Қазақстан Республикасындағы банктік жүйенің қалыптасуы мен дамуы


Slide 1

"Қазақстан Республикасындағы банктік жүйенің қалыптасуы мен дамуы"

Slide 2

Кіріспе

Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасайды. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қояды. Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметінің қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.

Slide 3

Бұл жұмыс 2 бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімінде Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы, банктік жүйенің нарықтық экономикадағы ролі, Қазақстандағы банктік жүйенің реформалануы қарастырылады.

Екінші бөлімде Қазақстан Республикасында банктерді ұйымдастырудың формалары туралы, соның ішінде Ұлттық банк: оның құрылымы, міндеттері, жүргізетін саясаттары және Коммерциялық банктер: олардың құрылымдық элементтері, мақсаттары, операциялары туралы мәліметтер бар.

Slide 4

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз байланысып келеді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кіреді.

Slide 5

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан бірден нарықтық экономика талаптарына жауап беретін меншікті банктік жүйесін құруға кірісті. 1991ж. қаңтарында, елдегі банктік реформаның бастамасы болып табылатын, "Қазақ КСР-дағы банктер және баенктік қызмет туралы заң" қабылданды. Республикалық Мемлекеттік банк облыстық басқармалары мен бөлімшелері бар ҚР Ұлттық банкіне айналды. Республикалық өнеркәсіп құрылыс банкі - акционерлік-коммерциялық Туран банкіне, Агроөнеркәсіпбанк - ҚР акционерлік-коммерциялық Агро банкіне, Республикалық Жинақ банкі - ҚР акционерлік-коммерциялық Жинақ банкіне ауысты. 1993ж. бұл банктер акционерлык банктер болып қайта өзгерді, ал Жинақ банкі Қазақстан Республикасы Халықтық банк деген атқа ие болды.

1989ж. басынан бастап, алғашқы коммерциялық, аралас, кооперативтік, жеке банктер пайда бола бастады. Осы жылы көптеген коммерциялық банктер құрылды.

Slide 6

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РОЛІ

Банктердің және тауарлай-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді

Slide 7

Банктер экономикалық басқарудың органы

Банктер экономикалық басқарудың органы болғандықтан, оның өз клиенттерінің алдындағы жауапкершілігі де экономикалық сипатта болады. Банктердің экономикалық жауапкершілігінің ең алдымен олар қызмет көрсететін меншік түріне, едомствалық тәуелділігіне байланысты емес, шаруашылық органдарының, шаруашылық және қаржылық қызметтерінің нәтижелерімен байланысты. Банктердің айналысында өздеріне әрбір банкті таңдайтын фирмалар мен компаниялар топталады. Олар басқа жағдайларда пайдамен қамтамасыз етілетін, өзі және клиенттері үшін операцияларды неғұрлым тиімді жүргізетін несиелік сипаты жүргізіледі.

Slide 8

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ РЕФОРМАЛАНУЫ

Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде несиені басқарудың жүйесін және шаруашылық қызметіне банктік қызмет көрсету механизмін құру, банктер мен кәсіпорындардың қызметіне жетекшілік етуде экономикалық әдістерді қолдану; банк пен клиенттері, сонымен қатар, банктің өз жүйесі шеңберіндегі, оның жекелеген буындарының арасындағы өзара қарымөқатынастар жүйесін қайта құру, яғни, жаңа процестер мен құбылыстарды ескере отырып, принципті түрде реформалау қажеттілігінің маңызы зор.

Slide 9

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ РЕФОРМАЛАНУЫ

1992 жыл ішінде Қазақстанның экономикасына несиелік салымдардың көбеюі байқалады. 1992 жылдың І тоқсанында несиенің соммасы жалпы ұлттық өнімнің - 11, 3%-ын құраса, ал IV-тоқсанда - 29, 8% құрады. Бұл негізінен қайта қаржыландыру және Ұлттық банктің несиесі есебінен болды, әрі бұл өз кезегінде Ресейдің Орталық банкінің контокорренттік несиесімен қаржыландырады. Оларды келесідей мәліметтер куәландырады: 1992 жылдың І тоқсанында Ұлттық банктің коммерциялық банктерге берген несиелерінің соммасы - 6, 7%, IV тоқсанда - 17, 8%-ды құраған. Мұндай несиелік ресурстарды арнайы банктер арқылы орталықтандырылған әкімшілдік үлестіру - өміршең емес шығынды мемлекеттік кәсіпорындарға несие беру нәтижесінде банктерде жұмыс жасамайтын несиелердің, яғни банктердің несиелік портфелінің нашар несиелерінен құрылуына әкеліп соқтырады.

Slide 10

1993ж. Ұлттық банктен 7, 5 млрд. теңге соммасында орталықтандырылған несие берілді, 5, 6 млрд. теңгесі - үкіметке, яғни олардың үлесі 75%-ды құрады, ал олар бойынша жалпы қайтарылған сома 138, 5 млн. теңгеге немесе 3, 9%-ға тең болды, қалған бөлігінің мерзімі ұзартылған болып табылды.

Slide 11

Кәсіпорындар арасындағы төлемсіздік дағдарысынан шығуда үлкен 3 шараны жүзеге асырады:

1) Басқа да өміршең кәсіпорындардың қарыз көлемін азайту мақсатында тиімді немесе өміршең кәсіпорындардың қарыздарын қайта қаржыландыру. Ұлттық банк бұрынғы мамандырылған банктер арқылы қайта қаржыландыруға 245, 6 млн теңге несие берді.

2) Үкімет жаңа төлем құралдарын енгізді. Мемлекеттік кәсіпорындарға чектер немесе төлем, тапсырма бойынша алдын ала төлеуді талап ететін төлем құралдарын қолдануға рұқсат етілді.

3) Бұрынғы одақтас республикалар республикааралық есеп айырысу банктерін қайта құру келісіміне келді. 1992ж. соңында Қазақстан мен Ресей, екі елдің кәсіпорындарының қарыздарын өзара есепке алу туралы екі жақты келісімге қол қойды, ол қарыздар соммасы 1992ж. аяғында 80 млн теңгені құраған.

Slide 12

Қазақстан Республикасында төлем құралдарын тиімді пайдалануды жоғарылату үшін

1995ж. Ұлттық банктің басқармасымен келесідей: "Қазақстан Республикасында есеп айырысудың вексельдік жүйесі туралы уақытша ереже", "Банктік сервистік бюро туралы уақытша ереже", "Қазақстан Республикасы аумағында дебиттік және кредиттік карточкаларды пайдаланумен байланысты шетел валютасындағы есеп айырысудың уақытша тәртібі" нормативтік құжаттар дайындалып бекітіледі. Сонымен қатар, бұрын бекітілген нормативтік актілерді: "Қазақстан Республикасындағы чектермен есеп айырысу туралы ережесі", "Чектердің клирингін жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің клиринг палатасы туралы ереже", "ұйымдастырылған нарықта онкольдық қарыздарды беру және қайтару бойынша операцияларды жүргізу туралы ережені" енгізуге байланысты жұмыстар атқарылды.

Slide 13

Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Ұлттық банк жүйелері өздерінің дамуы барысында мынадай қызметтер атқарады:

1. Ақша-несиелік реттеуді тереңдету. Ол үшін: банк беретін қайта қаржыландыру несиелерінің көлемін реттеу, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау, міндетті резервтік нормаларды бекіту, валюталық нарықтағы интервенцияларды, сонымен қатар, Ұлттық банктің мемлекеттік бағалық қағаздармен де, бағалық қағаздармен де операциялар жүргізу сияқты классикалығ ақша-несиелік құралдарын неғұрлым тиімді пайдалану.

Республикамыздағы директивті несиелерді беру жөніндегі жинақталған тәжірибе көрсеткендей, оның қайтарылуы 24 %ды құрағаны белгілі, сондықтан келесіде мұндай несиелерді беру көзделмейді. Бұл тұрғыда орталықтандырылған несиелер тек банктердің қысқы мерзімді өтімділігіндегі қажеттілігін қанағаттандыру үшін ғана несиелі ресурстар аукциондары, банкаралық нарық, ломбардық несиелеу, РЕПО операциялары және вексельдерді қайта есепке алу арқылы берілетін болады.

Slide 14

2. Валюталық реттеуді жүзеге асыру және алтын валюта резервтерін басқару. Шетел тәжірибесін ескере отырып, оның ішінде негізгі ұлттық валюталық нарықтағы сұрансы пен ұсыныстың ара қатынасын көрсететіін теңгенің валюталық бағамына және экономикаың бәсекелестік қаблеттілігіне, баға деңгейінің өзгеруі мен басқа да факторлаға қатысты саясатты Ұлттық банк одан әрі жүргізуге дайын. Өтімділіктің тактикалык портфелі валюталық бағам мен қысқы мерзімді міндеттемелерді жабу саясатын жүргізу үшін қажет. Бұл портфельдің табыстылық нормасы орналастырудың сәйкес мерзімі бойынша ЛИБИД мөлшерлемесімен анықталуы мүмкін. өтімділік портфелінің негізгі құралдары болып ақша нарығының құралдары табылуы тиіс.

3. Банк қызметің реттеу қағидаларымен банктік қадағалау жүйесін түбегейлі жақсарту. Ұлттық банктің Қазақстандық банктерге қоятын талаптары банктік қадағалаудың халықаралық стандарттарына сай келтірілген болады. Ондай халықаралық танылған стандартты қолдану банктердің капиталдандыруына және банктердің тәуекелдерге бейімделіне нақты баға береді, ал бұл өз кезегінде банктердің акционерлері мен жетекілік және екінше деңгейдегі банктермен қарым -қатынастағы Ұлттық банктің жетекшілігінің әлдеқайда негізделген шешімдер қабылдауына мүмкіндік береді.

Мұндай көмек көрсетуге қажетті жағдай - банктің менеджмент сапасын нығайту мен банктің ағымдағы қаржылық жағдайын бақылап отыру үшін Ұллтық банктан тұрақты бақылаушыларды ендіру болып табылады.

Slide 15

4. Банк жүйесінің бухгалтерлік есебі мен статистикасын реформалауды аяқтау. 1995ж. орта мерзім кезеңінде басталған Қазақстан Республикасын банкері мен басқа да несиелік мекемелеріндегі бухгалтерлік есеп пен есеп беру жөніндегі біртұтас әдістемелік саясатты қамтамасыз ететін банктік жүйедегі реформалануы аяқталады. Орта мерзімді бағдарламада, сонымен қатар, статистикалық көрсеткіштерді салыстыруда қамтамасыз ететін және халықаралық тәжірибеде қабылданған, банктік, ақшалай көмек беретін жаңа шоттар доспарына сай екінші деңгейдегі банктердің статистикалық есеп беруінің жаңа нысандарын ендіру және жетілдіру қарастырады.

5. Ұлттық банктің облыстық (аумақтық) басқармаларының мақсаттары. Орта мерзімді кезеңде банктің облыстық (аумақтық) басқарламарына айрықша мәне беріледі. Іс жүзінде барлық жүргізілетін өзгерістер Ұлттық банктің облыстық (аумақтық) басқарламалары арқылы жүзеге асырылады.

Орта мерзімді кезеңде облыстық (аумақтық) басқармалар мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалу қызметін Қаржы министірлігінің қазынашылығына берумен байланысты күрделі құрылымдық қайта құру жұмыстарын жүргізуді қарастырады.

Slide 16

6. Екінші деңгейдегі банктер жүйесінің одан әрі дамуы мен өзгерістері. 1998 жылдың соңында Қазақстанның банктік жүйесінің деңгейі-ломбардтар, несиелік бірлестікетр, трасталық, лизингтік, факторингік фирмалар, клирингтік палаталар т. б. түрлерінде көрініс табатын банктік емес қаржылық мекемелердің жүйесімен толықтырылады және екінші деңгейдегі банктерден тұратын болады. Банктік жүйенің тұрақты элементтерінің бірі-депозиттерді ұжымдық сақтандыру жүйесі болып табылады. Бұл орайда Ұлттык банкпен, банктердің ассоциациялары және Қаржы министірлігі бірлескен түрде депозиттерді ұжымдық сақтандыру жүйесін қалпына келтіру тәртібі және шараларын анықтайтын нормативтік базаны жасауда жұмыс жүргізуде. Депозиттерді ұжымдық сақтандыру қоры, мемлекеттік бюджетпен қаражаттарды тартпай, екінші деңгейдегі банктердің ерікті бірігуі негізінде, яғни қатысушылардың қоскан қаражаттары есебінен құрылады.

7. Ұлттық банк еліміздің қаржылық нарықтарының дамуына қатысуы.

Несиелік нарық. Бұл орайда жоғарыда айтылған себептерге байланысты аукциондық несиелердің ролі әлдеқайда төмен. Ломбардтық несиенің де маңызы болмайды.

Банкаралық ақша нарығы. Банкаралық ақша нарығының дамуы банктердің уақытша бос ресурстарын сатудағы немесе өтімділікке деген қысқа мерзімді қажеттіліктерін ұйымдасқан түрде өтеуге мүмкіндік береді.

Валюталық нарық. Валюталық нарық банкаралық нарықтың валюталық тәуекелдіктерді сақтандыру құрамының дамуы және форвардтық валюталық мәліметтерді кеңейту бөлігінде тереңдету бағытында дамиды.

Қымбат металдар нарығы. 1995ж. қымбат металдармен байланысты қарым-қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлықтарын қабылдауға байланысты республикамызда бұл қатынастарды мемлекеттік монополиядан мемлекетік реттуге көшу жүзеге асырыла бастады.

Slide 17

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ

Ұлттық банк - бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке ауысқан банктердің банкісі боып табылады, іс жүзінде Ұлттық банкке барлық кассалық кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие ала алады.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының банк жүйесі
Банк жүйесі жабық жүйе
Қазинвестбанкі
Private Banking халықаралық тәжірибесі және оның ерекшеліктерін ескере отырып Қазақстанның практикасында қолдану мүмкіндігі
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының ағымдағы жағдайы
УНИВЕРСИТЕТІ БАНК ІСІ ПӘНІ
Жапонияның ақша - несие саясаты
Банктік тұтыну несилері
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі
Экономикалық жүйені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz