Қазақстан Ресупбликасының дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту бағыттары


Slide 1

Қазақстан Ресупбликасының дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту бағыттары

Slide 2

Еліміздің қаржы секторы тәуелсіздік жылдарында, әсіресе соңғы жылдары серпінді дамып, алға қарай сапалы қадам жасады. Оны халықаралық сарапшылар да қуаттайды. Халықаралық сарапшылар Қазақстандағы қаржы нарығының қарыштап, даму барысын бақылап отыр. «Сіздерді Батыс елдеріне ұсына алатын да өкілдер бар» - деді әлемдік Банк басшысы Джеймс Вульфенсон. Бұл жөнінде Алматыда болған қаржыгерлер конгресінде де атап өтілді. Бұл конгресс 2009 ж 19 қаңтарыңда өткен еді, оған еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев қатысып қаржыгерлер алдына жеті мәселені атап - атап беріп, шешімін табуды аманат етті. Алғашқысы, құнды қағаздар нарығын бүгінгі күн талабына сай етіп құру. Екіншісі, осы қаржылық қордың нарығына қарапайым халықты тарту. Құнды қағаздар сатып алуға кез келген Қазақстан азаматының мүмкіндігі болуы шарт. Үшіншісі, зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту, бұл бағдарлама бойынша біздегі зейнетақы қорларының инфляцияға тәуелділік қаупінен ажырауы тиіс және жеке кәсіппен айналысқан азаматтардың да зейнетақымен қамтамасыз етілуі тиіс. Төртінші міндет, ол - сақтандыру саласын дамыту, ел экономикасының барлық саласында сақтандыру енгізу қажет. Бесінші міндет, ол - қаржылық дағдарыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі. Біздің нарыққа келген кез келген инвестор, банкир, кәсіпкер біздің қаржы институттарының қауіпсіздігіне сеніп, біліп келулері тиіс. Алтыншы міндет, шағын несие институттарын дамыта түсу. Жетінші міндет - әсем Алматыға қатысты, Оңтүстік астананы халықаралық қаржы орталығына айналдыру. Алматы алып бизнес ошағына айналуы үшін қаржыгерлер қаржы салуы тиіс. Мемлекеттік органдар тиімді жағдай, инфрақұрылымын дамытуға күш салуы тиіс. Президент қаржыгерлер конгрессінде бұл жеті міндетті тек қаржыгерлерге ғана емес, үкіметке де үлкен сын болмақ. 2009 жылғы 19 қаңтарында Қазақстан Қаржыгерлерініц V конгресінде оқыған Қазақстан Президенті - Н. Ә. Назарбаевтың баяндамасы

Slide 3

Жылдар

2004ж.

2005ж.

2006ж.

2007ж

2008ж

2009ж

Экономикаға берген несиелер млрд теңге, соның ішінде

672, 4

978, 1

1 484, 3

2592, 1

4 690, 9

7 129, 9

Банктік емес занды тұлғаларға берілген несиелер

613, 8

856, 3

1 180, 2

1 923, 3

3156, 9

4604, 7

Жеке тұлғаға берілген несиелер

58, 6

121, 8

304, 1

668, 8

1534, 1

2525, 2

Шағын кәсіпкерлікті несиелеу млрд теңге

146, 5

196, 2

288, 4

470, 2

861, 0

1469, 3

ҚР ЕДБ-дің экономикаға берген несиелерінің динамикасы

мен құрылымы мерзім соңына қарай

Slide 4

2006 ж. 4 ай ішінде банктік сектор тұрақты дамыды. Бұл ретте банктік сектордың жай - күйін сипаттайтын негізгі көрсеткіштің динамикасы оң болды. 2006 жылғы 1 ақпанындағы жағдай бойынша ІІ-ші дәрежелі 35 банк жұмыс істейді, оның ішінде 1 банк консервация жағдайында. Осы жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша шетелдік қатысуы бар 15 банк (ҚР - ның резидент емес банктерінің еншілес 9 банктерін қоса алғанда ) және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ. Банктердің жиынтық меншікті капиталы 354, 7 млрд тг дейін (валюталық баламасы (1, 5) 7, 1 млрд АҚШ долларынан астам) 2, 0% өсті. Банктердің жиынтық активтері 2, 1% төмендеді және 56, 6 млрд тг жуық болды. 2006 ж. 1 ақпандағы бағаланған жағдай бойынша банктердің кредиттік протфельдің құрылымындағы стандарттық кредиттердің үлесі 55, 9%, күмәнді кредиттер - 41, 3 % үмітсіз кредиттер - 2, 8 % болды. 2006 ж. 1 ақпандағы ІІ-ші деңгейлі банктердің жиынтық табыс сомасы 30, 8 млрд тг. болды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғаңда 12, 41 % өсті. Ал банктердің бөлінбеген таза табысы 3, 1 млрд тг. болды, бұл былтырғы жылдық көрсеткіштен жоғары, яғни 41, 9% - өсті. Қазіргі таңда 14 банк жабылу үстінде тұр. 2. Сақтандыру нарығы. Сақтандыру ұйымдарын кезең-кезеңімен капиталдандырудың үш жылдық жоспары енгізілуде. Бұл отандық сақтандыру ұйымдарының тұрақтылығын жоғарылату, сондай - ақ шетелде сақтандыруға бағытталатын сыйлықтардың көлемін қысқарту үшін қажет. 2006 ж. 1 ақпандағы жағдай бойынша 36 сақтандыру ұйымдары сақтандыру қызметін жүргізуге лицензия алған, оның 2 адам өмірін сақтандыруға, 29 автокөлік жүргізуші ұйымдары, 8 сақтандыру брокерлік, 26 актуаршілік, 34 аудиторлық ұйымдар мен 68 аудиторларда бар.

Slide 5

Қазіргі уақытта агенттік бірқатар мүдделі ведомстволармен бірге ҚР-ның 2006-2008 ж. ж. арналған жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту бағдарламасын әзірлеу үстінде. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін мемлекеттік реттеудің басымдылықтарының бірі жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуын қамтамасыз ету және зейнетақы активтерінің кірістілігін көтеру болып табылады. Бұл ретте ұлттық зейнетақы жүйесін дамытудың белгілі бір кезеңдерінде әрі қарай оң кірістілікпен жабылатын теріс кірістіліктің пайда болуына жол беріледі. Жоғарыда баяндалған жәйттерге байланысты агенттік ең төменгі шекті инвестициялық кіріс деңгейін белгілеуді ұсынады. Инвестициялық кірістің жетіспеушілігі жағдайында зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым (ЗАИБЖҰ) немесе ЖЗҚ оны меншікті капиталдың есебінен төменгі шегіне дейін қалпына келтірілетін болады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесің дамыту бағдарламасының жобасы: • Зейнетақы активтері портфелін ұзақ мерзімді қаржы құралдарымен қалыптастыруға жағдай жасайды; • Құнсыздану деңгейін есепке ала отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшеріндегі жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуына мемлекеттік кепілдік берудің орындалу тәртібін көздейді. 4. Бағалы қағаздар рыногы.

Slide 6
Ұқсас жұмыстар
РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
АЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ
Алдағы міндет
МЕМЛЕКЕТТІҢ АЙМАҚТЫҚ САЯСАТЫ
МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ
Қазақстанның тұңғы президенті
ОҢТҮСТІК КОРЕЯ МЕМЛЕКЕТІНІҢ АҚША- НЕСИЕЛІК РЕТТЕУІ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына заңдылық жауаптылық
М. С. Горбачев реформасы тұсындағы Қазақстан (1985–1991 жж. )
Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz