Қазақстандағы ауыр өнеркәсіп
Презентация қосу
Қазақстандағы ауыр өнеркәсіп
Қазақстандағы ауыр өнеркәсіп ақырын-ақырын
қанат жайып келеді. Кезінде шикізатты тек
Мәскеу асырып, ел ішінде ешбір өңдеу зауыты
салынбаған қазақ елі енді сол бай шикізатты
өзінде өңдеп, өткеннің орнын толтыруға мықтап
кіріскендей. Бізді мұндай қанатты ойға жетелеп,
желпіндіріп отырған жайт - осы аптада
Қарағанды облысы Балқаш қаласында су жаңа
шойын қорыту цехының ашылғандығы. Жалпы
Балқаш металлургтер қаласы деген атқа ие.
Міне, осы металлургтер қаласында жылына 32
мың тонна шойын құятын отандық өнеркәсіп
ордасы шаңырақ көтерді.
Батыс көптен күткен нәрсеге бірден қол жеткізеді (теміржол,
ауыр өнеркәсіп). Осындай негізде екінші үлгідегі елдерде
капитализм дамыды. Экономикалық артта қалу- шылықты
жылдамдата билеу қажеттілігі салықтық қанау мен
әлеуметтік шиеленісушілікке алып келді. Шаруашылық өмірде
ұлттық негізге көшу, ұдайы өндіріске жеткіліксіз дайындық,
екінші үлгідегі елдерде ұлттық құндылықтар мен
буржуазиялық құндылықтар, өнеркәсіптік қоғамға Батыс
елдеріне қарағанда табиғи түрде құрылған жоқ. Әрине екінші
үлгінің қоғамындағы капиталистік үрдіс барысында
туындаған қиыншылқтарды жою мүмкін еді, оған мысал
ретінде Жапонияны алуға да болады.
«Ертедегі капитализмдегі» елдердің бір-бірімен тәжірибе
алмасуы тек қана проблема тудырып қана қоймай, өзіндік
артта қалушылық басымырақ болды. Үшінші үлгідегі
қоғамның буржуазиялық өзгерісіндегі күрделі табысы
көптеген өзіндік факторларға қатысты болды және жергілікті
мәдени салт-дәстүрлерден жаңа құндылықтарды қабылдауға
дейінгі сатылардан өтті, ақырында жергілікті мәдени әдеп –
ғұрыптардан енді жаңа бір буржуазиялық құрылымды
қабылдаған Азия, Африка және Латын Америкасының кейбір
елдері болды.
Қазақстанның капиталистік өнеркәсібі
басынан-ақ нақты отаршылдық сипатта
болды. Отарланған Қазақстандағы
капиталистік өнеркәсіптің дамуының екі
ерекшелігін атап көрсетуге болады:
біріншіден, аймақтағы өнеркәсіптің негізінде
табиғи капиталистік қатынастар дамыған
жоқ, сырттан келген көпестердің
капиталының базасында пайда болды.
Екіншіден, қазақтың ұлттық капиталы
өнеркәсіптің дамуы мен құрылуына ешқандай
қатыспады. Ұлттық сауда-өсімқор
буржуазиясы тек өнеркәсіп капиталы мен
жерлікті рынок арасында дәнекер болды.
Осындай жағдайда өнеркәсіп
пролетариатының ұлттық кадрлары орыс
өнеркәсіпшілері басып алған сауда өнеркәсібі
базасында қалыптасты
Патша өкіметінің Қазақстанның өндірісін
игерудегі саясатына талдау жасай отырып,
оның бірнеше бағытын атап өтуге болады.
Бірінші бағыт- орыстың сауда капиталының
Қазақстан өндірісінен игерудегі орны мен
осыған байланысты, бірінші кезекте, белгілі
Сібір саудагері С.И.Поповқа патша өкіметінің
берген мүмкіндіктері мен жеңілдіктерін атап
өту қажет. Ол Қазақстанның тау- кен ісіндегі
монополиялардың қожайыны болды десе де
болады. Оған тау-кен орындарын қамтыған
1500кв. шақырым үлкен аумақ тиесілі болды.
Павлодар уезіндегі Александровск кенінде
С.И.Поповтың өнеркәсібі 1870 жылы қара
мысты тазалап, 930 пұт көмір пайдалана
отырып, 1180 пұт мыс алған
Ең бірінші Қазақстандағы мұнай алу өнеркәсібіне
бастама болған және барлау алаңы болған 1899 жылы
Қарашұңғылда, 1911 жылы Доссорда екінші мұнай көзі
ашылды. Революцияға дейін кезеңде Қазақстан
өндірісінде 117 іске асқан бұрғылау орындары және
166 барлау бұрғылары болды, соның ішінде бұрғылау
жұмыстарының жартысына жуығы Доссорда
жүргізілді.
Доссорды да аяусыз тонап, мұнай алуда қарапайым
ережелер сақталмады, сондықтан да кен орнындағы
байлықтың мерзімінен бұрын таусылуына да әкеліп
соқты. Революцияға дейінгі жылдардағы Доссордағы
күніне алынатын мұнай көлемі: 1912 жылы – 52,7 т,
1913 жылы – 63,6 т, 1914 жылы – 34,8 т, 1915 жылы –
18,2 т. ХХ ғасырдың басында Доссордың мұнайын
есепсіз өндіріп, олар өздерінің ғана бас пайдасын
ойлады және жыл өткен сайын мұнайдың көлемі
азайды
Қазақстандағы индустриаландырудың өзіндік
ерекшелігі болды: шексіз көп табиғат байлығы мен іс
жүзінде мүлде жоқ өнеркәсіп ошақтары, транспорт
желісі мен байланыс, электр энергиясының жоқтығын,
бұқаралық сауатсыздық, кадрдың жетіспеушілігі тағы
басқалары. Соған қарамастан Қазақстанның өнеркәсібі
басқа одақтық республикаларға қарағанда тез
қарқынмен дамыды. Индустриаландыру бүкіл бұрынғы
Кеңес одағы бойынша бөлмей, бүтін түрде жүрген
біртұтас процесс болды. Ол республикаларға,
облыстарға, аудандарға бөлу деген болмады. Оны
бастап, іске асыру бүкіл орталық мемлекет мүдделеріне
бағындырылды. Қазақстандағы индустриаландыру
және оның әр бір қосқан үлесі, дәрежесі әр түрлі
болды. Бұл іске Қазақстанның қосқан үлесі өте зор еді.
Себебі оның кең даласында орналасқан көмір
шахталары, темір рудниктері, жез, қорғасын зауыттары
бүтіндей және толық Одақтың орталық өнеркәсібі үшін
жұмыс істеді.
Сонымен, бір аймақтың дамуы меншікті міндеттерді шешуді
ескермегенде басқа аймақтардың мұқтаждықтарын
қанағаттандырумен анықталды. Оның экономикасы тиімсіз
құрылымдық саясаттың салдары болып табылған, бірқатар
ерекшеліктермен сипатталады:
- ауыр өнеркәсіптің шамадан тыс дамуы, соңғы емес, аралық
өнімді шығаратын материал сыйымы салалардың басым болуы;
- тұрғындардың қажеттері үшін өндірілетін өнімнің төмен
үлесі;
- өндірістік аппараттың технологиялық артта қалғандығы
(өнеркәсіптің негізгі қорларының тозуы – 60 % - тен артық,
оның шамадан тыс көп үлесі металлургиялық, отын-
энергетикалық комплекстерде);
- экологиялық проблемалар – Орталық Қазақстан қоршаған
ортаның ластану және құлдырау дәрежесі бойынша, табиғатқа
антропогенді жер етудің жиынтығы бойынша республикада
алдыңғы орындардың бірін алады (ол атмосфераға зиянды
заттардың лақтырыстары бойынша – бірінші орын).
Бірінші ТТ үшін – бұл тоқыма өнеркәсібі және машина
жасаудың сәйкес салалары; екінші – көмір өнеркәсібі,
қара металлургия, ауыр мешина жасау; үшінші –
электр энергетикасы, электртехникалық өнеркәсіп;
төртінші – химия және мұнай-химия өнеркәсібі, түсті
металургия, химиялық машина жасау, автомобиль
жасау.
70-ші жылдардың аяғында басталған бесінші ТТ
есептеу техникасының өндірісіне, микроэлектроникаға,
аспап жасауға, радиоэлектрондық өнеркәсіпке
сүйенеді. Және, ақырында, әлемнің озық елдері
информациялық технологиялар мен
телекоммуникацияларға, робот жасауға,
биотехнологияларға негізделген, алтыншы ТТ-ға өтуді
бастады.
Қазақстан озық елдерден бір тәртіпке қала отырып,
бесінші ТТ-ға әзірше баяу өтуде. Бұдан басқа, біздің
аймақта да реформа бесінші ТТ-ның ядросын құрайтын
салаларға теріс жерін тигізді. Қазақстан экономикасы
дамуының қазіргі кезеңінің ерекшелігі құрылымдық
қайта құру механизмінің толығымен жоқ болуы болып
табылады. Реформа басталға дейін болған ресурстарды
бөлудің орталықтандырылған механизмі жойылған,
құрылымдық қайта құрудың нарықтық механизмі әлі
құрылған жоқ.
Аймақтық экономика теориясында аймақтық дамуды
реттеуге екі қарама-қарсы ыңғай бар. Неоклассикалық бағыт
аймақтардың дамуындағы айырмашылықтар уақытша болып
табылады және нарықтық механизммен жойыладыдеп
болжайды.неокейнсиандық бағыт рынокты аймақтық
диспропорциялардың нашар реттегіші деп есептейді, олар
мұндай “реттеу” кезіңде тек қана тереңдетіледі және
аймақтық диспропорцияларды тек мемлекеттің программалы-
мақсаттық қызметі ғана жоя алады.
Ұлыбританияның (Шотландия), Германияның (Рур), АҚШ-тың
(Аппалачи) тоқырау аудандарында құрылымдық саясатты
жүргізуде бұл ыңғайларды пайдалану тәжірибесі біріншіден,
олардың қандай да бір комбинациясы керек; нарықтық
механизм әрекет ету керек, бірақ дамудың мақсаттық
бағдарламалармен белгіленетін тұрғыда әрекет ету керек деп
куәландырады. Екіншіден, мемлекеттік кірісудің нәтижелері
мақсаттардың дұрыс қойылуына және дағдарысты салаларды
мемлекеттік қолдаудың келешегі жоқ, өйткені ескірген
технологиялық тәртіпті “тоқтатып қоюды” білдіреді.
Дағдарысты салалардағы тек жоғары технологиялық және
ғылыми ауқымды өндірістерді ғана қолдау және оларды әр
тараптандыру тиімді.
Қазақстанда мемлекеттің құрылымдық қайта құруға
стратегиялық араласуынан қашып құтылу мүмкін емес, өйткені
“қуып жететін” экономика моделін іске асыру үшін ғана емес,
сонымен бірге әзірше толық көлемде қалыптаспаған нарықтық
шаруашылық механизмді толықтыру, түзету үшін қажет.
Қазақстандағы аймақтық саясат, менің пікірімізше, тоқырауға
қарсы емес, ал ел экомикасында аймақтың сақталуын ғана емес,
сонымен бірге атқаратын ролін күшейтуді қамтамасыз ететін,
құрылымды-инновациялық саясат болу керек. Ол үшін барлық алғы
шарттар бар: алуан түрлі табиғи ресурстар, қуатты өндірістік және
ғылыми потенциал, жоғары білікті кадрлар, ыңғайлы
геостратегиялық жағдай.
Қазақстан экономикасының құрылымдық қайта құру процесінде,
біздің пікірімізше, екі кезеңді бөліп көрсету керек: орта мерзімді және
ұзақ мерзімді. Жақын кезеңнің стратегиялық міндеті - өнеркәсіптік
өндірістің көтерілуін және аймақтық экономиканың бәсекеге
қабілеттілігіне қол жеткізу үшін аймақтың материалдық өндірісін
оңтайландыруды қамтамасыз ету.
Оңтайландырудың астарында оның құрылымын (көпшілігінде,
инфрақұрылымдық және тұтынымдылық кешендер үлесін ұлғайту),
салаларын (сала ішіндегі кәсіпорындарын бәсекелестігі және
ынтымақтастығы үшін жағдай жасау, кәсіпкерлік ортасын
кәсіпорындардың инфрақұрылымы орналасуы және т. б.),
кәсіпорындарын (техникалық қайта қаруландыру, қайта
құрылымдандыру, басқаруды жетілдіру) қосқанда, материалдық
өндірісті кешенді түрлендіру түсіндіріледі.
Оңтайландыру үшін дағдарыстағы кәсіпорындарда жоқ болатын
қаражат қажет болғандықтан, алдымен нәтижесінде алынған
қаражатты материалдық өндірісті оңтайландыруға бағыттай отырып,
аймақтағы өнеркәсіптік өндірістің көтерілуін қамтамасыз ету қажет.
Ұзақ мерзімді стратегиялық міндет Орталық Қазақстанда аймаққа
халықаралық еңбекті бөлуде қолайлы орында қамтамасыз ететін,
материалдық өндірістің (алтыншы ТТ-ның “ядросының”) “зерделі
құрылымын” қалыптастыру болып табылады. Сондықтан
Қазақстанның материалдық өндірісін құрылымдық қайта құру үшін
ортақ приоритет төмендегілер болып табылады:
өндірісті әлеуметтік қайта бағдарландыру;
қоршаған ортаға зиянды әсерді төмендету;
қолданылып жүрген кәсіпорындарды техникалық қайта қаруландыру,
соның ішінде әртараптандыру негізінде;
өндірістік инфрақұрылымды дамыту;
икемді өндірістік құрылымдарды қалыптастыру.
Ресурстардың тапшылығынан құрылымдық қайта құру үнемі
селективті. Әсіресе жақын міндетті - өнеркәсіптікөндірісті көтеруді
шешу үшін селективті қолдау объектілерін таңдау маңызды.
Салаларды маңдау критерийлері мыналар болуы мүмкін:
Жиынтық сұрауға салалардың ықпал етуі (ұқсас салаларды, жабдықтаушы-
салаларды есепке алумен);
Салалардың жиынтық ұсынысқа ықпал етуі тұтынушы – салаларды және жанама
әсерді, соның ішінде қанағаттандырылмаған сұранысты тұтынушы рыногына әсерін
есепке алумен;
Саланың экспортты жиынтық ұлғайтуға әсері.
Сонымен, жаңа тұжырым – аймақтың тұрақты әлеуметтік-
экономикалық дамуы үшін жағдайлар жасауға бағытталуы керек, бұл
ең алдымен оның әлеуметтік және экономикалық проблемаларын
шешудегі басымдықты болжайды. Оған салық саясаты
ынталандыратын, жеңілдікті несиелер қызмет етуге шақырылған.
Мемлекеттің шектелген экономикалық мүмкіндіктері жағдайларында
барлық салаларды ресурстармен және қаражатпен қамтамасыз ету
қиын. Сондықтан тұтынушылар рыногын дамыту және қажетті
инфрақұрылымды құру үшін күрделі салымдар түрінде тұтыну
сферасына бірінші кезекте бөлу керек.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz