Тритикум тимофеевии түрінің жұмсақ бидаймен будандары


Slide 1

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Биология факультеті

Генетика және молекулалық биология кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Slide 2

Бітіру жұмысының тақырыбы:Тритикум тимофеевии түрінің жұмсақ бидаймен будандары

Орындаған: Дагис Махбал

Ғылыми жетекші:профессор Шүлембаева К. Қ.

Slide 3

Бітіру жұмысының мақсаты: күздік жұмсақ бидай Карлик 206 формасы мен Tr. timopheevi жабайы түрінен алынған F1 будандық ұрпағының морфологиялық және дән байлау қасиеттеріне зерттеу жүргізу.

Осы мақсатты орындау үшін келесі міндеттер қойылды:

- Жабайы түр мен жұмсақ бидайды будандастыру негізінде алған F1 будандық ұрпағына морфометрлік сипаттама беру

- Интрогрессивті линиялардың дән байлау қабілетіне баға беру

- Жұмсақ бидай мен Tr. timopheevi жабайы түрінің буданындағы жапырақ түктілігі мен масақ қабықшасының түктілігіне генетикалық анлиз жүргізу.

Slide 4

Материалдар және тәсілдер

Материал ретінде, күздік бидайы Карлик 206 мен тритикум тимофеевии жабайы түрі, олардың F1 будандары 337, 338, 339 интрогрессивті линиялары қолданылды.

Жұмсақ бидай-Карлик 206 (хромосомалар саны 2n=42, геномдық формуласы AABBDD) . Тритикум тимофеевии (2n=28, геномдық формуласы AAGG) .

Тәсілі ретінде гибридологиялық, морфологиялық және статистикалық талдаулар жүргізілді.

Slide 5

Карлик 206 бидай үлгісі

1-масақтың бет жағынан қарағанда

2-масақтың жанынан қарағанда

Slide 6

ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ және де

T. timopheevii НЕГІЗІНДЕ АЛЫНҒАН ИНТРОГРЕССИВТІ ЛИНИЯЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ

T. timopheevii түрін тат ауруларына төзімділік белгісі бойынша донор ретінде будандастыру жоспарына енгізіп, нәтижесінде 337, 338 және 339-шы интрогрессивті линиялар алынды.

337 линия. Казахстанская 3 х T. timopheevii буданының Ғ1 ұрпағының масағы бүйірінен қысылған, ұзын, тығыз, түсі боз, мұртшалы, түкті, опырылғыш. Сонымен, Ғ1 ұрпағының өсімдіктері T. timopheevii түріне тән масақ формасы мен оның кейбір сапалы белгілерінен тұрады.

338-ші линия. Казахстанская 3 х T. timopheevii буданының Ғ1 ұрпағындағы өсімдіктердің масағы бүйірінен қысылған, тығыз, жапырағы қалың түкті, мұртшасы қара, масақша қабықшасы ата-аналарына қарағанда ұзын.

339-шы линия. Казахстанская 3 х T. timopheevii ВС2, Ғ2 - Ғ4 өсімдігінің масағы түкті, боз, қалың түктілігімен сипатталады. Мұртшалары қара ұзын, масағы тығыз. ВС2, Ғ4 -тен кейін T. timopheevii түрінен ауысқан белгілердің тұрақты тұқымқуалайтындығы анықталды.

Slide 7

337, 338, 339 линиялар үшеуінің де жапырақтары әртүрлі дәрежеде түкті: 337 линияның жапырағының түгі ұзын бір бағытта, 338 - түгі ұзынды-қысқа болып алмасып отырады, ал 339 - түгі әртүрлі бағытта орналасқан .

1 2 3

1-Интрогрессивті линиялар - 337 линия, 2 - 338 линия,

3 - 339 линия.

Slide 8

Линия, сорт

Вегетац. кезең

(күн)

Өсімдіктің биіктігі

(см)

Негізгі масақтың ұзындығы. (см)

337

80

106±0, 01***

11, 2±0, 02***

338

82

94, 8±0, 02**

9, 9±0, 02

339

82

85, 4±0, 02*

9, 4±0, 01

Каз-3

82

78, 8±0, 04

9, 5±0, 02

Ескертпе: бақылаумен салыстырғандағы t - сенімділік айырымы (t - фактілік мәні - 0, 02*; 0, 05**; 0, 001*** )

Интрогрессивті линиялардың cелекциялық сипаттамасы

Slide 9

Сорт

Масақша саны

Негізгі масақтағы дәннің саны

Негізгі масақтағы дәннің салмағы, гр

Бір өсімдіктегі дәнінің салмағы, гр

1000 дән салмағы, гр

337

19, 3±0, 1***

44, 8±0, 3***

1, 9±0, 3***

6, 5±0, 4***

42, 2±0, 4***

338

18, 2±0, 4

37, 1±0, 2

1, 1±0, 4

4, 1±0, 1

38, 0±0, 1

339

18, 2±0, 4

39, 3±0, 3

1, 4±0, 3

4, 2±0, 4

37, 8±0, 2

Каз-3

18, 3±0, 4

41, 8±0, 3

1, 7±0, 3

4, 9±0, 4

39, 5±0, 1

Интрогрессивті линиялардың өнімділік параметрлері

Ескертпе: бақылаумен салыстырғандағы t - сенімділік айырымының фактілік мәні - (0, 02*; 0, 05**; 0, 001***

Slide 10

Ғ2

будандары

Фенотип бойынша өсімдіктер саны

χ2

мәндері

Р

мәндері

Масағы түкті

Масағы түксіз

337 х Алмалы

125

30

0, 04 (13:3)

0, 95

338 х Алмалы

133

23

0, 29 (13:3)

0, 90 - 0, 80

339 х Алмалы

111

25

0, 01 (13:3)

0, 99 - 0, 05

Интрогрессивті линиялардың масағының түктілігінің тұқымқуалауы

Slide 11

Сонымен, интрогрессивті линиялардың қоңыр тат ауруына төзімділігі мен өнімділік параметрлері жоғары. Егер 338 және 339 линиялар тат ауруларына жоғары төзімділік тарапынан донор ретінде алынса, ал 337 линияны әрі өнімділік, әрі қоңыр тат ауруларына төзімділігі жағынан селекция бағдарламасына кеңінен қолдануға болады.

Slide 12

ҚОРЫТЫНДЫ

1. Интрогрессивті линиялардың фенотипі ата-аналарының аралық белгілеріне ие болып, ұрпақтан - ұрпаққа тұрақты тұқым қуалайды.

2. 337-ші интрогрессивті линияның өнімділік параметрлері бақылау сортымен салыстырғанда сенімді жоғарылығымен ерекшеленді.

3. Интрогрессивті линиялардың алғашқы материал ретіндегі донорлық қабілеттері, оның өнімділік параметрлерінің өсуімен айқындалды.


Ұқсас жұмыстар
Тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі ұқсас қатарлар заңы
Тритикале ұнын өндіру технологиясы
Ауыл шаруашылық дақылдарының егу жолдары
Лалагүл
Қазақстанның Қызыл кітабы
Сүтқоректілердің мінез - құлық генетикасын зерттеу
Будандастыру туралы ақпарат
Будан ұрықтағы хромосомолардың селективті жойылу әдісімен гаплоидтарды алу
Өсімдік шаруашылығы
МАЛ ТҰҚЫМЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz