Мақатаев Мұқағали (Мұқаметқали) Сүлейменұлы
Презентация қосу
“Мен туған жер Қарасаз баурайдағы ......”
М.Мақатаев- қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық
басты жанашыры болған суреткер.
Ол ең алдымен ақын, қазақ жырының құдіреті.
(Ф.Оңғарсынова)
Мақатаев Мұқағали (Мұқаметқали) Сүлейменұлы (1931жылғы,
Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз аулы – 27.3.1976ж.Алматы қаласы)–ақын.
Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына тұстас келді. Ол XX ғасырдың екінші
жартысындағы қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақыны.
Әкесі соғыста қаза тауып, анасы мен әжесінің тәрбиесінде өсті. 1948-1949 жылдары
ҚазМУ-дың филология факультетінде оқыған. К.Маркс атындағы кеңшарда (қазіргі «Текес»)
ауылдық кеңес хатшысы, мектепке мұғалім болды. 1952-1962 жылдары Қарасаздағы
бастауыш мектепте орыс тілінің мұғалімі, Қазақ радиосында диктор, Шалкөде ауылында
Қызыл отау меңгерушісі, Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінің (қазіргі «Хан-тәңірі»,
жауапты хатшысы, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, «Мәдениет
және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналдарында әдеби қызметкер.
Жазушылар одағында поэзия бөлімінің кеңесшісі қызметтерін атқарды.1970 жылы Жазушылар
одағына мүшелікке қабылданып, 1973-1974 жылы Мәскеудегі Әдебиет және өнер институтында оқыды.
Ақынның тұңғыш өлеңдері «Қырман басында», «Қойшы бала - Әкітай» аудармасы «Советтік шекара»
газетінде жарияланды (1949ж). «Інімнің ойы», «Шебер» өлеңдері «Жастық жыры» атты жинаққа енді
(1951ж). Мұқағали шығармалары оқушының жүрегіне сәуле түсіреді. Өйткені ақын туған жерін,
туған халқын, ана тілін жанындай сүйді.Оның кез келген шығармаларынан жердің, елдің биік рухы сезіледі.
Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: «Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде,
мақтанбасқа бола ма?!»-деген еді («Қазақ әдебиеті», 18.3.1960ж.). Мақатаевтың «Ильич», «Ақ қайың әні»,
«Ару-ана», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Қырандастар», Чили-шуағым менің», «Шекарада»,
«Большевиктер», «Өмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Досыма хат», «Отаным, саған айтам»,
«Райымбек! Райымбек!»,«Қашқын», «Моцарт.Жан азасы» атты поэма-толғаулары бар. 650-ден
астам лирик. өлеңдерінде адам өмірінің мәні, әсемдік пен сұлулық, тазалық, ерлік, елдік, туған жер
турасында терең толғаған. Ақын өмірінің соңғы кезеңінде жазған «Моцарт.Жан азасы» реквиемі
пәлсапалық мазмұны, психологиялық тіні өзгеше туынды. «Табыт үні», «Халық үні», «Жесірлер үні»,
«Бесік жыры» аталатын 4 бөлімді туындының әрбір бөлімінде бірде табыт, бірде жесір-Ана, бірде
Жер-Бесік атынан Өмір мен өлім туралы философиялық пайымдаулар айтылған. Ақын Моцарт
тағдырын тілге тиек ете отырып, өмір туралы өз жанының оптимистік рухын, әрбір адамның жан
түкпіріндегі арман-әнін жеткізеді. Ақын қай тақырыпта жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес
болмады.,ол туралы: «Мен жырлаймын, Сырласамын, Сыры бір замандаспен мұңдасамын.Көгендеп
жыр қосағын. Келмейді жыр жасағым» немесе «Тіпті де мен емес-ті «Мен дегенім...
Өзгенің жаны-сырын ұғу үшін. Өзімді зерттегенді жөн көремін»-дейді. Мұқағали шығармашылығының
тіні «өзін-өзі» зерттеуден тұрады. Мұқағали поэзия құдіретін адамдық асыл сезіммен
байланыстыра қабылдайды.Өмірдегі жақсылық, махаббат атаулының негізі де осы
аяулы сезімінде.
Жас кезі
Мұқағали ағамыз жұбайымен
Шығармашылығы
Мұқағали атындағы мұражайы
Баласы мен келіні
М.Мақатаев –адамдар арасындағы,өмірдегі,табиғаттағы жарастық пен келісімнің
жыршысы,оның өлеңдер шын тебіреністен, шын шабыттан,шын
күйзеліс пен шын қуаныштан,шын сағыныштан туған.
(Ә.Кекілбаев)
Халыққа хат
Туған халқым!
Қатемді кешір менің
Сенің арқан-сескенбей, есіргенім
Егерде жырың болмай, ұрың болсам
Алақанға саласың несін мені
Жоқ!
Менің жүрек емес төсімдегі
Ол бір от сенің ұлы көшіндегі
Өзіңнің жандырғаным, өшіргенің
Әзірге тастаған жоқ есім мені
Уа, жұртым!
Кешір мені!
Кешір мені!
(М.Мақатаев)
Ақынның бір қыры
Дін-ғылымның анасы,
Дін-ғылымның әкесі,
Ғылым-діннің баласы,
Қоқыс та, гүл де бар.
Адам Ата өлмесін,
Ақыр заман келмесін.
Қол қусырып Құдайға,
Ғылым мен дін,бірге бар!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz