БАЛАЛАР КИІМІН ТІГУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ




Презентация қосу
БАЛАЛАР КИІМІН ТІГУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Балалар киімі
Барлық жастағы балалар киіміне қойылар басты талап-оның
ыңғайлығы мен гигиенаға сай болуы.Балалар киімі алуан
түрлі.Балалар киімін тігетін мата түсінің үлкен мәні
бар.Балаларға арналған киім мүмкіндігінше ашық, бояуы таза
да қанық болуы керек.Қазіргі балалар киіміне , оның көптеген
түрлері ұл балалар мен қыз балалар үшін бірдей болуы
тән.Шалбарлар , курткалар , комбинезондар, блузкалар мен
көйлектер , жилеттер мен бас киімдердің көбінің бір-бірінен
айырмасы болмайды.Әдетте мұндай- ортақ киімдер күнделікті
киілетін киім категориясына жатады.
Жүн матадан тігілген көйлек.Алдыңғы бойының жалпақ қиық
сызықты иіні бар , соның астынан майда қатпар түскен ,
арқасынан түймеленеді.Жағасы мен манжеталары басқа түсті
матадан жасалған.Қажетті матаның көлемі: 110-60 размерлі
көйлекке матаның ені 140 см болғанда 80 см , қосымша 15
см мата жұмсалады
Мақта матадан тігілген
алжапқыш.Шет шеті басқа түсті
матамен жиектелген.Жапсырма екі
қалтасы бар.Қажетті матаның
көлемі: 110-60 размеріне матаның
ені 98 см болған күнде 55 см
жұмсалады
Жібек матадан тігілген сәнді
көйлек.Белі бөлек пішілген, түймелігі
арқасында.Кеудесі шілтермен және
ұсақ қатпарлармен әдеміленген.Жеңі
қанат тәріздес , етегі шілтер
салынған.
Қажетті матаның көлемі:134-68
размеріне матаның ені 110 см
болған күнде 1 м 60 см
Балалар жейдесі
Балалардың сәтеннен, шыттан, бәйкіден(помази)
тігілетін киімі. Бұл киім мақта-матадан
тігілгендіктен жұмсақ, денсаулыққа зиянсыз, тез
кебетін киім. Күнделікті балалардың киіп жүруіне
қарапайым да қолайлы осы көйлекті тігеміз. Бұл
көйлекті көктемей-ақ тігін машинасының көмегімен
бірден тігуге болады. Алдыңғы әдібі тұтас пішіліп,
қайырылып тігіледі. Жең,жаға берілген
өлшемдегідей дайындалып, тігіледі. Жең, жағаны
қондыра сала түбін торлау керек. Тігістерін, түйме
баулығын торлап, түйме қадап, үтіктейміз.
Жұмсалатын мата-1м, 5 түйме, №75 машина инесі
қажет
Жейде өлшемі мынадай:
Жең ұзындығы-28 см
Кеуде ені-30 см
Бел айналымы-54 см
Мықын айналымы-60 см
Иық үсті тігісі-9 см
Мойын айналымы-15 см
Арқа ұзындығы-35 см
Жаға биіктігі-6 см
Қаттама ұзындығы-7 см
Қаттама биіктігі-4 см
Балалар киімі
Байпақ. Барлық жастағы балалар киіміне қойылар басты талап-
оның ыңғайлығы мен гигиенаға сай болуы. Балалар киімін тігетін
мата түсінің мүлкен мәні бар. Балаларға арналған мүмкіндігінше
ашық, бояуы таза да қанық болуы керек. Қазіргі балалар киіміне,
оның көптеген түрлері ұл бала мен қыз балалар үшін бірдей болуы
тән. Шалбарлар, курткалар, комбинезондар, блузкалар, мен
көйлектер, жилеттер мен бас киімдердің көбінің бір-бірінен
айырмасы болмайды. Әдетте мұндай- «ортақ» киімдер күнделікті
киілетін киім категориясына жатады.
Жүн матадан тігілген көйлек. Алдыңғы бойының жалпақ қиық
сызықты иіні бар, соның астынан майда қатпар түскен, арқасынан
түймеленеді. Жағасы мен манжеталары басқа түсті матадан
жасалған. Қажетті матаның көлемі:110-60 размерлі көйлекке
матаның ені 140 см болғанда 80 см, қосымша 15 см мата жұмсалады.
Мақта матадан тігілген алжапқыш. Шет-шеті басқа түсті матамен
жиектелген. Жапсырма қалтасы бар.
Қажетті матаның көлемі:110-60
Балалар киімнің ерекшелігі
Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай бөлінуі
Жаңа туған нәрестенің, әдетте басы үлкен, мойны
қысқа, табаны ішке қарай майысқан және қолы ұзын
болады. Бас айналымы кеуде айналымымен, иығы
мықынмен бірдей болады. Балаға кигізлетін киім ауа
өткізгіш, жеңіл, үтіктеуге және жууға жеңіл болуы
қажет. Сәбилердің алғаш киетін киімі – нәресте
жейдесі, қалпақ, бас киім. Ерекшеліктері: формасы кең,
пішімі қарапайым, тігістері аз. Бала қимылдай
бастағаннан ползунки кигізіледі. Ақ түс көбірек
пайдаланылады. Негізгі қыз балалар үшін қызғылтым,
ал ұл балалар үшін көгілдір түсті киімдер қолданылады,
мата түстерінде ұсақ жай гүлдер болғаны дұрыс.
Балалар киімнің ерекшелігі
Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай бөлінуі
Жаңа туған нәрестенің, әдетте басы үлкен, мойны
қысқа, табаны ішке қарай майысқан және қолы ұзын
болады. Бас айналымы кеуде айналымымен, иығы
мықынмен бірдей болады. Балаға кигізлетін киім ауа
өткізгіш, жеңіл, үтіктеуге және жууға жеңіл болуы
қажет. Сәбилердің алғаш киетін киімі – нәресте
жейдесі, қалпақ, бас киім. Ерекшеліктері: формасы кең,
пішімі қарапайым, тігістері аз. Бала қимылдай
бастағаннан ползунки кигізіледі. Ақ түс көбірек
пайдаланылады. Негізгі қыз балалар үшін қызғылтым,
ал ұл балалар үшін көгілдір түсті киімдер қолданылады,
мата түстерінде ұсақ жай гүлдер болғаны дұрыс.
Екінші кезеңде балалардың бойы
ұзара түседі. Бас денеге қарағанда
1:4, 4:5 қатынасы есебімен ұзарады,
мойыны да ұзара түседі. Бала енінен
үлкейтіп, іші үлкен, арқасы томпақ,
арқа иініштері пайда болады. Киім
силуэті трапециялы белден, кеудеден
тұрады, кеңейтілген, иінішті және
иіншісіз болады. Баллалар үшін тік
төртбұрышты силуэтті
киімдерқолданылады. Шалбары қысқа,
жеңдері ұзын, қаттамалы да,
Үшінші кезеңде бойы ұзарып кеудесі
тегістеле түседі, әрі үлкейеді. Киім
формасы мен силуэті трапеция
тәріздес болып келеді. Бұл топтағы
балаларға алжапқыш жасалынады.
Киімдері ашық түсті, сәнді, кең және
жұмсақ пішінді болып келеді, кез
келген киімде аппликация
пайдаланылады. Кейде аппликация
қалта пайдаланылады. Кейде
аппликация қалта орнына да (шеңбер,
алма, аңдар т.б.) пайдаланылады
Төртінші кезең. 8-10 жас аралығында сүйегі қатайып
аяқтары ұзара түседі. Жетінш омыртқа тартылып , бел
пайда бола бастайды. Дене пропорциясы 1:6 немесе 1:6,5
есебімен өзгереді. Негізгі силуэттері төртбұрышты және
төртбұрышпен трапециялы бола бастайды. Дене
пропорциясы 1:6 немесе 1:6,5 есебімен өзгереді. Негізгі
силуэттері төртбұрышты және төртбұрышпен трапециялы
бола бастайды. Белі жоғары қиылған немесе етегі
кеңейтілген болады, қалта, қалта аузы, ойып бастырылған
түймелік, белдік орналасады. Силуэттер 7-8 жасар қыздар
үшін төртбұрышты, екі трапециялы немесе екі үшбұрышты
болуы мүмкін . 9-10 жасар балалар үшін тік төртбұрыш, екі
трапециялы силуэттер қолданылады. Сырт киімдері екі
трапециялы силуэтте белдіктер, бүкпелер,бурмелер
пайдаланылады. Мектеп киімі, спорт киімі, жұмыс киімі,
сәнді киімдер жеке-жеке құрастырылады
Бесінші кезең. Бала денесі өсіп жетіле түседі. 12-13
жаста қыздар, 13-14 жаста ұлдар тез жетіле бастайды.
Қыздардың белі жіңішкеріп, мықыны,балтыры, кеудесі
үлкейе түседі. Ұлдарың иықтары кеңейіп, белдері
жіңішке болып көрінеді. Киім төрт силуэтте
орындалады: төртбұрыш трапеция (тізеге дейін),
төртбұрышты (спорт киімі), трапеция тәріздес (сырт
киімдер),екі бұрышты.
Алтыншы кезең. 1:8 қатынасы есебімен үлкейіп,
дене тұлғасына сәйкестене бастайды. Бірақ дене
қысықа, қол аяғы жіңішке болады. Қыздар үшін
төртбұрышты, төртбұрышты трапециялы, екі
үшбұрышты спорттық типтегі киімдер; ұлдар үшін
төртбұрышты, тік төртбұрышты, екі трапециялы
спорттық стильдегі киімдер тігіледі
Қыз бала көйлегі
Кішкентай қыз баланың сәнді көйлегі, өлшем-32. Жұмсалатын мата-
жібек, егер ені 140см болса,60см аламыз. Көркемдеу жұмысына –
жағасын, кеудесін, жеңін әрлеуге 10см ақ жібек, 15см сыдырма
№75тігін машинасы инесі,№1 қол ине қажет.
Тігу технологиясы: киім үлгісін таңдау; киім дизайнын құрастыру;
өлшем алу; қағазға түсіріп, сызбасын алу; үлгі дайындау; үлгіні
матаға түсіріп, пішу; көктеп, өлшеу; көйлек ойындысының дәлдігін
анықтау; машинаға тіккенде алдымен көйлектің көркемдеу,сәндеу
жұмыстарын орындап,тігісін үтіктеу;көйлектің артқы бойындағы
сыдырмасын қондыру техналогиясын орындау, тігісін үтіктеу;
алдыңғы, артқы бойларын қосу тігістерін орындап, тігістерін үтіктеу;
қондыруға қажетті жағаны дайындау; пішілген көйлек етегін
беліне қондыру, тігісті үтіктеу; қондыруға қажетті жағаны
дайындау; пішілген жағаны тігіп қондыру, тігісін үтіктеу; жең түбін
тігіп, тгісін үтіктеу; көйлек етегін бүгіп тігіп, тігістерін үтіктеу;
белдігін тігіп, үтіктеу; жұмысты аяқтау, көктеу жіптерін алу;
көйлекті толық үтіктеу
Киім мына бөліктерден тұрады;
Артқы бойы 2 бөліктен
Алдыңғы бойы 3бөліктен
Жаға 2 бөліктен
Жең 2 бөліктен
Етегі 2 бөліктен
Киім алдын кестелеу. Көйлек
алдындағы кестеленетін өрнек (аю)
айқас
кесте түрімен орындалады. Бұл
кестені орындамас бұрын көйлек
алдына осы өрнектің көлемін сәл
үлкен етіп ақ матамен астарлап,
көктеп қоямыз. Берілген өрнекті жіп
санап кестелей бастаймыз. Аюдың екі
көзі бір-бір айқас тігістен тұрады,
қалған бөліктерін де дәл солай
есептеп кестелей беруге болады
Қыз бала көйлегін модельдеу
Бұл көйлекті пішу үшін тек қана кеуде айналымы өлшемін
ғана алсақ жеткілікті. Бұл киім де әйелдер киімдегідей
базистік тор, артқы және алдыңғы бөліктен тұрады. Пішер
алдында пропорционалды есептеу кестесін құрып аламыз.
ЖАк :2немесе30:2=15;
ЖАк:3=30:3=10;
ЖАк4=30:4=7.5; ЖАк:8=30:8=3,7.
Базистік тор. Қағаз бетінде тік бұрышжасай тік және
көлденең сызық жүргіземіз. Тік сызық арқа бөлігінің ортасы
деп, ал көлденең сызық мойын сызығы деп аталады. Арқа
сызығынан оңға қарай мойын сызығы мен кеуде
айналымына 4-5 см қосып өлшеп сол нүктеден төмен
қарай тік сызық жүргіземіз. Бұл сызық алдыңғы бөліктің
ортасы деп аталады
ЖАк +4:5=30+4=34.
Мойын сызығынан арқа сызығымен төмен қарай
жартылай кеуде айналымының 1/3-не 3см қосып
өлшеп, сол нүктені алдыңғы бөліктің сызығына
қосамыз.
Бұл бел сызығы.ЖАк:3+3=30:3+=30.
Бел сызығынан арқа сызығымен төмен қарай
кеуде 5:20 см-ге дейін түсіріп, сол нүктені алдыңғы
сызыққа қосамыз. Бұл – төменгі сызық.
Арқа сызығынан кеуде сызығымен оңға қарай
кеуде айналымының 1/3-не 3 см қосып өлшеп, сол
нүктені мойын сызығына тік сызықаен қосамыз.
ЖАк: 3+3= 30:3+3=13.
Бұл –арқа ені сызығы.
Арқа ені сызығынан оңға қарай кеуде
сызығымен кеуде айналымының 1/4-не 2 см
қосып өлшеп сол нүктені мойын сызығына
тік сызықпен қосамыз.
ЖАк:4+2=30:4+2=9,5
Бұл-қолтық ойындысы ені.
Осы нүктеден жоғары қарай кеуде
айналымының 1/8-ін салып өлшеп, қолтық
ойындысының шығыңқы нүктесін
белгілейміз. ЖАк:8=30:8=3,7 см
Қолтық ойындысы енін тең бөліп, сол нүктені төменгі
сызыққа тік сызықпен қосамыз. Бұл –бүйір тігісі сызығы.
Арқа бөлігі. Арқа сызығынан мойын сызығына оңға
қарай кеуде айналымының 1/8-іне 0,5 см қосып өлшеп,
сол нүктеден жоғары қарай 1 см тік сызық жүргіземіз.
ЖАк:8+0,5=30:8+0,5=4,2. 1 см нүктеден арқа сызығына
2 см өлшеп нүкте қоямыз, бұл иықтың еңкею нүктесі.
Мойын ойындысының жоғары жағынан иықтың еңкею
нүктесіне сызық жүргіземіз, ол сызық арқа ені
сызығынан 1 см асады. Бұл-сызық иық сызығы.
Иықтың еңкею нүктесі мен кеуде сызығы аралығын
тең бөліп көмекші нүкте қоямыз. Кеуде сызығынан бүйір
сызығымен төмен қарай 2 см өлшеп нүкте қоямыз. Бұл –
қолтық ойындысы тереңдігі.
Иық сызығының соңғы жағынан көмекші нүкте және
қолтық ойындысы тереңдігі нүктесіне ойық сызық
жүргіземіз. Бүйір тігісі сызығынан оңға қарай мықын
сызығымен 1 см өлшеп, сол нүктені бүйір тігісті
сызығының қолтық ойындысы енінде қиылысқан
жерінен және төменгі сызыққа түзу сызық жүргіземіз.
Бұл-арқа бөлігінің тігіс сызығы.
Арқа сызығымен төменгі сызықтан төмен қарай 1 см
өлшеп бүйір қиығы сызығын дөңестеу сызық
жүргіземіз. Бұл-етекті теңестіру сызығы.
Алдыңғы бөлік. Алдыңғы бөлік сызығынан солға
қарай мойын сызығына жартылай кеуде айналымының
1/8-іне 2 см қосып өлшеп нүкте белгілейміз. Бұл-мойын
ойындысы ені. ЖАк:8+2=30:8+2=5,7
Кеуде сызығынан мойын ойындысы ені нүктесі арқылы
пунктир тік сызық жүргіземіз. Тік сызықтың ұзындығы
кеуде айналымының 1/2-не 1 см қосқандағы өлшемге
тең. ЖАк:2+1=30:2+1=16. Бұл - мойын биіктігі.
Мойын сызығынан алдыңғы бөлік сызығымен төмен
қарай 2,5 есеөлшейміз(барлық өлшемге), бұл-мойын
ойындысы тереңдігі.
Мойын ойындысының 2 нүктесін түзу сызықпен қосып,
сол сызықтың ортасын тауып, табылған нүктеден солға
қарай 1,5 см перпендикуляр тұрғызып, сол нүктені мойын
ойындысы нүктелерімен ойық сызықпен қосамыз. Мойын
сызығынан арқа ені сызығымен төмен қарай жартылай
кеуде айналымының1/8-не 1 см қосып өлшеп алдыңғы
бөліктің иығының еңкею нүктесін белгілейміз.
ЖАк:3+1=30:3+1=4,7 см
Мойын ойындысының жоғарғы нүктесін иықтың еңкею
нүктесімен қосамыз. Бұл сызық-алдыңғыбөліктің иық сызығы.
Арқа бөлігіндегі иықтың енін алдыңғы нүктесінен иық
сызығына салып, сол нүктені қолтық ойындысының шығыңқы
нүктесіне түзу сызықпен қосамыз. Осы сызықты тең бөліп оңға
қарай 0,3 см өлшеп көмекші нүкте белгілейміз. Кеуде сызығынан
қолтық оындысының шығыңқы сызығына 1 см өлшеп нүкте
белгілейміз. Бұл екінші көмекші нүкте.
Иық енінің соңғы жағынан көмекші нүктелер арқылы арқа
бөлігінің қолтық ойындысына дейін ойық сызық жүргіземіз. Бүйір
тігісі сызығынан солға қарай мықын сызығына 2-3 см өлшеп осы
нүктені қолтық ойындысынан төменгі сызыққа дейін түзу
сызықпен қосамыз. Алдыңғы бөліктің ортаңғы сызығынан 2 см
өлшеп, осы нүктені мойын ойындысының тереңдігінің нүктесімен
және төменгі сызықпен қосамыз. Төменгі сызықтан жоғары қарай
2 см өлшеп, бүйір тігісі сызығына дөңестеу сызықпен қосамыз.
Бұл-етекті теңестіру сызығы

Ұқсас жұмыстар
Киім жылу беру қасиетіне дизайнның әсері
Бизнес-жоcпарАрнайы киімдер өндірісі цехы
Ұлттық бас киім
Сыртқы киім мен арнайы киім тігу цехын ашу
МАКСИ ТІГІН АТЕЛЬЕСІ
Балалардың керек-жарақтарына қойылатын гигиеналық талаптар
Құрақ көрпеше тігу. Эскиз бойынша құрақты пішу. Құрақты қол тігісімен біріктіру
Құрақ құрау технологиясы
ҚҰРАҚ КӨРПЕШЕ ТІГУ
Қауіпсіздік ережесі
Пәндер