Қазақстанның қаржы мониторингі



Қазақстанның қаржы мониторингі

Мониторинг - күрделі бір процесстің параметрлері туралы және осы процесті бағалау, оған байланысты іс-әрекет жасау, жоспарын құру және шешім қабылдау.
Компанияның тұрақты даму стратегиясында қаржылық мониторингтің маңыздылығы және оның құрылымы

Қаржылық мониторингі - әр түрлі қаржылық операцияларды жүргізу процесіне бақылау жасау.

ҚР-ның 1998 жылы 26 маусымда ''ҚР-ның Ұлттық қауіпсіздігі туралы'‘ заңымен
және ҚР-ның Үкіметінің 2000 жылғы 21 шілдедегі №1095 қаулысына сәйкес
мемлекеттік меншік объектілерінің, сондай-ақ меншігінде мемлекеттік үлесі бар
объектілердің жұмыс істеуіне және оларды басқарудың тиімділігіне кешенді
мониторинг жүйесін енгізу туралы №998 қаулысы қабылданды. Бұл қаулы мынадай
мақсаттарды алға қойды:
Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін және тәуелсіздігін
қамтамасыз ету;
мемлекеттің энегетикалық қорын сақтау және нығайту;
регионның әлеуметтік экономикалық дамуындағы ара қайшылықты
болдырмау;
тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету;
мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіру.

2003 жылы 3 қарашада ҚР Үкіметі экономиканың стратегиялық
маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі
туралы заң қабылдады. Бұл заң экономиканың стратегиялық маңызы
бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін
жүзеге асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді,
сондай-ақ оны жүргізудің негіздері мен талаптарын айқындайды.
Меншіктің мемлекеттік мониторингінің мақсаты
ҚР-ның тиімді экономикалық дамуы мен экономикалық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету болып табылады.

Меншіктің мемлекеттік мониторингіне қатысушылар:
уәкілетті орган;
орталық және жергілікті атқарушы органдар;
меншігінде не басқаруында мониторинг объектісі бар жеке
немесе заңды тұлға;
мониторингті жүргізуге ҚР-ның заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті
мемлекеттік тартатын консалтингтік қызметтерді көрсету салаларында
маманданған заңды тұлғалар, тәуелсіз сарапшылар мен консультанттар.

Меншіктің мемлекеттік мониторингінің міндеттері:
мониторингтің объектілерін басқарудың тиімділігін арттыру;
елдің ресурстық энергетикалық негізін сақтау;
мемлекеттің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасау, ұлттық экономикаға инвестицияның құйылуына ықпал ету;
меншіктің мемлекеттік мониторинг деректері негізінде экономикалық болжамның анықтығын, экономикалық саясаттың ғылыми негіздемесін қамтамасыз ету;
мемлекеттік органдармен жасалған шарттардың міндеттемелері мен талаптарының орындалуын талдау;
мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін оқиғалардың алдын алу.

Мониторингке байланысты негізгі анықтамалар:
Меншіктің мемлекеттік мониторингі -экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншік объектілерінің меншік құрылымы мен басқару тиімділігінің жай күйін бақылау, ақпарат жинау, талдау, бағалау.
Мониторинг объектілері - өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізетін жеке, заңды тұлғалар, мемлекеттік немесе жеке меншік мүлкінің барлық түрлері.
Экономиканың стратегиялық маңызы бар салалары - отын-энергетикалық пайдалы қазбалар (мұнай, газ, көмір, уран, т. б. ) өндіру және қайта өңдеу, химия өнеркәсібі, көлікпен байланыс, электр энергиясын өндіру мен бөлу, сондай-ақ әскери өнеркәсіптік мақсаттағы өнімдерді өндіретін салалар.
Уәкілетті орган - берілген өкілеттер шегінде меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

5. Меншікті басқару - меншікті иелену, пайдалану және оған билік ету өкілеттіктерін жүзеге асыру.
6. Ұйымды басқару -ұйым қызметінің мақсаттарын қалыптастыру, оларға қол жеткізу үшін қажетті шаралар кешенін ұйымдастыру.
7. Экономикалық қауіпсіздік - ҚР-ның тұрақты дамуы мен экономикалық тәуелсіздігіне қатер төндіретін ішкі және сыртқы жағдайлардан, процестер мен факторлардан оның ұлттық экономикасының қорғалуының жай күйі.
8. Экономикалық тиімділік - жұмсалған ресурстарға қатысты алынған нәтижелердің ара қатынасымен сипатталатын экономикалық қызметтің бағалау көрсеткіштері.

Қаржы мониторингі комитеті қызметі туралы
Қаржы мониторингі
комитеті
Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы
24 сәуірдегі
№387 қаулысымен
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
құрамында құрылды.
Қазақстан Республикасы
Қаржы мониторингі
комитетінің төрағасы
- Өтебаев
Мүсірәлі Смайылұлы.
2009 жылғы 28 тамызда
«Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi
заңдастыруға (жылыстатуға) және
терроризмдi қаржыландыруға қарсы
iс-қимыл туралы» және
«Қазақстан Республикасының
кейбір заңнамалық актiлеріне заңсыз
жолмен алынған кiрістердi заңдастыруға
(жылыстатуға) және терроризмді
қаржыландыруға қарсы іс-қимыл
мәселелері бойынша өзгерiстер
мен толықтырулар
енгiзу туралы» Заңдарына
Қазақстан Республикасының
Президенті қол қойды.




Орындағандар: Екзеков Адлет Еренаева Маншүк Тоқабаева Айдана Тулегожаева Жұлдыз
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz