ҚАРА МЕТАЛЛУРГИЯ ТУРАЛЫ



ҚАРА МЕТАЛЛУРГИЯ
Қара металлургия - өзінің негізгі өнімдерін екінші рет қайта өңдеудің аяқталған кезеңін қамтамасыз ететін ғаламат сала және, сонымен бірге басқа салалар мен өндірістердің қалдықтарын кәдеге жаратуға қабілетті болып табылады. Қазақстан үшін қара металлургия - екінші дүние жүзілік соғысынан кейінгі жылдары ғана пайда болған ауыр өнеркәсібінің салыстырмалы түрдегі жас сала. Қазақстанда шойын, болат, бұйымдарды илемдеу және ферроқорытпа өндіріледі.

Болатты өндіру және тұтыну көлемі әрқашан мемлекеттің экономикалық қуатының негізгі көрсеткіштерінің қатарына кіретін. Сондықтан, Қазақстан Республикасы Үкіметімен елімізде импорттың орнын басатын және экспорттық әлеуетін көтеретін, металлургиялық кешенінде жоғары тауарлық дайындықтағы өнімді шығару өсімін қамтама- сыз ететін, ғылымды қажетсінетін бәсекеге қабылеттілігін құруға бағытталған бірқатар Бағдарламалар әзірленді.

«Қазақстан Республикасының 1999-2003 жылдарға арналған тау-кен металлургия кешенін дамытудың тұрақты жұмыс істеуін және стратегиялық басымдылығын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық Бағдарламасымен шағын және орта өндірісін құру жолымен ғылыми әзірлемені іске асыру және жоғары тауарлы дайындықтағы бәсекеге қабілетті өнімдерін шығару бойынша технологияны меңгеру мақсаты қойылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында 2003-2005 жылдарға арналған металургиялық кешеніндегі төртінші және бесінші өзгертіп жасау өндірісін құруды қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық Бағдарламасы әзірленген, мұны іске асыру республиканың металлургиялық саласында жаңа технологияны негіздеу мен әзірлеуге жағдай жасайды. Осындай өндірістерді ұйымдастыру импорт бойынша шығынды бірқатар төмендетуге, жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттылық базасында жаңа жұмыс орындарын құруға, осы өнімге ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

Бағдарлама материалында қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы металлургиялық кешенінің өндірістік жағдайы былай сипатталады:
елімізде қазіргі кездегі өндірісті дамыту үшін ғылымды қажетсінетін, жоғары технологиялық, арнайы материалдар мен қорытпаларының өнеркәсіптік өндірісі мүлдем жоқ;
машина жасау, мұнай газ, таулы-металлургиялық, жеңіл, тамақ және өнеркәсіптің басқа салалары, құрылыс индустриясы, ауыр машина жасау және кеме жасау үшін темір қақтау және металл өнімдеріне талап етілетін сұрыптау жүргізілмейді.
ең озық технология негізіндегі - ұнтақты металлургия, электрометаллургия, гальванотехника, жаңа литейлі мен химиялық технологиялар және т. б. материалдар мен металл бұйымдарының өнеркәсіптік өндірісі жоқ.
балансы аяғына дейін есептелмеген, металлдардың екінші ресурстары жеткіліксіз тиімді пайдаланылады, ал шетелге шығару бақылаусыз жүргізіледі.

Жүйелік негізде кәсіби даярлау мәселелері тау-кен металлургия саласында реттеледі. «ССТӨБ» АҚ, «Қазхром» АҚ, «Қазатомөнеркәсібі» АҚ, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС, «Қазцинк» АҚ, «Богатырь Аксесс көмір» ЖШС, «Арселор Миталл Теміртау» АҚ сияқты кәсіпорындар өткен жылы 40 мыңға жуық маман дайындады.
Негізінен кәсіпорындар жанынан өндірістік талаптарға бағдарланған кәсіби даярлауды жүзеге асырылатын оқу орталықтары құрылған. «ССТӨБ» АҚ (Соколов-Сарыбай тау-кен рудасы өндірістік бірлестігі) кадрларды даярлау оқу орталығы жылсайын 5 мыңға жуық маман дайындайды. Оқыту кәсіпорынға қажетті мамандықтар бойынша жүргізіледі: тау-кен өндірісі, фабрикалық, жерасты жұмыстары, темір жол, құрылыс-монтаж, жөндеу жұмыстары. Салалық кәсіби даярлау жүйесінің тиімділігі шетелдік жұмыс күшінің жоқ екендігін көрсетеді. Мысалға, «Қазцинк» АҚ-та 4 шетелдік маман тартылған, 2007 жылы - 6249, ағымдағы жылдың 6 айында - 3056 қызметкер дайындалған, «Богатырь Аксесс Көмір» ЖШС-де өткен жылы 751 қызмткер дайындалған (3 шетелдік қызметкер) .

ҚАРАҒАНДЫДАҒЫ ҚАРА ЖӘНЕ ТҮСТІ МЕТАЛЛУРГИЯ
Қарағанды облысы Қазақстанның бірегей, темірді марганецті, барит-полиметалды, сирек металды және көмірді аймақ болып табылады. Оның аумағында Республиканың 100% марганецті рудалардың балансты қорлары, 80%-дан астым - триоксид вольфрам, 63, 9% - молибден, 54, 2% - қорғасын, 38, 8% - мырыш, 36% - мыс, 31, 9% - көмір (оның ішінде кокс көмірдің барлық 100% қоры), 100% волластонит пен родусит - астбест, 70%-дан астым барит және т. с. с. топталған.
«Испат-Кармет» ААҚ. Кәсіпорын қара металл және шойын илектің барлық республикалық көлемін өндіреді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz