Мұнай және газ өнкәсібі


Slide 1

Мұнай және газ өнкәсібі

Slide 2

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. Мұнай және газ өндіру техникасы мен технологиясы

2. Ұңғы игеру әдістерін таңдау нұсқаларының түсіндірмесі

3. Ұңғыны игерудегі күрделенулермен күресудегі

(ескертулер бойынша) шараларды жүргізу

4. Мұнай қорын құру

5. Ұңғыма өнімін кәсіптік дайындау және жинау жүйесіне қойылатын талаптар мен ұсыныстар

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

КІРІСПЕ

Құмкөл кен орны 1990-шы жылдың мамыр айынан бастап ЦКР МН СССР -мен бекітілген НИПИ мұнайгазбен құрастырылған технологиялық схемаға сәйкес игеріліп жатыр ( протокол №126, 1988 жылдың 13 шілде айынан бас- тап ) .

Біз білетініміздей кен орын екі аймаққа бөлініп, ХҚМ ААҚ және Торғай Пет-ролеум ЖАҚ-мен игеріліп жатыр.

1. 12. 2001 жыл бойынша кен орынның оңтүстік аймағындағы 311-і ұңғы бұрғыланған, оның ішінде 205-і пайдалану ұңғысы, 61-і айдау, 4-еуі газды, 7-еуі бақылау, 1-еуі барлау, 4-еуі консервацияда және 15-і қабат қысымын көтерудегі су айдау ұңғысын құрайды.

1. 12. 01 жыл бойынша Құмкөл кен орнынан игеруден бастап 21349920 мың т., жыл басынан бастап 2528856мың т. мұнай өндірілді.

1997 жылдың желтоқсан айында Құмкөл кен орны пайдалануға берілді. Игеруден бастап кен орнынан 1768552мың т., бастапқыда 557706мың т. мұнай өндірілді.

2000 жылдың мамыр айынан бастап батыс фирмасының “KUDU” бұрандалы сораптары пайдаланылуға енгізілді. Осы сораптарды орнатқаннан кейін кен орнындағы өндіру көлемі сәйкесінше жоғарылады.

Slide 4

Кен орынның солтүстік-шығысында және орталық бөліктерінде жаңа сква-жиналар бұрғыланды: № 323, 2047, 324, 325, 245, 247, 320, 4001, 327, 329.

2001 жылдан бастап Құмкөл кен орнында жаңа ұңғылар бұрғыланды: № 15, 17, 22, 23, 19, 18, 20, 21 және де Құмкөл кен орнында сәйкесінше өндіру көлемі өсті.

Бұдан басқа компания шығыс Құмкөл ауданынан жаңа барлау ұңғыларын бұрғылады: № 5, 6, 7. № 5, 6 ұңғылар сыналды және де мұнайдың ағуы белгі-ленді. Кен орын контурланды және де № 5, 6 ұңғыдан мұнай өндірілуде.

Сонымен қатар Қызылқия, Арысқұм, Майбұлақ кен орындарында бұрғылау жұмыстары жүргізілді. КАМ кен орны бойынша мұнай өндіру орташа 500 т. болды.

МДОП-дегі ( ЦППН) судың көбеюі және алдын-ала суды түсіру үшін кен орында (УПСВ) алдын-ала суды түсіру участогымен жабдықталды. Сонымен қатар батыстық үлгідегі қабаттық қысымды ұстау үшін жаңа (БКНС) блокты тармақты сорап станциясы (БТСС) тұрғызылды және де пайдаланылуға жаңа айдау ұңғылары № 15р, 247, 249, 2083, 2126 енгізілді. БТСС-ны енгізгеннен кейін айдау 14000 м³/тәу. -ке дейін жоғарылады. Су айдауды жоғарылату үшін барлық айдау ұңғыларының сулары ауыстырылды.

Slide 5

1. Мұнай және газ өндіру техникасы мен технологиясы

М-I, Ю-I және Ю-II горизонттары ұңғыларынан сыналған орта дебит сәйкесінше (cусыз мұнай) 167. 04 ; 198, 2 және 200, 16 м³ құрайды. Қабаттық қысым-11, 5; 12, 88 және 13, 39 МПа, ал сағалық қысым-2, 0; 3, 16 және 2, 85 МПа құрайды.

Жабдықтарды таңдауда фонтанды ұңғы жұмысы режимін орнату үшін акад. П. Крыловтың аналитикапық әдісі қолданылды. Ескертулерге сәйкес фонтандау шарты бойынша қанығу қысымынан түптік қысым жоғары болғанын, минимальді түптік қысым М-I горизонты бойынша 9, 8 МПа, Ю-І горизонты бойынша 11, 5 МПа және Ю-ІІ горизонты бойынша 11, 1 МПа құрайды. Көтергіштің горизонттары бойынша максимальді ұзындығы сәйкесінше 450, 900, 1000 м. Өнімнің сулануы ұңғыны фонтандау кезінде 31, 7; 69; 362, 7%. Жоғарғы айтылған шарттардан шығатыны: өнімнің физико-химиялық қасиеті және де мұнай ұңғысы максимальді жұмысшы қысымға -21МПа қысымға есептелген фонтанды арматураға отырғызылуға тиіс. Өндіріліп жатырған ұнғы сағасындағы қысым 0, 5МПа-дан аспауы тиіс. Барлық горизонттардан алынған сұйықты көтеру үшін жылтыр берік топты 73 мм-лі шартты диаметрі бар құбырлар қолданылады (MECT 633-80) .

Slide 6

2. Ұңғы игеру әдістерін таңдау нұсқаларының түсіндірмесі.

Құмкөл кен орнын игеру шарттарындағы ұңғыны фонтанды әдіспен пайдалануда лақтыру желілері және көтергіш құбырлар қабырғаларында парафин тәрізді шөгінділер жұмыстарды күрделендіруі мүмкін. Көрсетілген күрделенулердің алдын алу үшін ішкі беттері арнайы лактермен, эмальдармен және әйнектермен жалатылған көтергіш құбырлар және жылумен әсер ету немесе арнайы тазалағыштар пайдаланылуы мүмкін.

Оңтүстік Құмкөл кен орнында барлау ұңғыларындағы зерттеу жұмыстарын геолого-кәсіптік сипатты нақтылау үшін коллекторлардың өнімділігін зерттеуге қабаттың өткізгіштігін гидродинамикалық зерттеу арқылы алынған мәліметтерді нақтылау, шоғырдың жұмыс режимін және қабаттық (сұйықтың) флюидтің физико-химиялық қасиеттерін анықтау мақсатында жүргізіледі. Мұның барлығы игерудің технологиялық жобасындағы шығындардың минимальді жобасын жасауға көмектеседі. Барлық ұңғылар пайдалану уақытында келесі ақпараттарды мына негізгі бағыттар бойынша білу керек.

Slide 7

-мұнайдың оптимальді дебитін зерттеу (әртүрлі диафрагмалардағы ұңғының ұзақ уақыт жұмысы )

-түп қысымының өзгеруін, газ факторының және де мұнайдың газға қанығу қысымын бақылау

-мұнайдың алынуына тәуелді қабат қысымының төмендеуін бақылау, оның қалпына келу уақытын анықтау

-мұнай ағуының профилінің өлшемдері. Әртүрлі режимдегі ұзақ уақытқа

созылған өңдеуден кейін қайта дебит өлшенеді, сағалық қысымды бақылау үшін гидродинамикалық зерттеулер жүргізіледі. Қабат коллектордың өткізгіштігін және ұңғының ағымдағы өтімділігін анықтау мақсатында КВД өлшенеді.

Бүкіл оқпан бойынша термометрия жасау қабаттың түп аймағының тұрақтылығын бақылау.

Slide 8

3. Ұңғыны игерудегі күрделенулермен күресудегі

(ескертулер бойынша) шараларды жүргізу.

Мұнай өндіруші аудандардағы мұнай және газ, судың дайындалуы мен тасымалы жетілдірілген технологиялық жинау жүйесі: РД 39-0148311-603-86-ға сәйкес айырудың тек бірінші сатысында жүзеге асыратын кен орнында ұңғы өнімін жақсы герметизацияланған орында жинау жүйесі қарастырылған. Бұл жүйеде мұнай, газ және судың № 3, 4, 5, 7 ұңғылардан ағуы қабат қысымы арқылы лақтыру желілері арқылы өлшеу қондырғыларына (ОҚ) (замерная установка) (№4 ұңғы ауданындағы) келіп түседі және де канадалық жылжымалы NORWARD қондырғысы арқылы ұңғының дебиті өлшенеді, басқа да операциялар жасалады. №1 және № 6 ұңғы дебиттерін өлшеу блокты автоматтандырылған өлшеу қондырғысы спутник АМ 40-14-400-де жүзеге асырылады. Кәсіпорын мұнайының жоғары парафинді екендігі ескеріліп, ӨҚ-на барадан бұрын жылыту пештеріне түседі.

Slide 9

Топтық қондырғыдан ішкі мұнай ағу желілерімен мұнайгазайырғыштың (МГА) мұнай дайындау қондырғысына келіп түседі және де 5 кг/см³ қысымда айырудың бірінші сатысы өтеді. МГА - қа бармастан бұрын мұнайгазды қоспаға блокты қондырғы арқылы деэмульгатор (cепарол, дисолвапн т. б. ) және коррозия ингибиторлары қосылады. Айырудың бірінші сатысындағы мұнайдан айырылған газ газосеператордан өтіп мөлшері өлшенеді. Сонан соң мұнай жылыту пештеріне отын ретінде қолданылады. Айырудан кейін топтық қондырғыға мұнай айырудың соңғы сатысына түсіп Жана өзен кен орнының (ЦППН) мұнай айдаудың соңғы сатысына түседі.

Мұнайдың физико-химиялық сипаттамасы өнімді горизонттан 12-рет №1, 3, 4 ұңғыдан алынып сыналған. Жер бетіне шығарылған Юра горизонтының мұнайы жеңіл түрге жататыны белгілі болды. 20° температурадағы мұнай тығыздығы 0, 802-ден 0, 843 г/см³ -ке дейін, ал 15°С температурада 0, 812-ден 0, 816-г/см³ -ке дейінжетеді.

Slide 10

Ашық фракцияның (30°C -ке дейін) құрамы 50-ден 67% -ке дейін, соның ішінде бензин фракциясы (200º-ке дейін) 24-тен 38%-ке дейін. Мұнай күкіртті (0. 11%ке дейін) , шайырлы (7%) және жоғары парафинді. (8. 9%-ке дейін) .

Slide 11

4. Мұнай қорын құру.

Мұнайды шикізат есебінде сыртқа сатудан түскен табыстың бір бөлігін арнаулы мұнай қорларыңда жинақтап отырған мемлекеттер (Норвегия, Кувейт, Сауд Аравиясы) әлемде баршылық.

Норвегияда мұнай қорын құрудың мақсаты мынандай: мұнайдың әлемдік саудадағы бағасы, оған деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына және әртүрлі саяси жағдайларға байланысты ешуақыта тұрақты болмайды, сондықтан баға көтерілген жылдары одан түсетін табыстың бір бедігі мұнай қорында жинақталады да, керісінше баға тым төмендеген уақытта қордағы қаржы экономикалық күйзелісті болдырмау үшін өндіріс орыңдарын сақтауға, мемлекеттің әлеуметтік міндеттерін орындауға жұмсалады.

Дегенмен, Норвегия, Кувейт мемлекеттерінің мұнай қорын құруының ең басты себебі - бұл мемлекеттерінің экономикасы мұнайдан түсіп жатқан өте үлкен қаржыны игере алмайды, былайша айтқанда артық ақшаны елдің ішінде жұмсайтын жер жоқ, инфляция қаупі күшейеді. Оларда мұнайдан түскен табыстың тағы бір бөлігі жан басына бөлініп, әрбір жеке адамның есебіне аударылып тұрады. Сондықтан жалпы халықтьң, жеке адамның мемлекетке деген сенімі өте жоғары.

Slide 12

Ал бізге, мұнай қорын құруға әлі ертерек. Себебі, біз Норвегия сияқты ақшасын қайда жіберерін білмей отырған ел емеспіз, боямасыз өмір шыңдығы - бабамыздан мирас болып қалған ұлан байтақ жеріміздегі көл-көсір байлықтың үстінде отырсақ та, жыл өткен сайын жыртығымыз көбейіп келеді. Сондықтан мұнай қоры дегенді әзірге қоя тұрып, мұнайдан түскен табысты мемлекеттік бюджет арқылы ішкі өнеркесіпті дамытуға, ауыл шаруашылығына қолдау көрсетуге, ғылым, білім салаларына және қордаланған әлеуметтік мәселелерді экологиялық проблемаларды іс жүзіңде шешуге жұмсағанымыз жөн болар еді.

Slide 13

Мұнай бағасы

Мұнай бағасын әлемдік мұнай өнімдерінің саудасы тәжірибесіндегі қабылданған бағаларға келтіру үшін мұнай өткізу көлемінің бірлігі ретінде баррель қабылданған. Мұнайды баррельден тоннаға есептеу бағасы 7. 3 есептеу коэффициеті арқылы жүргізілген. Берілген жобаның негізгі табыс көзі кенорындағы өндірілетін мұнайды өткізу болып табылады. Мұнай өткізу көлемі мұнай өндіру деңгейіне тең деп қабылданады. Өнім (мұнай) өткізуден түскен ақша өнім өткізу көлеміне сәйкес есептелінген.

Келісім-шартқа сәйкес мұнайдың 15 % ішкі нарықта, ал қалған 85 % сыртқы нарықта өткізіледі деп жоспарлануда. Жобада қабылданған мұнай бағасы әлемдік нарықта бар бағаларға және берілген компанияның өткен кезеңдеріндегі мұнай өткізудің нақты бағаларына сәйкес анықталған. Өндірілетін өнімдердің жылдық өндіру көлемдері 2-ші суретте көрсетілген.

Slide 14

Мұнай, газ және сұйықтықтың жылдық өндіру көлемі

Slide 15

Қарастырылып отырған кенорында өндірілетін мұнайды өткізудің болжамдық бағасы: ішкі нарықта 1 тоннаға 80 АҚШ доллары (қосылған құн салығын есепке алмағанда), сыртқы нарықта 1 барреліне 25 доллар.

Мұнай құнының жыл сайынғы өсімінің коэффициенті сыртқы және ішкі нарықтардағы болжамды конъюнктураны есепке алғанда 2 % тең деп қабылданған. Мұнай тасымалына кеткен шығындар, баға жағдайындағыдай: ішкі нарықта - Тасболат кенорнында 1 тоннаға 8, 8 $ ҚҚС есепке алғанда, АНПЗ ЖАҚ «КазТрансОЙЛ» магистралды құбыры арқылы мұнай тасымалдау қызметіне белгілеген баға бойынша; ал сыртқы нарықта 1 тоннаға 42 $ (Тасболат кенорны - Ақтау - Атырау - Новоросийск) .

Ұсынылатын нұсқа бойынша жалпы ресурстан 15% көлеміндегі іліспе газ - өзіндік технологиялық және тұрмыстық қажеттіліктеріне жұмсалады. Қалған бөлігі КазГПЗ-да қайта өңдеу мақсатымен тасымалданады. Бұл жағдайда, тасымал тарифі - 1000 м3 - қа 3, 5 $ және қайта өңдеу шығыны - 1000м3 - қа 13, 5 $. Іліспе газды өткізуден түскен табыс түсімге қосылмайды. Өйткені тасымал және қайта өңдеу шығындары оның өткізу бағасын толығымен жабады. (Өзендік КазГПЗ-на қайтарусыз тапсыру)

Slide 16

Экономикалық тәуекел келесі факторлардың өзгеруіне байланысты негізгі тиімділік көрсеткіштерінің сезімталдық талдауымен бағаланады:

мұнай өндіру;

мұнай бағасы;

жобаға салынған күрделі салымдар көлемі;

жоба бойынша эксплуатациалық шығындар.

Сұйықтық пен мұнайдың орта жылдық дебиттері 30 жылға есептелініп көрсетілген.

Slide 17

Жалпы сұйықтықтың және мұнайдың ортажылдық дебиттері

Slide 18

5. Ұңғыма өнімін кәсіптік дайындау және жинау жүйесіне қойылатын талаптар мен ұсыныстар

Кен орнын жасау шарттарын, мұнай мен газды өндірудің болжанатын динамикасын, пайдалану тәсілі мен өндіруші ұңғымалардың сағалық қысымын, мұнай мен газдың құрамы мен қасиетін және қоршаған ортаны қорғауды есепке ала отырып келесі талаптар қабылданады:

мұнай мен газды жинау мен тасымалдауды қымтау;

қолданыстағы стандарттарға сәйкес өнімнің талап етілетін тауар сапасын қамтамасыз ету;

мұнай мен газ ағынымен үстіңге бетке шығатын артық энергияны тиімді пайдалану, жоғары қысымдар, температуралар түрінде;

мұнай мен газды жинау мен дайындау процесстерін біріктіру;

жаңа техника мен блокты құрылманы пайдаланумен технологиялық нысандарды тиімді ірілендіру және орталықтандыру;

шығындар мен пайдалану шығындарын макисмалды қысқарту;

негізгі технологиялық процесстерді автоматтандыру және теле механикасы;

Slide 19

Табиғат пен жер қойнауын қорғау, қоршаған ортаның ластануын болдырмау,

Мұнай мен газды кәсіптік жинау мен тасымалдаудың барлық тізбектерін оңтайландыру.

Учаскедегі ұңғыма сағасынан автоматтандырылған топтастырылған өлшеу құрылғылырына (АТӨҚ) дейін ұңғыма өніміні кәсіпішілік жинауды бір құбырлы қымталған арынды жүйе бойынша жүзеге асыру қажет.


Ұқсас жұмыстар
Республикасының мұнай - газ кешенінің инновациялық дамуы
Қазақстанның мұнай саласы - Қазақстан экономикасының негізгі
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Қазіргі Атырау мұнай өңдеу зауыты
Қазақстандағы мұнай, газ және көмір кен орындары
Қазақстан Республикасының мұнай кешені
Мұнай ЖЭС құбырлары және газ құбырлары
Электр қуаты
Отындардың химмотологиясы және мұнай мен газды талдау
Ресей және ОПЕК
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz