Қазақстан Республикасының металлургия кешенінің қазіргі жағдайы


Slide 1

Қазақстан Республикасының металлургия кешенінің қазіргі жағдайы

Қазақстанда металлургия дами бастады. Алғаш рет КСРО-ның территориясында Қазақстанда сульфидті мысты кенді флотациялы байыту мен сәуле түсіргіш пештерде концентраттарды балқыту игеріліп, ол Қарсақбай мыс байыту зауытында жүргізілді (1928 ж. ) .

Slide 2

Орталық Қазақстанның

өнеркәсібі үш шағын жартылай

қолөнер өндіріс болып көрінді.

1884 жылы өнімділігі 4 мың

тоннаға шейін жеткен.

Спаск мыс балқыту зауыты және

оны Успенск кеніші жанына Ушаков деген көпес салдыртқан, 1950 жылы көпес Попов Қызыл Еспеде салдыртқан қорғасын - күміс зауыты және үшіншісі 1884 ж. гүмиад тауын жолында салынған қорғасын - күміс зауыты, ол 12 жылда 15 т қорғасын мен 145 кг мыс шығарған. Зауыттарда бірнеше ондаған жұмысшылар жұмыс істеді және жұмыс маусымдық сипатта болды. Кенді шағын шахталық пештерде жүргізді. Кен мен металды түйелер кернеуімен жеткізіліп, дайын өнім Қарқара арқылы Ертіс пристанына жіберілді.

Slide 3

Қазақстанда пайдалы қазбаларды іздеуді қаржысы (капиталы) белсенді жүргізіп, ол барлық түсті металлургияны өз қолына алған болатын. 1904 жылы ағылшындар мен француздар «Спаск мыс кенінің акционерлік қоғамын» ұйымдастырып, оны 10 жылдан соң 1919 жылы Гульшад кен орны жетілдірген болатын. Ресейде өндірілген қара мыстың 16 % -ы мен қорғасынның 3, 3 % -ы 1913 жылы Қазақстанның үлесіне тиген болатын.

Балқаш қаласы кен - металлургиялық комбинатының құрылысы екінші кеңестік бес жылдықтар кезінде дамыды. Комбинат пен қала Балқаш маңындағы шөлді аймақта, қыстаудың орнына салынды. Құрылыстың басқы кезінде өндірістік база мен елдің өнеркәсі орталықтарымен сенімді байланыс мүлдем болған жоқ, ал Қарқараға шейін жолсыз 340 км созылып жатты. Ұзақ жылдар бойы қаланы ауыз сумен қамтамасыз ету күрделі мәселе болды.

Slide 4

1928 жылы Балқаштағы Қоңырат кен орнында 5 адамнан тұратын Ленинградтың геологобақылау партиясы жұмыс істеуді бастады. Оларды инженер - геолог М. П. Русанов басқарып, барлық аулау бойынша да бригада құрылды. 1929 жылы 2 тамызда ТиО КСРО кеңесі «Түсті металл өнеркәсібінің тиімді дамуы туралы» деген қаулы қабылдап, негізінен Қазақстанның жері бөлініп берілді. Жылдар өткен сайын Балқашқа жаңа мамандар мен жұмысшылар келіп, Қара Мұрын биік төбесіне алғашқы байыту фабрикасының құрылысы мен бертіс шығана жағалауын игеру жұмыстары басталды. Жұмысшылар класын жергілікті тұрғындар да құрады. 1933-1934 жылы Мәскеуден, Ленинградтан және басқа да қалалардан коммунистер тобы келді. Осы кезеңнен бастап Қазақстандағы ірі мыс балқыту кешенінің құрылысы басталып, оған көптеген ұлттар өкілдері қатысқан болатын. Сол кездегі алдыңғы қатардағы техника мен және технологиямен жабдықтарлған күшті кешенді жапан далада салуға 10 жылдай уақыт қажет еді. Ақырындап жергілікті тұрғындардың арасынан да өндірістің шебер ұйымдастырушылары мен мамандары шыға бастады.

Slide 5

Риддер кен орны негізінде алғашқы екі Сталиндік бесжылдықтар кезінде Ленинград қорғасын зауыты салынған болатын. Ленинград қорғасын зауыты алдыңғы қатардағы сульфидті қорғасын шикізатының агломерациялау технологиясымен жабдықталған болатын. Зауытта тазалығы 99, 99% маркаға тең қара қорғасынды тазалау технологиясы жұмыс істеп тұрды. Зауыттың өнімділігі жылына 60-80 мың тонна қорғасынға жетті. 1980 жылы жергілікті қорғасын шикізаттың жетіспеушілігінен зауытта шахталық пештер тоқтатылып, орнына екінші қорғасын шикізаты мен тозаңын өңдеуге арналған электр пештері салынды.

Slide 6

1934 жылы тура сондай технологиямен жұмыс істейтін күшті Шымкент қорғасын зауыты бірнеше Оңтүстік Қазақстан кен орындарын негізінде іске қосылды. 1960-1990 жылдары Кеңестік Одақтардағы қорғасын саласындағы ең ірі қорғасын зауыты болып, 220 мың тонна қорғасын шығарылды. өнеркәсіп сонымен қоса алтын, күміс және бірнеше сирек кездесетін металдар шығарды. Оңтүстік Қазақстандағы кен орындарының таусылуына байланысты, қайта құрылыс (1991-1994) кезіндегі (перестройка) экономикалық дағдарысқа байланысты зауыттың негізгі цехтары жұмыс істеуін қорғасын шикізатын (аккумуляторлар) шағын дөңгелек шахта пештерін қайта өңдеп, жылына 3-9 мың тонна шығарып отырды. Қазіргі уақытта «Югполителл» АҚ-ы өндірісті дамыту жоспарларын қарастырып, агломерациялық және шахталық бөлістерді бастады.

Slide 7

1947 жылы Өскеменнің 1 - мырыш зауыты салынса, 1952 жылы сол жерге қорғасын зауыты салынып, бұл өнеркәсіп ірі УКСЦК комбинатына айналды. В. И. Ленин атындағы Өскемен қорғасын - мырыш зауыты (қазіргі «Казцинк» Ақ-ы) қорғасын, мырыш, кадмий, мырыш-алюминий құймалары, асывл және сирек кездесетін металдар, көміртегі қышқылын шығарған, әлі де шығарып келеді.

Slide 8

Қара металлургия - өзінің негізгі өнімдерін екінші рет қайта өңдеудің аяқталған кезеңін қамтамасыз ететін ғаламат сала және, сонымен бірге басқа салалар мен өндірістердің қалдықтарын кәдеге жаратуға қабілетті болып табылады. Қазақстан үшін қара металлургия - екінші дүние жүзілік соғысынан кейінгі жылдары ғана пайда болған ауыр өнеркәсібінің салыстырмалы түрдегі жас сала. Қазақстанда шойын, болат, бұйымдарды илемдеу және ферроқорытпа өндіріледі.

Slide 9

Қазақстан Республикасында 2003-2005 жылдарға арналған металургиялық кешеніндегі төртінші және бесінші өзгертіп жасау өндірісін құруды қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық Бағдарламасы әзірленген, мұны іске асыру республиканың металлургиялық саласында жаңа технологияны негіздеу мен әзірлеуге жағдай жасайды. Осындай өндірістерді ұйымдастыру импорт бойынша шығынды бірқатар төмендетуге, жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттылық базасында жаңа жұмыс орындарын құруға, осы өнімге ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның металлургия және машина жасау кешендері
ҚАРА МЕТАЛЛУРГИЯ ТУРАЛЫ
ҚАРА МЕТАЛДАР ҚАРА МЕТАЛДАРҒА ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕГІ ҰЙЫМ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ
Орталық Қазақстан
Қара металлургия
Тұңғыш президент күні
Орталығы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинаты
Машина жасау кешені
ҚАЛА ЭКОЛОГИЯСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz