Сабақ - мақсатты-дамытпалы құрылым




Презентация қосу
Дауыссыз дыбыстар

Бөлімі Сабақ Модуль мазмұны Уақыты
саны
Кіріспе 1 1.Модульгекіру 5 минут
2.Модуль мазмұнын түсіндіру 25 минут
3.Оқулықпен жұмыс 15 минут

Сөйлесу 2 1. Оқулықпен жұмыс 15 минут
бөлімі 2. “Өрмекші” ойыны 30 минут

3 “Дауыссыз дыбыстар елінде” 45 минут
ойыны
Қорытын 4 Сынақ 45 минут
ды
Нені білуі тиіс :

● Дауыссыз дыбыстардың өзіндік
белгілері;
● Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі.
Нені үйрену қажет :

● Дауыссыз дыбыстарға дыбыстық мінездеме
беру;
● Дауыссыздардың жасалу жолдары.
Кіріспе бөлімі
(модульге , тақырыпқа енгізу)

Модуль мазмұнын түсіндіру
Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап
шығуы арқылы жасалатын
дыбыстарды дауыссыз дыбыстар
дейміз.
Дауыссыз дыбыстардың қасиеттері :

Дауыссыз дыбыстарды айтқанда өкпеден
шыққан ауа кедергіге ұшырайды;

Дауыссыздар сөздерді буынға бөле алмайды;

Дауыссыз дыбыстардың кейбіреуінде ғана
дыбыс желбезегінің аздаған кедергісінен пайда
болған бәсең үн болады.
Дауыссыз дыбыстар өз ішінен үн мен салдырдың қатысына
қарай 3 топқа бөлінеді.

Қатаң Ұяң Үнді
дауыссыздар тек дауыссыздарда дауыссыздар
салдырдан үннен гөрі да салдырдан
жасалады : п, т, салдыр басым : гөрі үн басым
с, ш, к, қ, х, ф, ц, б, в, д, ж, з, г, ғ : л, м, н, ң, р,
ч, щ, һ й, /у/.
Дауыссыз дыбыстар жасалу орнына /дыбысталу мүшелерінің
қатысына қатысына/ қарай былайша жіктеледі

Ерін Тіс Тіл Көмей
дауысс дауыссы ортасы дауыссы
ыздар здар : з, : й, к, г. зы :һ
: б, п, с, ж, ц.
м, /у/

Тіс пен Тіл Тіл арты
алды дауыссызда
ерін
дауысс р : қ, ғ, ң, х.
дауыссыз ыздар :
дар : в, ф. ш, щ, ч,
н, л, р.

Тіл мен тіс
дауыссызда
ры : т, д.
Сөйлесу бөлімі
(оқушылардың танымдық қызметін
өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)

● Білу
● Түсіну
● Қолдану
● Талдау
● Жинақтау
● Бағалау
Білу
Мәтінді оқып, осындағы әр сөзде қанша дауыссыз дыбыс бар екенін
анықтаңдар.
Адам ата-анадан туғанда, есті болмайды: естіп, көріп, ұстап,
татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы,
сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады.
Естілердің аттқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті
болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол
естілерден естіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман
дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе
болады.
(Абай.)
Түсіну
Мәтінді көшіріп жазып, қатаң дауыссыздардың астын бір, ұяң
дауыссыздардың астын екі, үнді дауыссыздардың астын ирек сызықпен
сызыңдар.

Бүгін күн ерекше шайдай ашық. Аспанның көгілдірлігінен көз
алмай қарай бергің келеді. Шап шақ қана терезенің шыныларында
көптен бері сіресіп тұрған қырау жіпсіп, бусана бастады. Шатырдың
етегіндегі еріген сүңгі мұздың тамшысы тырс-тырс естіліп тұр.
Аспанның әсері ме, қар да аққудың көгілдіріндей әсем. Таудың
өркештері қарайып көрінсе, қарлы шыңдары аппақ. Ақ жіпке қара
моншақ тізгендей, ұзыннан ұзақ созылып жатқан әдемі тізбек.
(Ш.Мұртаза.)
Қолдану
“Өрмекші” ойыны.
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топ өздері отырған столдағы
тапсырмаларды бірлесе отырып орындайды. Орындап болған соң,
келесі столға көшеді. Осылай әр топ төрт столдағы
тапсырмалардың бәрін орындап шығады.
Тапсырмалар:
І стол. Қатаң дауыссыздан басталатын қазақтың ұлттық киімдерінің,
ұлттық саз аспаптарының аттарын жазыңдар.
ІІ стол. Ұяң дауыссыздан басталатын бірнеше биологиялық
терминдердің атын жазыңдар.
ІІІ стол. Бірдей дауыссыздардан басталатын сөздерден тұратын
сөйлем құраңдар.
Талдау
Мақалдағы дауыссыз дыбыстарға дыбыстық
мінездеме беріңдер.

Оқуын тапса, білім қонар.

Ең әдемі сөз – ең ақылды сөз.
Жинақтау
Қазақ халқының ауыз әдебиеті
үлгілерінен бірыңғай дауыссыз
дыбыстан басталатын өлең-
жырлардан үзінді келтіріңдер.
Бағалау

Дауыссыз дыбыстар туралы
грамматикалық ертегі жазыңдар.
Қорытынды бөлімі

(бақылау)
Тест үлгілері
Балама жауаптары бар тест.

1. Дауыссыз дыбыстар сөздерді буынға бөле ала ма?
а) иә в) жоқ
2. Дауыссыз дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа
кедергіге ұшырай ма?
а) иә в) жоқ
Таңдамалы тест.

1. Қатаң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.
А) ш, щ, ф, й
В) п, ц, ч, з
С) х, с, ж, р
Д) қ, к, т, с

2. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдыңқатысына қарай неше
топқа бөлінеді?
А) 2
В) 5
С) 4
Д) 3
Сәйкестілік тестісі

Дұрысын белгілеңіз
1. Қатаң а) п, т, с, к.
2. Үнді в) в, г, ғ, ж, з.
3. Ұяң с) р, л, м, ң.
Жауаптары :
а) 1а, 2в, 3с
В) 1в, 2с, 3а
С) 1а, 2с, 3в.
Толықтыруды қажет ететін тест

1. Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап
шығуынан жасалатын
дыбыстарды ..........................................................
... дейміз.
2. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда, өкпеден
шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне
соқтығып, .............................................. пайда
болады.
Қорытынды

Оқушының пәнге қызығушылығы
артады;
Танымдық процестері (жады, ойлау,
зейін) дамиды;
Белсенді сөздік қоры, ауызша және
жазбаша тілі дамиды;
Шығармашылық қабілеті артады.

Ұқсас жұмыстар
Сабақтың әдіс
Ойын технологиясы
Клиент аватары
Кәсіпорында маркетингті басқару процессі
Ұйымдастыру менеджмент функциясы ретінде
Жүйенің функционалды және обектілі декомпозиция түсінігі
Жеке бюджетті басқару
МАҚСАТТЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Табиғи сұрыптау
Заманауи сабақ
Пәндер