Қаратау ормандары


Slide 1

Қаратау ормандары

Тексерген: Мухитдинов Н. М.

Орындаған: Естемесова Э. Т.

Мгб 201к

Slide 2

Орман - жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Құрамы мен өсуіне қарай мәңгі жасыл, қылқанды, ақшыл қылқанды, күңгірт қылқанды, жапырақты, ұсақ жапырақты, жалпақ жапырақты, тропиктік, муссондық, мангрлық және т. б. ормандар деп бөледі. Орманның құрылымы ортаның физикалық-географиялық жағдайларына, өсімдіктердің түрлік құрамы мен биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады.

Slide 3

Орман зоналары - құрлықтың коңыржай, субтропиктік, тропиктік және субэкваторлық белдеулері мен табиғи ландшафтыларда ағашты-бұталы өсімдіктері басым экваторлық белдеудің табиғи зоналары. Негізінен, ылғалы жеткілікті немесе тым ылғалды солтүстік жарты шар аумағында тараған. Қоңыржай белдеуде (тайга зонасы, аралас және жалпақ жапырақты орман зоналары) күлгін, шымды-күлгін, кұба және орманның сұр топырақтарында өсетін қылқанды және түспе жапырақты ормандар кездеседі.

Slide 4

Орман топырақтың құрылысына, су алмасуына, онда органикалық және минералдық заттардың жиналуына әсер етеді. Орман топырағында ылғал жеткілікті, сондықтан оның құрамында шірінді көп. Орманды жердің топырағы қышқыл, мұндай топырақта өсімдік тамыры терең бойлап, минерал заттарды мол алады, суды көп буландырып, ондағы жануарлар мен өсімдіктерге қолайлы микроклимат жасайды. Орман ағаштары, оның ішінде ‘’мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаштар’’ өз жапырақтары арқылы өздері өскен қоршаған ортаға зиянды ‘’’ауру қоздырғыш бактерияларды’’’өлтіретін, хош иісті заттар (фитонцид) шығарады. Сондықтан да, қылқан жапырақты орманды аймақтарда көпшілік демалып, тынығатын ‘’’курорт-санаторийлер’’’ орналастырылады.

Slide 5

Қазіргі кезде дүние жүзінде орман аумағы 3 млрд. га-дан астам, яғни дүние жүзінің 27 - 28%-н орман алып жатыр. Өкінішке орай, адамзат қоғамы өз тарихында бүкіл О-ның 2/3 бөлігін жойған, сонымен бұрын жер бетінің 75%-н алып жатқан ормандардың көлемі көп кеміген. Әлемдегі ормандар негізінен 5 белдемде өседі ( Орман белдемдері) . Жалпы Ораманның таралуындағы заңдылық салқын аймақтарда қылқан жапырақты, қоңыржай аймақтарда қылқан жапырақты және майда жапырақты ормандар аралас, ал жылы аймақтарда негізінен ірі жапырақты ормандар өседі.

Slide 6

Қазақстанда орман қоры 21, 8 млн. га жерді алып жатыр. Яғни, республикамыздың барлық жерінің 3, 35 %-ын құрайды. Біздің еліміздегі ормандар жүйесі негізінен Солтүстік және Шығыс аймақтарда шоғырланған. Ормандардың бірнеше типтері бар. Олар - сексеуіл, қарағай, шырша, самырсын, қайың ормандары, тоғайлар мен бұталар.

Орман қоры жер шары бойынша жылдан-жылға азая түсуде. Құрлықтың 62 млн. км² жерін өсімдіктер мен орман алып жатыр. Республикамызда ормандар аз және олардың жағдайы мәз емес. Оның негізгі себептері - адам факторы, өрт, ауа райының өзгеруі мен айнала қоршаған ортаның ластануы.

Орманды қорғау біздің міндетіміз. Орманның адам мен жалпы биосфера үшін маңызы зор.

Slide 7

Қаратау

Slide 8

Каратау - Оңт. Қазақстан территориясындағы Тянь Шань тауының солт. Батыс бөлігіндегі таулы аймақ. Каратау Талас Алатау мен созылып Сарысу Шу жазығына созылып жатыр. Тау жоталарының ұзындығы - 420 км. Ол Шығыс немесе Кіші Қаратау және Оңт. батыс Қаратау болып бөлінеді. Ең биік шыңы - Бессаз (H-2176) . Шығыс Қаратауда жел соғуы әлсіз болады мұнда тау жоталарының ең биік нүктелері орналасқан. Оңт. Батыс Қаратау бірнеше тау жазықтарына бөлінген. Қаратаудың оңт. Батысында Сырдария өзені, солт. шығысында Талас өзені жатыр. Каратау өзіне жақын областардың ауа райы мен климатына үлкен әсерін тигізеді. Қаратаудың орташа температурасы қаңтарда -10 С. Солт. шығыс және оңт. батыс беткейлерінде - 4-6 C, Орташа жылдық атмосфералық жауын- шашын мөлшері 200-400 мм.

Slide 9

Қаратау атауы - қазақтың тарихымен, ұлттық болмысымен біте қайнасып кеткен аномастикалық нысан, халқымыздың баспанасы, қарашаңырағы іспеттес рәмізге ие. 1723 жылғы “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” тауқыметін суреттейтін, өз кезінде нағыз ұлттық гимнге айналған “Елім-ай” жырындағы “Қаратаудың басынан көш келеді. . . ” деп әспеттелетін мәртебелі тау осы. 30-жылдардағы аштықта да бұл мекен қазақ халқының зұлматтан аман қалуына көп септігін тигізгені белгілі.

Slide 10

Табиғаттың тамашасына көз салғыңыз келсе, Қаратаудың баурайына барыңыз, келбеті көркем көптеген көрікті жерлерді көріп, көңіліңіз көтеріліп қайтады. Жаратылыстың сұлулығы мұнда да жетіп жатыр. Оны қолмен қашап жасаған мүсіншінің туындысы дерсіз. Беткейінің топырағы да басқаша, қоңыр және қызғылт қоңыр түсті, келген адамның көзіне ол бірден түседі. Сан алуан өсімдіктер де таудың келбетіне шырай қоса түседі.

Slide 11

Қаратау қорығы

Қаратау қорығы, Қаратау тау жоталарының орталық бөлігінде орналасқан. 2004 ж. ұйымдастырылған. Аумағы 34, 3 мың га. Қорық жері айналасында орналасқан Мойынқұм шөлдерімен және Бетпақдала өңірімен шектеседі. Қорықтың солтүстік-шығысында Созақ ауданы бар, батысында Байалдыр және Түйетас, оңтүстігінен Талдыбұлақ, ал ұзына бойына Жыңғылшық өзендері ағып өтіп, Қараағаш тау жотасына ұласады. Қорық аймағы ерте кезден бастап-ақ адамдардың тіршілік етуіне қолайлы аймақ болғандығы ондағы тас, қола және темір дәуірлерінен қалған мәдени ескерткіштерден айқын байқалады.

Slide 12

Қаратау қорығы

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың орта тұсында Қаратау аумағында мекендеген Тянь-Шань аюы, түркістан сілеусіні сияқты жануарлар антропогендік факторлардың ықпалынан бұл төңіректен мүлдем жойылып кетті. Адам баласы да өз қолымен биологиялық алуан түрлілікке зиян келтіріп, табиғи орныққан тұрақтылықты бұзып, соның салдарынан туындаған қасіреттен жапа шегіп, зардабын тартып жатты. Еліміз көптен аңсаған тәуелсіздігін алып, Елбасының білікті де салиқалы саясатының арқасында өркендеп, әлемнің дамушы елдерінің қатарына қосылды. Мемлекетіміз Біріккен Ұлттар Ұйымымен бірлесе отырып табиғатты қорғау бағдарламаларын жүзеге асыруда.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Қорықтардың ерекшеліктері
Наурызым ормандары
Орман өсімдіктері
Өсімдік жамылғысының антропогендік факторлардан өзгеруі
Ертіс орманы резерваты
Қазақстан ормандары
Биологиялық ресурстар және оларды тиімді пайдалану мәселері
Қара топырақ Жапырақты ормандар
ҚАРАТАУ ҚОРЫҒЫ
Түркістан облысының жер ресурстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz