Липидтер алмасуы


Slide 1

Липидтер алмасуы

Липидтер дегеніміз - бос май қышқылдарымен тікелей немесе тікелей емес байланысы бар, суда нашар еритін немесе ерімейтін, ал хлороформ, гексан, метонол, бензин сияқты органикалық ерітінділерде өте жақсы еритін бір топ заттардың жалпы атауы. Липидтер күшті гидрофобтық қасиетке ие болғандықтан, сулы ортада бір бірімен бірігіп комплекс түзуге өте бейім келеді.

Slide 2

Ағзада липидтер келесі қызметтерді атқарады:

1. құрылымдық - жасуша мембранасының құрамына кіреді.

2. реттеуші - кейбір липидтер витаминдер (D3, F) және

гормондар болып табылады, олар нерв иммульсінің берілуіне қатысады.

3. тасымалдаушы - липопротеиндер, май қышқылдары альбуминдермен комплекс түзеді.

4. жылуды реттеуші - ағзадағы жылуды сақтауға қатысады.

5. энергиялық - энергия көзі және энергетикалық субстраттың қоры ретінде энергия жеткіліксіз кезінде пайдаланылады.

Slide 3

Липидтердің жіктелуі

1. - құрамында фосфатид қышқылының туындылары және азотты негізді заттар(фосфатидилэтаноламин (кефалин) ) бар және жасуша мембарналарының құрамына кіреді.

2. Сфингомиелиндер- сфингозин аминоспирттердің туындылары болып табылады және өзінің құрамында май қышқылдары(сфинголипид) болады.

3. Гликолипидтер фосфор қышқылдары жоқ көмірсулардан тұрады.

Оларға цереброзидтер және ганглиозидтер (муколипидтер) қатысады.

4. Нерв тіні жасушаларының мембранасында болады.

5. Стероидтар. Холестерин химиялық табиғаты жағынан - стероид.

Ол прогестерон, эстрадиол және тестостерон, кортизолдың алдынғы

ізашарлары болып табылады.

6. Воск - этерифицирленген май спиртері (ара воскі, ланолин) .

Триацилглицеридтер МҚ, (ТАГ) немесе майлар - глицерин және БМҚ туындылары.

Slide 4

Май қышқылдары немесе жоғары май қышқылдары - бұл триацилглицеридтердің гидролизі нәтижесінде түзілген алифатты карбон қышқылдары. Олардың құрамында 4-тен 18-ге дейін көміртек атомдары және олар қаныққан және қанықпаған болып келеді. Алмастырылмайтын(эссенциальды МҚ, мысалы, арахидон қышқылы) ағзада синтезделмейді, бірақ өсімдік тектес майлармен түседі. Оларды витамин F деп те атайды. МҚ жәй және күрделі липидтердің құрамына кіреді, гормон тәрізді заттардың түзілуіне субстрат болады және ағзадағы негізгі энергия көзі болып табылады.

Slide 5

ПГ бронх және кеңірдектің тегіс бұлшық еттерінің босаңсуына және

жиырылуына қатысады және қабыну процессін жылдамдатады.

Стероидтар---10 және 13 орындары

метилденген

туындылары.

Оларды былай бөледі:

1. стериндер, ( cтеролдар)

2. стеридтер - холестерин эфирлері

3. Өт қышқылдары,

4. жыныс гормондары,

5. кортикостероидтар.

Slide 6

Адам ағзасында стериндердің негізгі массасы холестериндер

ол құрамында 27 көмірсу атомы бар бір атомды циклді спирт.

Ол май қышқылдарымен күрделі эфир - холестеридтер түзеді. Холестериндер өт құрамына, қан плазмасында кездеседі, жасуша мембранасының құрамына кіреді, липопротеиндердің компоненті болып табылады. Барлығы төрт өт қышқылы бар олардың екеуі біріншілік, ал екеуі екіншілік болады.

Біріншілік өт қышқылдары бауырда холестерин өнімдерінің ыдырауынан түзіліп өт жолдары арқылы он екі елі ішек қуысына түседі. Оларға холь және хенодезоксихоль қышқылдары жатады.

Екіншілік өт қышқылдары ішекте ішек микрофлорасы ферменттерінің қатысуымен біріншілік өт қышқылдарынан синтезделеді. Оларға дезоксихоль және литохоль қышқылдары жатады. Өт құрамында бұл қышқылдар глицин және тауринмен коньгирленген күйінде болады.

Slide 7

Липидтертердің қорытылуы және сіңірілуі

Ағзаға үш ацилглицеридтер (ТАГ) немесе жәй майлар жануарлар және өсімдік тектес тағамдар арқылы түседі. Олар өсімдік және сары майларда, етте, бауырда жұмыртқада өте көп мөлшерде болады.

Ас түйірі ауыз қуысында қарапайым механикалық өңдеуден өтіп, асқазанға түскеннен кейін, құрамындағы белоктар, аздаған бос амин қышқылдары, сондай-ақ басқа да компоненттер асқазан қышқылдығын нейтральдап, тіл және асқазанда липазаларының әсер етуіне қолайлы орта қалыптатасады. Бұл екі фермент май тамшылары мен судың беттескен аймағында үшацилглицериндердің sn-3 эфирлік байланыстарына әсер етіп, қысқа және орташа ұзындықтағы май қышқылдарын, қанықпаған май қышқылдарын, сондай-ақ 1, 2-диацилглицериндер мен аз мөлшерде 2- моноацилглицериндерді бөліп шығарады. Тағам майларының шамамен 30%- ға жуығы осы ферменттердің қатысымен асқазанда қорытылады.

Slide 8

Аш ішекке түскен химус ішектің механикалық араластыруы және өт қышқылдарының қатысуымен ұсақ май тамшыларына майдаланып, сыртына өт қышқылдары адсорбцияланады. Бұл процесті эмульсиялану, ал түзілген липидтік комплексті эмульсия деп атайды. Майлардың негізгі қорытылуы аш ішекте өтеді. Химус асқазаннан аш ішекке түсіп, ұйқы безінің сөлі мен өт қышқылдарының әсерінен қышқылдана сілтіге нейтральданады. Орта рН -ның өзгеруі нәтижесінде эмульсия құрамындағы жеке компоненттер-ди-, триацилглицериндер, фосфолипидтер және холестериннің эфирлері жоғарыда аталған ұйқы безінің ферменттері арқылы әр түрлі бөлшектерге ыдырайды.

Slide 9

Түзілген өнімдер -моноацилглцериндер, холестерин, май қышқылдары және лизофосфалипидтер эмульциядан сулы ортаға бөлініп, аралас мицелланың құрамына енеді. Майлардың ыдырау өнімдері осылайша эмульсиядан мицеллаға үзіліссіз беріліп, қорытылу сіңірілу процесіне ұласады. Мицелла майлардың ыдырау өнімдері мен майда еритін витаминдердің ішек қабырғасына тасымалдану формасы болып табылады

Slide 10

Ішектің эпителиал жасушаларымен тікелей беттесіп жатқан сулы қабат майда еритін заттар үшін табиғи тосқауыл болып, олардың сіңірілуіне кедергі жасайды. Мицелла осы сулы қабаттан конценрациялық градиентке сүйене отырып, майлардың ыдырау өнімдерінің ішіндегі суда нашар еритін немесе мүлдем ерімейтін, сондай-ақ майда еритін витаминдерді ішектің майда түтіктеріне жеткізеді.

Slide 11

Майлардың сіңірілуі асқазанда басталады. Асқазандағы қорытылу кезінде түзілген қысқа және орташа ұзындықтағы май қышқылдарының біраз бөлігі асқазан қабырғасына сіңіріліп, тікелей қақпа венасы арқылы бауырға түседі. Бірақ майлардың негізгі сіңірілуі аш ішектің жоғары бөлігінде өтеді. Асқазанда қорытылып, аш ішекке түскен және аш ішектің қорытылуда бөлініп шыққан ыдырау өнімдерінің ішіндегі суда біршама жақсы еритін қысқа және орташа ұзындықтағы май қышқылдары, бос глицерин, азотты негіздер (басқа да орын басушы топтар), сондай-ақ бейорганикалық фосфаттар да қақпа венасына түсіп, тікелей бауырға барады.

Slide 12

Май қышқылдары ішектен лимфа және қан арқылы мүшелер мен тіндерге тасымалданады. Бұл заттар гидрофобты болғандықтан белоктармен комплексте липопротеидтер түзіп қан арқылы тасымалданады. Мысалы: хиломикрондар және тығыздығы өте төмен липопротеидтер (ТӨТЛП) .

Slide 13

Май қышқылдарының β-тотығуы.

β-тотығуы ағзаның барлық тіндерінде жасуша митохондриясының ішінде жүреді. Әсіресе бауыр, жүрек, қанқа бұлшық еттері, бүйрек және өкпелерде бұл процес өте қарқынды өтеді. β-тотығу реакциясына қаныққан және қанықпаған, тақ және жұп тізбекті май қышқылдарының барлығы түсе алады.

Slide 14

Май қышқылының активтенуі.

Бұл реакция негізінен микросомадаларда (эндоплазмалық ретикулумде) немесе цитоплазмада өтеді. Митохондрия сыртындағы активтену реакциясында β-тотығуға түсетін май қышқылдары АТФ-ке тәуелді арнайы тиокиназаның (ацил-КоА-синтетаза) әсерінен коферменттА-мен (НSКоА) әрекеттесіп, ацил- SКоА түзеді.

RCOOH +HSKoA+АТФ = RCO-SКoA+АМФ.

Slide 15

Ацил ~КоА -ның цитоплазмадан митохондрияға

тасымалдануы. Ұзын тізбекті май қышқылдарының

активтенуі цитоплазмада өтетіндігіне қарамастан, олардың

β-тотығуы митохонрия ішкі мембранасының матрикске

қараған бетінде өтеді. Митохондрия мембранасы ұзын

тізбекті май қышқылдарын өткізбейді.

Сондықтан да түзілген ұзын тізбекті Ацил ~КоА -карнитин деп аталатын арнайы тасымалдаушының көмегімен цитоплазмадан митохондрияға тасымалданады.

Цитоплазмада Ацил ~КоА карнитинмен реакцияға түсіп, коферментА-ны бөліп шығарады да, ацилкарнитинге айналады. Түзілген ацилкарнитин митохондрияның ішкі мембранасына жеңіл өтеді.

Митохондрия ішіне түскен ацилкарнитин митохондрия ішкі мембранасының матрикске қараған бетінде орналасқан карнитин-пальмитойл трансфераза II әсернен кофермент А-мен(HSKoA) реакцияланып, қайтадан Ацил ~КоА мен карнитин түзеді.

Қысқа тізбекті май қышқылдары карнитинге тәуелсіз түрде митохондрия ішіне еніп, активті формаға айналады.

Slide 16

Қанықпаған май қышқылдарының тотығуы.

Қанықпаған май қышқылдарының тотығуы қаныққан май қышқылдарының тотығуы сияқты жүреді. Митохондрия ішінде трансэнолизомераза деп аталатын фермент бар, ол 3 және 4 көміртегінің арасындағы қос байланысты 2 және 3- көміртегінің арасына тасымалдап, цис-стерео форманы транс-стерео формаға айналдырады. Осылайша, бір ферменттің көмегімен екі бірдей мәселе шешімін табады. Осылайша қалыпты субтрат алынады, ол әрі қарай жұп санды май қышқылдары сияқты тотығуға ұшырайды.

Slide 17

Тақ тізбекті май қышқылдарының β -тотығуы.

Олар табиғатта өте аз кездеседі, бірақ ол валин және изолейцин тотығуының ыдырауында түзіледі.

Ең үлкен айырмашылығы 3 сатының ең соныңда екі ацетил~ SКоА -ның орнына 1 молекула ацетил~КоА мен 1 молекула көміртектік бірлік-пропионил~ SКоА түзіледі.

Ол үш сатылы реакция арқылы сукцинил~ SКоА -ға айналып, кребс цикліне түседі.

Алдымен пропионил-SКоА АТФ энергиясын жұмсай отырып, коферменті биотин болып келетін пропионил ~ SКоА кокарбоксилазаның әсерінен карбоксилденіп, Д- метилмалонил~ SКоА түзеді.

Бірақ бұл қосылысты тікелей сукцинил ~ SКоА -ға айналдыратын ферменттің болмауына байланысты, алдымен өзінің стереоизомері-L метилмалонил ~ SКоА айналуы керек.

Slide 18

Бұл реакция метилмалонил~ SКоА рацемазаның катализі арқылы іске асады. Түзілген метилмалонил~ SКоА -ның L-стереоизомері коферменті цианкобаламин(витамин-В12) болып келетін метилмалонил~ SКоА изомереза әсерінен құрамындағы бос карбоксил тобы метил тобына тасымалданып, сукцинил~ SКоА -ға айналады. Ол Кребс цикліне түсіп қымыздық сірке қышқылына (ҚСҚ) дейін тотығады.

Адам және жануарлар ағзасында В12 витамині жеткіліксіз болған жағдайда метилмалонат қанға өтіп, зәрмен көп мөлшерде бөлінеді. Бұны метилмалон ацидурия деп атайды.

Slide 19

Кетон денелері

Кетон денелері негізінен бауырда, аз мөлшерде бүйректе де синтезделеді. Кетон денелерінің түзілуіне қатысушы ферменттердің барлығы митохондрия ішіне шоғырланғандықтан, олардың синтезі де осы компартментацияда өтеді.

Кетон денелері деп β - гидроксибутират, ацетоацетат және ацетон қосылыстарын атайды. Олар мүшелермен тіндерге шеткі қан арқылы келеді және осы жерде ҮҚЦ цикліне түседі. Қалыпты жағдайда кетон денелері өте аз болады. Аштықта және қантты диабетте кезінде оның мөлшері жоғарылайды оны кетоз деп атайды. Қанда - кетонемия, зәрде - кетонурия деп аталады.

Slide 20

Май қышқылдарының биосинтезі.

Май қышқылдарының биосинтезі цитоплазмада өтеді.

Бауыр, бүйрек, ми, өкпе, сүт бездері және май тіні - адам ағзасындағы май қышқылдарын синтезделетін негізгі мүше.

Сондай-ақ бұл процесс бастан - аяқ цитоплазмада АТФ, Мg 2+ 6, биотин, НСО 3+ НАДФН2- нің қатысуымен мультиферменттік комплекстің катализі арқылы іске асады.

Адам ағзасында ацетил ~S-КоА тікелей субстрат ретінде пайдаланып, көміртегінің саны 16 болып келетін пальмин қышқылы түзіледі.

Slide 21

Күрделі липидтердің синтезі

Глицерофосфатты және ацил-КоА - ны негізінде триглицеридтер синтезделеді. Басында глицерофосфатка екі ацил тобы байланысады, одан кейін фосфатаза ферментінің әсерінен фосфор қалдығы бөлінеді, соңында үшінші ацил тобы байланысып триглицерид түзіледі

Slide 22

Стероидтардың биосинтезі.

Холестерол ацетил-КоА -дан синтезделеді.

Бауырда 80% -шамасында, ішек жасушаларында 10 %-ке дейін және теріде 5% дейін синтезделеді.

Бауырда холестеролдан өт қышқылдары синтезделеді.

Холестерол синтезі үшін ацетил-КоА, пентоза циклінде глюкозаның тотығуы нәтижесінде түзілетін НАДФН қажет.

Осы цикл холестерол синтезінің жылдамдығын анықтайтын факторлардың бірі болып табылады.

Slide 23

Холестеролгенездің негізгі ферменті редуктаза болып табылады.

Оның активтілігін инсулин гормоны стимулдейді (қантты диабеттің II типі кезінде қандағы холестерол мөлшерінің жоғары болуы осымен түсіндіріледі), тироксин және глюкагонмен ингибирленеді.

Қандағы барлық холестерол бауырлық болып келеді. Холестерол бауырдан ТӨТЛП құрамында қанға түседі. ТӨТЛП тамыр ішілік липолизден кейін ТТЛП айналып, жасуша рецепторлары арқылы көптеген жасушаларға өтеді.

ТТЛП(~50% -холестерол), жасуша артық холестеринді жасушадан тыс кеңістікке шығарады, осы жерде холестерин ТЖЛП-пен байланысып бауырға тасымалданады.


Ұқсас жұмыстар
Липидтер алмасуының сатылары
Май қышқылдарының алмасуы
Сабынданатын және сабынданбайтын липидтер
Гликолипидтер синтезі
Липидтердің жіктелуі
Көмірсулардың құрамы, құрылысы
Холестерин синтезі
Липидтердің алмасуы
БАУЫРДЫҢ ЗАТ АЛМАСУ ПРОЦЕСТЕРГЕ ҚАТЫСУ ФУНКЦИЯСЫ
Жүйке тінінің биохимиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz