміздің жоғарғы
білім беру жүйесін дамыту мен мамандарды даярлауға қосқан
үлесі үшін берілген болатын.
Университетте сонымен қатар жоғарғы квалификациялы институт
пен колледж жұмыс істейді. ҚазҰУ қабылдау мемлекеттік білім
грантары және келісім шарт негізінде жүзеге асырылады.
Университетте өзінің әскери кафедрасы бар, студенттерге сонымен
бірге әскери мамандықты алып шығуына мүмкіндің беріледі.
Университеттің тағы бір басқа университеттерден
айырмашылығы ол- «ҚазҰУ қалашығы» болып табылады. Бұның
құрамына : оқу ғимараттары, лабораториялар, жатақханалар мен
Республика бойынша бізде ғана бар студенттер сарайы, спорт
комплекс және стадион, тамақтану комбинаты, кинотеатр, дәріхана,
шаштараз және интернет кафе, спорт зал және қонақүй кіреді.
Сонымен қатар униве рситет құрылымына 7 ғылыми-зерттеу
институттары кіреді. Ыстықкөл жағалауында біздің университеттің
өзінің пансионаты мен демалыс орталығы бар. Жыл сайын сол
жаққа жолдамамен студенттер демалуға барады.
Жалпы біздің университет күн санап дамып, ең мықты
университеттің біріне айналып келеді. Болашақта ҚазҰУ мыз
бұданда биік белестерге жетеді деген ойдамыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz