КӨМІР ӨНЕРКӘСІБІ



КӨМІР ӨНЕРКӘСІБІ
Отын - энергетика кешені - күрделі салааралық отын мен энергия (электр энергиясы мен жылу) өндіру, оларды тасымалдау, энергияны тарату және пайдалану жүйесі. Оның құрамына халық шаруашылығының барлық салаларымен тығыз байланысты отын өнеркәсібі (мұнай, газ және көмір) мен электр энергетикасы енеді.
Отын өнеркәсібі электр энергиясын өндіру үшін электр энергетикасын отынмен қамтамасыз етеді. Республика энергияны неғұрлым көп өндіріп, пайдаланса, ол соғұрлым өнімді көп шығарады да, оның экономикалық даму деңгейі соншама жоғары көтеріледі.
Қазақстан халық шаруашылығы негізінен өз энергетика қорына сүйенеді. Барлық салалар үшін отын қорының негізгі көздері - көмір, мұнай, газ, тақтатас. Көмір республика энергетикасының негізгі қоры. Ол фабрика, зауыт, электр станциялары, көлік, металлургияда пайданылады. Қазіргі кездегі өнеркәсіпте көмір - химия өнеркәсібі үшін маңызды шикізат. Кокстелетін көмірден металлургия үшін қажет кокс алған кезде азот тыңайтқыштарын, пластмасса, синтетикалық талшықтар, каучук, бояулар өндіруге жұмсалатын түрлі газдар мен қарамай қоса бөлінеді.
Еліміз энергияны неғұрлым көп өндіріп, көп пайдаланса, ол өнімді соғұрлым мол шығарады, оның экономикалық даму деңгейі соғұрлым жоғары болады.

Қазақстан өзінің меншікті табиғи қоларымен өзін-өзі отын - энергетикалық заттармен толық қамтамасыз ете отырып, сонымен қатар республикадан тыс жерлерге отындарды және электр энергиясын тасымалдауға мүмкіншілігі бар. Республикада отын - энергетикалық қорларды шығару оны пайдаланудан 15, 6% - ке артық, қазып алынатын көмірдің 42% - і республикадан тыс жерлерге тасымалданады, бүл оны ішкі пайдаланудан 1, 5 есе көп. Мұндай шығару оны пайдаланудан 1, 4 есе мол. Республика көмір, мұнай, газ, су ресурстары, жанғыш тақта тас, ыстық су сияқты отын - энергетикалық қорларға ие. Отындар қазып алатын техника - экономикалық жағдайы тиімді жағынан сипатталынады. Екібастұз бассейні көмірінің экономикалық жоғарғы дәрежеде тиімділігі барлығымызға мәлім. Сондай - ақ Қазақстанның мұнай және газ кен орындарының тау - геологиялық және экономикалық көрсеткіштері бірегей.
Мұнай, газ және көмірдің жалпы қоры 13, 0 млрд. т. Мұнай эквиваленті шамасында немесе бір адам басына шаққанда - 722 т. мұнай эквивалентіне тең. Бүл көрсеткіш бойынша Қазақстан дүние жүзіндегі мемлекеттердің алғашқы ондығына енеді.
Бірақ та айта кететін жәй, отын - энергетикалық қорлар республика территориясы бойынша біркелкі орналаспаған. Мысалы, пайдаланатын көмір кенінің 100% - і Орталық және Солтүстік - Шығыс Қазақстанда, шығарылған мұнай және газ Батыс Қазақстанда, ал су қорының 90% - інен астамы Шығыс және Оңтүстік - Шығыс Қазақстанда шоғырланған. Осы себептер республиканың жеке аймақтарын отын - энергиямен қамтамасыз етуге әсерін тигізеді. Отын ресурстары әзірге халық шаруашылығының барлық саласы үшін энергияның негізгі көзі болып отыр. Бірақ адамзат Жердің ішкі жылуының, Күннің және әсіресе атом энергиясын жедел, болашақта термоядролық энергияны өндіріске пайдалана бастайды.

Көмір - ауа қатысынсыз өсімдіктердің жер қойнауында пайда болған қатты отын түрі. Көмірді алғашында отын ретінде пайдаланған. Бұл өндірісте үлкен революция болды, жаңа технологияларға жол ашылды. Латын тілінен carbo (көмір) - халықаралық атауы. Әлемде қазбалы көмірдің қоры 7900 млрд. тоннаға тең. 1970 ж әлемде көмір энергия өндірудің үштен бір бөлігін қамтыған. Көмірдің 1 кг жанғанда 2, 93 кг СО2 және 6, 67кВ/сағ энергия, ПӘК-і 30% - 2, 0 КВ·сағ ток көзін алуға болады. Көмір түзілуі үшін көп мөлшерде өсімдік тектес масса болу керек. Қазіргі көмірлер девон дәуірінде түзілген. Көмір жасы шамамен 350млн жыл. Қабаттардың қысымы астындағы жалпақтығы 20 метрлік 1 км тереңдіктегі торфтан, 4 метрлік қоңыр көмір пласты түзіледі. Ал 3 км тереңдіктегі торф 2 метр тас көмірге, 6 км тереңдікте 1, 5 метр антрацит.
Көмір түрлері. Көмір мұнай мен газ сияқты биологиялық және геологиялық процестер барысында пайда болады. Қоңыр көмір, тас көмір, антрацит және графит түзіледі. Батыс халқында: суббитумионды көмір, битумионды көмір, антрацит, графит, лигнит. Түрлеріне қысқаша тоқталып кетсек.
2009 жылғы мәліметтер бойынша көмір қоры:

Қазақстандағы көмір өнеркәсібі
Қарағанды тас көмір алабы - республиканың басты отын базасы. Ол Қазақстанның орталық бөлігінде, Қарағанды қаласының маңына орналасқан. Мұнда кокстелетін және аса қуатты энергетикалық көмір, негізінен, шахталық әдіспен өндіріледі. Көмір қабаттарының қалыңдығы 1, 5 - 15 м аралығында ауытқып отырады, орналасу тереңдігі 300 м - ге дейін жетеді. Қазақстанның, Оңтүстік Оралдың, Орта Азияның және ішінара Еділ бойының көптеген өнеркәсіп орталықтары Қарағанды көмірінің негізгі тұтынушылары болып табылады. Келешекте басқа елдерге де шығарылуы мүмкін.
Қазақстанда көмір өнеркәсібінің тууы 19 ғ. ортасына жатады, 1855 ж. - Қарағанды, 1869 ж. - Ленгір, 1895 ж. - Екібастұз көмір кен орындары іске қосыла бастады. Шағын рудниктер мен заводтар және жергілікті халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін өлкеде кіші - гірім көмір кен орындары да пайдалаылады.
Әлемдік көмір институттарының мәліметтері бойынша барлық органикалық пайдалы қазбалардың ішінде энергетикалық потенциалдың 90% - ы көмірге келеді екен. Қазақстандағы жалпы көмір қоры 35, 8 млрд. т., ол әлемдік қордың 3, 6% - ын құрайды, ал Қазақстанның көмір шығару бойынша әлемдегі үлесі 3, 7% құрайды.
Жалпы ТМД елдері бойынша Қазақстан пайдалы қазбалардың қоры бойынша үшінші орында, ал жан басына шаққандағы көмір шығару үлесі бойынша бірінші орында тұр. Орталық (Қарағанды) және Солтүстік - Шығыс (Павлодар) аймақтарында көмірдің 96, 2% бөлігі шығарылады. 2003 жылы Қазақстанның көмір экспортында 25, 7 млн. т. көмір 168, 9 млн. АҚШ долларына шығарылды. Бұл жалпы республика экспортының 1, 8% көлемін құрады.

Қазақстанда көмір шығару көлемі.
Көрсеткіштер
1980
1985
1990
1995
2000
2005
2008
2009
Шығарылған көмір млн. т.
61, 6
92, 4
115, 4
131, 0
131, 0
83, 0
74, 9
93, 0
Өсу қарқыны
1
1, 5
1, 9
2, 1
2, 1
1, 3
1, 2
1, 5

1990 жылдан бастап Семейдің оңтүстік - батысына қарай 110 шақырым жерде «Юбелейное» көмір кен орны игеріле бастады. Ол жерде көмірді ашық әдіспен өндіреді. Юбилейный көмірдің күлінің үлесі 20, 4%, калориийлығы 4438ккал/кг.
Жоспар және болжам жасайтын институттардың есептеулері бойынша 2010 жылға дейін Екібастұз көмірінің көлемін 63 млн. тоннаға дейін жеткізуге болады, Майкөбен көмірдің көлемін 6 млн. тоннаға, Шұбаркөл көмірінің көлемін 7 млн. тоннаға, Борлин көмірінің көлемін 6 млн. тоннаға, ал Юбилейный көмірінің көлемін 5 млн. тоннаға дейін жеткізуге болады.
Сонымен қатар соңғы кезде республиканың кейбір облыстарында қазіргі экономикалық қиыншылықтарға байланысты жергілікті мұқтаждықтарды өтеу мақсаты мен шағын көмір кен орындары да іске қосыла бастады. Олар негізінен өз маңындағы тұтынушылар үшін түрмысқа қажетті отын өндіреді.
Перспективті көмір көздерінің қатарына Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл, Кендырлык алаптары, Батыстағы Мамыт көмір кені, оңтүстік - шығыстағы Ойқарағай көмір кені, оңтүстіктегі Құлан - Кетпескөл, Ленгер көмір кендері және де Қостанайдағы Приозерное көмір кені кіреді.

Мемлекет
Тас көмір
қоңыр көмір
Барлығы
%
США
111338
135305
246643
27, 1
Россия
49088
107922
157010
17, 3
Китай
62200
52300
114500
12, 6
Индия
90085
2360
92445
10, 2
Австралийский Союз
38600
39900
78500
8, 6
Южная Африка
48750
0
48750
5, 4
Украина
16274
17879
34153
3, 8
Казахстан
28151
3128
31279
3, 4
Польша
14000
0
14000
1, 5
Бразилия
0
10113
10113
1, 1
Германия
183
6556
6739
0, 7
Колумбия
6230
381
6611
0, 7
Канада
3471
3107
6578
0, 7
Чехия
2094
3458
5552
0, 6
Индонезия
740
4228
4968
0, 5
Турция
278
3908
4186
0, 5
Мадагаскар
198
3159
3357
0, 4
Пакистан
0
3050
3050
0, 3
Болгария
4
2183
2187
0, 2
Таиланд
0
1354
1354
0, 1
Северная Корея
300
300
600
0, 1
Новая Зеландия
33
538
571
0, 1
Испания
200
330
530
0, 1
Зимбабве
502
0
502
0, 1
Румыния
22
472
494
0, 1
Венесуэла
479
0
479
0, 1
Барлығы
478771
430293
909064
100, 0

Қоңыр көмір өзінің үлкен гигроскопиялығымен және көп зольділігімен ерекшеленеді, сол себепті жергілікті отын ретінде және химиялық өндірісте негізгі шикізат көзі ретінде көптеп пайдаланылады. Қоңыр көмірден сұйық отындар: керосин, бензин алуда қолданылады. Алу жолы: алдымен майдаланған көмірді гидрлеп, катализатор және сутегі қатысында үлкен қысыммен қыздырады. Сутегі қатысында органикалық заттардың күрделі молекулаларының ыдырауы жүреді. көмірсутектердің қарапайым молекулалары түзіледі. Алынған көмір өнімдері әрі қарай ыдырауға түсіп, бензин мен керосинге айналады.

Қатты жанғыштардың қарапайым құрамы және жылу беру қабілеттілігі
Отын
Құрамы, %
Жылубергіштік қабілеттілігі
ккал/кг
көміртегі
сутегі
оттегі, азот және күкірт
Құрғақ ағаш
Құрғақ торф
Қоңыр көмір
Тас көмір
Антрацит
50
59
69
82
95
6
6
5. 5
4. 3
2. 2
44
35
25. 5
13. 7
2. 8
4500
5400
6700
8400
8100

Қазақстан Республикасындағы көмір өнеркәсібінің перспективалары және дамуы
Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін (ОЭК) дамыту стратегиясына сәйкес электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі бөлігінде көмір өндіру 2003 жылғы 84, 7 млн. тоннадан 2020 жылы 98÷100 млн. тоннаға немесе 18, 1% өседі деп болжануда. Бұл ретте 2020 жылға қарай ішкі тұтынуды 10 млн. тоннаға дейін өсіру, энергетикалық және коксталатын көмірді негізінен Урал мен Сібір электр станцияларына, Ресей Федерациясының металлургия комбинаттарына экспорттау 20-30 млн. тонна деңгейінде жоспарлануда. Ресейден көмір импорты 2003 жылы Қазақстанның ферроқорытпа өндірісі үшін қалыптасқан 200 мың тонна шегінде сақталады.
Жалпы энергетикалық көмір ресурстары жылу электр станцияларының қажеттіліктерін толық шамада қамтамасыз етуде, басқа салалар мен коммуналдық секторды отынмен тұрақты қамтамасыз ету үшін Шұбаркөл және Майкүбі кенорындарында, сондай-ақ «Қаражыра» кенішінде күлі аз көмір өндірісін 10, 0 млн. тоннадан 15, 0 млн. тоннаға дейін бір жарым есеге арттыру көзделіп отыр.

ОЭК дамыту стратегиясында, сондай-ақ Қарағанды бассейнінде көмір өндіруді арттыру болжануда, оның едәуір бөлігі кокс өндірісіне арналған ресурстарға тартылуы мүмкін. Қажеттіліктерді қамтамасыз ету мақсатында Министрлік 2005 жылға қарай кокс өндірісі жөніндегі қуаттылықтарды жылына 900 мың тоннаға немесе қол жеткізілген деңгейден 34, 6% арттыру туралы шешім қабылдады. Жалпы, жер асты әдісімен сапалы көмір өндіру 2005 жылы 10-12 млн. тонна, 2010 жылы - 12-14 млн. тонна және 2015 жылы - 14-16 млн. тонна деңгейінде болжануда. Көмір өндіретін кәсіпорындардың инвестициялық бағдарламаларына сәйкес өндірісті жаңғыртуға және негізгі құралдарды жаңартуға арналған инвестициялардың жалпы көлемі 2005 жылға дейін шамамен 100 млрд. теңгені құрайды, 2006-2010 жылдары - 120 млрд. теңге деңгейінде және 2011-2015 жылдарда - 130 млрд. теңге болмақ.

Көмір өндірумен айналысатын компаниялар
Қазақстан Республикасы әлемдік рыноктағы ірі көмір өндірушілердің ондығына кіреді, ТМД елдері арасында көмір қоры және оны өндіру жөнінде үшінші және адам басына шаққанда көмір өндіру бойынша - бірінші орын алады. Павлодарлық «Богатырь Аксес Көмір» ЖШС (жалпыреспубликалық өндірудің 42, 8%), «Еуразия энергетикалық корпарациясының» «Восточный» ААҚ кеніші (20, 7%), «Майкүбі-Вест» ЖАҚ (3, 3%, соның ішінде қоңыр көмірді жалпы республикалық өндірудің 96, 6%) және Қарағанды облысыеың «Испат-Кармет» ААҚ Көмір департаменті (12, 3%) және «Қазақмыс» корпорациясының «Бөрлі» көмір департаменті Қазақстандағы ірі көмір өндірушілер болып табылады. Аталған 5 өндірушінің үлесіне республикадағы көмір өндірудің 87, 7% тиеді.

БОГАТЫРЬ АКСЕС КӨМІР - Қазақстан көмір өнеркәсібінің жетекшісі. Бұл көмір өндіретін рентабельді кәсіпорын. Өз қызметін бастағаннан бері компания 200 млн. Тоннадан астам көмір өндірді, жүргізілген ашу жұмыстарының жалпы көлемі 145 млн. м3 құрады. БОГАТЫРЬ АКСЕС КӨМІР құрылу тарихы 1996 жылғы қыркүйектен басталады, сол кезде республика үкіметінің шешіміне сәйкес өткізілген ашық тендердің қорытындылары бойынша «АКСЕС ИНДАСТРИЗ, Инк» компаниясы «Богатырь» және «Степной» кеніштерінің мүлігін жекешелендірді.

Қазақстанның көмір қазатын саласы, қиын уақыттан өтіп, бүгін еліміздің экономика саласында маңызды ұстанымында тұр. Республика тәуелсіздік алғаннан бастап, еліміздің шахтерлары 1 миллиард 200 миллионн тоннадан астам «қара алтын» шығарды. Расталған көмір қоры бойынша Қазақстан әлемде 8 орында тұр және жер асты қойнауында жалпыәлемдік қор көлемінің 4% бар. Өнеркәсіп үшін аса бағалы энергетикалық және коксталған көмір 16 кен орындарында топталған. Қазақстан Республикасы әлем нарығында ірі көмір өндіруші он елдің ішіне кіреді, ал ТМД елдері ішінде қор бойынша үшінші орында және жан басына көмір өндіру бойынша - бірінші орында тұр. Қазіргі уақытта республиканың көмір саласы Қазақстанда электроэнергияның 78 %, кокс-химиялық өндірістің жүз пайыздайлығын, коммуналды-тұрмыстық сектор мен халықтың отынға қажеттілігін толығымен қанағаттандырады. Саланың қазіргі жағдайын қорытындылай келе, оның нарықтық экономикаға толық және сәтті кіруі туралы сенімділікпен айтуға болады. Еліміздің шахтерларына мақтаныш сезіміне орануына болады - көмір саласы - көтерілуде. Ол тез қарқынмен дамуда. Ол 1995-2000 жылдар бойында саланың одан әрі тұрақты жұмыс істеуін, оның потенциалын сақтауға мүмкіндік берген инвестициялық үрдістердің іске асуын, сондай-ақ көмірлі аймақтарда әлеуметтік деңгейін кенет төмендетуді қамтамасыз еткен, жүргізілген ұйымдастырушылық шаралардың кешені арқасында мүмкін болды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz