БЕЛОКТАР АЛМАСУЫ


Slide 1

БЕЛОКТАР АЛМАСУЫ

Slide 2 Slide 3 Slide 4 Slide 5 Slide 6

Жалпы белок. АҒЗАДАҒЫ КӨПТЕГЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҚАН ПЛАЗМАСЫНЫҢ БЕЛОКТАРЫ АТҚАРАДЫ ЖӘНЕ БЕЛОК ДЕҢГЕЙІ ЗЕРТХАНАДА МАҢЫЗДЫ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ БІРІ БОЛЫП САНАЛАДЫ. ПЛАЗМАНЫҢ ҚҰРҒАҚ ҚАЛДЫҒЫНЫҢ 9-10 %-ІНІҢ 6, 5-8, 5 % плазма белоктары құрайды. Қан сары суындағы жалпы концентрациясы негізінен екі белок фракциясы альбумин және глобулиндердің синтезінен және оның ыдырауына байланысты. Альбумин негізінен бауырда, ал глобуиндер - лимфоциттерде синтезделеді

Slide 7

Плазма белоктарының қызметтері:

коллоидты-осмостық тұрақтылықты ұстап тұруда (онкотикалық) қысымды;

Қанның ұю үрдісіне активті қатысады

Қанның рН тұрақты ұстап тұруға (буфер жүйесіне құрамына кіреді ) ;

Тасымалдау қызметі - липидтерді, билирубинді, мүшедегі және тіндегі стероидты гормонды тасымалдауға қатысады. ;

иммунды реакцияларды (иммуноглобулинды, опсонинді, жедел фазалы белоктарға қатысуы) ) ;

"белокты резервті« құруда (аштық кезінде белокттар амин қышқылдарына дейін ыдырайды, ол өз ретінде мида, миокардта және маңызды мүшелерде белок синтезі үшін пайдаланады. ) ;

Қандағы катиондардың деңгейін ұстау үшін.

Slide 8

Жалпы белоктардың деңгейіне дененің жағдайы және физикалық белсенділік әсер етуі мүмкін. Жалпы белоктың мөлшері (сонымен қатар белок фракциялары да) бірқатар аурулар кезінде маңызды диагностикалық параметрлер болып табылады, әсіресе айқын метоболизм бұзылыстарында. Физиологиялық гипопротеинемия ерте балалық щақта, жүкті әйелдерде(әсіресе үшінші триместрде), лактация кезінде, ұзақ уақытты төсек тәртібінде байқалуы мүмкін. Жалпы белоктың деңгейінің жалған жоғарылауы білектік венаны жгутпен ұзақ уақыт ұстап тұруда байқалуы мүмкін. Дененің горизонтальды және вертикальды өзгеруінде белок концентрациясы 30 минут ішінде 10% дейін; ал физикалық ауыртпалықта 10% дейін өзгеруі мүмкін. .

Slide 9 Slide 10

Жалпы белок деңгейінің жоғарылауы гиперпротеинемия) ) :

Дегидратация кезінде (балалардағы диарея, холера, құсу кезінде ішек бітелуінде, көлемді күйіктерде) - салыстырмалы гиперпротеинемия болады. ;

Жедел және созылмалы жұқпалы ауруларда

Аутоиммунды патология (қызыл жүйелі теміртке, ревматоидты артрит, ревматизм және т. б) ;

Онкологиялық аурулар гиперпродукциямен бірге патологиялық белоктар - парапротеинемия (миеломды аурулар, макроглобулинемия Вальденстрем ауруы) ;

, моно - және поликлональды гаммапатиялар

Slide 11

Жалпы белок деңгейінің төмендеуі (гипопротеинемия) ) : Белок синтезінің төмендеуі (тағам арқылы белоктардың жеткіліксіз түсуі (аштықта, панкреатиттер, энтероколиттер, ісіктер, оперативті шараларының салдары ) ) ;

мальабсорбция синдромы, бауыр аурулары (цирроздар, гепатиттер, карцинома және бауыр ісігінің метастазлары Ағдағы белоктардың жоғалуының ұлғаюы, жедел және созылмалы қан жоғалтуда,

Нефротикалық синдром, гломерулонефрит;

Көлемді күйіктер белок катоболизмінің ұлғаюы:

созылған гипертермия, жарақаттар, тиреотоксикоз;

Күйіктер және күйік ауруы, ұзаққа созылған физикалық жүктемелер, онкологиялық аурулар;

Белоктың қайта таралуы: тамыр ағымынан белоктың шығуы экссудаттар және транссудаттардың түзілуі ;

Гипергидратация, қан алмастырушылармен массивті қайта құю й;

Агаммаглобулинемия.

Slide 12

Белок фракциялары Қанның жалпы белок фракцияларының сандық арақатынасы, ағзаның физиологиялық және патологиялық жағдайларының өзгерістерін айқындатады. Қызметтер. Сарысудағы жалпы белок, әртүрлі құрылымды және қызметті белоктар қосылыстарынан тұрады. Фракцияға бөлінуі белоктардың әртүрлі жылдамдықта электр өрісінде жылжуына байланысты ажыратылады. Әдетте элекрофорез әдісмен 5-6 стандартты фракцияларға бөлінеді:1 - альбуминдер және глобулиндердің 4-5 фракциясы (альфа1-, альфа2-, бета- және гамма-глобулиндер, кейбір кезде бета-1 және бета-2 глобулиндерді бөлек фракция деп есептейді) . Глобулиннің фракциялары әртүрлі.

Slide 13

Альбуминдер

Қызметтері. Альбумин бауырда синтезделеді. Альбуминнің салыстырмалы молекулярлық массы - 65000 Да тең. Жартылай ыдырау кезеңі 18-20 күнді құрайды. Альбумин плазмада коллоидты-осмостық (онкотикалық) қысымын және қан айналым көлемін тұрақты ұстауға қатысады. Белок қоры болып табылады-ұзақ аштықта бірінші болып жұмасалды. Альбумин, билирубинді, өт қышқылдарын, металл иондарын, БМҚ және ағзаға сырттан түсетін дәрілерді, мысалы антибиотиктер, салицилаттарды тасымалдау қызметін атқарады. Альбуминнің деңгейі ерте балалық шақта, жүктілік кезінде әсіресе үшінші триместрде және лактация кезінде, темекі шегетін адамдарда төмен болады. .

Slide 14

Гипоальбуминемия плазмадағы жалпы кальцийді төмендеуін шақырады, кальцийдің активсіз бөлігімен альбумин байланысып ығысуы өтеді бірақ кальцийдің клиникалық жетіспеушілігі байқалмайды. Альбуминмен байланысатын дәрілердің әсері, мысалы гипоальбуминемия кезінде кортикостероидтар ұлғаяды. Нәтижесінде препараттардың әдеттегі дозасында улы әсерлер дамуы мүмкін. .

Анализді белгілейтін көрсеткіштер: бауыр және бүйрек аурулары, Күйіктер, Онкологиялық аурулар, мальабсорбция синдром;

Ревматизм аурулары.

Slide 15 Slide 16

Альбумин деңгейінің жоғарылауы: Сусыздану, гемоконцентрация Альбумин деңгейінің төмендеуі(гипоальбуминемия) : Бауырдағы альбумин сиентезінің төмендеуі:

Бауырдың созылмалы аурулары (гепатиттер, цирроз, атрофия, карцинома) ;

Тағам арқылы түсуінің жетіспеушілігі:

Аштық, кахексия, аз белокты немесе амин қышқылды құрамы бойынша балансирленбеген диета;

мальабсорбция синдром(гастроэнтеропатии) және Ас қорыту жоладырының патологиясы

Slide 17

Катаболизмнің жоғарылауы:

Лихорадка жағдайы;

Сепсис, жұқпалы аурулар;

Тиреотоксикоз,

Қатерлі жаңа түзілістер;

Ревматизм аурулары;

Гипергидратация (қан айналымы көлемінің жоғарылауы) ;

Генетикалық дефект - анальбуминемия;

Жүрек жетіспеушілігінің іркілуі;

Мынадай препараттарды қабылдау, эстрогендер сияқты, оральды контрацептивтер, амиодарон, стероидты гормондар (жоғары дозада) .

Slide 18

Белок жоғалтудың ұлғаюы:

Созылмалы бүйрек патологиясында (нефротикалық синдром, диабеттік нефропатия) ;

Термиялық күйіктер;

Тіннің жарақаттануы;

Қан жоғалтудан кейін және қан алмастырушыларды енгізгенде ;

Экссудаттар және транссудаттар түзілуі;

:

Slide 19

Альфа1-глобулин фракциясына, жедел фазалы белоктар қатысады: альфа1-антитрипсин (бұл фракцияның негізгі компонентті) - көптеген протеолитикалық ферменттердің - трипсин, химотрипсин, плазмин және. т. б., сонымен қатар, альфа1- қышқылды гликопротеин (орозомукоид) . ингибиторы. Ол кең спектрлі қызмет атқарады, қабыну аймағында фибриллогенезге әсер етеді. Глобулиндерге тасымалдаушы белоктар қатысады белоктар: тироксин байланыстырушы глобулин, транскортин (функции - байланыстырушы және кортизол және тироксин тасымалдаушы ), альфа1-липопротеин (қызметі - липидтерді тасымалдауға қатысады.

Slide 20 Slide 21

Альфа2-глобулиндер фракциясы -жедел фазалы белоктар - альфа2-макроглобулин, гаптоглобин, церулоплазмин, сонымен қатар, аполипопротеин В қатысады. Альфа2-макроглобулин ( фракцияның негізгі компоненті) инфекция және қабыну реакцияларына қатысады. Гаптоглобин - бұл гликопротеин, тамыр ішілік гемолиз кезінде эритроциттерден шыққан гемоглобинмен байланысып комплес түзеді, сөйтіп РЭЖ жасушаларынан шығады. Церулоплазмин - мыс иондарын арнайы байланыстырады, сонымен қатар, аскорбин қышқылы, адреналин, диоксифенилаланин (ДОФА), оксидазасы болып табылады, бос радикалдарда инактивациялайды. Альфа-липопротеидтер липидтерді тасымалдауға қатысады.

Slide 22

бета-глобулиндер фракциясының құрамында трансферрин (темір тасымалдаушы белок), гемопексин ( гемді байланыстырады, оның бүйрек арқылы бөлінуіне және темірдің жоғалтуын алдын алады), комплемент компоненттері(иммунитет реакцияларына қатысатын), бета-липопротеидтер (холестерин және фосфолипидтерді тасымалдауға қатысады) және иммуноглобулиндердің бөлігіне қатысады. гамма-глобулиндер фракциясы иммуноглобулиндерден тұрады, (сандық төмендеу қатарында - IgG, IgA, IgM, IgE), функциональді жағынан ағзаны гуморальды иммунды қамтамасыз ететін, инфекциядан және бөгде заттардан қорғайтын - антидене болып табылады. .

Slide 23

Көптеген ауруларда белок плазма фракцияларының арақатынасының бұзылуы кездеседі оны- диспротеинемия деп атайды. Диспротеинемия көбінесе, жалпы белок мөлшері өзгермесе де байқалуы мүмкін, оны динамикада аурудың кезеңін және оның созылуы, емдеу шараларын жүргізудің маңызы бар екенінде байқалуы мүмкін.

Slide 24

Парапротеинемия - электрофореграммада қосымша дискретті жолақшада пайда болады, ол көп мөлшерде біртекті (моноклональды) белоктардың- В-лимфоциттерде синтезделетін иммуноглобулиндер немесе олардың молекуларының кейбір компоненттері туралы айтады. Үлкен- М-белоктың концентрациясының көп мөлшерде болуы -15 г/л - миелома бар болуы мүмкін. Миеломды ауруға күмәнденгенде белок фракциясын зерттейді және ол диагностикалық маңызға ие. Иммуноглобулиндердің жеңіл тізбектері (Бенс-Джонс белогы) сарысу сүзгіші арқалы жеңіл өтеді және сарысу анықталмауы мүмкін. Кіші-М-белоктар созылмалы гепатитте, орта жастан асқан науқастарда пайдалы ісік аурулары кезінде байқалуы мүмкін. Ағзада парапротеинемияның бар болуын-С-реактивті белоктың көп мөлшеріне және басқа жедел фазалы белоктар, сонымен қатар сары судағы фибриногеннің құрамына байланысты болуы мүмкін. .

Slide 25

Жоғары деңгейі: Альбумин: 1. Дегидратация; 2. Шок; альфа1- глобулин фракциясы( альфа1-антитрипсиннің жоғарылауы) : 1. бауыр паренхимасының патологиясы ; 2. жедел және созылмалы қабыну үрдістерінде (инфекциялар және ревматизм аурулары) ; 3. Ісіктер; 4. Жарақат және хирургиялық шаралар; 5. Жүктілік (3 триместр) ; 6. Андрогенді қабылдау; Альфа2-глобулин фракциясы : 1. альфа2-макроглобулин жоғарылауы (нефротикалық синдром, гепатит, бауыр циррозы, эстрогенді және оральды контрацептивтерді қабыладағанда, жедел және созылмалы қабыну үрдістерінде жүктілік) 2. гаптоглобиннің жоғарылауы ( қабыну, қатерлі ісіктерде, тіннің некрозында)

Slide 26

Бета -глобулин фракциясы. 1. біріншілік және екіншілік гиперлипопротеинемия; 2. Моноклональді гаммапатиялар; 3. эстрогендерді қабылдағанда, темір жетіспеушілік анемиясы ( трансферриннің жоғарылауы) ; 4. Жүктілік; 5. Механикалық сарғыштану; 6. Миелома (IgA-типі) . Гамма -глобулин фракциясы : 1. Созылмалы бауыр патологиясы(созылмалы активті гепатит, цирроз) ; 2. Созылмалы инфекциялар, саркоидоз, паразитарлық инвазиялар; 3. Аутоиммунды аурулар (ревматоидты артрит, қызыл теміркі жүйесі(СКВ) ауруы) ; 4. Лимфопролиферативті аурулар (миелома, лимфома, макроглобулинемия Вальденстрем) .

Slide 27

Жедел фазалы белоктар(ЖФБ)

Жедел фазалы белоктар(ЖФБ) - бұл ~ 30 топтан тұратын әртүрлі биохимиялық және функциональды тегі емес белоктар. Олардың осылай аталу себебі, қан плазмасында деңгейі өте тез жылдамдайды немесе қабыну басталғаннан кейін 90 минутың ішінде тез төмендейді. Химиялық табиғаты жағынан көпшілік ЖФБ гликопротеиндер болып табылады. Олар негізінен гепатоциттерде синтезделеді, қанда өзгеру сипатты бірдей емес.

Slide 28

Қызметтер. С-реактивті белогы өз атын пневмококктармен С-полисахаридтер преципитация реакциясына түсуіне байланысты аталған (ағзаның бірден- бір қорғаныш механизмі) СРБ иммунды реакцияны стимулдейді, сонымен қатар, фагоцитозға, Т- және В-лимфоциттердің өзара байланысуына қатысады, классикалық комплемент жүйесін белсендіреді. Негізінен гепатоциттерде синтезделеді, оның синтезі антигендермен иницирленеді, иммунды комплекстер, бактериялар, саңырау құралақтар, жарақаттану кезінде ( 4-6 с кейін зақымдалады) . Дені сау адамдардың қан сары суында болмайды. Қандағы С- реактивті белок концентрациясы аурудың активтілігінің, үрдістің сатысына байланысты жоғары корреляциясына ие. СРБ деңгейі тез жоғарылауы, көп реттік әртүрлі қабынудың табиғатында және орналасуы, паразитарлы инфекцияда, жарақатта және ісіктер кезінде, қабыну және тіннің некрозымен бірге жүреді.

Slide 29

СРБ тесті көбінесе ЭТЖ салыстырады ( эритроциттердің тұнбаға түсу жылдамдығы) . Екі көрсеткіштер де аурудың басында тез жылдамдайды, бірақ ЭТЖ қарағанда СРБ пайда болады және ерте жойылады. Дұрыс емдеу нәтижесінде СРБ келесі 6-10 тәулікте, ал ЭТЖ тек қана 2-4 аптадан кейін ғана төмендейді. Соныменен, СРБ деңгейінің тез қалпына келуі тесттің ауру кезеңінде және емдеудің нәтижелі екендігінде байқалуы мүмкін. Кез-келген ауруларда, мейлі ол оперциядан кейін бактериальді инфекциямен қабаттасуы немесе сепсис болсын міндетті түрде жедел фазалы белоктар деңгейінің жоғарылауымен жүреді. .

Slide 30

СРБ мөлшеріне гормондар әсер етпейді, сонымен қатар жүктілік кезінде де, ал аурудың созылмалы түріне ауысқанда С-реактивті белок толық жойылады және ол егерде ауру үрдісі қайта қозғанда жоғарылайды. Уровень СРБ деңгейі вирусты және спирохетті инфекцияда аздап жоғарылайды, сондықтан жарақат жоқ болса, оның сарысуда жоғарылауы бактериальды инфекцияның бар екендігін көрсетеді. Жаңа туылған нәрестелерде СРБ сепсис диагностикасы үшін пайдаланады. Операциялық шаралардан кейін бұл көрсеткіш деңгейі жоғарылайды, бірақ бактериальді инфекцияның болмауына байланысты операциялық шаралардан кейінгі кезеңде ол тез қалпына түседі.

Slide 31

СРБ деңгейінің жоғарылауы Жүйелі ревматизм ауруларында;

Асқазан-ішек жолдары ауруларында

Трансплантаттың бөлініп шығу реакциясында;

Қатерлі ісіктерде ;

Екіншілік амилоидозда

Миокард инфарктінің (2-і күнінде пайда болады) қан сарысуынан аурудың 2-і аптаның аяғында 3-і аптаның басында жойылады, стенокардия кезінде СРБ сарысуда болмайды. Жаңа туылған нәрестелердің сепсисінде 6. Менингитте, Туберкулезде 7. операциядан кейінгі асқынулардан кейін ;

Нейтропенияда, эстрогендерді қабылдағанда, оральды контрацептивтер.

Slide 32 Slide 33 Slide 34 Slide 35 Slide 36 Slide 37

Клиникалық диагностикасында қанда мочевинаның деңгейін бүйректің щығу қызметін бағалау үшін анықтайды. Дені сау адамдарда мочевинаның түзілуі олардың тамақтануына байланысты: диетада белокты өнімдердің( (ет, балық, жұмыртқа, сыр, ірімшік) көп мөлшерде пайдаланса мочевина концентрациясы қалыпты шек араның жоғары деңгейіне дейін жоғарылауы мүмкін. Бауыр патологиясы кезінде оның синтезделуінің бұзылуына байланысты қанда мочевина деңгейі төмендейді. Ерте балалық шақта, жүктілік кезінде белок синтезінің бұзылуына байланысты мочевина деңгейі дені сау адамдармен салыстырғанда бірнеше төмендеген. Жас ұлғая келе мочевина деңгейі жоғарылайды.

Slide 38

Анализді белгілейтін көрсеткіштер :

Бауыр және бүйрек қызметін зерттеу үшін

Бүйрек жетіспеушілігінде;

Бауырлық жетіспеушілікте;

Slide 39

Мочевина- мочевина синтезі бауырда өтеді. белоктар алмасуының негізгі соңғы өнімі болып табылады.

Қалдық азоттың 50% жуығы(белокты тұнбаға түсірген кейінгі, қандағы белоксыз азотты заттар ) мочевина құрайды. Бауырда синтезделеді. Синтез АТФ энергиясын пайдалану арқылы жүреді. Мочевина - осмостық белсенді зат, зәр концентрлеу механизмінде маңызды рөл атқарады. Мочевина бүйрек арқылы шығарылады. Қандағы оның деңгейі түзілу және шығару үрдісінің арақатынасына байланысты. .

Slide 40

Мочевина деңгейінің жоғарылауы: 1. Бүйректік ретенционды азотемия (қанға қалыпты түсуі кезінде зәр арқылы арқылы бөлінуінің жеткіліксіздігі, бүйректің щығару қызметінің әлсізденуіне) байланысты. ) :

Гломерулонефрит;

Бүйрек амилоидоз ;

Пиелонефрит;

Бүйрек туберкулезі ;

Нефротикалық улы дәрілерді қабылдауы (тетрациклин)

Slide 41

. Бүйректен тыс ретенционды азотемия: бүйректік гемодинамиканың бұзылуы) :

Жүрек жеткіліксіздігі;

Қатты қан кетуде;

шок;

Ішектік жетіспеушілігі;

күйіктер;

Зәр ағымының бұзылуы (зәр қапшығынң ісігі, простатаның аденомасы, зәр қапшығындағы тастар) ;

дегидратация

Slide 42

Мочевина деңгейінің төмендеуі: 1. Бауыр қызметінің бұзылуы (мочевина синтезінің бұзылуы)

Гепатит;

Цирроз,

Жедел гепатодистрофия;

Бауырлық кома;

Фосформен, мышьякпен улану; 2. Жүктілік; 3. Вегетариандық белогы төмен диетасы, аштық; 4. Акромегалия; 5. ішектің сіңіру синдромының бұзылуы

(мальабсорбция) ; 6. Гипергидратация; Диализден кейінгі жағдай.

Slide 43

. Продукционды азотемия (белок катоболизмінің ұлғаюында мочевинаның қанға көп мөлшерде түсуі) ) :

кахексия;

лейкоз;

Қатерлі ісіктер;

Глюкокортикоидтарды, андрогендерді қабылдау;

Лихорадқа жағдайы;

Физикалық жүктеменің жоғарылауында; 4. Белок мөлшерінің жоғары диетасы

Slide 44 Slide 45

Креатинин Азотты метаболит, бұлшық етте және басқа тіндерде өтетін энергия алмасуына қатысатын соңғы өнім креатинфосфатқа айналуы. . Креатинин синтезі негізінен бұлшық ет тінінде өтеді. Бұлшық еттің жиырылу үрдісінде креатинфосфат ыдырып креатинин түзіледі және энергия бөлінеді. Қан сарысуындағы оның концентрациясы салыстырмалы тұрақты және ол синтез үрдесінің тепе- теңдігіне және бөлінуіне байланысты. Әйелдерге қарағанда ерлердегі бұлшық ет тінінінің көлемінің жоғары болуына байланысты креатинин мөлшері жоғары болады. Креатинин табалдырықсыз заттарға жатады: қалыпты жағдайда бүйректің гломерула сүзгішінн өтеді және арнашалардан реабсорбцияланбайды. Сондықтан креатининнің деңгейінің жоғарылауы әдетте бүйрек шумақтары сүзгішінің және бүйректің шығару қызметінің төмендеуін көрсетеді. Қандағы және зәрдегі креатинин концентрациясы шумақтық сүзгіштің өлшемін есептеу үшін және(бүйрек қызметін бағалауда «Реберг сынамасы ») пайдаланады.

Slide 46

Анализді белгілеу көрсеткіші:

Бүйрек жағдайының диагностикасы

Қаңқа бұлшық еттерінің аурулары.

Slide 47

Креатинин деңгейінің жоғарылауы : Жедел және созылмалы бүйрек жетіспеушілігі;

Акромегалия және гигантизм;

Нефротоксикалық дәрілерді қабылдағанда(сынап қосылыстары, сульфаниламидтер, тиазидтер, аминогликозидтер тобының антибиотиктері, цефалоспориндер және тетрациклин, барбитураттар, салицилаттар, андрогендер, циметидин, триметоприм-сульфометоксазол) ) ;

Механикалық, операциялық, бұлшық еттің көлемді зақымдалуы;

Ұзақ уақытқа созылған мыжылуда я;

Сәулелік ауру.

Жалған жоғарылау: қандағы концентрациясының жоғарылауы кейбір эндогенді метаболиттердің (глюкоза, фруктоза, кетон денелері, мочевина, кейбір дәрілер - аскорбин қышқылы, леводопа, цефазолин, цефаклора, резерпин, нитрофуразон, ибупрофен) қабылдаған кезінде пайда болуы мүмкін. ) ;

диетасында ет тағамдары шамадан тыс көп болған жағдайда ;

Гипертиреоз, сусыздану.

Slide 48

Креатинин деңгейінің төмендеуі :

Аштық, бұлшық еттің массасының төмендеуінде ;

Кортикостероидтарды қабылдағанда;

Жүктілік (әсіресе 1 және 2 семестр) ;

Вегетариандық диета;

Гипергидратацияда;

Миодистрофияда.

Slide 49

Реберг сынамасы (эндогенді креатининнің клиренс) Шумақтық сүзгішті анықтау әдісі (бүйректік қан айналымның эффектілігі)

эндогенді креатинин клиренсі геморенальді сынамаға жатады, ол бүйректің тазарту қабілетін бағалайды. Бұл әдіс шумақтық сүзгіштің плазмадан креатининді тазарту жылдамдылығына негізделген, егерде, қанда, зәрде және белгілі уақытта зәрдің көлемінде (әдетте тәулік) креатининнің концентрациясы белгілі жағдайда есептеледі. Қаннан метаболит өнімдерінен тазарту негізінен, бүйректің ( щумақтық сүзгіші, арнашалық секреция және реабсорбциямен) қакмтамасыз етіледі. Креатинин қалыпты жағдайда тек қана сүзгіш жолымен өткеннен кейін қайтып арнашалар арқылы реабсорбцияланбайтын заттарға қатысады. Сондықтан зәрмен креатининнің бөлінуінің төмендеуі және оның қандағы концентрациясының өсуі бүйрек қызметінің төмендегенін білдіреді. 40 жастан кейін щумақтық сүзгіш 1 жыл сайын 1% төмендеп отырады. .

Slide 50

Деңгейдің жоғары шек арадағы референті маңызы :

Қантты диабеттің бастапқы кезеңінде ;

Гипертоникалық ауру;

Нефротикалық синдром.

Деңгейінің төмендеуі:

30 мл/мин/1, 7м2 дейін- бүйрек қызметінің шамалы төмендегені (өздігінен маңызы өзгермейді) ) .

- 15-30 мл/мин/1, 7м2- бүйректің жетіспеушіліг компенсирленген, субкомпенсирленген.

15 мл/мин/1, 7м2 - декомпенсирленген бүйрек жіспеушілігі .

Несеп қышқылы Нуклеотидтердің құрамына кіретін пуринді негіздер метаболизмінің соңғы өнімдері

Несеп қышқылының бөлінуі нәтижесінде ағзадан азоттың көп мөлщері шығарылып отырады. Қан плазмасында несеп қышқылы көбінесе натрий тұхдарының түрінде болады. Қандағы несеп қышқылының концентрациясы несеп қышқылының синтезінің тепе-теңдігіне және оның бүйрек арқылы шығарылуына байланысты. Дені сау адамдарда несеп қышқылының деңгейі тағамда пуринді көп мөлшерде пайдалағанда жоғарылайды және төмен пуринді тағамның диетасында төмендейді. Пуринге бай тағамдарға қызыл ет, бауыр, бүйрек, ми, тіл жатады. Әйелдерге қарағанда, ерлерде несеп қышқылы жоғары; ересектерге қарағанда балаларда төмен. 60 жастан кейін көрсеткіштің деңгейі ерлермен және әйелдерде бірдей. .

Пуринді алмасудың бұзылуы подагра кезінде, қандағы нсеп қышқылының концентрациясының жоғарылауына әкеледі, ол өз ретінде мүшелер және тіндердің зақымдалуына тудырады. Бүйрек қызметі төмендеуіне байланысты оның бөлінуі төмендейді, осының салдарынан несеп қышқылының мөлшері қанда жоғарылайды. Қан сарысуында несеп қышқылының концентрациясының жоғарылауы цитотоксикалық әдірі дәрмектердің әсерінен жасушадағы ДНҚ ыдырауы жоғарылуында тіннің кеңінен зақымдалуы кезінде, ісіктті үрдестер кезінде байқалады. Гиперурикемия және зәрмен несеп қышқылының шығарылуының жоғарылауы зәрлік тас ауруымен, атеросклерозбен ЖИА (жүректің ишемиялық ауруы) және патологиялық жағдайларда байқалады. . Анализ белгілерге көрсеткіш :

Подагра;

Зәрлік тас ауруы;

Бүйрек патологиясы кезінде бүйрек қызметін бағалау ;

Лимфопролиферативті ауру.

Несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы (гиперурикемия) ) :

Подагра;

Леша-Нихан синдромы(генетикалық гипоксантин-гуанин фосфорибозил-трансфераза - ГГФТферментінің жетіспеушілігі) ;

Лейкоздар, миеломды аурулар, лимфома;

Бүйрек жетіспеушлігі; Жүктілік токсикозы

Ұзаққа созылған аштық;

Алкогольді пайдалану;

Салицилаттар, диуретиктер, цитостатиктерді қабылдағанда,

Физиологиялық жоғарылау (жоғары физикалық жүктеме ческая пуринді негіздерге бай диета) ) ;

Жан ұялық идиопатикалық гипоурикемия;

Онкологиялық аурулар кезіндегі катоболикалық үрдістердің жоғарылауы ;

Пернициозды (В12- дефицитті) анемиясы.

Несеп қышқылы деңгейінің төмендеуі :

Коновалов - Вильсон ауруы(гепатоцеребральді дистрофия) Фанкон синдромы;

аллопуринол, рентгеноконтрастты дәрі дәрмектерді, глюкокортикоидтарды, азатиопринді қабылдағанда;

Ксантинурия;

Ходжкин ауруы;

Бүйректің проксимальды арнашаларының дефектісі ;

Төмен пуринді диета.

ГИСТАМИН

1. Түзілетін орны: мастоциттер, ми, асқазан қабырғасы.

2. Түзілуі:Коферментті пиридоксальфосфат болып келетін гистидин декарбоксилаза әсерінен гистидин декарбксилденіп гистаминге айналады.

3. Физиологиялық әсері а) НСI секрецисын күшейтеді. Гистамин асқазан қабырғасындағы Н2-рецепторымен байланысып НСI түзілуін күшейтеді. Қалыпты жағдайда гистаминнің б ұл әсері көптеген екіншілік пайдалы эффектілерді көрсетеді; керісінше гистаминнің көп түзілуінен НСIмөлшері көбейіп асқазан немесе ұлтабардың ойық жаралары дамиды;

б) капиллярларды кеңейтіп өткізгіштігін жоғарылатады;

в) бронхыларды тарылтып демікпені қоздырады. Сондай-ақ жатыр және тегіс бұлшық еттерін жиырылуын туғызады, бұны гистаминнің Н1 -рецепторлық әсері деп атайды. Сонымен көптеген қабыну және аллергиялық үрдістерге қатысады;

г) Ағзаның сезімталдық жетілуіне қатысады.

4. Бөлінуі: гистаминазды және гистамин -N-метил-трансфараза жолымен өзгеріске ұшырап, зәрмен бөлінеді.

Notes: АМИНОТРАНСФЕРАЗЫ (ТРАНСАМИНАЗЫ

Диагностическая значимость:

Аминотрансферазы играют центральную роль в обмене белков и его взаимосвязи с обменом углеводов. Небелковой частью этих ферментов является витамин B6 .

Избирательная тканевая специализация позволяет считать их маркерными ферментами: АлАТ - для печени, АсАТ - для миокарда. Они относятся к индикаторным ферментам, активность которых повышается в результате повреждения ткани, гибели, разрушения клеток и выхода ферментов в систему кровообращения.

Активность АлАТ в сыворотке крови повышается при заболеваниях печени, особенно при инфекционном гепатите (в инкубационном периоде) .


Ұқсас жұмыстар
Ағзадағы қуат алмасу
Бауырдың қызметтері
Гипофиз гормондары
Белок алмасуы
Жүйке тінінің биохимиясы
Липидтердің жіктелуі
Липидтер алмасуының сатылары
Заттар және энергия алмасу
Бауырлық ісіну
Гормондар жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz