Киімдердің жаңа үлгілерінің конструкциясы
Презентация қосу
Киімдердің жаңа
үлгілерінің конструкциясы
КИІМДЕРДІҢ ЖАҢА ҮЛГІЛЕРІ КОНСТРУКЦИЯ СЫЗБАСЫН АНЫҚТАУ
Техникалық модельдеу
Сән әлемі әрқашан да әр түрлі пішімдер, түр пішіндер, сұлбалар
арқасында жетілдірілетін киім модельдерінің әр түрлілігін ұсынады.
Киімдерді дайындаған кезде пішімдердің әрқайсысына конструкция
негізінің сызбасын құрастырады. Сонымен бірге, әр пішім мен түр
пішіннің ішінде модельдердің толып жатқан көп түрлері
конструкциялық декорациялық сызықтар және сәндік
бөлшектермен ерекшеленеді. Бұл киімдердің көшірмесін жасау
үшін әр кезде көп жұмысты қажет ететін есептер мен конструкция
негізінің сызбасын құрастыру қолайсыз болады. Мұндай
модельдердің сызбасын бұл жағдайда базалық деп аталатын,
қажетті пішім негізінің дайын сызбаларын пайдаланып анықтайды.
Базалық конструкция негізіндегі модель конструкциясының
сызбасын анықтау процесін техникалық модельдеу деп атайды.
Негізгі
модель сурет немесе фотосурет түрінде тапсырылады.
Суретшінің ойын байқап білгеннен кейін, құрастырушы қазіргі
замандағы барлық талаптарға сай, дайын базалық негізін
таңдайды: сәндік сұлба, киімнің сәндік түр пішінін жасайтын
қосымшалар. Мұндай конструкция негізі болмаған жағдайда оны
жобалап жасайды.
Техникалық модельдеу процесіндегі ең маңызды және ең күрделі
жұмыс ол базалық негізіне модельдік ерекшеліктерді енгізу болып
табылады.
Жаңа модельдерді жасауда құрастырушының әрекет тәртібі:
Модельді оқып үйрену және талдау.
Конструкцияның базалық негізін таңдау.
Базалық негізінің сызбасын дәлдеу және оған модельдік
ерекшеліктерді енгізу.
Жаңа модельдің анықталған конструкциясының сызбасын тексеру.
Модельді оқып үйрену және талдау
Суретті анықтап қарастырады. Суреттегі көріністі калькаға түсіреді.
Көшірме бойынша дене мүсінінің кесігін анықтайды, өйткені салынған
тұлғаның бірнеше өлшемдері мен тепе-теңдігін белгілегеннен кейін әр
түрлі конструкциялау учаскелеріндегі үлгінің дене мүсініне қону дәрежесін
анықтауға болады. Ол үшін көшірмеге көмекші сызықтарды түсіреді.
Конструкция сызбасындағы алдыңғы бойдың ортасына сәйкес келетін дене
мүсінінің орталық сызығын жүргізеді: нысана қызметін атқаратын: мойын
шұңқыры; кеуденің шығыңқы нүктелері аралығының ортасы; модельдің тік,
конструкциялық немесе декорациялық сызықтары аралығының ортасы
және симметриялы орналасқан бөлшектер арасының орталығы.
Одан кейін салынған тұлғаның конструкциялық кесіктерінің көлденең
сызықтарын көшірмеге жүргізеді: иық, кеуде, бел, мықын, тізе.
Бұл сызықтарға базалық негізінің сызбасындағы базистік тордың
сызықтары сәйкес келеді: мойын ойындысының тереңдету деңгейі, кеуде
биіктігі, белі, мықыны, тізесі
Көшірмеге түсірілген тор сызықтары, салынған
тұлғаның бірнеше өлшемдері мен тепе-теңдігін
айқындауына көмектеседі.
Мұның үстіне модель ерекшеліктерін келесі рет
бойынша белгілейді:
Иық сызығының түр пішіні, иық қиығының ұзындығы,
модель иығының биіктігі.
Кеуде, бел, мықын сызығы бойынша модель
қонымдылығының дәрежесі.
Модельдегі бел сызығының орналасу деңгейі.
Модельдің етек сызығының орналасу деңгейі, етек сызығындағы
модельдің ені.
Кеуделік және белдемше учаскелеріндегі модельдің бүйір
сызықтарының толық түрпішіні.
Қолтық ойындысының тереңдігі мен оның түрпішіні.
Мойын ойындысының түрпішіні, ені және тереңдігі.
Кеуде ауданындағы дөңестігін қамтамасыз ететін конструкциялық
сызықтар (бүкпелер, бедерлер, қиықтар, иініштер, қатармалар).
Жауырын ауданындағы дөңестігін қамтамасыз ететін
конструкциялық сызықтар, олардың орналасуы, түрпішіні.
Бел және мықын ауданындағы қонымдылығы мен кеңейтуін
қамтамасыз ететін конструкциялық сызықтар, олардың орналасуы
және түрпішіні.
Модель өңірінің ені, түйме тесіктерінің саны, олардың орналасуы,
тілік бағыты.
Лацканның ені және оның бұрышының түрпішіні.
Жағаның ені мен түрпішіні.
Қалталардың түрпішіні, орналасуы, үйлесімді пішімі.
Жеңнің түрпішіні, жеңнің ұзындығы және ені, жең
етегінің құрылымы мен үйлесімді пішімі.
Белдік, қақпақша және тағы да басқа кіші бөліктердің
түрпішіні, өлшемі, орналасуы.
Модельді оқып үйрену мен оны талдау нәтижесінде
конструкцияның базалық негізін дұрыс таңдауға
мүмкіндік беретін киім түрпішінінің жалпы сұлбасы
және модель пішімі белгіленді.
Базалық негізін тандау
Киімнің түрпішінін және оның талдау нәтижесіндегі
пішімін, сұлбасын анықтағаннан кейін конструкцияның
базалық негізін таңдайды.
Қажетті деректерге назар аудару:
а) киімнің түрпішіні (көйлек, костюм, жамылғы,
пальто);
б)киімнің пішімі (қондырма жең, тұтас немесе реглан
пішімді жеңдер);
Бүкпені бедерлі тігіске көшіру
Бедерлі сызық бүкпенің ұшымен түйіскен жағдайда
үлгіге модель бойынша бедерлі сызықтарды енгізеді.
Үлгіні осы сызық бойымен қиып, алғашқы бүкпені жа
бады, сол кезде бүкпе саласы бедерлі сызыққа
көшіріледі.
Егер бедерлі сызық бүкпенің аяғы арқылы жүрмесе,
ондай жағдайда үлгіге бедерлі сызықты модель бойын
ша енгізеді.
Бедерлі сызықпен бүкпенің аяғындағы арақашықтық
учаскесінде қысқа бүкпенің сызығын түсіреді.
Бедерлі сызық пен қысқа бүкпенің сызығы бойынша үлгіні
қияды. Алғашқы бүкпе саласын жабады. Сол кезде бедер мен
қысқа бүкпелер жандарының арасында бүкпе саласы ашылады
Бүкпені иініштерге көшіру
Модельге сәйкес иініш сызығын үлгіге түсіреді. Сол сызық
бойымен үлгіні қияды. Алғашқы бүкпенің саласын жапқанда,
иініш сызығында көшірілген бүкпенің саласы ашылады.
Бүкпені қиыққа көшіру үшін модельге сәйкес қиық сызығын
үлгіге түсіреді.
Қиық сызығы бойынша үлгіні қияды. Қиықтан жоғары
орналасқан бүкпе бөлігінің саласын жабады. Бұл кезде қиық
жандарының арасында бүкпе саласы ашылады. Қиық
сызығының астында орналасқан бөлшектің астыңғы бөлігін
бүрмелерге жинайды немесе ұсақ қатармаларға салады
Бүкпені қатарма және бүрмелерге көшіру
Бүкпені қатармамен немесе бүрмелермен ауыстыруға
болады. Мұндай жағдайда барлық бүкпенің саласын
қатармалардың арасына үлестіреді немесе бүрмелерге
жинайды. Қатармалардың орналасуы мен олардың
саны модельге байланысты анықталады, ал
қатармалардың жандары бүкпенің ұшына қарайды.
Параллельдік және конустық кеңейту
Базалық негіздегі бөліктердің конустық кеңейтуін
бөліктің бір анықталған учаскесіндегі енін көбейту
қажет кезде жасайды. Бөлік учаскесінің дайын
түріндегі үлкейтілген ені фалдаларды жасайды.
Фалдалар киімнің барлық периметрі бойынша
орналасуы немесе белек учаскелерде жіктелуі мүмкін.
Фалдалардың біркелкі орналасуын модельді талдау
кезіндегі айқындалған жалпы қосымшаны алдыңғы
және артқы бойларындағы бүйір, ортаңғы және
бедерлі сызықтардың арасына таратады. Кеңейту
мөлшерін конструкциялық сызықтың екі жағына теңбе-
Киімдегі фалдалар шектелген учаскеде орналасатын болса,
жұмысты үлгінің көмегімен жүргізеді. Модельдегі фалдалар
учаскелерінің орнына сай, сызбаға ұзындық сызықтарды
енгізеді.
Үлгіні ұзындық сызықтары бойынша қиып, желпуіш тәрізді
ажыратып жылжытады
Костюмнің қазіргі замандағы түрпішіні және стилі жеңнің
түрпішіні мен иық сызығының арақатынасына байланысты
сұлбасымен анықталады. Жең тік, тар
шынтақтың бүкпелі, қаттамада көлемді, жеңтүбінде қатармалар
және бүрмелермен жасалған, үште төрт бөлікті болуы мүмкін.
Шынтақтың бүкпесі бар тар жең сызбасын есептеу әдісімен
алуға болады, ал өте тар жең сызбасын тар жен, сызбасын
қолдана отырып, конструкциялық модельдеу әдісімен алады
Конструкциялық модельдеу әдісі жеңнің үстіңгі бөлігінің
тарамдалған кеңейтуімен, оның етек жағына жарым-
жартылай тарылтудың қолданылумен қорытындылады. Ол
үшін жеңнің етегін 8 тең бөліктерге бөледі. Жеңнің ортаңғы
сызығынан солға және оңға қарай, жең етегіндегі енінің 1/8
бөлігін шегеріп, 1 және 2 нүктелері пайда болады. 1 және 2
нүктелерін, П3П6 сызығында орналасқан 3 нүктесімен
қосады. 1-3 сызығында шынтақ сызығынан екі жаққа 2,5 см-
ден арттырады. Алынған нүктелер арқылы шынтақтың
қиығының сызығымен қиылысқанша екі көмекші параллель
сызық жүргізеді. Жеңді астыңғы көмекші сызық бойынша 1-
3 ұзындық сызығына дейін және 1-3 сызығы бойынша
жеңнің қолтық ойындысының астыңғы ені СД сызығына
дейін тілік жүргізеді
Содан кейін 1-мен 2 нүктелерін бір-біріне беттестіріп,
жеңнің шынтақ жағын жабады; қолдың еркін бүгілуін
қамтамасыз ететін шынтақ деңгейіне бүкпе ашылады.
Қолдың толық жайлылығы үшін жеңнің тарамдалған
жазылуына байланысты, шынтақтан жоғары екінші
көмекші сызығының бойында, екінші бүкпені
орналастырады. Жеңнің жоғары бөлігі сәл солға
жылжып, жең жоғарғы жағында кеңейеді. Жеңнің
шынтақ бөлігі бүкпелер саласының мөлшеріне ұзарады,
ал етегі ойық сызықты болады.
Етегіне қарай кеңейтілген бір тігісті жеңдердің
үлгілерін алу үшін жеңнің үлгісін алып, оның ортаңғы
сызығы бойынан қияды. Жеңнің астыңғы бөліктерін
біркелкі мөлшерге ажыратады
Белдемшелерді модельдеу
1. Қатармалары және жырықтары бар тік
белдемшелер.
Алдыңғы және артқы бөлігінде бір жаққа жатқызылған
қатармалары бар немесе алдыңғы және артқы
бөлігінде жырығы бар белдемшелер етегіне қарай
тарылған немесе тік белдемше негізінің сызбасында
құрастырылады.
Жырықтың немесе қатарманың тереңдігіне қосымша береді.
Алдыңғы немесе артқы бөлігінде қатармалары бар белдемшеде
бүкпелерді ережеге сәйкес қатармалармен үйлестіреді.
Қатармалар мен бүкпелерді қосып тіккенде бел сызығының деңгейінде
қатармалардың астындағы тереңдігіне берілген қосымшалар көбейеді,
сондықтан қатарманың ішкі бүгілуі ұзарады. Ішкі бүгілуіндегі сызықтың
ұзаруы қатармалардың сыртқа айналып кетуіне әкеледі. Қатарманың
ішкі бөлігін қысқарту және ұзарту үшін екі тәсіл пайдаланады:
бел бойынша ішкі қосымшаны қондыру;
қатарманың ішкі жағына бүкпе жасау.
Тік белдемшелерге жататын бел бойында айналдыра қатармалары бар
белдемшелер етегінің әр жағында 0,3-0,5 см-ге тең шамалы кеңейеді.
Мұндай кеңейту, қозғалған кезде қатармалардың дұрыс орналасуына
мүмкіндік береді, бірақ белдемшенің сұлбасын өзгертпейді, өйткені әр
қатарманың негізгі сызықтарына қараганда үстінен төменге дейін
параллельді болып көрінеді
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz