Карл Маркс туралы
Презентация қосу
Карл Маркс
Идеалды коғам үлгісі
Базис пен қондырма концепциясы тарихқа
экономикалық интерпретация жасау үшін қажет.
Мұндағы өндіргіш күштер мен өндірістік
қатынастар диалектикасы, К. Маркстің ойынша,
капитализмнің социализмге өту процесін
көрсетеді. Өйткені, К. Маркс жазғандай,
"буржуазиялык қоғамдық формация адамзат
қоғамынын, тарихын аяқтайды" [28]. К. Маркс
бойынша, диалектикадан алшақтау [29] және
капиталистік экономика заңдарын негізсіз
әмбебап деп есептеу осы заңдарды ашқан
классикалық политэкономия өкілдеріне бұл
заңдардың ерекше және өтпелі сипатты бар
екенін түсінуге мүмкіндік бермеді.
К. Маркстің түсінігі бойынша, "XVI-шы
ғасырдан бастау алатын" капитализм -
өндіріс құрал-жабдықтарына жеке
меншіктің болуына және рыноктың
анархиясына байланысты коғамның
гуманизациялануы мен
демократиялануын жоққа шығарды. Бұл
жүйеде пайда үшін еңбек етеді, бір
таптың екіншісін қанауы мүмкін, адам
(кәсіпкер, жұмысшы) өзіне-өзі жат
болады, өйткені еңбекте өзін көрсете
алмайды, белгісіз рынок пен қатаң бәсеке
жағдайында ол құлдырап, тіршілік
құралына айналады. Еңбектен тыс уақыт,
яғни бос уақыт, ол - К. Маркс
айтқанындай, ''байлықтың өлшемі",
капитализм тұсында емес коммунизмде
болады [30].
К. Маркстің капитализмнің сөзсіз қүйреуі
туралы дәлелдеріндегі басты себеп -
қоғамдағы таптар арасында табысты
бөлудегі рыноктык принципті бұзу емес,
бұл жүйенің толық жұмыспен қамтуды
қамтамасыз етпеуі, колониалдық
қанауғажәне соғьтсқа жол беруі.
Сондықтан, қоғамның идеялы, мұраты
деп ол - социализмді, коммунизмді,
оларды антогонистік емес қоғамның
фазалары деп атады. Мұнда өндіріс
құрал-жабдықтары жеке-дара адамның
иемдену объектісі болмайды және
адамның әрбіреуі еркіндік алады
К. Маркс бойынша, капиталисте қоғам оның
ұлғайып бара жатқан қайшылығымен бұдан шет
қала алмайды: буржуазия үстем тап ретінде
өндіргіш күштерін ұлғайтады, ал көпшілікті
құрайтын пролетариат қайыршылықта қалады.
Бұдан, оның ойынша, революциялық дағдарыс
сөзсіз туады, өйткені, өндіргіш күштер дамуынан
болатын қайыршылық (пауперизация) ең
соңында сондай көлемде ұлғаяды, басқа
таптардың есесінен көбейген пролетариат
(пролетаризация) халықтың саны кап тобына
айналып, үкіметті көпшіліктің есесіне алу үшін
төңкеріс жасайды. Пролетариат революциясы
мен пролетариат диктатурасының нәтижесінде
капитализм де, таптар да болмайды. К. Маркстің
сөзімен айтканда: "бұрынғы таптар мен топтар
қайшылығы болған буржуазиялық қоғамның
орнына ассоциация келеді, мұнда әрбіреуінің
дамуы баскаларының дамуының шарты болады"
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz