Әлем назарын аудартқан ақорда
Презентация қосу
АСТАНА САММИТІ – ЖАҢА ДӘУІРДІҢ БАСЫ
Қара ормандай қалың қазақ халқы тікелей эфирдегі теле-радио сынды
электронды ақпарат құралдарынан және беделді басылым беттерінен
бәрін жіті қадағалап отырды десек артық болмас.
Осынау дүниеде бір тұтам жер үшін ұңғысынан түтіні сейілмей тұрған,
“қара қазан, сары бала” қамы үшін шүріппеден қолын алмай күрес
жүргізіп жатқан ел аз ба? Ошағы ортасына түсіп, ойрандалмаған жер аз
ба? Балқан таудың басын мұнар, балағын қырау шалғалы қашан?!
Қабырғасынан қаншама ұлтты өогізген Қап тауының етегіндегі
бұлақтар неге лайланды? Басынан бақайшығына дейін саяси
сауыттармен қаруланған шынжыр табан танктердің астында шыңғырып
жатқан Таяу Шығыстағы бейкүнә ұрпақтың зарына бұл ғасыр құлақ аса
ма? Мұнайдың буы мен есірткінің уына арбалған Парсы шығанағы һәм
ауған аңғарлары неге бүтін адамзаттың зәре-құтын алып, “бас ауруына”
айналып отыр? Шекаралары шендескенмен, бейбіт қарым-қатынастары
елдеспей отырған, бір-бірін қапсыра құшақтағанмен, қабырғасын бір-
бірлеп санап отырған ұлыстар мен ұлттар аз емес. Ғаламдық деңгейде
алдынан сұрапыл қайшылықтар тосарын біле тұра Қазақстан неге
жаппай қырып-жоятын ядролық қарудың қара жәшігінен бас тартты?
Бұл – адамзат баласының XXI ғасырдың алдына қоятын салмағы ауыр
сауалдардың бірі ғана. Әлемдік геосаяси карта былайғы көзге көріне
бермейтін күнгейлі-теріскейлі алмағайып кезеңдерді бастан өткеріп
жатқан шақта, өзінің ішкі саяси-экономикалық, әлеуметтік
ағыстарының арнасын кеңейтумен қатар, ғаламдық қауіпсіздік
мәселесіне алаңдаушылық білдіріп, ЕҚЫҰ-ның мінбесін қазақ
халқының Елордасына әкелуі – Қазақстанның болашақ даму бағытын
тағы бір айқындап бергенінің анық дәлелі. Кез келген мәселеөркениетті
диалогтармен шешілуі тиіс. Біз Қазақстанның таңдаған жолы, саяси
ұстанымы осылай деп түсіндік. Сондықтан да кешегі Астана төрінде
өткен дүбірлі саммитке сәт-сапар тіледік, сол жиында қабылданған
Астана Декларациясынан, оның әрбір тармағының тамырына қан
жүгіріп, таңдау түскен шешімдер таразыға салынған, талқыланған
халықаралық жағдайларға ықпал етеді деген сенімдеміз. Әрине,
ұйымға мүше мемлекеттердің басшыларын Қазақстанның Елордасына
жинаған
Астана саммитінде қордаланған мәселе аз емес және бұл бір жылда,
яки он жылда туындаған жағдай емес. Ал осындай-осындай елдер мен
елдер, тіпті құрлықтар арасында туындаған және оған сыналып, қиялап
жүріп жол табуды қажет ететін саяси және экономикалық ахуалдарға бір
ғана саммитпен жауап беру тіпті де мүмкін емес. Бірақ Еуразия
кеңістігіндегі түйткілді мәселелерге ашық алаң болған, бір-біріне
қырғиқабақ елдерді мәмілеге шақырған және сол орын алып отырған
дағдарыстардан шығудың нақты жолдарын қарастырған – Астана
саммиті.
ОБСЕ-ге төрағалық міндетін жоғары деңгейде атқарған ресми Астана
бітіспес тараптарды бір үстел басына жинау арқылы Еуразия кеңістігінде
ғана емес, бүкіл әлем алдында саяси салмағы сан батпан іргелі миссияны
атқарды. Миссияның жемісі сол – бітіспес тараптарды ең жоғары
деңгейде түйістірді.
Ғаламдық мәселелерді мемлекет басшылары деңгейінде қарстырған
бұл саммит – қазақ елінің арғы-бергі тарихында, мыңжылдықтар
дәуірінде болмаған оқиға десек, тіпті де асыра айтқандық емес. Бұл жиын
– саяси ахуалы өте күрделі Еуразия кеңістігінде жаңа санаттағы мемлекет
құрып, астана түзген ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы армандап
кеткен Тәуелсіздікке қол жеткізіп, Ұлы Дала төсіндегі сан ұлысты бейбіт
түсіністікте, дау-жанжалға ұрындырмай, алып келе жатқан мемлекет
басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көшінің көлікті, саясатының салмақты да
сабырлы екендігінің жемісі. Бұл – алып ерлер арасынан жаһанның саяси
даму кеңістігіне сыналап жол тауып келе жатқан мемлекет басшысының,
Қазақстанның – аймақтық геосаяси алаңындағы жетекші ел екендігінің
белгісі. Ұйымға төрағалық еткен Қазақстан жыл бойы жұмыр жердің
қауіпсіздігі үшін Еуразия аумағындағы отты ошақтарда, ыстық
нүктелерде болып, ірі бітімгерлік міндеттер атқарды. Елдің бірлігі мен
ұлттың тұтастығын, мемлекеттік саясаттың сарабдалдығын үлкен
жауапкершілікпен сезінетін зиялы қауым өкілдері діттеген деңгейде өткен
Астана саммитін аса жоғары бағалауда. Әлем сарапшылары тарапынан
жоғары бағаға ие болған Астана саммиті – Қазақстанның сыртқы
саясатының халықаралық мәселелерге араласып қана қоймай, түйінді
түйткілдердің шешімін табудағы іскерлігін айқын көрсетті.
Бұл саммит – аз ғана мезгіл ішінде алты құрлыққа аты мәшһүр болып
үлгерген, өзінің даму үрдісін қалыптастырған Тәуелсіз Қазақстан
тарихының әлемдік саяси кеңістіктегі жаңа кезеңінің, жаңа дәуірінің
басы...
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСТАРДЫҢ ОТАНДАСТАРҒА ҮНДЕУІ
Астана қаласында зор табыспен өткізілген Еуропадағы қауіпсіздік пен
ынтымақтастық ұйымының саммиті Қазақстанның осы ұйымның төрағасы
рөліндегі миссиясының шарықтау шегіне айналып, еліміздің әлемдік
аренадағы өсіп келе жатқан рөлі мен Қазақстан басшысының аса жоғары
халықаралық беделін айқындап берді.
Саммит еліміз бен барлық қазақстандықтар үшін мән-мағынасы терең
заманалық, әрі тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жарқын да, елеулі
оқиғалардың біріне айналды.
Біз, Қазақстан жастары, еліміздің өз миссиясын ойдағыдай іске асыра
алғанын мақтан етеміз. Біз өз Отанымыз бен өз халқымызды мақтан
тұтамыз! Біз өз Елбасымызды мақтаныш етеміз!
Бүгін біздің еліміз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
стратегиялық бағытын қолдай отырып, дамудың жаңа деңгейіне шықты.
Қазіргі таңда елімізідің алдында Президентіміз ұсынып, жаңа он
жылдықтағы Қазақстанды жаңарту стратегиясында белгілеп берген кең
ауқымды жаңа тарихи міндеттер тұр. Оларды табысты іске асыру, ең
алдымен, барлық азаматтардың бірлігі мен ынтымақтастығына, әрбір
қазақстандықтың ел болашағы үшін жауапкершілігі мен жас мемлекетімізді
дамытудағы алатын рөлін ұғынуына тікелей байланысты. Сондықтан біз
ғаламат жоспарларымызды жүзеге асыру мақсатында Елбасының
айналасында етене топтасып, бар күшіміз бен қуатымызды
жұмылдыруымыз қажет.
Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясаттың арқасында, қазақстандық
жастар үшін тың белестер мен жаңа мүмкіндіктер ашылды, олардың өз
мүмкіндіктерін тиімді іске асыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға
және бәсекелестігін арттыруға жағдай жасалады.
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көп қырлы
қызметі – жас қазақстандықтар үшін өз Отанына шын беріліпқызмет етудің
және оның мүдделеріне беріктіктің, шынайы отансүйгіштіктің жарқын
үлгісі. Біздің алдымызда үлгі-өнеге аларлық тұлғамыз бар. Президенттің
2030 жылға дейін даму стратегиясында біздің көкейіміздегі үміттеріміз бен
ұмтылыстарымыз нақты көрініс тапқан. Сол себепті біз Елбасы саясатын
бірауыздан қолдап, еліміздің жаңару мен даму стратегиясын іске асыруға
белсенді түрде атсалысуға дайынбыз.
Тәуелсіздігімізді алған сәттен бастап Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан халқын әлеуметтік саясаты жауапты, экономикасы дамыған,
саяси жүйесі тұрақты мемлекетті құру жолымен табысты алып келеді.
Сондықтан динамикалық даму мен гүлденудің стратегиялық
бағытымен Қазақстанды одан әрі жүргізу туралы Тұңғыш Президентіміз
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған үндеуімізді барлық
қазақстандықтарды қолдауға шақырамыз. Себебі біздің барлық
ұмтылыстарымыз, арман-мұраттарымыз, болашағымыз тек қана Елбасы
есімімен тығыз байланысты.
ЕЛБАСЫНЫҢ БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАУҒА ДАЙЫНБЫЗ
Елімізде болып жатқан оң өзгерістер, ЕҚЫҰ саммитінің жоғары
деңгейде табысты өтуі, Гуаньчжоу қаласында өткен Азиялық ойындарда
спортшыларымыздың жеңіс тұғырынан көрінуі ел жастарына тың серпін
беріп, олардың еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатына
деген толық қолдауларын білдіруіне себеп болды.
ЕҚЫҰ САММИТІ – ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ САЛТАНАТЫ МЕН
БІРЛІГІНІҢ ДӘЛЕЛІ
ЕҚЫҰ-ның Астанадағы 7-саммитіндегі декларация осыдан 35 жыл
бұрын қабылданған Хельсинки актісін ауыстыра алатын соңғы 11
жылдағы бағалы құжат болып табылады. Мемлекет басшысы “Астана
декларациясы еуроатлантикалық және еуразиялық қауіпсіздік
қауымдастығын құруға негіз салатынына” үміт артты. “Бүгін біз Астанада
ЕҚЫҰ-ның тарихындағы күрделі кезеңнің аяқталғанына нүкте қойдық.
Жаңа әлемде Хельсинкидің рухы қайта тірілді. Еуразиялық бағыт ЕҚЫҰ-
ның дамуына қуатты серпін беретініне, Шығыс пен Батысты, Оңтүстік
пен Солтүстікті жақындастыратынына қабілетті екеніне сенімім мол.
Әлемді жаңадан құрудың түйінді мәселелерін жете түсіну – Астана
рухының квинтессенциясын осыдан көремін” – деп мәлімдеді
Нұрсұлтан Назарбаев.
Н. Назарбаев Астана декларациясының қабылдануын “ЕҚЫҰ-ның
саммитінің негізгі жетістігі” деп атады. Президенттің пікірінше, саммитке
қатысушылардың өткір ұлтаралық мәселелерді түпкілікті шешуге деген
ізгі ниеттері болды. Бірақ созылмалы дерттердің бір жылда не бір күнде
жазылып кетуі мүмкін емес. Қорытынды құжатты қабылдар алдында
ЕҚЫҰ елдері өзара келісімге келетініне күмәнмен қарағандар көп болды.
Мәселен, Ресей кәдімгі қарулану мен қауіпсіздік мәселелеріне
қатысты ережелермен келіспейтінін айтты. Әзербайжан құжатқа
мемлекеттердің аумақтық тұтастығы жөніндегі тармақты қосуды талап
етті. Беларусь басшысы жанжал шыққан жайсыз мемлекеттерге сырттан
ықпал етуде ЕҚЫҰ-ның беделі мен біріңғай саясатының жоқтығын сынға
алды. Сондай-ақ Астана декларациясын қабылдауға Гүржістанға қатысты
дау-дамайлар да кедергі келтірді. Ресей ЕҚЫҰ-ның Тбилисиге мандатын
қалпына келтіруді жақтамаса, АҚШ керісінше, сол мандатты қайтаруға үн
қатты. Түптеп келгенде, Ресей ПрезидентіДмитрий Медведев саммиттің
бірінші күні еліне қайтып кетті. Кейбір сарапшылар Ресей басшысының
бұл әрекетін аумақтық тұтастыққа көптеген даулы мәселелерді шешу
мүмкін болмайтынын біліп кетті деп болжады.
Алайда көптеген халықаралық сарапшылар Астана саммитінің өте
жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және өткізілгенін бірден
мойындады. Әсіресе, Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың саммитті
ашқандағы нақты да ұтқыр ұсыныстардан тұратын кіріспе сөздері жоғары
бағаланды. Қазақстан басшысының кіріспе сөзінде ұйымның қызметіндегі
барлық негізгі мәселелер қамтылып, тіпті сол мәселелерді шешудің нақты
жоспары ұсынылды.
Жақын арада 3 бағыт бойынша ортақ еуразиялық кеңістік идеясы
қолдау табуы мүмкін.
Біріншіден, Қазақстан мен Ресейдің және басқа да посткеңестік
елдердің өзара қарым-қатынастарын ширатуы;
Екіншіден, экономикалық қауіпсіздік және дағдарыстан кейінгі
ахуалды реттеудегі ауызбіршілік;
Үшіншіден, Қырғызстан мен Ауғанстанда қолданылған механизмдерді
үздік тәжірибе ретінде насихаттау.
Астанадағы ЕҚЫҰ-ның саммиті өз болашағына зор үмітпен көз
қадаған әлем халықтарына үн қатты. Ұлтаралық төзімділік пен өзара
сыйластықтың жоғары үлгісін көрсеткен Астана рухы Хельсинки рухын
қайта тірілтті. Осыған орай, 3 желтоқсанда Мемлекет басшысы Н.
Назарбаев барша қазақстандықтарға құттықтау жолдап, саммитті өткізу –
бүкіл Қазақстан халқының салтанаты, оның бірлігі мен болашаққа
ұмтылысының дәлелі болғанын мәлімдеді. “Осынша ел басшыларының
бір мезетте біздің елге қадам басуы – тарихымызда бұрын-соңды болмаған
оқиға! Сондықтан бұл біз үшін мыңжылдықтың алғашқы саммиті ғана
емес, мың жылда бір рет болатын тарихи жағдай!Біз бірін-бірі жылдар
бойы көрмей келген ел басшыларының басын қосып, мәмілеге
келтірдік. Еуропа мен Азия ұғымын біріктіріп, қауіпсізідк кеңістігін
кеңейттік. Ұзаққа созылған ортақ келісімнен кейін, тарихи Астана
декларациясын қабылдап, ЕҚЫҰ-ны жаңа белеске көтердік!”, - деді Н.
Назарбаевз-желтоқсанда Астанада өткен саммиттің қорытындыларына
арналған кеңесте сөйлеген сөзінде.
Мемлекет басшысы саммит қорытындыларының Қазақстан үшін
стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті. “Біріншіден, біз өз
тәуелсіздігіміздің сыртқы саяси негіздерін нығайттық. Саммит
ынтымақтастық пен интеграциянынығайтудың, біртұтас және бөлінбейтін
еуроатлантикалық және еуразиялық қауіпсізідік қауымдастығын құрудың
жаңа кезеңнің бастауы болды. Екіншіден, саммитбіздің ЕҚЫҰ-ға
төрағалығымыздың шыңы болды. Біз осынау халықаралық ұйым
басшылығындағы іс-қимылдар бағдарламамызды толық іске асырып,
алдымызға қойған барлық міндеттеріміздіорындадық”, - деді Елбасы.
Онымен қоса, Мемлекет басшысы Қазақстан ұйымның жаңа ғасырда
дамуына ерекше серпін бере алғанын мәлім етті. “Еуразия қауіпсіздігі
мәселелерініңбарлық блогы бойынша пікірталастар жаңғыртылды. Біз
ЕҚЫҰ-ны реформалау, оның күш-қуатынеуразиядағықауіпсіздіктің басқа
құрылымдарымен біріктірудің бағдарламасын ұсындық”, - деді ол.
“Үшіншіден, біз халықаралық деңгейдегі ең ірі шараларды өткізе
алатынымызды дәлелдей білдік. Төртіншіден, біздің қоғам өзінің
толысқандығын, топтасқандығы мен бірлігін көрсетті. Бесіншіден, Астана
Хельсинки, Париж, Будапешт, Лиссабон, Ыстамбұл сияқты Еуропаның
танымал қалаларымен бір қатарға тұрды. Бұл – біздің елордамыздың
әлемге танылуының жаңа деңгейі”, - деді Елбасы.
Сөйтіп, Қазсқтан ЕҚЫҰ төрағалығын Литваға өткізіп берді. Енді
Вильнюс - Астана бағыттаған жолды 2011 жылы жалғастыратын Литва
Президентті Даля Грибаускайте растап, ұйымның негізгі мақсатына
адалдық танытатынын жеткізді. Ал Астана саммитінің абыроймен өтуі
әрбір қазақстандықтың мақтанышы болары анық.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz