Макроэкономика пәні




Презентация қосу
Макроэкономика пәні
Макроэкономика ғылым ретінде экономикалық
құбылыстар мен үрдістерді экономикалық
теориялар мен үлгілер түрінде жүйелеп
қорытуға арналған. Мұнда экономика біртұтас
жүйе ретінде қарастырыла отырып, тауарлар
өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін
және оның өсуін, инфляция қарқыны мен
жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас
бағамдары мен төлем балансының жағдайын
зерттейді. Сондай-ақ макраэкономика өндіріс
көлемінің, жұмысбастылықтың, тауар және
ақша нарықтарындағы тепе-теңдіктің ұзақ
мерзімдегі өзгерістерімен қатар, экономикалық
айнымалылардың қысқа мерзімді тербелістерін
зерттейді.
Экономикада өзара әрекеттесет
ін 4 сектор
Үй шаруашылықтары жұмыс күшін ұсынады, игіліктерге
сұранысты білдіреді, алатын табысын тұтыну мен жинақтар
арасында бөледі. Өз әрекеттерімен үй шаруашылықтары әл-
ауқатын жақсартуға тырысады.

Кәсіпкерлік секторды ел ішіндегі барлық фирмалар құрайды.
Фирмалар өндіріс процесінде қолданылатын ресурстарға
сұраныс тудырады, тауарлар мен қызметтерді ұсынады,
инвестициялар жасайды. Әдетте фирмалардың мақсаты пайданы
барынша арттыру болып табылады.

Мемлекеттік секторға, ең бастысы, қоғамдық игіліктерді өндіріп
шығаратын барлық мемлекеттік ұжымдар кіреді. Ол мысалыға
қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, әлеуметтік қамсыздандыру, ғылым
және білім аясындағы жетістіктер. Мемлекет елдің тиімді
экономикалық дамуына қолайлы шарттар құруға ұмтылады. Ол
салық жинау, трансферт төлеу, тауарлар мен қызметтерді өндіру
және сатып алу, ақша ұсынысын және сыртқы экономикалық
қызмет ету шарттарын белгілеу арқылы экономикалық саясатты
құрып жүзеге асырады.

Сыртқы сектор дегеніміз шетелдегі экономикалық субъектілердің
жиынтығы, сонымен қатар шетелдік мемлекеттік институттар.
Олар елдің экономикасына халықаралық сауда, капитал және
ұлттық валюталарды өзара тиімді айырбастау арқылы әсер етеді.
Макроэкономикалық моделдер мен
айнымалылар
Макроэкономикалық модель дегеніміз –
экономикалық құбылыстар мен процесстердің
жеңілдетілген абстрактылы көрінісі, ол
экономикалық айнымалылардың арасындағы
өзара байланыстар мен арақатынастарды
анықтайды.

Экзогенді Модель Эндогенді
Ұлттық есеп жүйесі

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) дегеніміз белгілі
уақыт аралығында (жыл, тоқсан) елдің
территориясында өндірілген барлық
түпкілікті тауарлар мен қызметтердің
құны.
Ал жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) осы елдің
тұрғындары иемденетін өндіріс
факторларын пайдалану арқылы
алынған барлық түпкілікті тауарлар
мен қызметтердің құнын көрсетеді.
ЖҰӨ = ЖІӨ + шетелден түсетін
таза факторлық табыстар
Жалпы ішкі өнімді өлшеудің үш
тәсілі белгілі:
1) Шығыстар бойынша;

2) Кірістер бойынша;

3) Қосылған құн тәсілі.
Шығыстар бойынша есептелген ЖІӨ
ЖІӨ экономикадағы барлық түпкілікті
сатып алулар сомасы түрінде анықталады:
ЖІӨ = С + I + G + NX,
С – үй шаруашылықтарының жеке
тұтынушылық шығыстары,
I – жалпы инвестициялар,
G – тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік
сатып алу,
NX – экспорт (X) пен импорттың (Z)
айырмасына тең тауарлар мен
қызметтердің таза экспорты.
ЖІӨ кірістер (табыстар) бойынша
есептеу.
ЖІӨ = Ұлттық табыс+Таза жанама салықтар +
Амортизация
Ұлттық табыс (NI) келесі компонентерден
құрылады:
Еңбек ақы(жалақы, сыйақы);

Меншік иелерінің табыстары(шағын фирмалар,

дүкендер);
Рента (қозғалмайтын мүліктен түсетін табыс);

Корпорациялардың пайдасы (жұмысшылар

мен несиегерлерге төлегеннен кейін қалғаны);
Таза пайыздар.
Ұлттық шоттар жүйесінің басқа
көрсеткіштері
Жеке табыс (PI) = Ұлттық табыс (NI) – Корпорациялардың пайдасы,
+ Дивидендтер,
– Әлеуметтік қамсыздандыруға арналған жарналар,
+ Трансфертік төлемдер,
– Таза пайыздар,
+ Пайыз түрінде жеке табыс.
Жеке табыстың негізінде басқа маңызды көрсеткіш анықталады.
Қолдағы жеке табыс (DI) = Жеке табыс (PI) – Жеке салықтық және
салықтық емес төлемдер.
Бұл салықтар мен салықтық емес төлемдерді төлегеннен кейін үй
шаруашылықтары мен ұсақ меншік иелерінің қолында қалатын
табыс.
Жеке қолдағы табыс (DI) = Тұтыну + Жинақтар, мұндағы
жинақтар 3 топқа бөлінеді:
жеке жинақ;
мемлекеттік жинақ;
ұлттық жинақ.
Өсу қарқыны және индекстер

ЖҰӨ дефляторы = Атаулы ЖҰӨ /
Нақты ЖҰӨ
Тұтыну бағаларының индексі (CPI) =
Ағымдағы жылдың тұтынушылық
қоржынының құны / Базалық жылдың
тұтынушылық қоржынының құны

ЖІӨ өсу қарқыны = (ЖІӨ - ЖІӨ-1) / ЖІӨ-
1,

Ұқсас жұмыстар
Экономика негіздері пәні мен әдістері
Ағымдық тұтыну шығындары
Халықаралық экономика теориясының объектісі және пәні
Медициналық тиімділік
Макроэкономика түсінігі
МАКРОЭКОНОМИКА ПӘНІНЕ КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ МАКРОЭКОНОМИКА ЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК
Қазақстан экономикасына тарихи экскурс
Макроэкономикалық үлгілердің экономикалық мәні
Макроэкономикаға ғылымы
Пәндер