Нарықтық механизм
Презентация қосу
Нарықтық механизм
Дамыған елдердің қазіргі таңдағы экономикасының
нарықтық болуымен ерекшеленеді. Нарықтық
экономика негізгі экономикалық мәселелерді ең
тиімді жолмен шешетін жүйе болып шықты. Ол
бірнеше ғасырлар бойы құрылды, өркениет
формасын қабылдады және болашақта бүкіл әлем
елдерінің экономикалық кейпін анықтап отырады.
Осы тақырыптың өзектілігі біздің еліміздегі әкімшіл-
әміршіл жүйеден нарықтық экономикаға өтуіне
байланысты жоғары болып отыр. Ұзақ уақыт бойы
елде тауар-ақша қатынасытары және оған сәйкес
меншік формалары қабылданған жоқ, ал ұлттық
экономиканың дамуы әлемдік нарықтан толығымен
оқшауланған еді.
Нарықтың құрылуы процесінің көптеген үшкір
мәселелерін жеңілдететін өзіндік буфер қызметін
атқаратын (жұмыссыздық, тауар өндірісі
жетіспеушілігі) табиғи және жартылай табиғи
шаруашылық жойлыды.
Нарыққа бірнеше анықтама беруге болады. Нарық – тауар
өндірісі және пайдалану заңдарына сай ұйымдастарылған
тауар айырбасы қатынастарының жиынтығы. Нарық –
сатып алушылар мен сатушылар арасындағы өзара
байланысты жүзеге асыру механизмі, яғни сұраныс пен
ұсыныс қатынасы болып табылады. Нарық – ел ішінде
және мемлекетаралық айырбас шеңбері, өнімді
өндірушілермен тұтынушыларды байланыстырады.
Осылай, нарықты тауар айырбасы жиынтығы немесе
тауар өндірісі мен пайдалану заңдарына сай
ұйымдастырылған тауар айырбасы ретінде қарастырады.
Ф. Котлердің еңбегінде нарық қазіргі уақытта бар және
болуы мүмкін сатып алушылардың жиынтығы деп
айтылады. Ал, «Экономикс» кітабында нарық қандай да
болсын өнім немесе қызмет түрінің сатушыларын және
сатып алушыларын біріктіретін механизм деген анықтама
беріледі. Нарық туралы өзіндік қызықты пікірлерін
американ ғалымдары Р. Липси, П. Стейнер, Д. Первис
айтқан. Олар нарық деген сахна, мұнда қойылатын
қойылым экономикалық мәселелерді шешетіндер жиыны
қатысады: миллиондаған тұтынушылар қандай тауарды,
кандай мөлшерде сатып алуды шешеді; аса көп
кәсіпкерлер нені және қалай өндіруге деген сұрақтарға
жауап табады; өндіріс факторы иесі кімге жіне қалай осы
таурларды сату мәселелерін қарастырады.
Нарық экономикалық дамудың маңызды, әрі тиімді
жолдарын түсінуге және микро және макро деңгейдегі
тиімділікті арттыруға арналған
фундамент, негіз болады. Оның негізі барлық
шаруашылық етуші
6 субьектілерінің, адамдар мен жалпы қоғамның
арасындағы тауар айырбасы қатынастарының
жиынтығымен сипатталады. Экономисттердің нарық
айырбас саласында сатушы мен сатып алушы арасында
арнайы экономикалық қатынастардың жүйесін құрайді
деген пікірі толығымен расталған. Нарықтың сатушы
мен сатып алушы арасындағы экономикалық
қатынастарға тигізетін әсері баға, сұраныс және ұсыныс,
бәсекелестік, табыс және шығын, яғни «нарықтық
механизм» ұғымына кіретін элементтердің барлығын
қолдану арқылы қамтамасыздандырылады. Нарық
нақты әлеуметтік-экономтикалық шарттармен өмір
сүреді. Ол толығымен меншік институтына тәуелді
болады. Нарық қоғамның жаңғыртылуының бүкіл
кезеңдерінде - өндірісте, таратылуда, айырбас және
тұтынуда аса маңызды рөлі бар.
Нарық шаруашылығының қазіргі заманғы модельдері.
Өмір сүріп жатқан нарықтық жүйелер және олардың бағыттау дамуына
байланысты:
жағырафиялық орналасуынан;
табиғи ресурстардың бар болуынан;
дамудың тарихи жағдайын;
халықтың дәстүрі мен болмысынан;
өндірістік күштің даму деңгейінен;
қоғамның әлеуметтік бағытынан;
Сонымен бірге барлық нарық моделдерінде жалпы мінездер бар, оларға
жататындары:
меншіктің көптүрлі қалыптарының болуы;
тауарға және қызметке еркін бағаның болуы;
еркін бәсекелестің дамыған жүйесі;
кәсіпкерлік қызметтің таратылуы;
экономиканың мемлекеттік реттестіруінің ерекше
бір жүйесі;
Нарықтық экономиканың моделдерін бөліп айтуға болады, қазіргі жағдайда
пайдаланатын.
Америкалық модель. Бұл модель капитализмнің либералды моделі, оның
тиісті жағдайлары болып табылады:
мемлекеттік меншіктің кіші салыстырмалы салмағы;
мемлекеттің экономикадағы кіші реттеуші ролі;
кәсіпкерлікті бүкіл әлемдік мадақтау;
байларға және кедейлерге жедел дифференциялау;
еңбек ақы деңгейінде үлкен айырмашылық;
халықтың аз қамтылған топтары өмір сүру деңгейі;
Жапондық модель. Шаруашылықтың қазіргі заманғы моделінің қалыптасуы спецификалық
даму жағдайында өтті. Әскери шығындардан бас тарта отырып, Жапония барлық өзінің
ресурстарын концентрация жасады, экономикалық мүмкіндіктерді өнеркәсіпте өсіруде.
Нарық категориясын тереңірек ұғыну үшін оның шаруашылық (экономикалық) іс-
әрекетіндегі орнын анықтауымыз қажет. Экономикалық іс-әрекеттің 4 сферасын атап
кетуге болады:
1. Өндіріс.
2. Тарату.
3. Айырбас.
4. Тұтыну.
Экономиканың жалпы, әрі қарапайым мақсаты – тұтыну болып табылады. Ал
экономиканың ең маңызды саласы - өндіріс. Оның әсерінсіз ешқандай нарық болуы мүмкін
емес, тек өнерәсіп қана қажетті тауар массасын өндіреді. Өндірістік сфераны өзгерту –
басқа да экономикалық салаларды өзгерудің кілті болады. Ол нарықтық қатынастардың,
олардың жоқ жерде құрылуы үшін аса маңызды фактор болып табылады. Егер бастапқыда
ешқандай өндірістік нәтиже болмаса, онда нарықтың болуы мүмкін емес. Бірақ өндіріс пен
тұтыну арасында басқа да салалар болады, өнеркәсіптен кейінгі тарату жүйесі өндіріс
өнімін кімге бұйыратынын, өндірілген тауардың иесін анықтайды. Тарату жүйесі адамдар
арасындағы әлеуметтік қатынастардың құрылуында маңызы зор.
Тарату жүйесі өндірістің нәтижесі ғана емес. Өнеркәсіп процесінің тиімділігі еңбек өнімінің
таратылуы нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін.
Айырбас экономика иерархиясы саласында үшінші орынға иеленсе де, оның өндіріске
тигізетін әсері таратумен де тепе-тең болады. Қалай болса да нарық фукнцияларын
қарастырғанда оның тиімділігі айқын көрінеді. Айырбас сферасы барлық қоғамдық
шаруашылықтың жүйесінде ең 13 маңызды рөлге ие. Сондықтан, тауар айырбасы
жиынтығы ретіндегі нарық дамуы аса маңызды тарихи рөлге ие болған.
Нарықтың механизмі ең жалпы түрде экономиканың негізгі мәселелерін
шешу мақсатында өндірушілер мен тұтынушылардың нарық арқылы өзара
әрекет ететін шаруашылықты ұйымдастыру формасы деп анықтауға болады.
Нарық дегеніміз не ? Басында нарық дегенді әр түрлі тауарларды сатумен
байланысты жұртқа жария орын ретінде түсіедерді. Қоғамдағы экономика
дамып, қиындаған сайын еарық ұғымы да өзгеріп отырады. Қазіргі дамыған
қоғамда нарық деген мінднтті түрде сатушылар мен сатып алушылар кездесіп
келісім жасайтын орын емес, қазіргі заманда саудатер теледидар арқылы
жарнама бере алады. Сатып алущылар мен тікелей байланыспай-ақ айырбас
жасаушылардың тапсырыстарын телефонмен біліп және тауарларды почта
арқылы жібере алады. Сонымен еарық қоғамдық еңбек бөлінісінегізенде
оқшауланған өндірушілердің арасындағы үстемдік етуші және анықтаушы
байланыс әдісі ретінде көрінеді. Ал кейбір экономистер нарықамынадай
анықтама береді: "Нарық шаруашыцлық жүргізетін субьектілердің өз бетімен
дербес шешім" Қабылдайтын өзара қарым-қатынастар жиыны. Тауар өндірісі
жағдайында нарықтың байланыстар экономикалық қатынастардың барлық
жүйесін және барлық субьектілерін қамтиды. Нарықтың құрамна өз жұмыс күшін
сатушы кәсіпкерлер де, еңбеккерлер де, тұтынушылар да, қарыз капиталының
және бағалы қағаздардың иелері де тағы басқалар кіреді. Осыған сәйкес қазіргі
нарықтық экономика нарықтардың бүгінгі бір жүйесі тауар мен қызметтер,
жұмыс күші,қарыз капиталдарының, бағалы қағаздардың, валюталық нарық
және басқалары. Жалпы нарық ұдайы өндірістің барлық сатыларына түпкі
нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді. Саяси экономикалық мағынада
нарықты айырбас қатынасын білдіретін экономикалық категория деп
қарастырды. Ол экономикалық қатынастар жүйесінде ұдайы өндіріс жүйесінің
маңызды сатысы айырбасты сипаттайды. Сонымен нарық туралы өндірістің
құрамды компаненті, тауарлы өндірістің және айырбас айналасының заңдарына
сүйенетін айырбас процесі.
Экономикалық дамудың обьективті жағдайы нарықты және оның
категорияларын яғни бағаны, ұсынысты, сұранысты, бәсекені және тағы
басқаларды өмірге әкелді. Көп уақыт бойы біздің еліміздегі басқарудың
экономикалық өмірде нарықтың дамуына кедергі жасағанын білеміз. Өйткені
елімізде басқару әкімшілдік-әміршілдік әдісте болатын. Ал соңғы жылдары
басқарудың экономикалық әдісіне көшу нарықтың айырбасқа кең жол ашы отыр.
Экономикалық өмірле шаруашылық қызметін ұйымдастырудың бұл әдісі,
батыстық модельдерді қайталау емес. Бұрынғы социалистік елдердегі
нарықтық қатынастардың ұлғаюы шаруашылық механизмін қайта құру
барысында заңды көрініс. Мысалы:Венгрияда 1988 жылдың өзінде экономикалық
реформа барысында өндіріс құрал жабдықтарына көтерме сауданы енгізу
арқылы нарықтық тепе-теңдік қалыптастырды. Әрбір өндіріс әдісіндегі нарық
меншікке байланысты өндіріс қатынастарының бүкіл жүйесінде әрекет етеді.
Біздің қоғамызда нарық өндірістің тиімділігіне халықтың әлеуметтік тұрмыс
дәрежесін жақсарту бағытында қызмет істей бастады. Соңғы уақытша теориялық
дискуссияларда нарық пен жоспар бір біріне орынсыз қарап қойылып жүр. Шын
мәнінде ұдайы өндіріс (жоспарлы ұйымдасқан процесс). Нарықты оның
икемділігін, экономиканың тиімділігін арттыруға пайдалануы аса маңызды
мәселе. Сондықтан нарық ұдайы өндірісті үйлесімді дамытудың басты тұтқасы.
Экономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шарушылық
механизмінің құрамды бөлігі. Сонымен бірге шаруашылықтың механизмімен
тығыз байланыста әрекет етеді. Жоғарыда айтылғандай нарық болса да, оның
нақты түріне байланыссыз үш негізгі элементке : бағаға, сұраныс пен ұсынысқа,
бәсекеге негізделеді. Нарықтың механизмінің осы негізгі элементтерін талдап
көрейік. Әрбір экономикалық жүйе негізгі үш сұрақты шешу қажеттілігіне
ұшырайды, не өндіру керек ? Қалай өндіру керек ? Кім үшін өндіру керек ? Қалай
өндіру керек ? Нарықтық экономикада бұл сұрақтар негізінен нарықтың
көмегімен шешіледі, яғни баға, сұраныс пен ұсыныс және жалпы түрде, нақты
мысал арқылы көрейік. Айталық табыстар дәрежесінің өзінің нәтижесінде
адамдар ауқатты болып, тек картоппен тамақтанудың орнына етпен тамақтана
бастады.
Нарық функциялары
Қоғамда өмір сүретін нарықтық қатынастар қазіргі функциялар жиынтығын
атқара отырып, шаруашылық іс-әрекеттің барлық жағынан әсер етеді.
Функциялар мынадай болады:
1. Ақпараттық. Әрқашан өзгеріп отыратын бағалар, пайыздың мөлшерлемесі
өндіріс қатысушыларына нарыққа өткізілетін қоғамға қажетті тауарлардың
мөлшері, құрамы, сапасы және саны туралы обьективті ақпарат береді.
Өтіп жатқан операциялар нарықты жинақтайтын және өңдейтін ірі компьютерге
айналдырады. Ол нақты өте көп ақпаратты өңдейді және оның ауқымындағы
барлық шаруашылық кеңістік туралы жалпы, әрі нақты ақпарат беріп отырады.
Бұл әрбір кәсіпорынға әрқашан өзінің өндірісін нарықтың өзгермелі шарттарына
байланысты бағдарлап отыруға мүмкіндік береді.
2. Делдалдық. Экономикалық ерекшеленген өндірушілер терең қоғамдық еңбектің
бөлінуі негізінде бір-бірін анықтап, өз іс-әрекеттерінің нәтижесімен алмасу қажет.
Нарықсыз қоғамдық өндіріс қатысушылары сол немесе басқа да технологиялық
және экономикалық тиімділігін анықтай аламыз.
3. Баға құрушы. Нарыққа түскен өнімдер мен қызметтер материалдық және еңбек
шығындары бірдей емес мөлшерде болады. Бірақ нарық қоғамға керекті
шығындарды ғана мойындайды, тек осы тауарды сатушы сатуға келіседі. Осыған
байланысты баға мен құн арасында тұрақты қатынастар орнайды.
4. Реттеуші функциясы – ең маңыздысы. Ол нарықтың экономиканың барлық
саласына, соның ішінде өндіріске қатынасында байланысты. Нарықты бәсекесіз
елестету мүмкін емес. Ішкі салаларға бәсекелестік өніс бірлігінің шығындарының
өтелуін реттейді, өндірістік еңбектің, техникалық дамудың, өнім сапасының өсуі
деңгейін қадағалайды. Салааралық бәсеке саладағы капиталды алу жолымен
экономикалық жағынан тиімді құрылымын құрады. Бәсекелестік ортасының
мазмұнын сақтауда нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік
реттеу тапсырмалары бірден бір маңызды.
Нарықты реттеуде маңызды рөлді бағаға әсер ететін сұраныс пен ұсыныс қарым-
қатынастары атқарады. Бағаның өсуі – бұл өндірістің ұлғаюын, ал бағаның
төмендеуі – сәйкесінше оның қысқаруын көрсетеді. Адам Смит: «Кәсіпкер тек өз
мүддесін ғана көдейді, өз көзқарасын ғана есепке алады, бұл жағдайда ол оның
ойына да кірмеген мақсатқа көрінбейтін қолмен бағыт алады. Өз мүддесін
бақылай отырып, ол жиі қоғам көзқарастарына қызмет етеді», - деп жазған. Осы
«көрінбейтін қол» қазіргі таңдағы экономикада реттеуші қызметін атқарады.
Қазіргі кезде экономика тек «көрінбейтін қолмен» ғана емес, сонымен қатар
мемлекеттік басқармалармен басқарылады, бірақ нарықтық негізгі реттеуіш
рөлі өзінде сақталады.
6. Сауықтырушы. Нарықтық механизм бұл – қайырылымсыздық жүйесі. Ол әрі
қатал, әрі қатты. Оған әлеуметтік, қабаттану, әлсіздерге қарағандағы
қайырымсыздық тиіс. Бәсекенің көмегімен нарық қоғамдық өндірісті
экономикалық тұрақсыз өндірістен, өмір сүруге бейімсіз шаруашылық
бірліктерінен, тазалайды, сонымен қатар тапқыр және тиімді блолып келеді.
Бұның нәтижесінде барлық шаруашылық тұрақтылығының орташа сатысы
көтеріледі.
ІІ Самуэльсон куәлендіруі бойынша, АҚШ-та дүкендердің ашылғанынан бастап,
олардың 3-тен 1 бөлігі өздерінің іс-әрекетін тоқтатуға мәжбүр болды. Шағын
бизнестің орташа циклі 6 жылдан 15 аспайды. Бәсекелестік талас-тартыста ірі
фирмалардың да өмірін тоқтатуы мүмкін. Әрине, өндірістің шоғырлануы
шарттарында және өзерістегі монополизация әлемінде еш жерде бәсекені ашық
түрде баса алмайды.
Қазіргі заманда теория нарықтық, нарықтық экономика және
әлеуметтік – реттелінетін нарықтық экономика түсініктеріне қандай
экономикалық мазмұн береді?
Нарық қазіргі кезде басты элементтері сұраным, баға және ұсыным болып
табылатын дербес қосалқы жүйеге айналды. Дәл осылардың бірлігі нарық
түсінігі мен аталады.
Нарықтық экономика түсінігі нарық түсінігіне тағыда екі саланың өндірісті және
тұтынуды қосу есебінен кеңейіп отыр.
Нарықтың жайлы функциялары оны тиімді жүйеге айналдырады. Бұл
нарықтық қатынастардың жеткілікті болуын және барлығында қоғамның жайлы
дамуын қамтамасыз етуді білдіреді. Нарықтық шаруашылықта өзінің
кемшіліктері де бар.
Біріншіден, нарықтық жүйені атқару экономикалық реттеушілердің іс- әрекетіне
байланысты. Осы жағдай экономикалық тұрақсыздықты жеңеді.
Бірқалыптылықты қамтамасыз ету кризистерінен басқа да жағдайларымен де
жүзеге асып отырады.
Екіншіден, нарықтық ортаның бақылаусыздық негізінде бәсекенің еркіндігін
шектейтін монополизацияланған құрылымдар пайда болады.
Үшіншіден, нарықтық қызмет етуші механизм экономиканы көптеген
қоғамдық қажеттіліктермен қамтамасыз ете отырып, бизнеспен байланысты емес
қоғамның жетіспеушіліктерін қамтамасыз ету мақсатында ішкі қорлы құрылымды
қажет етпейді. Ең алдымен, осы әлеуметтік Бұл экономикалық трансферттерді
(зейнетақы, степендия, төлемақы) денсаулық сақтауды қолдауды, білім-
ғылымды, мәдениетті, спортты және т.б. құру болып табылады.
Төртіншіден, нарық жұмысқа жарамды халықты кепілденген еңбектік
төлемақымен немесе тұрақты түрде жұмыспен қамтамасыз ете алмайды. Әрбір
адам қоғамдағы белгілі бір орын алуына өзі ғана әсер ете алады, мұның барлығы
қалай болса да әлеуметтік жағынан қабаттануға, әлеуметтік топтарға, яғни
кедей мен бай етіп бөлінуге мәжбүр болады. Нәтижесінде әлеуметтік жағдай
күрделене түседі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz