Хирургиялық паразитарлы аурулар




Презентация қосу
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Хирургиялық паразитарлы аурулар

Тексерген: Қаныбеков А Қ
Орындаған: Оразакиева Т
Факультеті: жалпы медицина
Тобы: 09-039-2
Жоспар:
Эхинококкоз
Альвеококкоз
Аскаридоз
Описторхоз
Амебиаз
Филяриатоздар
Эхинококкоз
Эхинококкоз - бұл Қазақстанның эндемиялық
аймақтарында кең тараған, медициналық және
ауылшаруышылық салаларының қатерлі және ауыр
паразитарлы дерті болып табылады. Бұл ауруды
таспалы құрт – эхинококк шақырады. Ол өзінің өмірлік
айналымын екі иесінің денесінде өткізеді: аралық иесі -
адам және ақырғы иесі –ит, қасқыр, шибөрі,сілеусін
болып табылады. Адам денесінде эхинококк дернәсілдік
даму кезеңін өткізеді. Эхинококкоздың Қазақстандағы
эпидемиологиялық жағдайы, әсіресі малшаруашылығы
кең тараған оңтүстік аймақтарда қауіп төндіреді. Осы
ауруға жұмысқа қабілеті бір адамдардың 70,4%
шалдығады. Эхинококк, көбінесе бауырды және өкпені
зақымдайды. Оның асқынған түрлері 12 -15 % , кездеседі.
Адамға эхинококктың жұғу жолдары мен оның дамуы

Эхинококк денеге 3 жолмен жұғуы мүмкін :
асқазан ішек жолдарының шырышты қабығы арқылы
тыныс жолдары арқылы
жараның беті
Эхинококкоз адамнан адамға жұқпайды. Көбінесе ол асқазан
ішек жолы арқылы, яғни эхинококктың жұмыртқалары бар
жеміс жидектерді жегенде, қайнамаған су ішкенде жұғады,
немесе иті бар адамдар гигиеналық ережелерді сақтамаған
кезде- қолды жумай тағам қабылдағанда, жұмыртқалар ауыз
қуысына түсуі мүмкін. Сонымен қатар механикалық
тасымалдаушылар –мысық, үй құстары, шыбындар, таракандар,
тышқандар арқылы адамға жұққан кездерде байқалған.
Онкосфералардың біршамасы асқазан сөлінің әсерінен өледі,
ал қалғандары нәжіс арқылы сыртқа шығады.
Патогенезі
Паразиттің жұмыртқалары асқазан ішек
жолына түсіп, олардың сыртындағы қабығы
сөлдің әсерінен ериді. Босап шыққан
онкосфералар, ілмектерінің көмегімен
асқазанныі немесе ішектің шырышты
қабығына енеді. Содан кейін, веналық қан
немесе лимфа ағымымен портальді жүйеге
түсіп, бауырда тұрып қалады. Егер паразит
одан өтіп кетсе өкпеге, сонан соң үлкен қан
айналым шеңберіне түсіп, кез –келген ағзаға
немесе тіндерге барып шөгеді.
Патоморфологиясы
Эхинококк дернәсілді
сатысында киста түрінде
болады, оның диаметрі 50см
немесе одан да үлкен болуы
мүмкін. Эхинококк аралық
иесінің денесінде ондаған
жылдар бойы өмір сүріп,
үлкейіп, дами береді. Оның
құрылысы күрделі: сыртқы
(кутикулярлы) қабығы
тығыз , қабатталған, ашық
сұр түсті болады және
хитинді қабық деп аталады.
Оның ішкі беті ұрықты
қабатпен тысталған –
герминативті қабық болып
табылады. Герминативті
қабықтың сыртқы қабаты
кутикулярлы қабыққа еніп
өседі, ал ішкісі жетіліп,
протосколекстрдің дамуына
себепші болады.
Эхинококктың сыртын фиброзды қабық қоршап
тұрады, ол орналасқан ағзаның қорғаушы дәнекер тінді
қабаты болып табылады. Эхинококкты кистаның
ішіндегі сұйықтық арлық иесінің қан плазмасына құрамы
бойынша жақын келеді. Ол улы болады, аллергиялық
қасиеті бар, құрамында ферменттер, қышқылдар және
микроэлементтер кездеседі. Киста тез өсетін болса,
оның қанмен қамтамасыз етілуі бұзылады, ары қарай өсуі
тоқтайды, сөйтіп өлуі мүмкін. Эхинококкты киста өлген
жағдайда, герминативті қабығы бұлыңғырланады,
қабықтың өткізгіштігі бұзылады, кистаның ішіндегі
сұйықтық сіңіріледі, ал фиброзды қабықта көп мөлшерде
кальций тұздары жиналады. Кистаға инфекция түссе, ол
іріңдеп, абцесс пайда болады, кейде эхинококкты киста
жарылуы мүмкін. Эхинококкозда жергілікті өзгерістер
мен қатар, науқас денесінде көптеген ағзалар мен
жүйелерді ауытқулар дамуы мүмкін. Киста иесінің
денесінде механикалық, химиялық және биологиялық
жағымсыз әсер көрсетеді.
Тері эхинококкозы
Хирургиялық емнің жалпы
қағидалары
Эхинококктың негізгі емінің бірі – хирургиялық операция болып
табылады. Оның ашық, жартылай жабық және жабық түрлерін
ажыратады, сонымен қатар эхинококкты кистасы бар ағзаны
түгел алып тастайды немесе оның резекциясын жасайды.
Эхинококктың қайталануының алдын алу үшін, оның ұрықтық
бөліктерін толық залалсыздандыру керек. Ол үшін 1-10%
формалин ерітіндісі, лазер сәулесі, плазмалық ағымды
аспаптар, төмен жиілікті ультра дыбысты, 70 градусқа дейін
қыздырылған фурациллин мен 10% NaCl ерітінділері, 0,1-0,2%
йод пен йоданат ерітінділері және глицирин қолданылады.
Эхинококкоз ауруында өлімнің деңгейі 9,3% тең, ал асқынған
эхинококкты кистада ол 21,5% дейін жоғарылайды.
Альвеококкоз
Альвеококкоз-
бауырдың біріншілік
зақымдалуын шақыратын,
паразитарлы ауру болып
табылады. Ол ұсақ кисталардың
түзілуімен және инфильтративті
өсуімен сипатталады.
Этиологиясы
Табиғатта альвеококктың өмірлік
айналымы жыртқыш аңдардың арасында
жүреді. Оның ақырғы иелері түлкілер,
қорсақтар, қасқырлар және мысықтар.
Аралық иелеріне –кеміргіштер жатады.
Адам альвеококктың биологиялық
айналымына қатыспайды, ол
түлкілермен,иттермен және т.б ақырғы
иелерімен кездейсоқ жанасқанда
жұқтырып алуы мүмкін.Альвеококкоз
көбінесе бауырды зақымдайды.
Клиникасы
Альвеококкоздың алғашқы сатысында бауыр
аймағында тұрақты емес, сыздап ауыратын сезім
пайда болады,кейде оң жақ қабырға астында
ауырлық сезімі байқалады. Альвеококкоздың
асқынбаған сатысында ауру сезімі біртіндеп
күшейеді, пальпаторлы бауырдың үлкеюі және кейбір
бөліктерінің “тас”тәрізді тығыздалуы анықталды.
Асқыну сатысында өт жолдарындағы қысым
жоғарылап, сарғаю дамиды. Үрдіс ары –қарай
диафрагмаға өтіп, плевра қуысына жайылады және
кейбір жағжайларда өкпе мен бас миына метастаз
беруі мүмкін
Емі
Негізгі ем –хирургиялық операция болып табылады. Оның
мүмкіндігі паразиттің бауыр тініне қаншалықты еніп өсіп
кеткеніне байланысты болады- буырдың резекциясы жасалады,
сонымен қатар техникалық қиындықтардың нәтижесінде
қалып қойған паразиттері бар бауыр тінін, криодеструкция
әдісімен өңдейді. Метастазы альвеококкозда операция,тек
өмірге қауіп төнген жағдайда ғана жасалады. Арнайы дәрілік ем
жүргізгенде мебендазолды көп мөлшерде тағайындау жақсы
нәтижелерге қол жеткізеді. Науқаста жүйелі амилоидоз және
кахексия дамыса, операцияны жасауға болмайды.

Операцияның түрлері:

радикальді операция – бауырдың резекциясы, паразитарлы
түйіндерді алып тастау.
шартты түрде радикальді операция – ісікті алып
тастағаннан кейін, қалған бөліктерді антипаразитарлы
заттармен өңдейді
паллиативті операциялар – зақымдалған тіндердің
көлемңнде бөлшектеп резекция жасау
асқынуларды жоюға бағытталған операциялар
Аскаридоз
Аскаридоз – жұмыр құртты аскаридамен шақырады. Ол
қосжынысты. Аталықтарының ұзындығы 15 -20см, ал
аналықтары 40см дейін жетеді. Адамның жіңішке ішегінді өмір
сүреді, дамуында өте күрделі миграциялық айналымда өтеді
және өмір сүру ұзақтығы бір жылдан аспайды. Адаға
алиментарлы жолмен жұғады. Аскарида жіңішке ішектің
шырышты қабығының беткей қабатының жасушаларымен және
ішек бөліністерімен қоректенеді.
Аскаридоздың патогенезінде екі кезеңді ажыратады
Ерте кезең –миграциялық
Ішектік кезең
Ішектік кезеңінде патологиялық үрдіс жіңішке ішектің
шырышты қабығының механикалық зақымдалуымен және
гельминттердің зат алмасу өнімдерінің улы әсерімен
сипатталады. Құрттар ас қорыту жолдарының ферментативті
қызметін тежейді. Олар бірқатар хирургиялық асқынулардың
дамуының себепшісі болуы мүмкін: жедел ішектің түйілуі,
ңшектің тесілуі, перитонит, аппендицит, дивертикулит, асқазан –
ішектің қансыраулар.
Емі
Аскаридоздың хирургялық асқынулары
пайда болса, хирургиялық операция
орындалады: колотомия, ішектің
түйілуін жою, перфорациялық тесікті
тігу, құрсақ қуысын тазартып,
дренаждар қою, аппендоэктомия,
дивертикулоэктомия. Операция мен
бірге дегелминтизация шаралары
жүргізіледі: оксигенотерапия, пиперазин,
левамизол,мебендазол тағайындалады.
Описторхоз
Опитархоз-гепатотобилиарлы жүйе мен
ұйқы безінің гельминтозы болып табылады.
Бұл ауруды Opisthorchis felineus
қоздырады.Описторхоздың ақырғы иесі-
адам,мысық,ит және т.б. Бірінші аралық иесі
–тұщщы судағы моллюск, екінші аралық
иесі-қарп балығы болып табылады.
Описторхоз адамға шикі немесе шала
пісірілген, нашар тұздалған балықты
жегенде алиментарлы жолмен жұғады.
Амебиаз
Амебиаз қоздырғышы- Entamoeba histolytica.
Амебаның дамуы екі сатыдан өтеді:
вегетативті және тыныштық сатылары.
Инфекция көзі –адам болып табылады, ол
цисталарды нәжіспен бөліп шығарады.
Амебалар адамға ауыз арқылы жұғады.
Көпшілік науқастарда амебаның цисталары
ұзақ уақыт ішекте өмір сүріп, ауруды
қоздырмайды. Қолайсыз жағдайларда
амебалар ішектің қабырғасына еніп, көбейіп,
протеолиттік ферменттерді бөледі де,
тіндердің өліеттенуін шақырады. Кейде
амебалар гемотогенді жолмен басқа
ағзаларға таралып, абцесстердің дамуына
себепші болуы мүмкін.
Филяриатоздар
Филяриатоз- филяриялармен қоздырылатын
гельминтоздардың жалпы аты.Құрттардың
дернәсілдері қоршаған ортадан денеге түсіп,
ішек арқылы қан айналымына өтеді де, ары –
қарай өсіп жетіледі. Қан айналымында жүріп,
лимфа тамырларына түседі де, оларда
қабыну үрдісі мен лимфостазды тудырады,
нәтижесінде аяқта пілаяқтық дамуы мүмкін.
Негізгі иелері –адам, үй жануарлары,
маймылдар.
Филяриатоздардың түрлері:
Вухерериоз - теріде аллергиялық реакциялар мен бөртпелердің
дамуымен, терінің және тері асты шелмайының регионарлы
ісінуімен, лимфаденопатиямен, көкбауырдың ұлғаюымен және
қанда эозинофилдердің мөлшерінің жоғарылауымен
сипатталады.
Бругиоздың қоздырғышы- жіп тәрізді нематода Brugia
malayi , оның ұзындығы 20-55 с болады.
Онхоцеркоз- Onhocerca volvunus жіп тәрізді
нематода, ұзындығы 50 мм дейін болады. Дамып жетілген
онхоцерктер тері асты шелмайында, бұлшық етте тіршілік етеді,
ал микрофиляриялар терінің эпидермисінде, көзде, лимфа
түйіндерде шоғырланады. Микрофилярияларының көз алмасына
енуі, ондағы қабыну үрдісінің, қан құйылудың, көз нервінің
семуінің, соқырлықтың дамуының себепшісі болуы мүмкін.
Стрептоцеркоз- стрептоцерктердің инвазиясы
терінің қышитын бөртпелерін туындатады.
Тері кесінділерінде микрофиляриялардың
анықталуы диагнозды нақтылауға мүмкіндік
береді.
Лоалоз-Loaloa жұмыр құрт болып
табылады,оның ұз- 30-70 мм. Тері асты
шелмайында, серозды қабықтардың және көздің
конъюктивасының астында тіршілік етеді.
Дерттің клникалық белгісіне “калабарлы ісік ”
деп аталатын тері мен тері асты шелмайының
ауырсынатын ісінуі жатады.. Ол Квинке ісінуіне
ұқсас болып келеді.
Дилеталонематоз- Diletalonema perstans
серозды қуыстар мен ішектің шажырқайында тіршілік
етеді . Микрофиляриялар қан айналымында кездеседі.
Мансонеллез- Mansonella шажырқайлар мен
серозды қуыстарда шоғырланып өмір сүреді, ал
оның микрофилярияларлары қанда болады.

Ұқсас жұмыстар
Паразитарлы аурудың хирургиядағы негізі
Эхинококкоздың емі
Инфекциялық үрдістің патофизиологиясы
Созылмалы обструктивті бронхит
Қанның қызметі
Балалардағы жедел аппендицит
Перитонит - құрсақ қуысының қабырғаларын және ағзаларды астарлаған серозды қабат болып табылатын ішастардың қабынуы
Тарақандар отряды өкілдерінің жалпы сипаттамасы
Тұқымқуалайтын ауруларды емдеудің негізгі принциптері
Артқы тесіктің қысқарылу себебі
Пәндер