Компьютерлік желілер және компьютерлік жүйелерді қорғау


Slide 1

Компьютерлік желілер және компьютерлік жүйелерді қорғау

Компьютерлік желі дегеніміз - бір - бірімен мәлімет

алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс

құралдары көмегімен қарым - қатынас жасауына арналған

ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі .

Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және

принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу

құрылғыларының бір - бірімен байланысқан жиынын айтады.

Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып

құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Компьютерлік желі - бұл әр түрлі қорларды, мысалы, бағдарламаларды, құжаттарды және принтерлерді бірігіп пайдалану үшін бір - бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы.

Бір - бірімен тікелей жақындықта (бір немесе бірнеше көршілес ғимараттарда) орналасқан компьютерлер бірлестін жергілікті желі деп атайды.

Бір бөлмедегі компьютерлер жергілікті желіге арнайы құрылғы - комутатор арқылы біріктірілгені көрініп тұр, егерде қандайда бір компьютерді өшіретін болсақ, онда ол желіде жұмыс істейтін компьютерлерін түгел көрсететін қапшық ашылады.

Сідер бұрыннан Жұмыс орнында (Рабочий стол) Сетевое окружение (желі ортасы) деген өте маңызды белгіше бар екенін білесіздер. Егер маус нұсқағышын сол белгішеге апарып екі рет шертсеңіздер, онда сіздердің көрші бөлменің желіде жұмыс түгел көрсететін қапшық ашылады.

Желі құрамына кіретін компьютерлер мынандай жұмыстар атқарады:

Желімен қатынас құруды ұйымдастыру;

олардың арасында мәлімет алмасуды басқару;

желі тұтынушыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға беріп, оларға әртүрлі қызмет көрсету.

Slide 2

Жергілікті және аймақтық - таратылған желілер

Жергілікті желі ( LAN ) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар

орналасқан ғимараттағы дербес компьютерлер мен принтерлерді

ір - бірімен байланыстырады. Аймақтық - таратылған желілер

( WAN ) географиялық тұрғыдан алғанда бір - бірінен қашықта

орналасқан, бір компанияға немесе фимаға, мекемеге қатысты

бірнеше жергілікті желілерді байланыстырады. Жергілікті желілер

- дербес компьютерлерді бір - бірімен немесе оларды желі

сервері рөлін атқаратын қуатты компьютермен байланыстырып

тұратын желінің

ең қарапайым түрі .

Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы прогроммаларды және принтер, факс тәрізді шеткері құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады.

Жергілікті желі әрбір тұтынушыға бір - бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Оның мынандай ерекшеліктерін атап өтуге болады:

құжаттарды пайдалану;

құжат айналымын жеңілдету; тұтынушы жұмыс орнынан тұрмайақ, жиналыс жасамай - ақ әртүрлі құжаттарды оқуға, түзеуге, түсініктеме беруге мүмкіндік алады;

компьютер дискісіндегі орынды тимді пайдаланып, өз жұмыс нәтижелерін серверде сақтау және архивтеу;

сервердегі қолданбалы програмалармен оңай байланысу;

қымбат тұратын қорларды - принтерлерді, CD - ROM мәлімет жинақтауыштарын, қатты дискілерді және ортақ пайдалануға болатын көлемді қолданбалы программаларды ( мысалы, мәтіндік процессорларды немесе мәліметтер базасын ) бірігіп пайдалануды жеңілдету, т. б.

Аймақтық - таратылған желілер жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды өте қашықта орналасқан бір компания компьютерлері арасында атқара алады. Әдетте ол үшін модем немесе жоғары жылдамдықты цифрлы желі арналарын ортақ пайдалануға арналған кешендік қызмет ( ISDN, Integrated Services Digital Network ) көрсете алатын байланыстық телефон арналары қолданылады. Мұнда ISDN арналары грофикалық бейнелер жазылған үлкен көлемді файлдарды тасымалдау үшін жиі қолданылады.

Slide 3

Модем немесе алыста орналасқан сервер көмегімен жүзеге асатын аймақтық тармақталған желілер функцисын жергілікті желілер құрамына енгізе отырып, сыртқы коммуникация технологияларының төмендегідей мүмкіндіктерін пайдалануға болады:

электрондық пошта арқылы мәліметтерді қабылдау және жөнелту;

Интернетпен байланысу.

Интернет дегеніміз дүниенің әр түкпіріндегі тұтынушыларды бір - бірімен мәліметтер қоймасы, бейнелер және дыбыстар жазбалары арқылы жеңіл байланыстыратын ең ауқымды желі түрі. Өз көлемін өте жылдам ұлғайта отырып ( шамамен жылына 200%), ол біздің өмірімізде күннен күнге өте елеулі рөл атқарып келеді.

Қазіргі кезде Интернеттің ең негізгі функцияларына электрондық пошта қызметі мен мамандықтары бір немесе ортақ мәселемен айналысатын топтардың немесе зерттеушілердің бір - бірімен жылдам мәлімет алмасуы жатады.

Интернет күннен - күнге қуатты екпін алып, оған көптеген компаниялар мен фирмалар және қарапайым тұтынушылар үздіксіз қосылуда. Компаниялар мен олардың жабдықтаушылары және тұтынушылары арасындағы байланыс дәнекері рөлін атқаратын осы интернет желісі болып табылады. Қазіргі кезде мекемелер және отбасы үшін атқарылатын алыстан оқыту жүйелері, алыстан кеңес беру, алыстан кеңес алу, емдеу жұмыстары тәрізді мәліметті, сөзді бейнені, қозғалысты қашықтықтан жылдам жеткізу жұмыстары осы интернет арқылы жүзеге асырылады.

Кез келген компьютерлік желі жұмысы топология, хаттама (протокол), интерфейс, желілік прогроммалық және техникалық құралдар тәрізді сипаттамалармен көрсетіледі.

Желі топологиясы оның негізгі функциональдық элементтерінің бір - бірімен байланысу құрылымын анықтайды .

Желілік техникалық құралдар - компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны.

Желілік прогроммалық құралдар - компьютерлік желі жұмысын басқарып, әрбір тұтынушы қажетті интерфейспен қамтамасыз етеді.

Интерфейстер - желінің функциональдық элементтерін бір - бірімен үйлестіру құралдары.

Протоколдар - желінің функциональдық элементтерінің бір - бірімен қатынас жасау ережелері. Функциональдық элементтер рөлін әртүрлі құрылғылар және программалық модульдер атқара алады. Сол себепті ақпараттық және программалық интерфейстер қарастырылады.

Желінің атқаратын қызметіне байланысты топологиялардың үш түрі болуы мүмкін.

Slide 4

Шиналық топология . Мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабелбге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқада желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станциларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды.

Жұлдыз тәрізді топология . Мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін - желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады. Бұл топологияның артықшылығы кез - келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.

Сақиналық топология. Мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі - кез - келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.

Жергілікті немесе аймақты тармақталған желілер архитектурасына байлаысты негізгі компоненттер мен технологиялар мынандай бөліктерден тұрады:

Ақпараттық құралдар:

кабельдер;

серверлер;

желілік интерфейс тақшалары ( NIC, Network Interface Card ) ;

концентраторлар;

коммутаторлар;

аймақтық тармақталған желілер үшін бағдарлауыштар ( маршуртизаторлар) ;

аймақтық тармақталған желілер үшін қашықтықтан қатынас құру серверлері;

аймақтықтармақталған желілер үшін модемдер. Серверлер. Клиент / сервер желісіндегі сервер дегеніміз осы желіге қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен қолданбалы программаларды сақтауға арналған жоғарғы көлемді қатты дискісі бар дербес компьютер болып табылады. Бұған қоса серверде желілік операциялық жүйе (NOC Network Operating System) орнатылып, ол шеткері құрылғыларды ( принтерлер тәрізді) да басқара алады.

Желілік интерфейс тақшалары (NIC, Network Operating System) үстелге қойылатын және портативті алып жүруге ыңғайлы компьютерлерге орнатылады. Олар жергілікті желідегі басқа құрылғылармен қатынас құру үшін қажет. Компьютер жұмыс өнімділігіне бірсыпыра талаптар қоятын әртүрлі дербес компьютерге арналған желі тақшаларының өзгеруі мен желіге қосылу тәсілдеріне байланысты әртүрлі болып келеді.

Slide 5

Модемдер жай телефон арналары арқылы Интернетке қосылып, онымен мәлімет алмасу мүмкіндігін береді. «Модем» деген сөз осы құрылғының қызметіне байланысты шыққан, ол «модулятор / демодулятор» сөздерінің қысқаша түрі. Модем дербес компьютерден шыққан цифрлық сигналдарды жалпы телефон арналары арқылы тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрлендіреді. Ал екінші модем қабылдаған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады.

Жергілікті және аймақтық тармақталған желілер архитектурасынна байланысты программалық құралдар:

желілік операциялық жүйеден,

желіні басқару программалық құралдарынан тұрады.


Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік желі. Интернет туралы негізгі түсінік
Компьютерлік желілер. Әлеуметтік желілер
Компьютерлік ақпаратты қорғау
Компьютерлік желілер жайлы
Компьютерлік желілер жайлы жалпы түсініктер
Aқпаратты қорғаудың заңды шаралары
Компьютерлік вирустардан қорғау туралы
Интернет ауқымды желісі.Браузерлер.Электрондық пошта. Интернеттің пайдасы мен зияны
ДЭЕМ - нің программалық жабдықтары. Программалар - 2 нұсқа
Компьютерлік желілер.Электрондық пошта.Әлеуметтік желілер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz