ӨЛШЕМ ҚҰРАЛДАРЫ


Slide 1

ӨЛШЕМ ҚҰРАЛДАРЫ. ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫН НОРМАЛАУ. ДӘЛДІК КЛАСТАРЫ.

Лекция 12

Slide 2

ӨЛШЕМ ҚҰРАЛДАРЫ

Өлшем құралдары деп өлшеу жұмыстары үшін қолданылатын, нормаланған метрологиялық қасиеттері бар техникалық құралдарды айтады.

Өлшенетін шаманың мәнін дұрыс табу өлшем құралдарына байланысты.

Өлшем құралдарын дәлдеу деп метрологиялық органдар арқылы өлшем құралдарының қатесін, олардың дәлдігі жағынан қолдануға жарамдылығын тексеруді айтады.

Slide 3

ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫ

Функционалды мақсатына қарай техникалық құралдар тобы:

Өлшемдер (біртаңбалы, көптаңбалы, өлшемдер жиыны),

Өлшеуіш түрлендіргіштер,

Өлшеуіш приборлар,

Өлшеуіш қондырғылар,

Өлшеуіш жүйелер.

Ө Л Ш Е М Қ Ұ Р А Л

Өлшеуіш түрлендіргіш №1

Өлшеуіш түрлендіргіш №2

Өлшеуіш түрлендіргіш №3

Есептеуіш құрал

Кіру сигналы

Лекция 11

Өлшем құралдың сызбасы

Стандартты үлгілер :

зат құрамының стандартты үлгісі

зат қасиетінің стандартты үлгісі

Өлшеуіш түрлендіргішрің сызбасы

Кіру сигнал

Өлшеуіш түрлендіргіш №1

Шығу сигнал

Slide 4

Өлшем сигналдары

Өлшенетін физикалық шаманың мәні өлшем құралдарының бірінен екіншісіне сигналдар арқылы беріледі.

Жиі қолданылатын өлшем сигналдары мыналар:

тұрақты деңгейлік сигналдар (тұрақты электр тоғы және электр кернеуі) ;

синусоидалық сигналдар (айнымалы электр тоғы немесе электр кернеуі) ;

тікбұрышты импульстер жүйесі (электрлік немесе жарық сигналдары) .

Берілген сигнал өлшем сигналы болуы үшін оның параметрлерінің біреуі өлшенетін физикалық шамамен функционалдық байланыста болуы керек.

Функционалдық байланыстағы параметрі информативтік параметр (мәлімет параметрі), ал қалғандары информативтік емес параметрлер деп аталады.

Берілген бастапқы сигналдың өлшем сигналына айналуын модульдену деп атайды.

Slide 5

Өлшем құралдарының өлшем нәтижесіне, дәлдігіне әсер ететін қасиеттерін өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамалары деп атайды. Өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларын қарастырайық.

1. Өлшем құралдарының көрсетуін анықтайтын сипаттамалар. Оларға жататындар: өлшем аспаптары мен өлшем түрлендіргіштерінің түрлендіру функциялары; өлшемнің бір қатарлы және көп қатарлы мәндері; өлшем аспабының немесе көп қатарлы өлшемнің шкала бөліктерінің мәні; шығыс кодының түрі және код разрядының саны; өлшем құралы кодының кіші разряд бірлігінің мәні.

2. Өлшем құралдарының көрсету сапасы ретінде көрсету дұрыстығы мен дәлдігін анықтайтын сипаттамалар. Көрсету дәлдігі көрсетудің орташа квадраттық ауытқуымен анықталады; көрсету дұрыстығын өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау арқылы түзетулер енгізіп анықтайды.

3. Өлшем құралдарының әсер етуші басқа факторларға сезімталдығын анықтайтын сипаттамалар. Олар - әсер функциялары және әсер ететін шамалардың өзгеруіне байланысты өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларының өзгеруін анықтау.

Өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамалары

Slide 6

Өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамалары

4. Өлшем құралдарының инерциялық қасиеттеріне байланысты динамикалық сипаттамалар.

5. Өлшем құралдарының өлшем басында (кірісте) және өлшем аяғында (шығыста) басқа объектілермен немесе құрылғылармен әрекеттесуін анықтайтын сипаттамалар.

6. Шығыс сигналдың информативтік емес параметрлері.

Өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамалары олардың сапасы мен техникалық деңгейлерінің көрсеткіші болып табылады.

Slide 7

Өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларын нормалау

Нормалау деп өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларының іс жүзіндегі мәндері олардың номиналды (нақты) мәндерінен рұқсат етілген шекке дейін ғана ауытқуын анықтауды айтады.

Метрологиялық сипаттамаларды нормалау арқылы олардың бірін-бірі ауыстыра алатындығы мен өлшемнің бірегейлігі қамтамасыз етіледі.

Өлшем құралдарының қолданылуының қалыпты жағдайы мен жұмыс жағдайы олардың нормативтік-техникалық құжаттарында көрсетіледі.

Қалыпты жағдайда метрологиялық сипаттамалардың мәндері әсер етуші факторларға тәуелсіз болады.

Қалыпты жағдаймен салыстырып қарағанда, жұмыс жағдайында әсер етуші шамалардың өзгерісі көбірек, сондықтан метрологиялық сипаттамалар әсер етуші факторларға байланысты едәуір өзгеріп отырады.

Жұмыс жағдайынан тыс шектерде метрологиялық сипаттамалардың мәндері белгісіз.

Slide 8

Өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларыны нормалау

Бірінші топқа жататын типтік метрологиялық сипаттамалар осы типтегі өлшем құралдарының номиналды (нақтылы, көрсетілген) сипаттамалары ретінде нормаланады.

Өлшем түрлендіргіштері үшін номиналдық түрлендіру функциясы формула, кесте, график түрінде беріледі.

Бір қатарлы және көп қатарлы өлшемдердің номиналды мәндері атаулы сандармен беріледі.

Екінші топқа жататын метрологиялық сипаттамаларды нормалауда өлшем құралының көрсету дұрыстығы түзетулер енгізу арқылы қамтамасыз етіледі. Берілген типтегі өлшем құралдары үшін түзетудің белгілі бір шектері тағайындалады.

Көрсету дәлдігі орташа квадраттық ауытқудың рұқсат етілген шегімен анықталады.

Екінші топтың нормаланған метрологиялық сипаттамалары нормаланған жағдай үшін және жұмыс жағдайы үшін де жасалынады.

Slide 9

Өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларыны нормалау

Үшінші топтың метрологиялық сипаттамалары тек жұмыс жағдайы үшін нормаланады. Жұмыс жағдайында әсер етуші факторлардың мәндерінің өзгерісі көрсетудің дәлдігі мен дұрыстығына әсер ете бастайды. Бұл өзгерістер әсер функциясы арқылы ескеріледі.

Нормативтік-техникалық құжаттарда номиналдық әсер функциясы, одан ауытқудың рұқсат етілген шектері және шектік әсер функциясы сан, формула, кесте және график түрінде беріледі.

Төртінші топқа жататын метрологиялық сипаттамалар да осыған ұқсас нормаланады. Номиналдық динамикалық сипаттамалар, одан ауытқудың шектері және шектік динамикалық сипаттамалар анықталады. Олар сан, формула, кесте немесе график түрінде беріледі.

Бесінші және алтыншы топтың нормаланған метрологиялық сипаттамалары өлшем құралдарының нақты түрлері мен типтерінің нормативтік-техникалық құжаттарында белгіленеді.

Slide 10

Өлшем құралдарды метрологиялық аттестаттау және тексеру

Метрологиялық аттестаттау деп метрологиялық мекемелердің өлшем құралдарын жан-жақты зерттеп, олардың метрологиялық қасиеттерін анықтап қажетті құжаттар беруін айтады.


Ұқсас жұмыстар
Эталондар мен тексеру сұлбалары
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заң
Біріктірілген және жиынты өлшемдер
Метрология объектілері
Наладка ремонты, юстировка және өлшеу құралдарын калибрлеу
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы ҚР заңы
Өлшеуіш аспаптар
Өлшеу және өлшеу құралдарын жіктеу
Физикалық шамалардың өлшем бірліктері
ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН БЕЙІМДЕУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz