Қазақ философиясы туралы
Презентация қосу
Қазақ философиясы
Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде
қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар, ғасырлар бойында
жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра
жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте
үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерешеліктерге толы күрделі
тарихи жолдардан өтті.
Әрбір халық “ Өз тарихын,философиясын білмейінше және
оған белгілі бір көзқараста болмайынша ешқандай
мәдениеттің дамуы мүмкін емес”.
Қазақ философия ойының ерекшелігі оның шынайы
патриотизмі, халқына сүйіспеншілігі, оның бақыты, мүддесі
және болашағы үшін күресуге дайын және оған жету жолдарын
өз қадірінше анық, жан-жақты көрсете білуі.
Қазақ халқының философиялық ойлау жүйесінің
құрылымын жасады:
Ақындар мен жыраулар
Саясаткерлер мен батырлар Хандар мен қолбасшылар
Айтыскерлер мен ертекшілер билер мен серілер
Қазақ философиясы:
• Қазақ даласының ойшылдары IX-XIII ғ.;
• Жыраулар философиясы XV-XVIII ғ.;
• Зар заман ақындарының әлеуметтік
философиясы;
• Ағартушылар философиясы
Қасиетті қазақ даласы
талай ұлы ғұламаларды
дүниеге алып келді. Қазақ
топырағының көкірегі
ояу, көзі ашық ойшыл
талай азаматтары ортақ
тілде жаза біліп, кейінгі
ұрпақтарына мұра етіп
қалдыра білді. Олардың
ішінде де әлемге
жайылғандары да аз емес.
Солардың бірі бәрімізге
танымал ұлы жерлесіміз -
Әбу Насыр Әл-
Фараби
Әл-Фараби ( 870 – 950)
• Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени
мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпақтан-ұрпаққа
өтіп келе жатқан ардагер азаматтар тарихта аса көп емес.
Тарих жазбасында, халықтың рухани қазынасында
айтулылардың айтулысы, жүйріктердің жүйрігі ғана
мәңгі ұялап қоныс тебеді. Мың жылдан артық уақыт өтсе
де, аты ауыздан-ауызға жатталып, еңбектері уақыттың,
мезгілдің қатыгез сынынан мүдірмей өткен, орта
ғасырларда адамзат білімінің молайып, ақыл-
парасатының жетілуіне орасан зор еңбек сіңірген
ғұламалардың бірі – Қазақстан топырағынан шыққан
данышпан перзент Әбунасыр Фараби. Ол да осы
Отырарда туды, осында «кірін жуып, кіндігін кесті».
Қаратаудың тасына секірді, Сырдың суын ішті, Арыстың
суын кешті, Қызылқұмның аптабына күйді.
• Әбунасыр оқуды өте ерте бастағанҒылым-білімге өте құмартқан зерек
Әбунасыр медицина мен логиканы христиан оқымыстысы Юханна ибн
Хайланнан, ал жаратылыстану ғылымдары мен грек тілін атақты оқымысты
Әбубәкр ибн Сиражбен жақын қатынаста болып, оған логиканы үйретіп,
одан астраномияны үйренген деп айтылған. Фараби түркі, араб, парсы, грек
және басқа тілдерді жетік білген.
Міне, осылай Фараби жұртқа мәлім оқымысты болып, дүние жүзінің ұстазы
деген дәрежеге көтеріледі. Ол алғашқы кезде Бағдатта істейді, кейіннен
Дамаскіде, сонан кейін Алеппода (Сирия) әмір Сайф әд-Дауланның
қарамағында болады.
Фараби Аристотельдің «Категориялар», «Метафизика», «Герменевтика»,
«Риторика», «Поэтика», бірінші және екінші «Аналитика», т.б.
бірсыпыра философиялық және логикалық шығармаларына түсініктемелер
жазған.
Фарабиді Шығыс философтары «Ал муаллим ас-сани» – екінші ұстаз деп
атаған. «Бірінші ұстаз» – «ал муаллим ал аууал» деп олар Аристотельді
атаған.
Фараби Аристотельдің материалистік идеяларын дамыта отырып, өз
тарапынан да «Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көз
қарасы», «Мәселелердің түп мазмұны», «Ғылымдардың шығуы»,
«Бақытқа жету» сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер
жазған.
•теория
Фараби трактаттарының әрқайсысы өзіндік бір дүние, қағида,
мен әдіс. Солардың бірі 948жылы Египетте жазылған
«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат»
болып табылады. Ол бұл еңбегінде адам әрекетінің түпкі
мақсаттарының бірі—Бақытқа жету деп айта келе, сол бақытқа тек
білім мен игілік нәтижесінде ғана жетуге болады дейді.
Әл Фараби тәрбиенің, оның ішінде еңбек тәрбиенің теориясы
ғылымға негізделуі қажет деп санады. Ол ғылымда тарихи үрдіс
деп түсініп, ғылым жүйелі түрде құрылған білімнің жоғарғы
формасы деген анықтама берген. Фараби сонымен бірге оқу-ағарту
мен тәрбие туралы, еңбек мәдениеті туралы ілім жасады. Еңбектің
өзі өнер. Ал еңбек тәрбиесі сол өнерден туындайды, әрбір адамды
еңбекке баулиды, еңбек шеберлігін үйретеді.Олардың еңбек ету
дағдысын қалыптастырады деген болатын Фараби.Оның адам
еңбегі туралы бұл тұжырымдамалар қазіргі жаңа
мыңжылдықта да актуальды екені айдан анық.
•табиғаттан
Фараби «Еңбек ету, саналы болу, адамгершілік, ізгілік, ақылдылық
туындауы қажет» деген ғылыми тұжырым жасады. Фараби
адамды табиғат, адам, жер бетіндегі тірі организмдер дамуының ең жоғарғы
сатысына көтерілген, еңбек құралдарын жасап, оларды өз қажетіне жарата
білген, түсінікті сөз сөйлей білетін саналы ортаның мүшесі дейді. Адам
туралы материалистік бағытты ұстанған Фараби адам еңбек ету нәтижесінде
жоғары сатыға көтерілетінін алға тартады.
Әл Фараби жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, еңбекке үйретіп, еңбек тәрбиесін
беретін адамды(ұстаздық ететін адамды) өте жоғары бағалаған. Оның ойынша
тәрбиеші адам «мәңгі нұрдың қызметшісі».
Ұлы ойшыл Фараби тарихи шындықты, еңбекті, тәрбиені, оның ішінде
еңбек тәрбиесін адамның игілігі, бақыты үшін қолдануды армандады.
Адамның игілікке жету жолдары туралы ойларын Фараби «Сол кездің өзінде»
экономиканың, саясаттың, мемлекеттік құрылыстың, отбасы тәрбиесінің,
еңбек тәрбиесінің мәселелеріне байланыстыра отырып, аса қажет мызғымас
берік негізге сүйенеді. Сондай-ақ ол қоғамды ақылмен дұрыс басқарудың
шарттары жөнінде батыл пікір айтқан ғұлама. Өйткені адам бақытты болуға
лайық және сол бақытын табуға тиіс. «Адам өз заманында жақсы да дұрыс
басқарылатын қоғамда ғана шын мәнісінде бақытты өмір сүре алады»-
дейді данышпан. Сөйтіп, Фараби адамның өмірлік іс әрекетіне үлкен мән бере
отырып, еңбек қана адамды жануарлар дүниесінен бөліп, оқшау көрсететінін
ғылыми тұрғыда дәлелдеді.
Жүсіп Баласағұн
•Негізгі еңбегі – “Құтадғу білік”
• Идеясы жағынан дастан имандылық, ізгілік рухында
жазылған еңбек. Жүсіп Баласағұнидың «Құдатғу
білік» түркі тілдес халықтардың ішінде бізге жеткен
алғашқы еңбектердің бірі болып табылады. Бұл еңбек
түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ жеке ұлт болып
қалыптасқанына дейінгі ортақ мәдени мұра болып
есептеледі.
•Оның ойынша, дүние жер, су, ауадан тұрады. Адам
басқа тіршілікке қарағанда ерекше пенде деп айтқан.
«Құтадғу білік» - әңгіме аңыз ретінде баяндалатын
даналық сөз, өсиет, ғибрат. Дастан оқиғасы ХІ ғасырда
Ыстық көл, Жетісу, Қашқар өлкесінде болған
шындыққа байланысты өрбітілді. Жүсіптің дастаны
саяси және ғибрат, өсиет, ақы ретінде имандылыққа
үндейтін, тәлім-тәрбие берерлік дидактикалық
тағылымдық туынды. Онда жеке адамның өзін
қоғамда, үй ішінде қалай ұстай білу керектігінен
бастап, хандар мен бектердің өз қарамағындағы әрбір
қоғамдық топтарға қалауға тиіс екендігі жөнінде
көптеген мәселелер қамтылады.
Жүсіп Баласағұнидің еңбегінде тәлім-тәрбиелік, ғибарттық,
өсиет-өнеге, нақыл сөздер түрінде жазылған педагогикалық және
психологиялық, философиялық тұрғыдағы еңбек болып табылады.
Еңбекте отбасы тәрбиесі, онда ата-ананың алатын ролі туралы, бала
мінез-құлқын, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастыру, отбасында
ананың алатын орнымен қатар әкенің де бала тәрбиесіндегі алатын
орнына ерекше мән береді.
Сонымен қатар ғұлама ағартушы Құдадғу білік Х.Сүйінішалиев
айтқандай, «орта ғасыр ескерткіштерінің ең көлемдісі және көркемдігі
жағынан зерттеушілерді таңқалдырған әдеби көркем туынды. Орта Азия
мен Қазақстан жерін мекендеген түркілердің және олардың мәдениетінің
жарық жұлдызы деп атарлық әдеби мұра».
Дастанда «Тіл туралы» айтқан қағидаларының тәлімдік-
тағылымдық, ғибраттық мәні ерекше. «Тіл адамның даңқын асырады»,
«Адам ол арқылы бақыт табады», «Тіл адамға жапа да шектіреді»,
«Абайламаса, басынан да айырады», «Жақсы болғың келсе, жаман сөз
айтпа». Көп сөзділіктен пайда да, жақсылық та көрмейді. «Көп
сөйлеме. Сабыр қып, әр сөзіңді салмақтай айт», «Он мың сөздің
түйінін он сөзбен шеш», «Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі – сөз, кісі
көркі – жүз, жүздің көркі – көз!».
Дастанда білім, ақылдың қасиеттері жақсылық және
жамандық, адамгершілік қасиеттер, адамгершілік құндылықтар
туралы мәселелер қарастырылады, мәселен, «Ақылды – ұлы,
білімді – білікті, қонса екеуі, ұлы етер жігітті», «Ақыл пайда
бола, ұлылық толады, білім кімде со білікті болады»,
«Білімсіздер бар кеселді көреді, емдемесе тектен-текке өледі»,
«Ақыл – шырақ, қара түнді ашатын, Білім – жарық, нұрын
саған шашатын», «Ақылдыға қадір – құрмет лайықта,
Ақымақ жан керең, сезбес айыпты!»…
«Білім – байлық, азаймас һәм жоғалмас, қарақшы, ұрыға да
тоналмас!».
Білік-білім туралы Жүсіп Баласағұни өзіне ақыл кеңес
береді: «Білік біліп – төрден орын аларсың, Білік білсең,
күшті, берік адамсың», «Білік-түпсіз, шетсіз-шексіз бір теңіз,
қанша сімір, сарқылмайды білсеңіз!».
Жүсіп Баласағұнның осындай дидактикалық өсиет, ғибрат,
ақыл-кеңеске құрылған дастаны 6500 бәйіттен тұрады.
Дастанның соңында ақын қарттықтың келгеніне қоса достардың
қатігездігін айта отырып, өзіне-өзі сабыр, өзіне-өзі тоқату, ақыл-
кеңес айтады.
Орта ғасырлық
жұлдыздарымызды
ң бірі – Махмұт
Қашқари. Махмұт
Қашқари араб,
парсы һәм түрік
елдерінің қоғамдық
мәдени-
эстетикалық
дүниесін салыстыра
зерттеген.
Махмұт Қашқари
• Махмұт Қашғари
Негізгі еңбегі – Диуани лұғат ат-түрік кітабы
«Диуани лұғат ат-түрк» - түркі халықтарының тамаша
ескерткіші болып табылады. Сөздікте адамгершілік,
тәлім-тәрбие, психологиялық қасиеттер, адамның
бойында кездесетін жағымды және жағымсыз мінез-
құлықтарға сипаттама береді.
Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» әскери,
махаббат, эллегия, табиғат секілді тақырыптармен
қатар, моральдық, этикалық, тұрмыстық,
мифологиялық оқиғаларды да сөз етеді.
Бұл сөздікті жазудағы негізгі мақсаты – түркі тілінің
мәртебесін жоғары көтеріп, оның араб тілінен
ешқандай кемшілігі жоқ екендігін дәлелдеу болған
дейді. Ол өз еңбегінде ата-бабаларының тегі туралы да
көптеген тарихи мәліметтер келтірді.
Бақыттың белгісі – білім мен ақыл.
Махмұт Қашқари атақты сөздігін құрастыру
барысында сан атырапқа сапар шеккен. Түрік тайпалы
елдерді түгел аралап, олардың тіл байлығын гүл
шырынынан бал алған арадай жинаған. Тіл
ерекшеліктерін саралаған, айтылу, жазылу
заңдылықтарын тексерген. Онымен де шектелмеген.
Махмұт Қашқари араб, парсы һәм түрік елдерінің
қоғамдық мәдени-эстетикалық дүниесін салыстыра
зерттеген. География, тарих, философия, мәдениет,
фольклор, ауыз және жазба әдебиеті, тіл, т.б. туралы
ұлан-асыр мағлұмат беретін әмбебап кітап тудырған.
Бұл еңбек жалпы түрік елдерінің мәдениеті мен
әдебиетінің рухани қайнар көз есепті. Біздің қазақ
үшін “Түрік сөздігінің” құндылығы тіптен ерекше.
Осы кітап арқылы сөздік қорымыздың да, көркем
ойымыздың да түп тамырларына көз жүгіртуге
мүмкіндік алып отырмыз.
Қорыта келгенде айтарымыз:
•мәнерінің
“Түрік сөздігі” түрік тайпаларының ойлау, сезіну
бірлігін паш етеді. Бүгінгі түркі тілдес елдердің
әрқайсысының игілігі үшін қызмет ете беретін еңбек. Үш
томдық аударманың беташарын жазған Президент
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Тәуелсіздік туын көтеріп,
егемендік өрісіне өз бағытымен шыққан жас мемлекетіміз
үшін тарих – көне дәуірлердің куәсі ғана емес, сонымен бірге
ол осы жерді мекендеген халықтың зердесі, парасат-пайымы,
бүгінгінің – негізі, ертеңгінің – бағдары. Ұзақ уақыттар бойы
бұрмаланып келген халқымыздың тарихын егемен еліміздің
жалпыұлттық мүддесі тұрғысынан қайта жазудың аса
маңыздылығы да осында” – деп, еңбектің аударылуын
еліміздің түзелуге бет алған алғашқы қадамдарының бірі деп
бағалайды. Үлкен мәдениет, биік таным, терең білім адамзат
жетістіктерін игерумен қоса, өз қазынамыздың көл-дариядай
көзінен нәр алудан көгермек. Махмұт Қашқаридың 1000
жылдығы – біздің ата сөздігіміздің, рухани асыл кенішіміздің
мың жылдығы.
XVIII ғасыр,
жыраулар
ішіндегі ең
көрнекті кесек
тұлға – Бұқар
Жырау
Қалқаманұлы.
Бұқар жырау
Бұқар жырау
•адам
Бұқар жыраудың бас тақырыбы: дүние көркi — адам,
көркi — оның жасар игiлiгi, белдi қасиеттерi;
дүние - бай мен жарлы-жақыбайға ортақ, алма-кезек,
мұнда мәңгi байлық та, жарлық та, көптiк те,
жалғыздық та жоқ. Адамның табиғатынан белсендi
тұлға екендiгiне жырау айрықша мән бередi.
•тақырып
Жырау шығармашылығындағы басқа бір маңызды
адам табиғатының өзгеруі, дүниенің бір
орнында тұрмайтындығы. Бұқар өмірді кезең-кезеңге
бөліп, адамның жасы оның санасын, мінез-құлқын,
көңіл күйін, күш-жігерін қалай өзгертетіндігін
көрсетеді. Оның поэзиясының халық арасына кеңінен
тарап, ғақлия, нақыл, афоризмдерге айналуы, мақал-
мәтел болып жетуі де көркемдеу тәсілінің
кереметтігінде. Бұқар жырау Калқаманұлы шын
мәнінде көне қазақ поэзиясының ең тұлғалы
өкілдерінің бірі.
• Ол өзінен өзін безбе деген.
Қазақ мәдениетінің
кемелденуіне үлкен
үлес қосқан тұлға –
Ыбырай
Алтынсарин.
Ыбырай Алтынсарин
– бар саналы ғұмырын
туған халқын өнер-
білімді, жаңа
заманның өркениетті,
мәдениетті елдерінің
қатарына қосу жолына
арнаған көрнекті
Ыбырай Алтынсарин тұлға.
•Өзінің ағартушылық, педагогтік, ақын-жазушылық
тарихи қызметі мен зор талантын, жан-жақты терең
білімі мен қайрат-жігерін елдің "желкілдеп өскен көк
шөптей" жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге, қазақ
жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып, оқушыларды
өз кезінің озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп
түрлеріне үйретуге арнаған.
•Ыбырай бұл жолда сан алуан кедергілер мен
қиындықтарды жеңе отырып, үлкен жетістіктерге қол
жеткізді, сөйтіп, туған халқының мақтан тұтатын
ардақтысына айналды.
•Қоғамдық әділетсіздік пен адам бойындағы ұнамсыз
мінездерге қарсы күресу үшін, ол ел ішінде білім, өнер
тарату ісін кеңейте беру керек деп ұғады. Сол ниетпен
бар күш-жігерін мектеп ісіне, бала оқыту жүйесін
жақсартуға жұмсайды.
Ұлы ақын, ағартушы,
қазақтың жазба
әдебиетінің және әдеби
тілінің негізін салушы –
Абай (Ибрахим)
Құнанбайұлы . Абай
өлеңдері бай
философиялық,
курескерлік қасиетке ие.
Ол ең алдымен қазақтың
телегей –теңіз ауыз
әдебиетінен сусындап,
батырлар жыры мен
ғашықтық жырларының
Абай Құнанбаев үрдісіне мұрагерлік етті.
Абай Құнанбаев
Абай дүниетанымының өзекті желісі –“толық
адам”. Абай осы ұғымының мән-мағынасына өз
тарапынан айрықша моральдік гуманистік бағытта
“адам болу, болушылық”, “толық адам” деген зор
мағыналы танымдарымен тікелей байланысты
талдау жасайды. Абайдың гуманистік
дүниетанмымын туындап, бүкіл шығармаларында
желілеп тарап жатқан толық адам жайлы ой-
толғаныстарын құяр арнасы: “Не түрлі болса да,
дүниеңнен, я ақылыңнан, я малыңнан ғадамы,
шафағат, секілді біреулерге жақсылық тигізбек
мақсытың болса, ол жол – құдайдың жолы”, -
деген сөзінде жатыр.
Абай өзінің философиялық көзқарасында: дүниенің,
әлемнің заңдылығын мойындайды, дүние мен адамзат
қоғамы бірқалыпты тұрмай, бейне, бір ағып жатқан судай
өзгеріп отырады деп таниды. Бұл ойын Абай былай деп
тұжырымдайды: “Дүние бірқалыпты тұрмайды, адамның
қуаты, өмірі бірқалыпты тұрмайды”, “Дүние - үлкен
көл, заман – соққан жел”, “Алдыңғы толқын-ағалар,
артқы толқын-інілер, кезектене бөлінер, баяғыдай
көрінер”-дейді. Абай адамды дүниенің ең маңызды бөлігіне
жатқызады. Абайдың пайымдануша: адамның хайуаннан
арылатын екі қасиеті бар бірі – дүниені тану, ақиқатты білу,
ғылымды үйрену,ал екіншісі –көпке пайдалы еңбек істеу.
Абай адамның ақылды, білімді болуы оның тұрмысына
емес, айналасындағы дүниені сезіп-біліп, үйренуінен, еңбек
етуінен деп қарайды. Абай білу мен тану сезімдік және
ақылдық таным арқылы болатынын растайды. Мұның
бәрінен өлшемі ақыл-ой деп тұжырым жасайды.
Назар аударғандарыңызға
рахмет!!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz