КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ СТАТУСЫ



КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ СТАТУСЫ
ҚАЗАҚСТАН
РЕСЕЙ
ТҮРКІМЕНСТАН
ИРАН
ӘЗІРБАЙЖАН
Әзербайжан

Қарастырылатын мәселелер:
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі;
2. Каспий төңірегіндегі жетекші
мемлекеттердің стратегиялық мүдделері;
3. Қазақстан және Каспий проблематикасы;

Ең бір күрделі проблемалардың бірі- ауқымы 440 мың шаршы километрге жуық әлемдегі ең ірі құрлықішілік су айдыны Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін белгілеу болды. Егер 1991 жылға дейін Каспий екі елге тиесілі болса, енді оның суы бес мемлекеттің - Қазақстанның, Ресейдің, Иранның, Әзербайжанның және Түрікменстанның жағалауларын шайып жатыр. Осындай жолмен жаңа тарихи және саяси болмыста Каспий теңізін ұлттық секторларға өркениетті жолмен бөлудің жаңа халықаралық құқықтық негізін жасаудың шынайы қажеттілігі туындады.


Каспийдің құқықтық мәртебесін айқындау 1994 жылға дейін таза
теориялық мәселе болып қала берді. Каспий түбін бөлу идеясы
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі түпкілікті
ымыраға қол жеткізудің аса маңызды алғышарты болып табылады.
Алайда, әлі күнге дейін төмендегідей аспектілер бойынша келіспеушіліктер
бар:
Нені бөлу керек теңіз түбін ғана ма немесе түбімен бірге судың қалыңдығын және су айдынын бөлу керек пе?
Теңізде мемлекеттік шекаралар қажет пе?
Қандай жолмен бөлу керек?

Каспийдің бұрынғы құқықтық режимі ресейлік-персиялық және кеңестік -ирандық шарттармен белгіленді. Бұл құжаттар бес Каспий жағалауы мемлекеттерінің арасындағы қатынастарды реттеу үшін қандай да негіз қызметін атқара алмайды. Оның бірнеше себептері бар:
1) Аталған құжаттардың тараптары РСФСР және КСРО мемлекеттері болатын, олар қазір халықаралық құқықтың субьектілері ретінде өмір сүрмейді. Сондықтан Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін Каспий жағалауы мемлекеттерінің арасындағы жаңа шартта белгілеу және бекіту қажет.
2) Аталған шарттарда Каспий теңізі бойынша бұрынғы одақтас республикалар арасындағы шекараға қандай да бір сілтеме болған жоқ, өйткені кеңес заңдары бойынша шекаралық режимнің мәселелері тек қана федеральдық деңгейдегі құқыққа жататын. Каспий теңізінде одақтас республикалар арсында шекара болған жоқ, өйткені бұрынғы КСРО-ға тиесілі теңіздің бір бөлігі федеральдық болды, ал республикалардың Каспий теңізін межелеу мәселелерін қарауға құқығы болған жоқ.
3) Аталған шарттар сауда мақсатында теңізде жүзу мен балық аулау мәселелерін ғана реттейді, бірақ Каспийдің құқықтық мәртебесін толық көлемде, оның ішінде теңіздің түбі мен қойнауының ресурстарын пайдалану шарттарын белгілемейді.

Қазақстан позициясы 1982 жылғы теңіз құқығы жөнінде БҰҰ Конвенциясының
кейбір ережелерін mutatus mutandis (қажетті өзгерістермен аумақтық теңіз, ерекше
экономикалық аймақ және құрылықтық қайраң режимдерінің кейбір аспектілерін
Каспийге қолдануды жақтайды. Бұл ретте Каспийдің түбін орта сызық бойынша
межелеуді, енді 12 мильге дейін аумақтық теңізді және келісуге жататын балық аулауаймағын белгілеуді ұсынады.
Ресей позициясы жетілдірген орта сызық бойынша Каспий түбін
ұлттық секторларға бөлуді ұсынады. Осы секторлардың шеңберінде
тараптар ресурстарды игеру құқығын алады, ал су беті мен оның
қалыңдығы ортақ пайдалануда қала береді. Мәскеу теңізде қандай да
бір мемлекеттік шекараны орнатуға қарсы, Каспийді делимитаризация-
лауға теріс қарайды. РФ-ның мұнай-газ кампаниялары трансшекаралық
кен орындарына қатысуды одан әрі ұлғайту жөнінде күш-жігер жұмсауда.
Иран позициясы бірлесіп басқарудың құқықтық режиміне артықшылық бере отырып, теңізді толық бөлуді қолдауы мүмкін. Бұл орайда Каспийді 5 тең бөлікке,
әрбір жағалау мемлекетіне 20% үлеспен бөлуді ұсынады.

Түрікменстан позициясы барлық теңіздің түбін, су қалыңдығын және су бетін бөлуді жақтайды. Баку мен Ашгабат ұлттық секторларды межелеудің сызығын анықтау жөніндегі келіссөздерге кірісті. Алайда тараптар межелеудің әдісиемесіне келісе алмайды. Таяу болашақта осы мәселе бойынша келісімге қол жеткізу қиын. Баку өз кезегінде проблеманы шешу одан әрі созылып кететін жағдайда делдал ретінде БҰҰ-ны шакыруды жоққа шығармайды.
Әзербайжан позициясы 1982 жылы теңіз құқығы бойынша БҰҰ-ның конвенциясында бекітілген, жалпыға бірдей танылған халықаралық әдістемеге сәйкес орта сызық бойынша теңізді ұлттық секторларға толық бөлуді дәйекті түрде жақтайды. Каспий теңізінің әзербайжандық секторы осы елдің конституциясында мемлекеттік аумақ деп жарияланған, 2001 жылы қаңтарда Баку Каспийдің бәрін де қамтитын құқықтық мәртебесін белгілеуге кезең-кезеңімен жылжуға келісті, бұл ретте бірінші кезеңде теңіздің түбі мен оның қойнауының құқықтық режимін реттеу ұсынылыды.

Теңіздің түбін 20% бойынша «тең» бөлу деп аталатын Иран ұсынып отырған нұсқаға егжей-тегжелі тоқталу керек. Егер әлемдік практикада жалпыға бірдей қабылданған орта сызық әдісі бойынша су кеңістігін бөлу принципін басшылыққа алатын болса, Каспий теңізінің бүкіл аумағының шамамен 29%-ы Қазақстанға, 21%-ы Әзербайжанға, 19%-ы Ресейге, 17%-ы Түрікменстанға, 14 %-ы Иранға тиесілі болу керек. Бұл жиырма пайыздық бөлу идеясы Каспийде қалыптасқан тарихи және саяси болмысты бұзуды білдіреді, демек аймақтағы жалпы жағдайды тұрақсыздандыруға әкелуі мүмкін.



1992 жылы Каспий теңізінің жаңа құқықтық мәртебесін жасау мақсатында Каспий мемлекеттері арасында келіссөздер процесі басталды. Оның 3 түрлі көзқарасы байқалды.
Ресей табиғи ресурстардың барлық түрлеріне қолданылатын бірлесіп билік жүргізудің негізінде Каспий теңізі ортақ пайдалануда болуы тиіс деп санады. Тар жағалау аймағынан тыс минералдық ресурстарға қатысты айтсақ, олар ресейлік нұсқа бойынша ортақ пайдалануда болуы тиіс;
Әзербайжан нөлдік нұсқа деп аталатынды талап етіп, су айдынын оның түбін және қойнауын ұлттық секторларға бөлуді ұсынды. Бұл нұсқа қатаң сипатымен ерекшеленеді.
Қазақстан бір-біріне қайшы Ресей мен Әзербайжанның ортасында теңдестірілген, ымыралық позиция ұстанды. Теңіздің түбі мен ресурстарын барлық каспий мемлекеттері арасында экономикалық аймақтарға бөлу ұсынылды.
Түрікменстан мен Иранның позициясы ол кезеңде анық тұжырымдалмады және барлық үш позицияның жекелеген ережелерінің басын қосуға әрекеттенді.

Каспий төңірегіндегі жетекші
мемлекеттердің стратегиялық мүдделері. . .

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz