Өндірістік бағдарламаны қалыптастырудың мәні мен мазмұны: номенклатура, маркетинг және диверсификация


Slide 1

Өндірістік бағдарламаны қалыптастырудың мәні және мазмұны

Өндірістік бағдарлама тұтынушылар үшін өнім өндіретін кез келген кәсіпорында жасалады. Өндірістік бағдарламаны жасаған кезде әртүрлі факторларды ескеруді қажет етеді. Өндіріс саласына байланысты өнімнің бірнеше түрлерін анықтайды: материалдық өндіріс (өнеркәсіп, ауылшаруашылық, құрылыс, тағы басқа) және материалдық емес өндіріс(тасымалдау, сауда, білім беру, денсаулық сақтау және тағы басқа) кез келген өндірісте өндірілетін өнімдердің сыныптамалары мен топтамалары болады, сол бойынша мысалға өнеркәсіпте машина жасау, тігу және тоқыма, аяқ киім тігу өнеркәсіптері бар. Қызмет те өз кезегінде бөлінеді: темір жол, теңіз, әуе, автомобильдік және басқа да тасымалдар.

Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы - тұтынушылардың тапсырысы мен келісім - шартқа байланысты өндірілетін өнімдер мен қызметтердің жиынтығы болып табылады. Өндірістік бағдарламаны жасағанда кәсіпорынның негізгі мақсаты ескеріледі, яғни өнім табыстылығы мен капитал рентабельділігінің жоғары деңгейін сақтай отырып өндірісті кеңейту. Осы жоспарларды орындау үшін кәсіпорын ұзақ мерзімді даму стратегиясын жасайды. 

Slide 2

Ұзақ мерзімді стратегияны жасағанда өндірістік бағдарламада көрсетілген өнім номенклатурасының өмірлік циклының ұзақтығын ескерген жөн. Әрбір тауардың өмірлі циклы 4 кезеңнен тұрады: басы, дамуы, жетілуі, ескіруі. Сатылған өнім көлемі мен тауардың өмірлік циклының фазасы бойынша Сонымен әрбір кәсіпорын өндірістік бағдарламаны қажет етеді және оны құрау кезінде маркетингтік зерттеулерге сүйену керек. Маркетингтік зерттеуге сүйену жоспарлауға және өндірістік шешімдерді қабылдауға әсер етеді және де өз кезегінде өндірістік бағдарламаға да әсер етеді. Осыған орай өндірістік бағдарламаны жасағанда оның түбінде тауарлық стратегияға, тауарлық саясатқа және өндіріс стратегиясына сүйенген жөн.

Диверсификация - капитал мен табыстың тиімділігін жоғалту тәуекелімен инвестицияланған және басқа жолмен кәсіпорынға түскен қаражатты бірнеше обьектілер арасында бөлу.

Өндірістік диверсификация - бір уақытта бір - бірімен байланыссыз өнім түрлерін шығару және өнім ассортиментін кеңейту.

Өндірістік бағдарламаны диверсификациялау алдында нарықтағы сұраныс пен ұсынысты зерттеу қажет, одан кейін өнімнің қай түрін өндіруді жоғарлату керектігі анықталады. Кейіннен барып өндірістік бағдарламаның орындалуына қарай диверсификациялау қажеттілік деңгейі табылады.

Тауарлар мен қызметтердің әр түрлі түрлері өндірістік бағдарламаның номенклатурасы деп аталады. Өнім ассортименті өндірісте ерекше бір тауарлардың үлес салмағымен сипатталады. Өндірістің әртүрлі кезеңдерінде сату көлемін жобалаудан кейін жете өндірістік бағдарлама құрастырылады. Мұнда өндірістің деңгейлері анықталады, олар белгілі уақыт мерзімінде қол жеткізілуі тиіс. Мұндай бағдарламалар құру үшін әртүрлі өндірістік кезеңдердегі іс шараларды және оларды жүзеге асыру графиктерін жете қарастыру керек. Көптеген жобаларға бірінші кезеңде толық қуаттылыққа жету мүмкін емес.

Slide 3

Технологиялық, өндірістік және коммерциялық әртүрлі қиыншылықтар салдарынан жобаларды жүзеге асырудың үлкен бөлігі осы бірінші кезеңде үзіледі, бір жағынан сату көлемінің жекелеген өсімі және нарыққа ену қиындығы, екінші жағынан өндірістік процестерінің шығындарын меңгеру мүмкін емес. Өнімді сату өндірісінің мінездемесіне тәуелді кәсіпорынның ортақ қуаттылығы бірінші жылдары 40 - 50 % ғана жете алады. Тек үшінші және төртінші жылдары толық қуаттылыққа қол жеткізуге болады. Бұл өнеркәсіптік бұйымдарды өңдейтін кәсіпорындар үшін, бірінші жылы есептелінген қуаттылыққа қол жеткізуге болады. Бірақ та бұл жерде бірінші жылдың шығару көлемі кәсіпорын қуаттылығының мүмкіндігімен төмен деңгейде жоспарланады.

Технологиялық ерекшеліктерінің есебі және басқа жағдайлар кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын, өнімнің шығару көлемдерін жылдарға бөлу арқылы құруға мүмкіндік алады.

Сонымен әрбір кәсіпорын өндірістік бағдарламаны қажет етеді және оны құрау кезінде маркетингтік зерттеулерге сүйену керек. Маркетингтік зерттеуге сүйену жоспарлауға және өндірістік шешімдерді қабылдауға әсер етеді және де өз кезегінде өндірістік бағдарламаға да әсер етеді. Осыған орай өндірістік бағдарламаны жасағанда оның түбінде тауарлық стратегияға, тауарлық саясатқа және өндіріс стратегиясына сүйенген жөн.

Диверсификация - капитал мен табыстың тиімділігін жоғалту тәуекелімен инвестицияланған және басқа жолмен кәсіпорынға түскен қаражатты бірнеше обьектілер арасында бөлу.

Slide 4

Өндірістік диверсификация - бір уақытта бір - бірімен байланыссыз өнім түрлерін шығару және өнім ассортиментін кеңейту.

Өндірістік бағдарламаны диверсификациялау алдында нарықтағы сұраныс пен ұсынысты зерттеу қажет, одан кейін өнімнің қай түрін өндіруді жоғарлату керектігі анықталады. Кейіннен барып өндірістік бағдарламаның орындалуына қарай диверсификациялау қажеттілік деңгейі табылады.

Сонымен кәсіпорынның тиімді жұмысының түбінде тұтынушылардың қажеттілігін толық қанағаттандыру жатыр. 80 - жылдары кәсіпорынның тиімділікке жеткізетін қағидасы ашылды, ол - ресурсты бағыт. Ол бағыттың өкілдерінің айтуынша нарық тұтынушының ғана нарығы сипатына иеленгенде, кәсіпорын сәттілігі оның потенциалымен анықталады. Екі түрлі қағиданың өкілдерінің бірінікі ғана дұрыс деп айту қате болар еді. Әрине біздің айтуымызша өндірістік бағдарламаны жасағанда нарықтық қағида басты орын алғанымен ресурстық қағиданың өз орнын мойындамасқа болмайды, оның себебі өз ресурстарын жақсырақ меңгеріп, өндірістік бағдарламаны құраған кәсіпорын сөзсіз бәсекеге қабілеті жоғары болатыны бәріне мәлім. 2


Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны, функциялары және қалыптасу шарттары
Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны
Педагогикалық шеберліктің педагогикалық мәдениеттің компоненті ретіндегі мәні мен мазмұны
Прокариоттардың систематикасы: негіздері, әдістері және номенклатура
Құмырсқаның қанағаты: халық ертегісінің мазмұны мен тәрбиелік мәні
Этнопедагогика: халықтық педагогика, мазмұны және тәрбиелік мәні
Маркетинг: анықтамасы, негізгі функциялары мен түрлері
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары: мәні, топтастырылуы және экономикалық маңызы
Халықаралық маркетинг: тұжырымдамасы, кезеңдері және стратегиялары
Қазіргі мектептің тәрбие үдерісіндегі педагогикалық қолдаудың мәні, мазмұны және формалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz