КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ Kazsatnet


Slide 1 Slide 2

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«Kazsatnet» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысумен «Kazsatnet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 тамыздағы № 746 қаулысына сәйкес құрылды.

Slide 3

Компания қызметінің негізгі бағыттары:

Slide 4

БАСШЫЛЫҚ

Қанат Жанатұлы Әбілдин

Басқарма төрағасының міндетін Атқарушы

Пайдалану департаментінің директоры міндетін атқарушы

Ескендір Ерманұлы

Тәжібеков

Қанат Жанатұлы Әбілдин

Басқарма төрағасының міндетін атқарушы

Slide 5

Корпоративтік басқару

Ұлттық ақпаратты-коммуникациялық "Зерде" холдингі мен оның еншілес ұйымдарының корпоративтік этика Кодексі;

Iшкi аудит бойынша "Kazsatnet-тің директорлар Кеңесiнiң комитеті туралы ережесi;

Кадрларға және сыйлық берулер бойынша "Kazsatnet "АҚ-ның директорлар Кеңесiнiң комитеті туралы ережесi;

Kazsatnet "АҚ-ның тәуелсіз директор Кодексі;

Kazsatnet "АҚ-да «міндеттемелерді бөлу туралы жарлық.

Slide 6

МО БКЖ ЖОБАСЫ

МО БКЖ арқылы телеметрикалық деректерді жинау және жеке басқаруды қамтамасыз ету үшін бағдарламалық қосымшалар мен аппараттық құрылғыларды әзірлеу Осы әзірлеме бірінші кезекте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (электрэнергиясымен, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электр станцияларын басқару және т. б. есепке алу және бақылаудың автоматтандырылған жүйесі) кәсіпорындары үшін жекеленген деректер жинағын қамтамасыз етуге бағытталған. Осы құрылғыларды, сондай-ақ объектілердің күзет-өрт сөндіру дабылдарында, темір жол көлік құралдарында қолдануға болады.

Медициналық жабдықтардың деректерін беруді қамтамасыз ету үшін қосымшаларды және ақпараттық құрылғыларды әзірлеу. Қазіргі кезде осындай жабдықтарды құру қажеттілігі қолданыстағы медициналық жабдықтардың стандарттық интерфейсінің (DICOM интерфейсі бар жаңаша жабдықтарды қоспағанда) болмауына байланысты, осыған сәйкес телемедицина бойынша бағдарламаларды толығымен іске асыру үшін деректерді беру желісіне оны қосу мүмкін емес. Сондай-ақ осындай жабдықтардан деректерді жинау және оған шолу жасауға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету болмай отыр. Компания 2007 жылдың аяғында медициналық жабдықтардың паркін зерттеу бойынша тиісті зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін және деректерді берудің әртүрлі арналары бойынша Holter түріндегі құрылғылар арқылы, сондай-ақ ТЕТРА радиоарнасын пайдаланумен деректерді қашықтықта беру құрылғыларын әзірлеуді жоспарлап отыр. Ірі медициналық мекемелер үшін осы жабдықтарды жергілікті Ethernet желісіне қосу жоспарланып отыр, бұл жерде деректерді жинақтау мен сақтаудың қолданыстағы бағдарламалық қамтамасыз етілуі немесе дәрігердің жұмыс орнын әмбебап бағдарламалық өнімдерімен автоматтандыру арқылы шоғырландырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді (драйверлерді) әзірлеу талап етіледі.

Slide 7

АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ

Ақпараттық қауіпсіздігін ұйымдастыру бағыты шеңберіндегі Компания желілік пакеттік криптографияның ортасын жаппай пайдалануға көшуге жәрдемдесу (пакеттер коммутациясы негізі желілеріндегі крипотографиялар), пакеттік криптоарналарды құру бойынша жабдықтарға ұлттық криптоалгоритмдерді енгізу бойынша іс-шаралар жүргізеді. 2008 жылы Қазақстан Республикасы стандарттарының талаптарына сәйкес желінің трафигін қорғау және шифрлау бойынша дербес компьютер базасында және Embedded PC дербес құрылғыларын құру жалғасады. Ақпаратты қорғау саласында мәселелерді шешу үшін телекоммуникацияның әртүрлі желілері үшін оңтайлы шешімдерді іздестіру және нақты техникалық сипаттамалары мен телекоммуникация жабдықтарының мүмкіндіктерін анықтау үшін жеке зертханасы бар ақпаратты қорғау жөніндегі құзыретті орталық құруды жоспарлап отыр. Зертхананы ашу ғылыми-зерттеу жұмыстарды тек Компания қызметкерлері ғана емес, басқа да мүдделі ұйымдар мен мекемелердің іске асыруына, сондай-ақ ақпаратты қорғау саласында мамандардың біліктілігін арттыру үшін білім беретін бағдарламаларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Slide 8

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІ

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және ғылымды қажетсінетін технологияларды құру шеңберінде өткізілетін Компания іс-шараларының негізгі бөлімі МО БКЖ одан әрі дамытуға, пайдалану, оның қауіпсіздігіне және сенімділігіне тікелей немесе жанама байланысты әзірлемелерге бағытталады. Бұл жеке желіге (мониторинг, қауіпсіздік, өнімділік), сондай-ақ осы желінің базасында жұмыс істейтін қосымшаларға қатысты.

Slide 9

Жүргізілетін жұмыстар

Желі мониторингі

Жабдықтар мен хаттамаларды тестілеу

МО БКЖ жай-күйін, жанама және паразиттік трафиктің, вирустық белсенділігінің, хакерлік шабуылдардың болуы мүмкін әртүрлі учаскелердегі күштеменің жай-күйін жедел бақылау үшін Бағдарламалық қосымшаны (немесе қолда бар қосымшаларды бейімдеу) әзірлеу. МО БКЖ (спутниктік сегментті) құрудың негізгі кезеңі және пилоттық тестілеу аяқталғаннан кейін мониторингі және желіні басқару бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді белгілеу жоспарланып отыр. Осымен қатар, мониторинг жүйесіне спутниктік жабдықтарды бейімдеу үшін драйверлерді құру қажет етіледі. Материалдық-еңбек ресурстарын сәйкестендіру және үнемдеу мақсатында негізгі тірек осы мақсатқа арналған құралдар мен хаттамалардан (SNMP) тұрады. Стандарттық параметрлерден басқа (байланыстың жай-күйі, порттарды пайдалану және т. б. ) жабдықтары туралы (температура, антеннаның жай-күйі, корпусты ашу және басқалары) қосымша мәліметтерді де алуға болады.


Ұқсас жұмыстар
GSM Қазақстан компаниясы тарихы
AIR ASTANA
Қалдықты дивиденд саясаты
Toyota Motor Corporation Toyota Jidosha Kabushiki-gaisha
Рахат кондитер фабрикасы
Apple компаниясының SWOT анализы
COCA COLA КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ
«Sony» компаниясын құрушылардың бірі Акио Марита туралы
Холдинг
Азық - түлік компанияларының өнеркәсібіне терроризмнің болмашы қаупі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz