Дәстүрлі киім үлгілері
Презентация қосу
Қазіргі костюм
Қазақтың ұлттық киімдері халқымыздың өмір
тіршілігімен, философиясымен, дәстүрі және әдет-
ғұрпымен тығыз байланыста дамыды. Ұлттық киімдер
үздіксіз (эстетикалық жағынан) жетілдіру процесін
бастан кешірді, оның пішіні, түр-түсі, конструкциясы көп
ғасырлық тәжірибеден өтті. Халық өзінің эстетикалық
талаптарына, іс-әрекетіне, тұрмысына, географиялық
және климаттық ерекшілігіне сәйкес киім пішінін жасап,
оны сақтап калды.
Ұлттық киімнің негізгі мазмұны, құндылығы - оның
демократиялығында, функционалдылығында, пішін
логикасы мен конструкциясында, рационалдығы мен
тұтастығында.
Ұлттық киімнің барлық құрамдас бөліктері (бас киімі,
иығы, белдігі және сыртқы киімі, аяқ киімі, безендірілуі)
бірін-бірі толықтырып біртұтас көркем ансамбль
құрайды . Оған көркем сипаттағы құрылым тән.
Халқымыздың ұлттық киімдерінің мата дайындау
тәсілінен, киім түрлерінің әр түрлі пішімі мен
Ұлттық киімде жеке бөліктері мен компоненттері үйлесім тапқан.
Ұлттық киімдегі ритмикалық силуэтті сызықтардың түр-түсі
табиғи түспен үйлесіп, тұтас айқын көрініс беретін, маңызды
рөлді атқарады (46-сурет). Ол пішін көркемділігімен,
сымбаттылығымен, сәнді өрнектерімен өте әсем көрінеді.
Қазақтың ұлттың киімдерінде халықтың этникалық тарихы,
әлеуметтік-экономикалық және климаттық жағдайы, салт-
дәстүрлері көрініс тапқан. Қазақтар құланның, сайғақ пен
арыстанның, сондай ақ жанат пен сусардың, бұлғынның, су
тышқанның, ақ тышқанның және күзеннің терілерін бағалаған. Ақ
тышқан мен бұлғынның терісі өзге аң терісінен гөрі қымбат
бағаланған. Теріден сыртқы киім тігілген. Оның жалпы атауын
қазақ тон деп атаған . Аң терісінен тігілген сыртқы киімді ішік
деп атаған. Жанат ішік — жанат терісінен, түлкі ішік - қара түлкі
терісінен, қызыл алтай түлкісі ішігі - қызыл алтай түлкісінің
терісінен дайындалған. Түкті жібектен тысталған былғары ішік
қалыңдық жасауының ең қымбатты бағалы бұйымдарының бірі
болды, бұл бұйым «бас тон» деп аталды.
Қазақтар аққу, гагар (теңіз құсы), көк құтан жүнінен тон
жасау әдісін де білді. 1879 жылы Ақмолада қазақтың қол
өнері көрмесінде гагар жүнінен жасалған тон эспонатқа
қойылды.(Гагар терісінің жүнін таңдай білу үшін және
жақсы өңдеу үшін ерекше қабілеттілік қажет. Сақ
дәуірінде дәстүр бойынша аңқу мамығынан жасалған
бақсылар киетін шекпен мен күртешеге көңіл бөлінді.
Былғары тондар шұғамен, қамқамен, жібекпен тысталып,
матаның түсімен ерекшеленді. Тек атақты адамдар ғана
құндыз терісінен жасалып, көп шұғамен тысталған көк тон
киді. Кең әрі сәл ұзынырақ жағалы тондар құлын терісінен
тігілді, ол жаргақ тон деп аталды. Тон ешкі терісінен де
дайындалған. Олардың ұзын қылшығын жұлып тастап,
түбітін қалдырды. Мұндай теріден жасалған тон қылқа
жаргақ деп аталды. Ешкі терісінен қазақтар күдері иледі,
шапан, жеңіл шекпендер, шалбарлар тікті. П.С.
Киіз — ежелгі мал шаруашылығымен айналысқан
қазақтардың дәстүрлі әрі ең көне матасы. ХVІ ғасырға
тиесілі жұқа киізден дайындалған киімдер қазақтың
ұлттың киімін зерттеушілердің еңбектерінде талданған.
Қазақтар қой жүнінен басқа түйе жүнінен де киім
дайындаған. Мұндай киімнің көне түрінің бірі - шекпен,
ол - жауын-шашыннан, бораннан, табиғаттың жағымсыз
құбылыстарынан қорғану үшін түйе жүнінен
дайындалған кең әрі ұзын киім. Шекпенді боялмаған
түстен (сары, ақ) және көк, алқызыл түске немесе басқа
түстерге бояп дайындаған. Сәнді шекпенді, әдетте,
боялған жүннен жасады, тігістерін жіңішке алтын не
күміс одамен безендірген
Шапан (IX-XIV ғасырларда) - қазақтардың негізгі және
байырғы киімі (48-сурет). Оны әйелдер де, ерлер де
киген. Халаттар тек күдеріден ғана тігілмеген, сонымен
бірге басқа жақтан әкелінген жібек, жүнді және мақта-
матадан да тігілген. Орыстарда халатты кафтан деп
атайды. Ерлер мен әйелдерге арналған қазақ костюмінің
құрамдас бөлігі - былғарыдан, барқыттан, жібектен,
жүннен жасалған белдік. Осындай белдіктің әшекейлі
түрі - кісе. Бұл бұйым әйелдердің өте кең және сәнді
белдігіне ұқсас. Негізінен, әйелдер белдігі жібектен
жасалады. Белдік сәнді тоқылған жібек матадан, түйе
жүнінен, ешкі түбітінен тоқылған. Әйелдер белдігіне
барқыт та қолданылды. Інжумен тігіліп барқыт пен
жібектен дайындалған қапсырмалы белдік амар белдік
деп аталды. Сондай-ақ жұмсақ маталардан белбеулер
тігілген.
Қазақ ұлттық киімінің құрамына аяқ киімдер де енді: етіктер,
кебістер т.б. Салт атқа мініп жүру үшін күміс жапсырмалы
қаңылтырмен безендірілген жеңіл етік - кебіс-мәсі қолданылды.
Әйелдер етігі жібекпен әдіптеліп, қызыл не жасыл нефтиден
тігілген. Әйелдер мәсі, кебістері ұсақ күміспен өрнектелген.
Қазақ ұлттық киімдерінің зерттеушісі және білгірі
Р.Ходжаеваның пікірінше, ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда шетелде туника
тәріздес кең иінішті киімдер болды. Ұзын жеңді кең көйлек -
жейде (ашық үшбұрышты ойықты, сол матадан жүрмеленген
жолақты) тікелей киілген. Оның жағасы жабық жейде түрі де
тігілген. Дегенмен, XIX ғасырдың ортасынан бастап кең пішілген,
иығы ойылып тігістелген, жейденің кеудесі тік ойылып,
кестеленіп кең қайырылған немесе кішкентай тік жағалы
жейделер кеңінен тараған. Әуелі жейденің бас ойығын тегістеп,
екі жағынан шымқап тігілген байлам жа- сады, кейіннен
өңіржиек тігіліп, ойық баулы түймелер салындынектелген.
Бұрынғы кезде қазақ әйелдері де пішімі туника тәріздес
кең көйлектер киген, бірақ олар ерлердің жейдесіне
қарағанда ұзынырақ және кеңірек болған.
Қазақ киімінде көшпенді және отырықшы, жартылай
отырықшы халықтың кәсібіне сай жинақталған негізгі
принциптері мен көркем ойлау жетістіктері өрнектелді.
Онда халықтың қарқынды өмірі, эстетикалық идеалы
көрініс тапты, қазақ халқының тарихи қалыптасуына
негіз болған этникалық ерекшеліктердің әсері болды
Тұрмыс құрған әйелге ашық матадан, желбіршекті не
кестелі көйлек киюге рұқсат етілмеген. Жас
келіншектер көйлек үстінен сәнді әрленген, тығыз
матадан тігілген жеңсіз көкірекше киген, екі иығын
толық жауып тұратын ақ матадан тігілген жаулық
тартқан.
Қазақ киімдерінен көршілес халықтардың-орыс, татар,
қарақалпақ, алтайлықтардың әсерін де байқауға
болады, оның өзбек, түрікмен, қырғыздардың ұлттық
киімдерімен ұқсастығы да бар. Әсіресе, бұл ұқсастық-
тар ерлер бешпентінің пішімінен, тұтас пішілген
шапандардан, етік пен тақия үлгілерінде, күліштелген
әйел көйлегінде байқалды.
Барлық халықтардың ұлттық киімдері сияқты қазақ
киімдері эволюциялық өсу жолымен дамыды, оның
дамуының негізгі пішіндері қоршаған орта әсерінен,
аптап желді, қатты аязды сахара тіршілігі жағдайына,
көшпелі тұрмысқа, үнемі ат үстіндегі еркін қимыл-
қозғалысқа лайықты киім қажеттілігінен туындады.
Далалық аймақтағы ауқатты адамдардың киімдері сәнді
де өте айшықты етіп дайындалуымен ерекшеленеді.
Бұл киімдер алтын және күміс жіптермен
өдіптеліп, маржан-алтын не күміс жалатылған
қаңылтыр металдармен әшекейленді. Қазақ
ұлттық киімдерінде белгілі бір жас
айырмашылықтарына байланысты сәнді киім мен
күнделікті тұрмыстық киім арасында өрескел
айырмашылық болды.
Сәнді көйлектің күнделікті тұрмыста киетін
көйлектен еркін пішімі, бас киімі мен сәнді
әшекейлеу көлемі жағынан айырмашылығы
болды. Күнделікті тұрмыстық көйлек қарапайым
матадан дайындалса, сәндік көйлек тігуге
барқыт, жібек, қамқа, қымбат былғары жұмсалды
Салт-дәстүр — қазіргі заманғы киім дизайнының қайнар көзі
Дизайн стиль қалыптастыру процесінде көркемдік пішін
қалыптастырудың әр түрлі аспектеріне тікелей қатысты бола
отырып, ұлттық дәстүрді де есепке алады.
Үлттың киімнің пішіні мен құрылымы, оның элементері әрқашанда
мата түріне, оның созылымдық (пластикалық) сипатына,
фактурасына, ою-өрнегіне, түсіне бағынышты. Киімнің
конструкциялың принциптерінің шешімі, алдын ала ойластырылған
жоба, пішім мен сәннің сәйкестігі, мата мен пішін қолданысының
үйлесімділігі киімнің жаңа үлгісін жасауда дизайнерлік шешімнің
үлгісі болып табылады.
Қазіргі сән үлгілерінде үлтаралық белгілерге қоса, әр елдің өзіне
тән интернационалдың тұрмыс-салттық ерекшеліктер, ұлттық
мәдениет түрі, ұлттық дәстүрі көрініс тапқан. Ұлттық киім халықтың
өнер сияқты қазіргі модельдеу үлгісін дамытып, әрі байыта отырып,
онымен сіңісіп кететінін уақыт көрсетті. Суретші- сәнгердің ұлттык;
өнердің заңдылығын терең түсіне отырып, дәстүрді жаңаша ойлауы
шығармашылың іс-әрекетіне жаңа бағыттар ашады
Жаңалықа ұмтылушыльщ мәдениет пен техника дамуында
негізгі қозғаушы күш болып саналады. Бұл жағдайда
шығармашылық үшін белсенді әрекет жасау құралы болып
халық философиясын бойына жинақтаған ұлттық киімдер
саналады. Мәдениеттің бір құрамдас бөлігі ретінде киімді
модельдеу де ұлттық бояуға, нақышқа, ұлттық сипатқа ие
болуы тиіс.
Ұлттық киім ансамблінің сәнді құрылымдық және көркемдік-
бейнелілік бірлікке қол жеткізуінің тәсілдері мен құралдары
оларға терең талдау жасауды қажет етеді.
Оған түстер мен қарама-қарсы түстердің үйлесіміне және
конструктивы сызықтар жасаудың пластикасы мен айқын
силуэтті сызықтардың сәйкестігіне негізделген мүсіншілік пен
пластикалық принциптер жатады. Костюмнің түрлі безендірілуі
мен кию тәсілі оған шатшадыман, көңілді мерекелік көңіл күй
немесе байыптылық, салмақтылық сипат берді
Ұлттық киім мен оның элементтері (бас киімдері, иық жәнё
белдік бұйымдары, сәнді әшекейлері т.б. аксессуарлары)
республиканың барлық әлеуметтік топтары арасында
әрқашан үлкен сұранысқа ие. Дәстүрлі киім үлгілері
Республикада өткізілетін түрлі ұлттық мерекелерде
(«Наурыз», «Республика күні», «Тәуелеіздік күні»), түрлі әдет-
ғұрып дәстүрлерде («Бесік той», «Шілдехана», «Қырқынан
шығару»), («Қыз ұзату», «Жастар тойы»), дәстүрлі көріністер-
үлттық ойындарда, жарыстарда («Ақсүйек», «Бәйге»,
«Көкпар» т.б.) көрсетіледі.
Бүгінгі таңда дизайнерлер ұлттық киімнің эмоционалды-
көркемдік бейнесі қазіргі өндірістің жаңа технологиясын,
жаңа әдісін, жаңа матасын пайдалана отырып, бүгінгі күн
талабына сай костюмнің моделін жасауға ұмтылады. Ең басты
міндеті - жаңа модель құруда ұлттық киімнің рационалдық
(тепе-теңдік) принципін, құрылымдылық ерекшелігін сақтау
Белгілі бір қасиетіне, сапасына сәйкес жаңа маталар мен көмекші
материалдардың пайда болуы киімді пішінге келтірудің, оның технологиясын
дайындау принциптерінің жаңа әдіс-тәсілін тудыртады.
Ұлттық мотивтерге негізделген қазіргі киім (басқа да дизайн заттары
сияқты) утилитарлық қызметке бағынады.
Ұлттық киім интерпретация объектісі бола отырып, мынадай мәселе қояды:
қазіргі костюмнің көркемдік шешіміне эмоционалдың сезімнің артуы
мақсатында ұлттық киімнің басты белгілері тұтасымен қалай енуі керек.
Сондықтан, суретші эскиздік жұмысқа кіріспес бұрын ұлттық киімнің
бұрынғы кезеңдік өмірін, оның атқаратын қызметін, түр-түсін, әдет-ғұрып
дәстүрінде алатын орнын, қоршаған ортамен байланысын зерттеп, бойына
сіңіруі қажет .
Қазақ ұлттық киімдері - халықтық материалдық мәдениетіндегі айқын және
өз ерекшелігі бар құбылыс: ол пішін логикасымен, құрылым тұтастығымен,
түр-түсінің байлылығымен, бояуының қанықтығымен таң- ғалдырады.
Ұлттың киім негізінде пішімнің қалыптасуы мен ою өрнегінің орналасуы, түр-
түсінің сәйкес келуіне сай принциптер мен ерекшеліктер жатыр. Қашан,
қайда және қандай үйлесімде киім кию қажеттігін уақыт пен дәстүр шешіп
берді. Ғасырлар бойы жинақталған осындай ерекшеліктерді ұлттық киімнің
көркем безендірілуі мен құрылым принциптері ретінде бағалауға болады.
Халық киімдерін зерттей отырып, оның
барлық пластикалық байлығын,
пропорционалды қарым-қатынас
көркемділігін, түр-түсінің, гаммасының,
фактурасының әр түрлілігін және ритм
байлығын сезінуге болады.
Костюмді жобалау кезінде ұқыпты әрі
тиянақты іздену және жан-жақты зерттеу
нәтижелері ғана ешқандай еліктеушілікке
жол бермейді. Қазақ халықының киіміне
негізделген қазіргі заман киімінің даралық
шешімін оның негізін еске ала отырып,
толық көшірмей, тек қана тақырып түбірін
әрі оған қатысты сапаларын ескерген жөн
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz