ӨСІМДІКТЕРДІҢ ӨСУІНЕ ЖӘНЕ ДАМУЫНА ДУБИЛЬДІ ЗАТТАРДЫҢ ӘСЕРІ



“ӨСІМДІКТЕРДІҢ ӨСУІНЕ ЖӘНЕ ДАМУЫНА ДУБИЛЬДІ ЗАТТАРДЫҢ ӘСЕРІ”
Орындаған: Сатыбалдиева Дария
Ғылыми жетекшілер:
б. ғ. к., доцент, Турашева С. К
б. ғ. к. Мурсалиева В. К.
Бітіру жұмысы Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының микроклондық көбейту зертханасында жүргізілді.

Мақсаты: Өсімдіктерден алынған дубильді заттардың биологиялық белсенділігін өсімдіктердің биотест жүйесінде және in vitro жағдайында зерттеу
Міндеттері:
Дубильді заттардың белсенділігін биотест арқылы бағалау
Дубильді заттардың әр түрлі концентрацияларының биологиялық белсенділігін анықтау
Дубильді заттардың каллус ұлпасының өсуіне әсерін анықтау
Дубильді заттардың морфогенез процестеріне әсерін анықтау

Зерттеу объектілері мен әдістері
Дубильді заттардың биологиялық белсенділігі үрмебұршақ қалемшелерінің тамырлануына биотест арқылы және in vitro жүйесіндегі каллус ұлпаларының көмегімен анықталды.
In vitro жағдайында дубильді заттардың биологиялық белсенділігін анықтау үшін сәбіздің (Daucus carota L. ) Нантская 4 сортынан және бидайдың (Triticum aestivum L. ) Отан сортынан алынған каллус ұлпаларының тест жүйелері құрылды.
Эксплант ретінде бидайдың пісіп жетілмеген ұрықтары мен сәбіз тамыржемісінің өзектік паренхимасының сегменттері қолданылды.
Зерттелетін дубильді заттардың жиынтықты экстракттары келесі өсімдік түрлерінен бөлініп алынды:
№1- Rheum turkestanicum, Polygonaceae Lindl. тұқымдасы;
№2- Tamarix arceuthoides, Tamariaceae L. тұқымдасы;
№3- Achillea millefolium, Asteraceae Dumort. тұқымдасы;
№4-Geranium pseudosibiricum, Geraniaceae Juss. тұқымдасы;
Каллус ұлпасының өсімі төменгі формула бойынша анықталды:
Кr=m-m0/m0,
мұндағы, m-соңғы салмақ, m0-бастапқы салмақ.

Үрмебұршақ қалемшелерінде тамыр пайда болу қарқындылығына дубильді заттардың әсері
Әр түрлі өсімдіктерден алынған дубильді заттардың жиынтықты экстракттары биотест жүйесінде биологиялық белсенділіктері бойынша ерекшеленетіні анықталды. Дубильді заттардың жоғары концентрациясында (10-100 мг/л) тежегіш әсері анықталса, төмен 3 мг/л концентрацияда ынталандыратын әсерлері байқалды. Achillea millefolium L. және Geranium pseudosibiricum J. өсімдіктерінен бөлініп алынған дубильді заттар төмен концентрацияда тамыр пайда болудың барлық көрсеткіштері бойынша ынталандырушы әсер көрсетті.
1- Rheum turkestanicum Janisch. ; 2 - Tamarix arceuthoides Bunge; 3 - Achillea millefolium L. ; 4 - Geranium pseudosibiricum J. ; A - тамыр саны, B - тамыр ұзындығы (см), C - тамыр аумағы (см), D - тамырдың ылғал салмағы (мг)
Сурет 1 - Дубильді заттар экстракттарының (3 мг/л) үрмебұршақтың тамырлану қарқындылығына әсері:

Бидайдың және сәбіздің ұзақ уақыт пролиферацияланатын каллус культураларының өсу белсенділігін бағалау
Сурет 2- Бидайдың каллус ұлпасының ылғал салмағының ұлғаю динамикасы (2 мг/л 2, 4-Д қосылған МС қоректік ортасында)
Сурет 3 - Сәбіздің каллус ұлпасының ылғал салмағының ұлғаю динамикасы (12 мг/л НСҚ және 1 мг/л БАП қосылған МС қоректік ортасында)

Бидайдың каллус культурасына дубильді заттардың жиынтықты экстракттарының әсері
Сурет 4 -Дубильді заттар экстракттарының бидай каллусының биомассасының өсіміне әсері (екі ай) бақылау-МС+2, 4Д; 1-Rheum turkestanicum ; 2-Tamarix arceuthoides 3-Achillea millefolium 4-Geranium pseudosibiricum
Сурет 5 - 10 мг/л концентрацияда Achillea millefolium экстракты қосылған МС ортасындағы бидайдың каллус культурасының ризогенез процесі

Сәбіздің каллус культурасына дубильді заттардың жиынтықты экстракттарының әсері
№4 экстракт біршама тиімді әсер етті. Бұл варианттарда массаның сенімділік өсімі 6, 05 -23, 52 дейін ауытқыды. Экстракттарды гормонмен бірге қосу олардың ынталандырушы әсерін төрт есе арттырды.
Achillea millefolium (№ 3) экстракті ең төмен ынталандырушы әсер көрсетті. Каллус биомассасының максималды өсімі 8-ді құрады және 10 мг/л концентрацияда НСҚ мен БАП-тың қосылуында байқалды. №1 және №2 экстрактттардың тиімді әсері және бақылау варианттарымен салыстырғанда сенімділік айырмашылықтары өсіру барысында байқалған жоқ.

Қорытынды
Achillea millefolium L. және Geranium pseudosibiricum J. өсімдіктерінен бөлініп алынған дубильді заттар төмен концентрацияда тамыр пайда болудың барлық көрсеткіштері бойынша ынталандырушы әсер көрсетті.
Бидай және сәбіздің каллус культурасында дубильді заттардың жиынтықты экстракттарының өсу және дамуды реттегіш белсенділігі анықталды. Каллус ұлпаларының биомассасының жинақталуына Achillea millefolium (№ 3) және Geranium pseudosibiricum (№4) өсімдіктерінің илік заттары 1-10 мг/л концентрацияда тиімді әсер етті. Экстракттардың жоғары 10 мг/л және 100 мг/л концентрациясы бидайға қарағанда сәбіздің каллус ұлпасына жоғары токсикалық әсер көрсетті.
Tamarix arceuthoides өсімдігінен алынған танниндердің жиынтықты экстракттары бастапқы периодта ынталандырушы әсер көрсетсе, әрі қарай өсіру кезінде каллустың ылғал салмағының өсімін шектейді.
Экстракттарды гормонмен бірге қосу каллус биомассасының жинақталуын күшейтетіні анықталды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz