Мемлекет және құқықтың пайда болуы, мемлекеттің шығу туралы теориялары, тарихи типтері және мәні
Презентация қосу
Мемлекет және құқықтың пайда болуы, мемлекеттің
шығу туралы теориялары, тарихи типтері және мәні
1. Алғашқы қауымдық құрылыстың жалпы мінездемесі және оның
мемлекеттік құрылымнан айырмашылығы. Алғашқы қоғамның
нормативті басқарылуы.
2. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауының заңдылықтары,
себептері және мемлекет пен құқықтың пайда болуы.
3. Мемлекет пен құқықтың пайда болуының батыстық (еуропалық)
және шығыстық (азиялық) жолдары.
4. Мемлекет пен құқықтың пайда болуын түсіндіретін сан алуан
теориялар (теологиялық, келісім-шарт, психологиялық, маркстік,
куштеу, конвергенциялау теориялары).
5. Мемлекеттің түсінігі және белгілері. Саяси-халықтық билік
мемлекеттің белгілері ретінде.
Ғылыми зерттеулердің мәліметтеріне қарағанда
біздің ғаламшарымыз – жер осыдан 4-5 млрд. Жыл
бұрын пада болған. Адам яғни саналы –homo
sapiens жер бетінде осыдан 40мың жыл бұрын пада
болған дейді антрополог ғалымдар. Алғашқы
мемлекеттік құрылымдар біздің дәуірімізден 4-5
мың жыл бұрын пайда болғанын ғылыми
зерттеулер дәләлдеді.Соған сәйкес ежелгі адамдар
35 мың жылдар бойы мемлекеттік құрылымдарсыз
өмір сүрген.
Мемлекеттілікке дейінгі кезең ғылымда алғашқы қауымдық
құрылыс немесе рулық қауым деген атаумен белгілі.Бұлай
болатын өз себебі бар,өйткені адамдар ол кезде қауым,ру-ру
болып тайпаларға бірігіп өмір сүрген. Бірлестіктерге бірігу қандас
туыстық, бірге тұру және бірлесіп, ортақтасып еңбектенуге
негізделінетін.
Ру - адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі, туысқан
адамдардан тұратын қауымдастық. Оның мүшелері өзара некеге
отырмайдв. Барлық халықтар рулық дәуірден өткен. Қазіргі
халықтардың кейбіреуінде рулық дәуірден қалған әдет-
ғұрыптары, дәстүрлері әлі де сақталған.Қазақтың әдеті бойынша
жеті атаға дейін қыз алысып-беріспейді.
Рулық қоғамда қауымдық билік болған. Ру өміріне
байланысты мәселелердің барлығын рудың жалпы жиналысы
қарап, шешіп отырған. Оған жынысына қарамай, кәмелетке
толған ру мүшелерінің баолығы қатысатын.Қандай мәселе болса
да, жалпы қауымның келісімімен, әлілдік жолымен шешілетін. Ру
ағасына ақылы толған,ру әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін білетін
адам сайланатын. Бірнеше рулар бірігіп, тайпа құрайтын.Тайпаны
басқару үшін ру ағаларынан кеңес құрылатын. Сол кеңесте
рулардың тұрмысына, басқа тайпалармен қарым-қатынасына
баланысты мәселелер қаралатын.
Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келгенде алғашқы
қауымдық құрылыс (яғни рулық қауым)жөнінде оларға ғана тән
мынадай сипаттарды атап-атап көрсетуге болады.
Ру (алғашқы қауым) мүшелері ортат
шаруашылықпен айналысуына қандас
туыстастығына, барлығына ортақ аумақта
бірге тұрып өмір сүруіне сүйенген.
Ортақ тіде сөйлеген және дәстүрлері,әдет-
ғұрыптары жалпы барлығына бірдейдей
болған.
Ру (алғашқы қауым)адамдары арасында некелік
қатынастардың орын алуына тыйым салынған.
Мысалы,қазақтар некелік қатынастарына
тыйым салу “жеті жарғы” жеткенде дейін
сақталып келген яғни жақын туыстар түгілі
жамағайындар арасындағы некелік
қатынастарға да тыйым салатын болған.
Ру(қауым( адамдарының өлгенін барлық
қауымдастарға ортақ қабірстанға жерлейтін
болған.
Мемлекеттердің пайда болуының әрқилы жолдарының болуына
қарамастан, олардың бәріне өз ықпалын тигізген қозғаушы күш — ру-
тайпалық құрылыстың (қауымның) ыдырауы мен ұйымдасқан түрдегі
мемлекеттік биліктің қажеттілігінен туындаған болатын.
Сондай-ақ құқықтың пайда болуында біркелкілік сипат болмаған,
әрбір мемлекетте оның даму барысына әрқилы қозғаушы күштер өз
ықпалын тигізген. Құқық дамуында да екі жолдың бар екені мәлім:
1. Құқықтың пайда болуының шығыстық жолы (Ежелгі Шығыс
елдері) мұнда құқықтың қалыптасуы мен дамуына үрдістер зор
ықпалын тигізген. Сондықтан, қазірдің өзінде де Ежелгі Шығыс
елдерінің қайсы біреулерінде құқықтың басты қайнар қөзі ретінде діни
нормалар қолданылуда.
2. Құқықтың пайда болуының Еуропалық жолы. Бұл елдерде әдет-
ғұрыптық құқықтардан басқа зандар мен прецеденттік (үлгі боларлық
шешім) құқық та дамыған.
Дегенмен, құқықтың пайда болуына ортақ түрткі фактор (себеп) - сан
алуан қүрделі қоғамдық қатынастардың пайда болу
Мемлекеттің шығуы
Мемлекет пен құқықтың шығуы туралы теориялар
туралы түрлі теориялар бар. Осы
құбылыстардың пайда болуын олар түрліше түсіндіреді. Марксизм-ленинизм
ілімі мемлекет пен құқықтың пайда болуын таптық теория тұрғысынан
түсіңдіреді. Рулық қауым құлдырап, жеке меншік пайда болып, қоғам екі тапқа
— қанаушы және қаналушы таптарға бөлінген соң, олардың арасында
шешілмейтін қайшылықтар, ымырасыздық орын алады. Сол екі тап нәтижесіз,
тоқтаусыз күресте бірін-бірі жойып жібермеуі үшін рулық биліктің орнына
жаңа саяси құрылым — мемлекет пайда болады. Мемлекет аталған
қайшылықтарды шешу үшін емес, кедей тапты байлардың еркіне көндіріп,
оны қанауға, езуге жағдай туғызу үшін құрылған. Сондықтан қандай да
мемлекет болсын тек қанауды мақсат тұтып, бай, яғни үстем таптың игілігін
көздеп, соның мүддесін қорғайды. Ф. Энгельс "Отбасы жеке меншік және
мемлекеттің пайда болуы" деген ғылыми еңбегінде мемлекет пен құқықты
үстем таптың құралы деп таниды. Социалистік мемлекет те таптық мемлекет.
Бірақ ол сан жағынан қоғамның басым көпшілігін қүрайтын еңбекші таптың
мүддесін қорғайды.
Теологиялық (діни) теория мемлекет пен құқықтың пайда болуын құдайдың
құдіретімен байланыстырады. Әрбір ірі дінде құдайдың әрекеті деген діни-
құқықтық қағидалары бар. Қазіргі заманда да кейбір мемлекеттер осындай
қағидаларға негізделіп құрылып, қызмет атқаруда. Бұл қағидаларға сүйене
отырып дін теоретиктер мемлекет пен құқық құбылыстарын діни рәсімдерге
байланыстыра түсіндіреді.
Патриархалдык, теория мемлекет пен құқықтың шығуын отбасының дамуымен
байланыстырады. Отбасының қожасы ер адам, ол отбасын өз еркімен билейді,
отбасы мүшелерінің арасындағы қатынастарды реттейді. Сөйтіп, отбасы
мүшелерінің белгілі бір тәртіпке бағынып, қалыптасуының жөн-жобаларын
анықтайды. Адамдар осындай қағидаларды басшылыққа алып, мемлекет
құруда отбасын басқару үлгілерін қолданған деп түсіндіреді бұл теория.
Келісім-шарттық, теория мемлекет пен кұкықгың шығуын, пайда болуын адамдар
арасындағы келісім-шартпен байланыстырады. Тағылық дәуірде адамдар өмір сүру үшін
бірімен-бірі жауласып, соғысып, әбден береке-қасиеті кетеді. Сондай қауіпті, келіссіз
өмірден құтылу үшін адамдар өзара ымыраға келісіп, шартқа отырады. Соның
нәтижесінде мемлекет құрып, оған қоғам мүшелерінің барлығын қорғауды, лайықты емір
сүруге жағдай туғызуды міндеттейді. Қоғам мүшелері де заң талаптарына бағынатыны
туралы міңдеттеме алады, деп түсіндіреді бұл теорияны жақтайтындар.
Күштеу (зорлау) теориясы мемлекет пен құқықтың шығуын зорлық-зомбылықпен
байланыстырады. Күшті тайпалар әлсіз тайпаларды жаулап алып бағындырып, олардың
қарсылығын басып тұру үшін мемлекет және оған тән басқару, күш қолданатын
органдарды құрады дейді.
Мемлекет пен құқықтың шығуын түсіндіруге тырысатын бұл
аталғаннан басқа да теориялар бар. Осы теориялардың бәріне
тән бір белгі бар — ол мемлекет пен құқықтың адам қоғамы
дамуының белгілі бір сатысында пайда болуы. Шынында да
тарихи деректерге жүгінсек, мемлекет пен құқықтың қоғам
дамуының белгілі бір кезеңінде шыға бастағанын байқаймыз.
1. Мемлекет (таптық тәсіл бойынша) - бір таптың
(азшылықтың) бір тапқа (көпшілікке) үстемдік етуін
қолдайтын саяси ұйым.
2. Мемлекет (жалпы әлеуметтік тәсіл бойынша) - саяси
ұйым (ассоциация). Бұл саяси ұйымға оның мүшелері
бұқаралық-биліктік қатынастар арқылы біріктіріледі. Мұнда
мемлекет адамдардың өзара ымыраға келуінің құралы болып
табылады.
Мемлекеттің және кұқықтың пайда болуының жолдары
Мемлекеттің пайда болуы және оның қалыптасуы ұзақ уақыт бойы жүретін
процесс. Ол әр халықта әрқилы болып өткен.
Мемлекеттің пайда болуының тарихи екі түрлі жолын атап айтуға болады:
1. Мемлекеттің пайда болуының шығыстық жолы (Ежелгі Шығыс, Африка,
Америка). Осы жолмен көшпелі мемлекеттер де пайда болған.
Өздерінің дамуы барысында мемлекеттін, пайда боларында бұл мемлекеттер
шығыс жолымен жүріп өтті. Сонда бұл жолдың сипаты мына белгілерден
көрінеді:
- рулық (алғашқы) кауымға тән ерекше белгілер (атрибуттар): жерді қауым болып
иелену мен оларға ұжымдық меншік ру-тайпа ақсүйектерінің (абыздар, әскери
көсемдер және с.с.) колына шоғырланған. Бұл шоғырлану ру-тайпалық
құрылыстың (яғни қауымның) ыдырауы барысында да сақталған. Ал енді
бұлардағы басқарудың қоғамдық құрылымдары мемлекеттік органдарға
айналған, ал ру-тайпа ақсүйектері шенеуніктер аппаратына өзгерген, сонда жер
қоғамдық болудан өзгеріп мемлекеттікке көшкен.
2. Мемлекет дамуының Еуропалық жолы. Мемлекеттер дамуында бұл жолды
Рим, Афины елдері жүріп өткен. Бұл жолға тән сипаттарға келер болсақ, олар
алғашқы қауымдық құрылыстың (ру-тайпалардың) ыдырауының белсенді түрде
болғанын сөйтіп жеке меншік пен таптардың пайда болғанын атау керек.
Мысалы, Римде мемлекеттің пайда болуына үлкен ықпалын тигізген плебстер
мен патрицийлердің қүресі болды. Соның нәтижесінде плебстер демократиялық
жеңілдіктер алған.
Әрбір рудың (қауымының) өзіне тән атауы болатын:
Руды (қауымды )ең беделді қауым мүшесі көсем (ру ағасы) басқаратын,оның
өзі қауымның жалпы жиналысында сайланатын.
Сонымен,мемлекеттілік кезеңге дейінгі әлеуметтік бейлік тікелей түрде
қоғамдық болған, оның құрылуы алғашқы қауымдылық демократияға,өзін
өзі басқаруға негізделген-тін, оның ықпалы тек ру(қауым)тегіне ғана
таралатын да сол рудың (қауымның)ырқын(ерік-жігерін)білдіретін,қандас
туыстардың өзара қатыстылықтарына негізделетін,мұнда қауымның
жиналысы биліктің органы ретіде іс атқаратын,ру ағалары алғашында
ешқандай жеңілдіктерге ие болған деп тұжырым жасауға болады.Ф.Энгельс
алғашқы қауымдық құрылысты “алғашқы қауыдық каммунизм”,”адамзаттың
алтын ғасыры” деп атаған.
Алғашқы қауымдық кезеңде қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеу, рулар
мен тайпалардың әлеуметтік –экономикалық бірлігін білдіріп және оны
қамтамасыз етіп отырған адамдардың тіршілік етүу әрекеттерінің өзінде
болатын. Мұның өзі еңбек құралдарының жетілдірілмеген
қарапайымдылығымен, еңбек өнімділігінің мардымсыздығына байланысты
еді. Осыдан барып бірлесіп тұру еңбек құралдары қоғамдық меншіктің
болуын және өндірілген қоректік өнімдерді теңдей етіп бөлу қажеттілігін
туындатады. Ал мұның өзі алғашқы қауымдық қоғам нормаларының табиғи
болмысына әжептәуір ықпалын тигізді.
Нормалар алғашында “табу – тыйымдар түрінде болды, бірте –бірте олар әдет –
ғұрыптарға ұласты (сөйтіп басқа,екінші түрге айналды ). Кейінірек те
моральдық норималар пайда бола бастады.
Әдет-ғұрып қауымдағы адамдардың қарым- қатынасын реттейтін, дағдыға
айналған география, ұлттық, экономикалық факторларға байланысты
тарихи қалыптасқан, жазылмаған мінез- құлық қағидасы. Әдеттер ру
тұрмысының дамуына байланысты, ру мүшелерінің арасындағы қатынасты
жөнге салып, реттеу үшін олардың өсіп-өніп, өмір сүруін қамтамасыз ету үшін
қажетті құрал ретінде қолданады. Олар ұрпақтан ұрпаққа ауысып, ру
мүшелерінің сана –сезіміне ананың сүтімен, қауым өмірінің үлгісімен сіңіп,
олардың иінез- құлықтарын, іс- әрекетін алға бағыттап отырды. Ру әдеттері
барлық ру мүшелерінің еркін білдіріп, мүдделерін қорғайтын қағидалар
танылып, оны мүлтіксіз орындау әрбір ру мүшелерінің дағдысына айналды. Ру
әдет- ғұрыптарын сақтау, орындау- міндет пе әлде құқық па деген сауалру
мүшелерінің ойына кіріпте шықпайтын. Олардың түсінігінше ру әдеттерін,
дәстүрлерін бұлжытпай орындау табиғи,өзінен- өзі түсінікті жағай болып
сналады. Рулық әдеттер, дәстүрлер қандай болғанын қазақ халқының
тарихынан да көруге болады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz