ОЗОН ҚАБАТЫНЫҢ ЖҰҚАРУ ПРОБЛЕМАСЫ




Презентация қосу
ҚР Білім және ғылым миннистрлігі
Әл−Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
“Халықаралық қатынастар” факультеті

ОЗОН ҚАБАТЫНЫҢ
ЖҰҚАРУ
ПРОБЛЕМАСЫ
Орындаған: Кабдулинова А. МО91-к
Тексерген: б.ғ.к., доцент
Білдебаева Райхан Маликовна

Алматы, 2010 ж
Жоспар:
I. Озон қабатына жалпы түсініктеме

II. 1. “Озон тесігі” құбылысының тарихы
2. Озон қабаты жұқаруының негізгі себептері
3. Озон қабаты бұзылуының қоршаған ортаға әсері

III. Озонның жұқару проблемасын шешу үшін
қолданылатын шаралар
1. Озон қабатын қорғау жөніндегі Вена конвенциясы
2. Озон қабатын бүлдіретін заттар жөніндегі
Монреаль хаттамасы
3. Озон қабатын күзетудің халықаралық күні
Озон қабаты - Жерді ультракүлгін
сәулелерден қорғап тұратын қалқан.
Ол стратосфрерада, жерден 12-50 км
шақырым биіктікте орналасқан.
Озонның ауадағы шоғыры 0,004%
аздығына қарамастан,барлық
тіршілік үшін қауіпті қысқатолқынды
ультракүлгін сәулені жұтады.
Сондықтан да озон қабатын
“қорғаныш қабаты” деп те атайды.
• 1980 ж. Антарктидадағы ғылыми жұмыс
станцияларында жүргізілген зерттеулерден
атмосферадағы озон құрамының төмендегені
байқалған. Осы құбылыс “озон тесігі” деген атау
алды.

• 1987 ж. көктемінде Антарктиданың үстіндегі “озон
тесігі” ауд. шамамен 7млн шаршы км-ді құрады,яғни
ауадағы мөлшері қалыпты нормадан 30-50%-ға
төмендеген.

• 1992 ж. Оңтүстік Америка құрлығы мен оған жақын
кеңістіктерде озон құрамының айтарлықтай
төмендегені тіркелді.

• 1995 ж. көктемде Арктиканың озонды қабаты 40%-ға
дейін азайған. Канаданың солтүстік аудандарында
және Скандинавия түбегінің, Шотландия
аралдарының, Қазақстанның, Якутияның үстінде
“мини-тесіктер” қалыптасқаны тіркелген.
Озон қабаты жұқаруының негізгі себептері:
• Ғарыш кемелерін ұшыру салдарынан озон қабаты
тесіледі. Жыртылған тесіктер ұзақ уақыт бойы
бірқалыпты тұра береді.

• 12-16 шақырым биіктікте ұшатын ұшақтар

• Атмосфераға фреондардың тасталуы. Озон
қабатының тесілуіне ең үлкен қауіп тигізетін хлор мен
оның судағы қоспасы. Хлордың көп бөлігі
атмосфераға фреондардың ыдырауы арқылы
тарайды. Ол «жарылуға» әкеп соғады. Сондықтан
хордың бір атомы көп озонды құртуға қызмет етеді.
Оның қоспасы ауада 50-120 жылға дейін сақталып
тұрады. Фреон бөлме температурасында көлемін
көбейтетіндіктен, аэрозоль ретінде пайдаланып
келеді.
Озон қабаты бұзылуының әсерінен
болатын қайшылықтар:
• Адам денсаулығына зиян келтіреді (тері
ісік ауруы,көз аурулары,жүйке жүйесінің
әлсіреуіне);
• Мұхиттағы планктонның жоғалуына,
өсімдіктер мен жануарлар әлемнің
мутациясына алып келеді.
Озон қабатын бұзу қатерін жоюдың негізгі жолдары:

• ОБЗ пайдаланудан жедел бас тартуды және оларды қауіпсіз
жоюды қамтамасыз ету, ОБЗ-дың заңсыз айналымының алдын
алу және қолға алынған күш-жігердің табыстылығына көз жеткізу
үшін тропосферада оның жиналуының тұрақты мониторингін
жүргізу.
• 2004 жылдың барысында ОБЗ пайдаланатын кәсіпорындардың
қызметін лицензиялау жөніндегі қажетті нормативтік құқықтық
актілерді қабылдау, ОБЗ пайдалану қызметімен айналысатын
мамандарды оқытуды және Қазақстанның үстіндегі озон
қабатының жай-күйін зерделеу жөнінде іргелі ғылыми
зерттеулер жүргізуді бастау, сондай-ақ жаңа технологияларды
енгізу жолымен ОБЗ пайдалануды қысқарту және қолданыстан
алу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет болады.
Осы іс-шараларды жүргізу нәтижесінде ОБЗ шығарындысы
қысқарып, ол Жердің озон қабатын сақтауға септігін
тигізетін болды.
Озон қабатын қорғау жөніндегі Вена конвенциясы

ҚР Конвенцияға ҚР «Озон қабатын
қорғау жөніндегі Вена Конвенциясына
қосылуы туралы» 1997.30.10 заңы
негізінде қосылды.
Конвенцияның негізгі ережелері
• Конвенция озон қабатын қорғау жөніндегі жалпы
ережелерді қамтыған. Онде озон қабатын реттеуші
негізгі шараларын қамтитын, хаттамаларды
қабылдау, хлорфторкөміртегін өндіру және лақтыру
ақпараттарымен алмасу, озон мониторингі және
ғылыми зерттеулер облысында қарым-қатынас
жөніндегі міндеттемелер бекітілген.
Озон қабатын бүлдіретін заттар жөніндегі Монреаль
хаттамасы

ҚР Монреаль хаттамасына ҚР қосылуы
туралы 1997.30.10 заңымен қосылды.

ҚР негізгі міндеттемелері
• хлорфторкөмірсуларын өндіру дәрежелері (1 топ А
қосымшасы) нөл көрсеткішінен жоғары болмауы тиіс;

• Озон қабатын бүлдіруші заттардың барлық ауқымды
лақтыруларын талап ету мақсатында 2001 жылы 1
қаңтарынан бастап оларды қолдану бойынша
қосымша тыйымдар енгізілді.
• 1994 жылы Бас Ассамблея 16
қыркүйекті - озон қабатын
күзетудің халықаралық күні деп
жариялады.
Қолданылған әдебиеттер:

• Қуатбаев А.Т.Экология (оқулық) –
Алматы,2008 – 312 бет
• Интернет (wikipedya.ru, google.kz)
• Колумбаева С.Ж., Білдебаева Р.М. Жалпы
экология. Алматы, «Қазақ университеті»,
2006.
• Экологический кодекс РК, Астана 2007 г.

Ұқсас жұмыстар
Ғаламдық экологиялық мәселелер
Ресурстар проблемасы
Атмосфералық ауаның ластануының гигиеналық маңызы
Табиғи факторлар
Озон қабатының жұқаруы
Озон қабаты
Ғаламдық проблемалар
Қышқылдық жаңбырлар
Қышқылдық жаңбыр
Қышқыл жаңбыр
Пәндер