ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯ
Презентация қосу
Қаржы
ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯ
1. Инфляцияның табиғаты
және оның қаржымен
өзара байланысы
2. Инфляцияға қарсы
саясат шаралары
1. Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен
өзара байланысы
• Экономикалық құбылыс ретінде
инфляция көптен бері өмір сүріп келеді.
• «Инфляция» термині ақша айналысына
қатысты XIX ғасырдың орта шенінде
пайда болды және АҚШ-тың Азамат
соғысы жылдары (1861-1865жж.) қағаз
долларының қисапсыз көп
шығарылуымен байланысты болды.
Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы
ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін
кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік
экономикалық әдебиеттерде ол 20-шы
жылдары жазыла бастады. Инфляцияның
дәстүрлі ең жалпы анықтамасы - тауар
айналымының қажеттілігімен салыстырғанда
айналыс сферасының артық қағаз ақша
массасымен лықа толып кетуі, олардың
құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде -
тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның
өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының
төмендеп кетуі.
Ақшаның құнсыздануына
мына факторлар себепші
болады:
айналысқа артық ақшаның
шығарылуы;
қолайсыз төлем балансы;
үкіметке сенімнің жоғалуы.
Ұзақ уақыт бойы инфляцияны
монитарлық құбылыс деп санай
отырып, ол ақшаның
құнсыздануы мен тауар
бағаларының өсуі тұсында
түсіндіріліп келеді. Инфляция -
әлемнің көптеген елдеріндегі
экономиканың қазіргі дамуының
ең өткір проблемаларының бірі
болып есептеледі.
Инфляцияның көріну нысандары:
тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі,
оның үстіне бір қалыпты емес өсуі, мұның
өзі ақшаның құнсыздануына, оның сатып
алу жарамдылығының төмендеуіне
ұрындырады;
ұлттық ақша бірлігінің шетелдік ақша
бірлігіне қатысты бағамының төмендеуі;
ұлттық ақша бірлігінде көрінетін алтынның
бағасының көтерілуі.
Инфляцияның ішкі және
сыртқы факторларын айыра
білу қажет. Ішкі
факторлардың арасында
ақшаға жатпайтын және
ақшалай-монетарлық
факторларды бөлуге болады.
Ақшаға жатпайтындары - бұл шаруашылық
сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдық
дамуы, өндірістің монополизациялануы,
инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік-
саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және
басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік
қаржының дағдарысы - бюджет тапшылығы,
мемлекеттік борыштың өсуі, ақша эмиссиясы,
сондай-ақ, кредит жүйесінің кеңеюі, ақша
айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде
кредит құралдарының өсуі және басқалары
жатады.
Дүниежүзілік құрылымдық
дағдарыстар, басқа елдерге
инфляцияны экспортқа шығаруға
бағытталған мемлекеттік валюта
саясаты, алтынды, валютаны
жасырын экспортқа шығару
инфляциясының сыртқы
факторлары болып табылады.
Инфляцияның іс-әрекетін қаржы
проблемаларымен байланыстырып отыру
қажет, өйткені, инфляция құбылысы мынадай
қаржылық факторларға тәуелді болып келеді:
белгілі бір салық нысандары мен әдістерін
қолдану;
инфляциялық сипаттағы шараларды
мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырудың
ауқымы;
мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың
әдістері;
мемлекеттік берешектің көлемі.
Бірінші фактор - мемлекет
шығыстарының өсуі, бұл ерекше төлей
алушылық сұранымның артуына
жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге
әсер етеді.
Екінші фактор - табысқа салынатын
салықтың көбеюі. Салықтың едәуір бөлігі
баға механизмі арқылы тұтынушыға
ауысады және рыноктегі бағаның
көтерілуінің басты себебі болады.
Үшінші фактор - бюджеттердің ұзақ
уақытты тапшылықтары.
Инфляция қаржы қатынастарын да
өзгерістерге ұшыратады.
Біріншіден, инфляция тауарлар мен
қызметтерге бағаның өсуі салдарынан
мемлекет шығыстарының өсуін
жандандырады.
Екіншіден, инфляция қаржы ресурстарын
құнсыздандырады және салық түсімдерін
арттырудың қажеттігін тудырады.
Үшіншіден, инфляциялық процесс
мемлекеттің берешегі проблемаларын
шиеленістіреді.
Сөйтіп, қаржы мен инфляция өзара
тәуелді болып келеді. Ақшаның
құнсыздануы және бағаның көтерілуі
мемлекеттің шынайы кірістерін
төмендетуге, бюджеттің шығыстарын
көбейтудің қажеттігіне, салық
ауыртпалығының күшеюіне,
мемлекеттік бюджет тапшылығынан
болатын мемлекеттік борыштың
өсуіне ұрындырады.
Осыған ұқсас мемлекеттік берешектің
проблемасы шиеленіседі, өйткені
қарыздарды тарту үшін мемлекет өзінің
бағалы қағаздарының табыстылығын
несиелік пайыз деңгейінен жоғары
көтеруге мәжбүр болады, бұл мемлекеттік
борыштың атаулы өсуін тудырады. Қаржы
қатынастары мен инфляциялық
процестердің бір бағыты келеңсіз сипаты,
бірін-бірі өзара толықтыра отырып,
экономикалық жүйедегі келеңсіз
нәтижелерге апарады.
Мәселен, инфляция бірқатар
әлеуметтік-экономикалық
проблемаларды тудырады: ақшалай
табыстардың құнсыздануы, ұзақ
мерзімді инвестицияларға деген
экономикалық ынтаның түсуі,
ақшалай жинақтардың құнсыздануы,
нақтылы пайыздың төмендеуі,
экономикалық байланыстардың
бұзылуы және т.т.
2. Инфляцияға қарсы саясат шаралары
• Инфляцияның өрістеп, күшеюі
экономикалық және әлеуметтік қарама-
қайшылықтарды асқындырып
жіберетіндіктен мемлекет инфляцияны
жою және ақша айналысын
тұрақтандыруға арналған шаралар
қолдана бастады.
Инфляция кезінде мемлекет іс-қимылының екі
нұсқасы болады:
1) бейімделу саясатын жүргізуге немесе
инфляцияға бейімделу; бұл кезде табыстарды,
жалақыны, пайыздық мөлшерлемелерді,
инвестицияларды индекстеу жөнінде шаралар
қолданылады; компаниялар мен фирмалар
қысқа мерзімде жобаларды өткізеді, жеке
тұлғалар табыстың қосымша көздерін
іздестіреді және т.т.
2) инфляцияны төмендету немесе басу жөнінде
инфляцияға қарсы шаралардың кешенін жүргізу.
Инфляцияға қарсы саясат ақшалай
ұсынымды шектеудің әр түрлі әдістерін
қамтиды;
1. Орталық банктің нақты ақша
эмиссиясын қысқарту арқылы
айналыстағы ақша массасының ауқымын
азайту;
2. Барлық кредит ресурстарын
қымбаттату және оларға қол жететіндігін
азайту мақсатында орталықтандырылған
кредиттер үшін қайта қаржыландырудың
есептік мөлшерлемесін арттыру.
3. Кредит мультипликаторын қысу
және коммерциялық банктердің
кредит экспансиясын шектеуге
жету үшін Орталық банктің
коммерциялық банктерге
резервтік талаптарын арттыру.
4. Сондай мақсаттарда Орталық
банктің кредиттерін тікелей
қысқарту.
Жалпымемлекеттік және жергілікті
деңгейлердің бюджет шығыстары
жайында басты бағыт барлық мүмкін
болатын баптар бойынша оларды
барынша қысқарту болып табылады.
Әлбетте, зейнеткерлерді, оқушыларды,
тіркелген кірістері бар қызметкерлерді
қорғау жөніндегі өміршеңдік маңызды
әлеуметтік қажеттіліктер қамтамасыз
етілуі тиіс.
Бюджет шығыстарын шектеуге
мыналар арқылы жетуге болады:
а) тура әдістермен - шектеумен,
яғни заңнамалық актілер немесе
өкілетті мемлекеттік органдардың
өкімі негізінде қол жеткен
деңгеймен салыстырғанда
оларды мәжбүрлеу арқылы;
ә) секвестрлеу әдісімен - барлық
шығыстарды әр түрлі факторлармен
анықталатын төмендетудің берілген
жалпы мөлшеріне сәйкес
пропорционалды төмендетумен;
б) қолда бар кірістердің деңгейін
бақылаумен;
в) мемлекеттік бюджет
тапшылығының деңгейін шектеумен.
Кез келген жағдайда шығыстарды
қысқарту дамудың көптеген
ұлттық бағдарламаларының іс-
қимылына әсер етіп, тез
қайтарым бермейтін әр түрлі
лайықты жобалардан,
шаралардан бас тартуды
мәжбүрлейді.
Мыналардың нәтижесінде
инфляцияның екінші типін -
шығындардың өсуінен туатын
инфляцияны жою проблемаларын
шешу неғұрлым қиынырақ болып
келеді:
1. жалақыны көбейту;
2. ұйымдық сипаттағы себептер
бойынша шаруашылық механизімінің
бұзылуына байланысты еңбек
өнімінің төмендеуі;
3. шикізат және энергетикалық
ресурстар иелерінің инфляциялық
тосулары, осыған қарай олар
өндірістің бастапқы өнімдеріне
бағаны көтереді.
Өндіріс шығындарымен байланысты
болатын инфляцияны жою өзара
байланысты проблемалардың
бірнеше күрделі блоктарын шешуді
қажет етеді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz