Транспорт


Slide 1

Транспорт

Транспорт, энергетика, байланыс, білім және денсаулық салаларымен қатар қоғамдық өмірдің негізгі әлеуметтік экономикалық мемлекеттегі ішкі саясаттық құралдардың бірі. Ресей федерациясының көлік жүйесі жеңіл көлік, әуе, теміржол, теңіз, жолдарынан тұрады. Көлік жүйесіне сондай-ақ қалалық және кәсіптік транспорт т рлері жатады. Көлік жүйесі жалпы ішкі өнімнің 8 пайызын құрайды. Көлік саласында 3, 2 млн адамдай жұмыс істейді, ол жұмыс істейтін тұрғындардын 4, 6 пайызын құрайды. Көлік жүйесінің дамуы экономиканың басқа салаларымен тығыз байланысты болады. Тұрғындар қозғалысы кәсіп пен сауданың дамуы көлік сұранысының өсуін анықтайды. Сонымен қатар осының бәрі өмір деңгейі мен кәсіптік дамудың факторы болып табылады. Көлік жүйесінің теміржол саласынан басқасы меншіктеніп мемлекеттік шаруашылық басқармасына бөлініп кірген, олардың негізіне нормативтік құқықтық акттар мен қатар лицензиялық сертификаттау механизмі кіреді. Көлік танифтері нарықтағы жағдайға байланысты болып келеді. Тарифтерді реттеу тәртібі теміржол саласында қалалық және сыртқы қалалық өлкелік саласында сақталады.

Slide 2

Автомобиль көлігі

Бірыңғай көлік жүйесін дамытуды қамтамасыз етудегі автомобиль көлігінің ролі бірқатар бірінші кезектегі тапсырмаларды шешу болып табылады - аймақаралық, облысаралық және халықаралық автомобиль қатынастары мәселелерін шешу, жол бойы инфрақұрылымын дамыту және оны халықаралық талаптарға сәйкестендіру, алыс ауылдық елді мекендерді жүйелі жолаушы тасымалымен қамтамасыз ету және көлік қызметі сапасын жоғарылату. Жолаушыларды (98, 5%) және жүкті тасымалдаудың (99, 9%) жалпы көлемі автомобиль көлігімен орындалады (теміржол көлігімен орындалған көлемді есепке алмағанда) . Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау 329 жүйелі бағыттарда, оның ішінде 165 - қалаішілік, 137 - облысішілік қаларалық және қала маңындағы бағыттар, 14 облысаралық және 13 халықаралық бағыттарда жүзеге асырылады. 2007 жылы халыққа қызмет көрсетудің сапасын жоғарылату үшін департаментпен облыстың тұрақты бағыттарына 4 конкурс өткізілді, 8 ауданішілік бағыттар бойынша жүйелі қатынас ұйымдастырылды: «Шемонаиха-Медведка», «Шемонаиха-Рассыпное», «Үржар-Қаратұма», «Васильковка-Новореченск», «Шалобай-Георгиевка», «Глубокое-Секисовка», «Мақаншы-Бахты», «Ақсуат-Ойшілік» және 4 ауданаралық «Өскемен - Жаңа Канайка» және «Өскемен-Жанұзақ», «Өскемен-Таулы Үлбі», «Өскемен-Ақжар».

Slide 3

Сонымен қатар конкурстарды өткізу кезеңінде жаңадан ұйымдастырылған қалаішілік жолаушыларды тасымалдау құқығы Курчатов қаласындағы үш бағыт бойынша бекітілді. 2008 жылдың 10 қаңтарына облыс орталығының қалалық бағыттарына кезекті конкурсын өткізу жоспарланып отыр. Алыс елді мекендерді аудан орталықтарымен тура көлік қатынасын қамтамасыз ету үшін ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары департамені қалалар мен аудан әкімдерімен бірігіп ауданішілік бағыттарды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Осы тасымал түрінің рентабельділігінің төмендігі - ауданішілік тасымалдауды дамытуды тежеп тұрған негізгі фактордың бірі болып табылады. 2007 жылы Жарма ауданының Шар қаласында және Бородулиха ауданының Жезкент кентінде автостансалар, Катон-Қарағай ауданының Үлкен Нарын ауылында автостанса ашылды және Бесқарағай ауданының Бурас ауылында автостанса қайта қалыптастырылды. Ағымдағы жылдың мамырында Семей қаласында диспетчерлік басқаруға компьютер жүйесін ендіру басталды. 2007 жылы қонақүйден, автотұрақтан және кафеден тұратын, Зайсан ауданындағы Омск-Майқапшағай трассасындағы жол бойы кешені пайдалануға берілді, Риддер қаласында транзиттік көлік үшін тұрақтардың, Шемонаиха ауданында Семей-Павлодар трассасында мотельдің салынуы бойынша жұмыстар басталды, Ұлан ауданындағы Өскемен -Алматы трассасындағы кемпингтің құрылысы пайдалануға беру кезеңінде жаңартумен айналысуда.

Slide 4

Ағымдағы жылдың шілде айында Семей қаласында 44 гектар аудан көлемінде көлік-логистикалық орталығының құрылысына жер бөлінді. 2008 жылы орталықтың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу басталады. «NELTI» қорының құжаттамасын ресімдемеуіне байланысты, Үржар ауданының жер қатынастары бөлімінде «Бахты» көлік-логистикалық орталығының құрылысы бүгінгі күні сұрақ төңірегінде қалып отыр. ҚР «Автомобиль көлігі туралы» Заңында қарастырылған, автомобиль көлігі саласын мемлекеттік реттеу негізгі тапсырмаларының бірін орындау үшін - автомобиль жолаушы тасымалдау нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін, 80% жуық тасымалдаушылар қозғалыс құрамын 2007 жылы тасымалдаушылармен қозғалыс құрамының 200 бірлігі алынды. Автобус парктері Ресей шығарған 38 автобуспен және микроавтобустармен, Қытай өндірген 94 микроавтобуспен және Scania, мерседес Бенц, Man, Volvo маркалы 82 автобуспен, және басқа маркалы автобустармен толықты. Автомобиль көлігі бөлімімен 2007 жылы Көлік және коммуникация министрлігіне Қазақстан Республикасының Көлік кодексы жобасына және облысішілік әлеуметтік-маңызды автобус бағыттарын субсидиялау әдістемесіне ұсыныстар мен ескетулер тапсырылды. 2007 жылдың қаңтарында департамент мамандары Көлік кодексі жобасына өзгерістер енгізу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының жұмысшы тобының кеңесіне қатысты.

Slide 5

2008 жылы облысішілік жолаушы тасымалын дамыту және ұйымдастыру мақсатында бөлім мынадай әрекеттерді жоспарлап отыр: - аудан әкімдіктерімен бірігіп шалғай елді мекендерді тұрақты көлік қатынасымен қамтамасыз ету; - Өскемен және Семей қаларының қалалық автокөлігінде жол жүру құнын азайтуды және тұрақтандыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау; резервті, тарифті саралап жіктеу шараларын іздеу, - Жолаушыларды тасымалдау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайын жақсарту үшін, тасымалдаушылардың көлік және салық заңнамасын, жол жүру және жолаушыларды тасымалдау ережелерін орындау, қозғалыс құрамын жаңарту бойынша үнемі бақылау орнату; - Өскемен және Семей қалалық жолаушы тасымалын басқару орталықтарына тасымалдаудың технологиялық тәртібіне бақылауды күшейту және талапты бұзушыларға ай сайын нақты шаралар қолдану, бағыттық жүйені жетілдіру, кестенің мониторингін жүргізу. Тұрғындардың әлеуметтік-қорғалатын қабаттарына қалалық бағытта жол жүруге жеңілдік беруден алынбаған табыстар бизнеске қосқан әлеуметтік жауапкершілік үлес болып табылады.

Slide 6

Темір жол, әуе және су көлігі

Әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша қала маңындағы поиыздардың қатынау мәселесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасының темір жол көлігін қайта құрылымдау бағдарламасын іске асыру туралы қаулысына сәйкес, облыста негізгі қызметі темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру болып табылатын «Шығыс Жолсерік» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны құрылды. 2007 жылдың сәуір айынан қазан айына дейін бұл кәсіпорын «Защита-Лениногор» және «Защита - Серебрянск» бағыттары бойынша жолаушы тасымалын жүзеге асырды, барлығы 44709 мың теңге қызмет көрсетілді, соның ішінде 22500 мың теңге субсидия. Жоғарыда аталған кәсіпорынның құрылуы арқылы пойыздардың қозғалысын өз бетімен бақылауға, ауа-райы жағдайларына және жолаушылардың қажеттілігіне байланысты пойыздардың қатынауын, қозғалыс кестесін реттеу және құрамы туралы мәселелерді шешуге, жолсеріктер жұмысына және жолаушы легі есебіне үнемі бақылау жүргізуге мүмкіндік пайда болды. «Защита-Зырян» әлеуметтік маңызы бар бағыт бойынша жолаушы тасымалын «Компания Жолаушылар Транс» ЖШС жүзеге асырды - барлығы 67227 мың теңге қызмет көрсетілді, соның ішінде 47500 мың теңге субсидия. ШҚО қаржы департаментінің 2007 жылғы 22 маусымдағы бұйрығымен 1, 2, 3, 4, 5, санатты 14 темір жол бекеттерінің ғимараттары мен басқа да мүліктері шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шығыс Жолсерік» КМК балансына берілді.

Slide 7

Ұзындығы 152 шақырым «Шар стансасы-Өскемен» темір жолының құрылысының бірінші кезеңі аяқталды. Қазіргі уақытта пойыздардың технологиялық қозғалысы жүзеге асырылуда. Аталған теміржолды ағымдағы жылдың тамыз айында қолданысқа беру ірі Кенді Алтай өндірістік аймағын Шар стансасы аймағындағы Түрксіб транзиттік магистралімен қысқа жол арқылы жалғастыруға мүмкіндік береді және Республикамыздың орталық, батыс және оңтүстік аймақтарына қысқа жолмен шығуды қамтамасыз етеді. «Зырян-Майқапшағай» темір жол желісінің құрылысы, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 27 наурыздағы №570 қаулысымен 2006-2008 жылдарға арналған техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу мен сараптаманы қажет ететін жергілікті инвестициялық жобалар (құрылыс және қайта жаңғырту кезеңі) тізіміне енгізілді. Аталған жоба бойынша ТЭН әзірлеуді аяқтау үшін 2007 жылы облыс бюджетінен 16000 мың теңге бөлінді. ТЭН толық көлемде орындалды және қазіргі уақытта мемлекеттік сараптама жүргізуге жіберілген. ТЭН сәйкес аталған темір жол құрылысының 2007 жылғы құны 93765637, 68 мың теңгені құрады.

Slide 8

Әуе көлігі


Ұқсас жұмыстар
ТРАНСПОРТТЫҚ ЛОГИСТИКА
Қоректік заттарды тасымалдау
Туризмның дамуын қамтамасыз ететін технологиялар
Заттардың биомембранадан өтуінің түрлері
Абсорбция түрлері
Картография жайлы
Техникалық қызмет көрсету саласында сараптамалық жүйені әзірлеу
Цитоплазмалық мембрана. Липидті би қабат. Мембраналы ақуыздар. Мембрана арқылы заттарды тасымалдау
Жүргізушілердің шаршауы және сенімділігі
Мембраналық тасымал
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz