Киімді көркемдік модельдеу




Презентация қосу
Киімді көркемдік
модельдеу
Киім және костюм қызметі
Киім - адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы
түрлері. Қоғам дамуы барысындағы материалдық, рухани, әлеуметтік
талаптарға сай киім жиі өзгеріске ұшырап отырады. Киім адамның
дүние- танымдық, эстетикалық талғамдарына жауап беру арқылы
даралық айқындау қызметін атқарады, тұлғаның әлеуметтік
жағдайын танытады. Осы сияқты киімнің әр бөлігінің өзіндік қызметі
бар.
Киім адам денесін қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен сақтау
қажеттілігінен пайда болған. Киім тігуге мал, аң терілері, өсімдік,
ағаш, балық, құс өнімдері, жасанды материалдар пайдаланылған.
Адамдар алғаш аң терісінен жасалған киімдерді пайдаланған, неолит
дәуірінде шөп орамынан тоқылған белдемшелер киетін болған.
Тоқымашылық кәсібін игергеннен соң адамдар иықтан, мықыннан
киілетін жапқыштар қолданған. Одан кейін тігіссіз киім пішіндері
дамыған. Мысалы, үнділіктер - сари, шалма, кавказдықтар - бурка,
римдіктер — тога және т.б
Ежелгі киім элементтерінің бірі - белдік. Ол қару-жарақ пен
жорыққа қажетті заттарды бекіту қызметін атқарды. Аяқ киім мен
бас киімдер кешірек пайда болған. Олар адамды ыстық пен
суықтан қорғау қызметін атқарған.
Киімнің климаттық шарттарға байланысты да түрлері бар. Мысалы
ол әр аймақта әр түрлі формамен, материалымен ерекшеленеді.
Мысалы мықындық алжапқыш, иық жамылғысы - тропика және
субтропика тұрғындарының киімі. Суық климатты арктикалық
аймақтарда бүкіл адам денесін жауып тұратын киім киген.
Киім адамды физикалық, климаттық қолайсыз жағдайлардан
қорғау үшін ғана емес, сондай-ақ қауіпті жағдайлардан, сиқырлық
күштерден сақтау үшін де қолданылған. Тіпті, әскери бояуларды,
алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі дене терісін нақыштауды
(татуировка), қазіргі бронежилетті және противогазды, ортағасыр
рыцарінің латысын, сәнді көйлектерді де киім деп айтуға болады
Өркениеттің дамуына байланысты киімнің түрі де, пішіні де
өзгерді. Ер адамдарға, қыз-келіншектерге, балаларға арналған
киім үлгілері шыға бастады. Күнделікті және мерекелік
киімдер, үйлену тойы киімдері, сондай-ақ қаралы күндерге
арналған киім үлгілері пайда болды. Еңбектің түріне қарай әр
түрлі кәсіп саласына арналған киімдер де өндіріле бастады.
Сән үлгісінің демократияландырылуы киімнің жаңа үлгілері
технологиясының дамуына себеп болды, оның функционалдың,
рационалдың, экономикалық қасиеттері аса бағаланды.
Қазіргі ұғымда киім дегеніміз - үлбірден, теріден, тоқыма
бұйымдарынан, мата материалдарынан пішімделген жиынтық.
Ол тек сәндік қана емес, декорациялық, әлеуметтік,
эстетикалық және утилитарлық қызметтерді де атқарады. Киім
мынадай заттар кешенінен тұрады: іш киім, сырт киім, бас
киім, аяқ киім, қолғап, шұлық т.б
Бұйым қызметі деп осы бұйымның нақты атқаратын
қызметінің сипаттамасын айтамыз. Қызмет мазмұны
дегеніміз - адамның қолынан шыққан бұйымға қойған
сұраныс-талабы мен оған берген жауабының тепе- теңдігі.
Киімнің негізгі қызметіне қорғаныстық (физикалык,
моральдық қорғау) және утилитарлық-практикалық
тұтыну жатады. Себебі киім белгілі бір әрекеттерге және
мақсаттарға байланысты пайдаланылып, қоршаған ортаға
бейімделіп отырған. Киімнің эстетикалық қызметі ретінде
адамды сәнді, әдемі етіп көрсетуі саналады.
Киім арнайы адамдар тобына арналып дайындалады
немесе бұқаралық өндірісте өндіріледі, бірақ қандай
жағдайда да адам қажеттілігін қанағаттандырады
Киім кию әдісіне, дене бітіміне, пішініне, пішіміне қарай
бірнеше түрлерге бөлінеді:
күлтеулі, бүрмелі (пішілмеген, тігілмеген) - матаның
қиындысынан ілінген, қыстырылған, түйреуішпен түйрелген
немесе белдікпен байланған киім;
қондырмалы - бас арқылы киілетін киім. Бас сыюы қүшін
матаның қиындысының ортасы ойылған (пелерина немесе
пончо) түрде болуы мүмкін. Пішулі немесе тігулі болуы
мүмкін. Оған негізі ортасынан бүгілген жайма мата,
иығында тігісі жоқ туника, жейде типтес киімдер жатады;
жейделік — пішілген, тігілген, алдында жоғарыдан төмен
қарай түйме қадалған киім (шекпен типтес);
пішілген - адам дене бітіміне қалыптастырып пішілген,
еуропалық типтегі киім
«Киім» сөзін «костюм» үғымымен де тығыз байланыстырады.
Костюм (costume итал. - салт, өнеге) - адамның әлеуметтік,
ұлттық, аймақтық жағдайына, жынысы мен жас
ерекшелігіне, мамандығына қарай дайындалатын киім
элементтері: аяқ киім, аксессуар т.с.с. заттар жүйесі.
Костюмнің құрамына киім, аяқ киім, шаш сәнділігі,
косметика, бас киім, қолғап, зергерлік бұйымдар өнеді.
“Костюм” термині киімнің синонимі ретінде пайдаланылады,
яғни заттың материалдық объектісі. Костюм киім түсінігіне
қарағанда мәдени қолданыста көбірек пайд аланылады. Сон
костюм пішіні ретінде өзгеріп отырады, осыдан костюм
адамның көркі, даралығы, мәнділігі деуге болады. Ол
адамның психологиялық, әлеуметтік, жас және тарихи
ерекшелігін сипаттайды
Әр түрлі тарихи және экономикалық өзгерістер костюм пішіні мен
түрінің пайда болуына жол ашты. Оның дамуы сән мен стильдің
ауысымымен қатар жүріп отырады.
Костюмнің еуропа-қалалық құрылу процесі XIX ғасырда аяқталды.
Кәсіпорындардың жаппай дамуы сәннің интернационалдануына
әкелді: бүкіл әлем бір және біркелкі киімді кие бастады. XIX
ғасырдың еуропалық киімдері регламентациялау мен этикет
ережелерінің кез келген талаптарына лайықталды. Мысалы,
күнделікті ерлер киімі - фрак еді, оны ашық түсті панталон және
жилетпен киген. Костюмнің ажырамас элементінің бірі шляпа-
цилиндр мен қолғап болған еді. 1850 жылы жоғары мәртебелі
және іскер ер адамдардың таңертеңгі және күндізгі тұрақты
гардеробы сапарлық (визиттік) костюм жарыққа шықты. Ол
сюртуктен, сүр жолақшалы қара түсті шалбардан және жилеттен
тұрған. Фракты кешкі мезгілде киетін богіған, ал, кейін оны
смокингке ауыстырып, сәнді киім қатарына жатқызған
Костюм жеке адам мен ұжымның болмысын сипаттау қызметін, яғни қорғаныстың
және утилитарлық-практикалық қызметін де атқарды. Костюмнің маңызды
қызметтерінің бірі - таңбалық қызметі болып табыла- ды. Өйткені киім өзінің иесі
туралы мазмұнды ақпарат береді: адамның әлеуметтік мәртебесін, саяси, діни,
эстетикалық көзқарасын, талғамын және мәдениетін білдіреді. Сондықтан
костюмнің қорғаныстық және ути- литарлық-практикалық қызметінен басқа келесі
қызметтері бар:
магиялық (сиқырлық);
жас ерекшелік - адамның жасын көрсетуші немесе жасырушы;
элеуметтік-жыныстық - киім адамның жынысын ғана емес, оның отбасылық
жағдайын білдіретін, мәселен, «ұзатылатын бойжеткен бе», «тұрмыс құрған ба»,
«жесір әйел ме», т.б. Қазіргі костюмдерде бұл қызмет жойылған, отбасылық
жағдайы ғана емес, адамның жыныстық белгісін де ажырату қиынға түсті;
таптық — адамның әлеуметтік мәртебесін білдіруші немесе жасырушы;
кәсіпқойлық - адамның қандай мамандықпен, немен айналысатынын білдіруші;
аймақтық - аймақтық және үлттық дәстүрлерді айқындаушы; костюм бойынша
адамның нақты этносқақатыстығын белгілеуге болады, осыған ңарамастан қазіргі
костюмнің еуропальщ типінде барлың ұлттың ерекшеліктерді жоятын
«интернационалдың стиль» енгізілген;
діни - адамның дінге жаңындығын білдіруші. Мысалы, XIX ғасырда
Англияда ағылшын шіркеуінің жақтаушысын пуритандық діни
сектасының мүшесінен киімі арқылы ажырататын болған. Киімнің осы
қызметі қазіргі уақытта да қолданыстан шыққан жоқ, мысалы,
мұсылманды кришинайтпен шатастыру мүмкін емес.
Қазіргі еуропалық костюм типі үшін нақты қызмет белгілеу қиын.
Костюмнің атқаратын қызметі өте көп, соған қарамастан мынадай
түрлерін белгілеуге болады:
эротикалық;
эстетикалық - адам өзіндік эстетикалық талғамы мен таңдауы, өмір
сүрген дәуірдің әдемілік туралы ортақ көрсетілімдерімен
айқындалады. Костюмде нақты уақыттың және ұлттық эстетикалық
мұраты (идеалы) анықталады.
Қазіргі заманғы костюмді жобалау кезінде қандай қызметтер үстем
болатынын ескеру керек. Материалды таңдау, конструктивтік шешімін
және костюм бейнесін табу киім қызметтері арқылы жүзеге асады
Киім — дизайн объектісі
Дизайн іс-тәжірибе мен көркемдеу әдістерінің
жиынтығы негізінде материалдық және рухани
құндылықтар жасау саласына жатады.
Қазіргі заманғы дизайн - адамның суретшілік
іскерлігінің, әрі теориялық ойлау қабілетінің
негізінде қалыптасқан сала. Сұлулық және
функционалдық заңдылық нәтижесінде жасалынған
бұйым дизайн туындысы болып табылады. Қазіргі
дизайн заттың бұйымдарды сәндеудің барлық
талабына жауап бере алады, сондықтан костюм
жобалауына да тікелей қатысы бар.
Дизайн (design) - ағылшын тілінен аударғанда жобалау, сызу, ойлап
табу, сондай-ақ жоба, сызба, сурет деген мағынаны білдіреді. Қазіргі
кезде бұл термин өндіріс бұйымдарын әрі ыңғайлы, әрі әдемі
көркемдеп жобалау дегенді білдіреді. Дизайн қоғамды
индустрияландыруға байланысты пайда болған және қалыптасқан
жаңа өнер түрі. Дизайн пайда болуының алғы шарттары қол
еңбегінен машина өндірісіне ауысу ғасырында қалыптасқан. XX
ғасырда индустрияның қарқынды дамуы нәтижесінде штампыланған
сан түрлі тауарлар дүниеге келді. Ю.Б. Борев айтқандай: «Бұйым
жасаушының жеке даралық қасиеті жоғалғандықтан, өнім сәндік зат
болудан шығып қалды». Сол кезде бұйымның жалпы құрылысын
жобалаған құрастырушыға оны эстетикалык; тұрғыдан безендіретін
бейнелейтін суретші көмекке келді. Осылайша көркемдік дайындығы
бар инженер- жобалаушы, жобалаушы мен суретші екеуінің бірігуінен
дизайнер мамандығы пайда болды. Дизайн — қолданбалы өнердің
өндірістік дамуы негізінде техниканың эстетикамен үйлесімі
нәтижесінде пайда болған сала.
XX ғасырдың 20-жылдарындағы атақты модельер және театр
суретшісі Н. Ламанова былай деп жазған: «Қоғамдық тұрмыс пен
мінез-құлықтың ең нәзік көрінісі - костюм... Бұл бұйымның біздің
жұмысымызбен, өмірімізбен байланысты қызмет ету қабілеті бар,
сондықтан ол бізге кедергі жасамай, керісінше, толық көмектесу
мүмкіндігін көрсету керек». Барлық бұйым- дардың ішінен костюм
адам баласымен ерекше тығыз байланыста болады.
Костюмнің дизайндық көркемдік ерекшелігі сол - оның
шығармашылық объектісі - адам. XX гасырдың аяғында дизайн
саласында адамзаттың еркін дамуына лайың жаңа кеңістікті ңүру,
мұңтажын өтейтін стиль- дер кең тарай бастады. Қазіргі сәнгерлер
мен киім өндірушілер өз жұмыстарында жаңа материалдарды
пайдаланып, жаңа технологияға сүйенеді. Нәтижесінде киім атаулы
адамның жас ерекшеліктерін, жыныс ерекшеліктерін айқындайтын
қызметінен айрылып, жеке еңбектің көрінісі болудан қалды. Бірінші
орынға жетілген қызмет шығып, киім жоғары технологиялық бұйымға
айналды.

Ұқсас жұмыстар
Киімнің адам тіршілігіне маңызы
Дәстүрлі киім үлгілері
Спорттық стиль
Киім жылу беру қасиетіне дизайнның әсері
Ересек адамдардың киімдерінің түрлері
Сырт киімінің жасалу технологиясы
Киім дизайнері
Сәнгерлердің мамандануы
КОСТЮМ КОМПОЗИЦИЯСЫ
Жұқа матаны
Пәндер