Кәсіпорын табыстары


Slide 1

Кәсіпорын табыстары

Нарықтық жағдайларды табыстың ролі айтарлықтай өсті. Өзіміз білетіндей, жоспарлы-директивті экономика жағдайларында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс табу кез-келген кәсіпорынның мақсатты функциясы ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек? Табыс табу кез-келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымды және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаражат көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымды шығындар болса, олар банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен, сонымен қатар, капитал салымдары бнктердің ұзақ мерзімді несиелерімен жабылуы мүмкін.

Slide 2

Нарықтық экономикада кәсіпорын табысының ролі оның атқаратын функцияларымен анықталады. Экономикалық нарықтық қатынастардың маңызды категориясы ретінде ретінде табыс бірқатар маңызды функцияларды атқарады.

Біріншіден, табыс кәсіпорын қызметінің тиімділігін білдіретін көрсеткіш болып табылады. басқаша айтар болсақ, кәсіпорынның табыстылығы деген деректің өзі оның қызметінің тиімділігінің айғағы болып табылады. Алайда, бұл көрсеткіш кәсіпорын иелері мен кредиторлары үшін нақты бір қолайлы жағдайдың дәлелі бола ала ма? Әрине, жоқ, себебі кәсіпорынға кез-келген бір табыс қажет емес, оның барлық мүдделі тұлғалардың (кәсіпорын иелерінің, қызметкерлердің, кредиторлардың) қажеттіліктерін қанағаттандырарлық мөлшері қажет. Табыс мөлшері көптеген факторлармен анықталады, олардың кейбіреулері кәсіпорынның өзіне байланысты болса, кейбіреулері кәсіпорынның қолынан келмейтін шаралар болып табылады.

Екіншіден, табыс ынталандырушы функция қызмет атқарады. Кәсіпорындардың қорытынды қаржылық-экономикалық нәтижесі бола отырып, табыс нарықтық шаруашылық өмірде шешуші роль атқарады. Табыс «кәсіпорындардың басты мақсаты» деген дәрежеге ие екенін білеміз. Бұл шаруашылық субъектілерінің экономикалық әрекеттерінің алғы шарты болып табылады, ал бұл әрекеттердің игіліктерге ұласуы табыстың мөлшеріне, сонымен қатар ұлттық экономикада қалыптасқан оны үлестіру тәртіптеріне (соның ішінде салық салу жүйесіне де) байланысты.

Slide 3

Табыс - меншікті капитал өсімінің бірден-бір көзі. Нарықтық қатынастар жағдайларында акционерлер мен қаржы менеджерлері, кәсіпорын қарамағында қалатын табыс мөлшеріне икемделе отырып, кәсіпорынның даму перспективаларына сәйкес дивидендтік және инвестициялық саясаттар бойынша шешімдер қабылдайды.

Нарықтық экономикада табыс - өндірістік активтердің және өндірілетін өнімнің қозғаушы күші болып табылады.

Тағы да айта кететін жағдай - табыс кәсіпорын жұмысшыларының әлеуметтік игіліктерінің көзі болып табылады. Салықтарды, дивидендтерді және басқа да бірінші кезектегі төлемдерді өтегеннен кейін кәсіпорын қарамағында қалатын табыс жұмысшыларға материалдық жәрдемақы төлеуге, оларға әлеуметтік жеңілдіктер жасауға, әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға жұмсалады.

Үшіншіден, табыс мемлекеттік бюджет қаражаттарының қалыптасу көзі болып табылады. Табыс мемлекеттік бюджет қазынасына салықтар түрінде, сондай-ақ экономикалық санкциялар түрінде түседі. Бұл қаражаттар, өз кезегінде, бюджеттің шығыстық баптарымен қарастырылған және заңды түрде бекітілген мақсаттарына бағытталады.

Сонымен, кәсіпорынның табысы - оның экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі факторы болып табылады. Бұл қорытынды кәсіпкерлік қызметтің түпкі мақсатынан келіп туындайды. Қазіргі замандағы батыстық экономика ғалымдары кәсіпорындардың мақсаттарын келесідей тәртіппен тұжырымдайды:

акционерлік меншікті арттыру;

табысты арттыру;

басқарушылық сыйақыларды арттыру;

әлеуметтік жауапкершілікті арттыру.

Slide 4

Қаржыны басқарудың бүгінгі теориясы бизнестің ең бірінші кезектегі мақсаты - кәсіпорын акционерлерінің материалдық мүдделерін арттыру болып табылады деген тұжымға негізделген. Яғни кәсіпорындар өздерінің қарапайым акцияларының биржалық құнын арттыру тиіс. Кәсіпорынның басқа мақсаттары да оның экономикалық саясатына өз әсерін тигізетіні сөзсіз, алайда олар алғашқымен салыстырғанда маңыздылығы төмен болып саналады.


Ұқсас жұмыстар
КӘСІПОРЫННЫҢ ТАБЫСЫ
КӘСІПОРЫННЫҢ ТАБЫСЫ МЕН ПАЙДАСЫ
КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАРДЫ ТАНУ
ЖАЛПЫ ТАБЫС АУДИТІ
КӘСІПОРЫННЫҢ ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫ. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ
Ресурстар нарығы
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ҚҰРЫЛЫМЫ, ОНЫҢ ТАЛДАУЫ МЕН ӨМІРЛІК ЦИКЛЫ
ҰЖЫМДЫҚ БУХГАЛТЕРЛІК
Арнайы киімдер жасау цехы
Жер рентасы және кәсіпкерлік табыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz