КОСТЮМ КОМПОЗИЦИЯСЫ
Презентация қосу
КОСТЮМ
КОМПОЗИЦИЯСЫ
• КОСТЮМ КОМПОЗИЦИЯСЫНЫҢ
НЕГІЗДЕРІ
• Композиция туралы түсінік
• Композиция (лат.compositio) - элементтердің жазықтықта немесе
кеңістікте бірігуі мен байланысынан құрылған жүйе. Көркемдік пішіннің
ең басты элементі ретінде композиция бұйымға бірлік пен тұтастық
береді, оның компоненттерін өзара бағыныңқылыққа және тұтастыққа
келтіреді.
• Киім дизайиында композиция пішін құрылымының жалпы
заңдылықтарын айқындайды. Композиция мақсаты - конструктивті,
функционалды, эстетикалың құндылығы бар утилитарлық аяқталған
заттың пішінін жасау.
• Киім композициясы - киім бөліктерінің бейнелі, көркем-идеялық
мағынасын аша отырып, тұтастығын біріктіру. Костюм құрастыру өнерін
сәулет өнерімен теңдестіруге болады. Сәулет өнерінде түрлі сәндік
элемент- терге жарты колонна, пилястр, ою-орнекті фриздер жатады. Ал
костюмге көркемдеу, фурнитура, кесте, ою-өрнек тағы да басқа жатады
• Киім композициясының негізін киім бөліктерінің көлемі,
арақатыстығы, киімнің жалпы пропорциясы және силуэт құрайды.
Киімде әр пішіннің пропорциялық дене бітіммен арақатынастары
маңызды рөл атқарады. Олар пішінге, яғни силуэтке белгілі сипат
береді.
• Мысалы, киімде тік пішіндер сымбаттылық пен жеңілдікті көрсетсе,
көлденең сызықтар дене бітімді аласа, ауырлау ете түседі.
• Киім бөліктерін пішінге келтіру процесі құрастыру арқылы іске
асырылады. Пішін күрделі болған сайын, құрылымды сызықтар да
әрқилы болады.
• Костюм композициясында басты пішіндер ретінде киім негізін
құрайтын нымша, белдемше, жеңді және моделъді әрлендіріп
байытатын пішіндер түрін ерекше атауға болады. Оларға: кестенің
декорациялық элементтері болып саналатын шілтер, күлте,
желбіреуіш, үлбір, сонымен қатар киім бөліктері - жаға, қалта,
қаттама, т.б. жатады.
• Пішіннің бірінші түрі - басты пішін, екіншісі - сәндік- костюмдік деп
аталады. Сәндік-костюмдік пішін жеке өзі қызмет ете алмайды.
Сонымен, киім компонент- теріне пішін (форма), силуэт,
конструкциялық және декорациялық сызықтар, түс, киімнің жеке
бөліктері, декор жатады. Композициялық әдістерге пропорция,
статика, динамика, симметрия, асимметрия, ырғақ, қарама-қайшылық
• Композицияның қасиеттері
• Киім композициясының да өз заңы мен ережелері бар, ол кез
келген костюм түрінде орындалуы тиіс:
• келісімділік - композиция компоненттері мен композициялық
құралдардың киім мақсатына бағынылуы;
• композицияның барлық бөліктері мен компоненттерінің өзара
және адам дене бітімімен өлшем пропорциялылығы;
• композициялық бірлігінің болуы;
• композиция тұтастығы (қатар бағыну)
• Киім композициясы мен композициялық құралдарының
мақсатқа бағынушылық ережесін келісімділік заңы нақтылайды:
• — киімнің арналуы мен пішінінің органикалық бірлігі;
• материал мен сәндік әрлеу бірлігінің киім арналуы мен пішініне
сәйкестігі. Осыдан әрлеу сипаты, оның түрі мен орындау
техникасы анықталады
• Костюм композициясындағы өлшем шамалылығы келесі
факторлардың және киім элементтерінің сандық ара-
қатынасымен анықталады:
• киім көлемінің жарасымдылығы (нымша, жеңдер,
белдемшелер және тағы да басқа) және дене бітімінің
шамаластығы;
• материалдың түсі мен фактурасы;
• киім бөліктері;
• әрлеулер (тігістер, кестелеу, фурнитура тағы да басқа).
• Кез келген костюмнің бейнелілік шешімі композициялык;
орталығы арқылы айқындалады. Костюмнің композициялық
орталығының нақты айқындалуы негізгі киім қызметіне
байланысты. Сәндік костюмдегі композициялық орталық киім
пішінінде тұтас еркін орналасуы және нақты бейнелілік
шешімге ие болуы мүмкін. Жұмыс костюміндегі
композициялық орталық өзінің орналасуымен және нақты
бөлшектері және фурнитурасымен кәсіп орындық киім
мақсаттылығын нақтылайды. Кез келген костюмнің
композициялық орталығы болады, тіпті киімнің фоны
болғанда, оның доминанты ретінде шаш сәні, макияж қызмет
атқаруы мүмкін. Композиция- ның күрделі түрлерінде
• Композиция жоғарыда аталған заңдылықтар мен ережелер сақталғанда ғана
тұтас болуы мүмкін, себебі композиция тұтастығы бүкіл компоненттердің
байланысымен құралады. Композиция тұтастығында артық элементтің болуы
мүмкін емес. Сонымен, киімнің көркемдік сапасы пішіндегі барлық
элементтердің бірлігіне (байланысы), келісімділігіне, пропорционалдығына,
композициялық орталығына және тұтастығына байла- нысты болады
• Киім бөліктерін жеке қарастыру және осы бөліктердің қатысын анықтау
үшін оның вертикальдың және горизонтальдың орталық осін анықтау қажет.
Вертикальдық ось дәл ортадан өтеді. Ал горизонтальдық ось бел сызығына
сәйкес келеді. Осы сызбалық конструкция көмегімен барлық киім бөліктері
бір-біріне қосылады; жоғарғы оң жағы төменгі сол жағына тең, жоғарғы
бөліктерінің қарым-қатынасы төменгі жағына шамаластырылады. Осыдан
басқа жоғарғы және төменгі бөліктерінің симметриялығы адам бітімінің,
оның тепе-теңдігінің симметриялығын бейнелейді. Осы үлгі көптілік заңды-
лығы болып табылады. Сонымен, симметрия дегеніміз - оң жақ және сол
жақ ортадағы вертикальға қатысты адам дене бітімін екі тең бөлікке бөлетін
пішін бөліктерінің теңдігі.
• Кез келген пішіннің құрылыс негізінде симметрия принципі жатады. Симметрия
орта-радиалдық (мысалы, гүл пішінінде, теңіз жұлдызы тәрізді) немесе орта-
осьтік (мысалы, көбелек, құстар пішінінде) болуы мүмкін.
• Симметрияның мынадай түрлері болады:
• классикалық (бейне, айналым, кеңістіктегі бұрылыстар, жазықтықтағы
бұрылыстар симметриясы);
• афиндық (созылым, қысым, жылжу симметриясы);
• ұқсастық (К - ұқсастық симметриясы, L –ұқсастық симметриясы);
• қисық сызықты (айналым, қысымдау, бұзу, жай бүгіліс симметриясы).
• Симметрия - анық және көрнекті композиция қасиетін, пішін жағдайын
белгілейді. Осы тәсіл көмегімен пішін ұйымдастырылады, бұл белсенді
композиция заңдылығы саналады. Фигураның ұқсас элементтері сим- метриялы
орналасады. Осьтің немесе жазықтың бір нүктесіне қатысты бірдей орналасқан
орталық ось немесе жазық симметриясы деп аталады. Фасонды симметриялы
құру кезінде үлгінің оң жағы сол жағындағы барлық; элементтерді қайталайды,
яғни пішінді, конструкцияны, сызықтарды, түр-түсті, бөлшектерді қайталайды .
Кейде пальтодағы, костюмдегі, жекеттегі фасонды симметриялы құруда өңір шеті
оң жаққа қарай (немесе сол
• жаққа) орналасққан сияқты болып көрінеді
• Бірақ зер салып қарағанда өңір шеті жоғары және
ішкі өңір шетімен бірдей қашықтықтағы киім
вертикальдың осьте орналасқан болып табылады.
• Табиғатта абсолюттік симметрияның болмауы
себепті костюмде де көбіне симметриядан шегіну
болады. Бұл бұйымның арналуына және сипатына,
атқаратын қызметіне, кәсіпорындық технология
шарттарына, көркем- бейнелілік мақсаттарына,
киім жобалауына сәйкес жүзеге асады.
• “Асимметрия” түсінігі симметрияның осі
немесе жазықтың симметриясы жоқ
кезіндегі элементтердің орналасуын
білдіреді. Асимметрия динамикаға әр түрлі
деңгейдегі пішінді береді, ол ішкі және
сыртқы болуы мүмкін
• Костюмді жобалау кезінде оның атқаратын қызметінің сипатын
анықтау қажет. Практикалық қызметі эстетикалық қызметінен
басымдау күнделікті еңбек қызметімен байланысты киімді,
симметрия немесе байқалмайтын асимметрияның негізінде
орындаған дұрыс. Керісінше, мерекелік үлгілер асимметрия
нәтижесінде тамаша көрінеді .
• Асимметриялық бастау симметриялың пішінде костюмдік
аксессуарларды пайдалану арқылы, функционалдық және сәндік
элементтердің вертикальдың осьтен жан-жақта орналасуы арқылы
дамуы мүмкін. Симметрия бірқалыптылықты, заңдылықты
білдірсе, ал асимметрия қимылды, кездейсоқты, еркіндікті
білдіреді.Силуэттің симметриялық пішініне ассимметриялық
қосылса, ерекше пішін пайда болады. Симметриямен асимметрия
үндестігі интуицияның, композициялық; бүтіндіктің және
композициялық тепе-теңдіктің сақталуын қажет етеді
• Киім де шығармашылық тұрғысынан психологиялық және
физикалық тепе-теңдікті қажет етеді. Физикалық тепе-теңдік -
элементтердің орналасуы, әрқайсысының тұрақты жағдайда тұруы.
Композициялық тепе-теңдік мынадай жайттарға тәуелді болады:
пішіннің негізгі бұқаралық таратылымына, оның орталығына және
силуэттің ішкі жағына кеңістікті ұйымдастыру сипатына, пропорция
және пластикалық костюм шешіміне, түр-түстік және реңктік қарым-
қатынасқа т.б. Композициялық тепе-теңдік костюмді ішкі жағынан,
сыртынан және қырынан қарастыру шарттарын алдын ала
ойластыруды қажет етеді. Костюм тепе-теңдігінің әр түрлі
факторлары: пішін, өлшем, түр-түс, сызықтар бағыты мен орналасуы
бір-біріне байланысты және бағынышты. Үйлесімділік арақатынас
көзді демалдырады, композициялық шешімнен қанағаттың сезім
туындайды. Балансты композиция тұтас, анық, қарапайым
сезімдерді оятып, жеңіл және табиғи түрде қабылданады. Сондықтан
симметриялық киім пішіндері тұрақты, теңдік қалыпта болады
• Қалта, қақпақша сияқты асимметриялық фасон композициясы
нымшаның сол жағында немесе белдемшеменің оң жағында
беріледі. Бөліктердің осылай орналасуында оң қол басты болып
саналатындықтан күлтелеу, қатпар, бүрме нымшаның оң жағында,
белдемшенің сол жағында орналасады. Бұл костюмнің
асиметриялық композициясы реттелуінің басты түйіннен
жүргізілетінін білдіреді. Осы жағдайда басты түйін ретінде оң жақ
иық сызығы алынады. Осындай күлтелеудің реттелуі ежелгі
гректер киімінен өз бастамасын алады, дене динамикасына қарай
оң жақ иық пен сол жақ жамбас бірінші қозғалысқа түседі.
Осылайша, кез келген киім үлгісінің композициясын құру
барысында пішіннің симметриялығы және асимметриялығы
фасонның басты құрылымдылық ерекшелігі болып табылады.
Симметрия мен асимметрия - пішінді ұйымдастырушы екі бастама
сияқты бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірін
толықтырушы композиция амалдары. Аталған амалдарды дұрыс
пайдалану киімнің қазіргі заманға сәнді үлгілерін құруға
көмектеседі.
• Симметрия және статика, асимметрия және динамика түсініктері бір-
бірімен байланысты.
• Статика - кеңістіктегі тұрақты пішін жағдайы. Тұрақты қалып пішін
бөліктерінің тепе-теңдігімен сипатталады (Ереже бойынша, костюм
вертикальдық ось симметриясымен тұрақты қалыпта).
• Динамика - қозғалыстың, дамудың, өзгерістің белсенді шарты, яғни
пішіннің біржақты бағыты болып табылады:
• пішін сыртындағы асимметриялық пішін ізденісі;
• костюм бөліктерінің пішіннен кеңістікке шығуы;
• адам қозғалысының ішкі және сыртқы динамикамен келісімділігі.
• Костюмдегі статикалық және динамикалық жағдайлар салыстырмалы
пропорционалдықта болады. Осы мақсаттың шешімі костюмнің
қызметімен байланысты. Статикалық пішін жағдайын негізгі
композициялық құрал ретінде күнделікті-іскерлік костюмде пайдаланған
тиімді. Динамика доминанты костюмнің барлық композициялық
құрылысының айқын көрінісін қамтамасыз ететін, мерекелік және
демалыстық киімдерде айқындалады
• Костюмнің тұрақты қалыптылық және динамикалық шешімін
қабылдау үшін жас ерекшелік факторына аса мән беріледі.
Динамикалық композиция темпераментіне, белсенділігіне сәйкес
жастар киіміне тән. Композицияның динамикалығы және
тұрақты қалыптылығы әр түрлі тәсілмен жетілдіріледі. Ең
тұрақты қалыптағы силуэтті пішіндер тіктөртбұрыш пен сопақ
болып табылады, ал оларды шаршыға немесе шарға жақындата
құрғанда, олардың визуалдық жылжымастығы арттырылады.
Нағыз динамикалықты деп трапециялық және икс тәрізді
силуэттерді айтуға болады.
• Костюм композициясының статикасы мен динамикасына силуэтті
бейнелейтін және ішінен оны мүшелейтін сызықтар «жұмыс
істейді». Бұл біздегі әр түрлі сызықтардың сызылуын қабылдау
психологиясымен байланысты. Костюмнің ішкі пішінінің
бөлшектелуі силуэттік сызықтар суретімен байланысты
• Конструкциялық және декорациялық сызықтармен,
костюм бөлшектерімен анықталатын ішкі статикаға
қарағанда, сыртқы силуэттің динамикалығы мен
статикалығы басты рөлді атқарады. Костюмнің
динамикалығы мен статикалығын анықтайтын ең
күшті композициялық құралдар - симметрия мен
асимметрия.
• Киім пішінінің мөлшерлендіру динамикасы
• Симметрия өзінің барлық түрлерінде және өңделуінде тепе-теңдік
пен тұрақтылықтың абсолюттік идеясын, яғни статикасын сақтайды.
• Костюмге динамикалылық беру үшін оның пішінін ырғақты
ұйымдастырудың үлкен мәнділігі бар. Бірдей элементтердің
бірқалыпты алмасып отыруы композицияға тұрақты қалыптылық
береді. Кез келген ритмикалық қимыл түрлерінің қатысуы костюмді
динамикалық етіп көрсетеді. Жақсы ойластырылған композицияда
метрика мен ритмика бір-бірімен белгілі бір пропорционалды
арақатынаста болады, осы тектес амалмен статика мен динамика
тіркеседі. Костюмде осы екі қарама- қарсы іс-әрекеттердің
бастамасының қатысуы үйлесімділік тұтастылығын ұйымдастырады.
• Киім пішінінің динамикасы мен материалдың созылмалылық
қасиеттері тығыз байланысты болады. Сусымалы, жұқа, еркін
жататын жібек матасы үлкен көлемдегі киімді жобалауға мүмкіндік
береді. Көлемді киім адам дене бітіміне өткір қарама-қарсылық
тудырады. Драп, қамқа сияқты пішін қалыптастырушы тығыз
маталар аз қимылдылығымен ерекшеленеді және кішігірім
көлемдегі «қаптық» киімді дайындау үшін пайдаланылады.
• Суретші костюмді конструкциялау кезінде әр түрлі сызықтарды
пайдаланады. Бұл - көлденең, тік, диагональ, қисық, сынық, аралас,
параллельді және қиылысатын сызықтар.
• Киімнің, оның бөліктерінің, бөлшектерінің контурларын
конструкциялық, декорациялық және декорациялы-
конструкциялық сызықтар ретінде қарастыруға болады.
• Конструкциялық сызықтар - костюм бөліктері мен жеке
көлемдердің қиысу сызықтары - фасонның негізі. Оларға қосылған
тігістер, бедерлер, пішін мүшелендіру сызықтары жатады,
осылардан пішін көлемінің өзгеріс- тері басталады - бүкпелері,
кескінділері және тағы басқа.
• Декорациялы-конструкциялық сызықтар - екі қызметті
біріктіреді - декорациялық және конструкциялық қажеттіліктер.
Оларға жол кесте, бау, баукесте, тағы басқа арқылы безендірілген
сызықтар жатады. Осындай жағдайда эстетикалық қызметті
конструкцияның өзі атқарады.
• Декорациялық сызықтар - ешқандай утилитарлық-практикалық
қызметті атқармайды. Бұл киімнің кестелеу жолақтары, шілтері,
мережка, баулары, кестесі, таспасы сияқты әр түрлі әрлеу
сызықтарының сызбалық сипатын құрайды.
• Көлденең (горизонталь) сызықтар - бұйымның енділігін көрсете
отырып, толықтық, тыныштық, тұрақтылық елесін береді. Киім
силуэтінде негізгі бес көлденең сызықтарды ажыратады: иық, кеуде,
бел, мықын, етек сызықтары.
• Тік (вертикаль) сызықтар - бұйымның ұзындығын көрсетеді,
төзімділік, беріктік, негіздік әсерін береді. Мұндай сызықтар бойдың
биіктігін, яғни бойшаңдықты көрсетеді. Негізгі конструкциялық тік
сызықтар белдемше ұзындығын, арқа немесе шалбар ұзындығын, жең
ұзындығын белгілейді.
• Қисық сызық - киімнің конструктивтік-композициялық
сызықтарының ішіндегі ең бір бастысы, тек сол киімде ғана адам дене
бітімінің кескін-келбеті анықталады, бұлар: белден - мықынға, белден
- кеудеге тарайтын сызықтар, қолтық ойындысы. Қисық сызықтар
киімнің жекеленген бөлшектерінде де кездеседі.
• Сынық сызықтар - жаға, қалта, жаға қайырмасы сияқты киім
бөліктерінің конструкциясында жиі пайдаланылады.
• Аралас сызықтар — реглан, нымша, иініш конструкцияларында
кездеседі.
• Диагональ сызықтар - әр түрлі тілікшелік бөлшектерге, бүрмеде,
аяң киімде, киім бүкпесінде т.б. кеңінен қолданылады. Бірінен-біріне
ауыса отырып, бұл сызықтар көлденең және диагональ сызықтардың
• Параллелъді және қиылысатын сызықтар - негізінен сәндік,
әшекейлік, әрлеу сызықтары. Түзу сызыққа қарағанда иілген
сызықтар киімге анағұрлым сәнділік пен әшекей береді. Түзу
сызықты - классикалыққа, ал аралас сызықты - көркемділікке
балайды. Сан алуан сызықтарды пайдалану көптеген киім
пішіндерін құруға мүмкіндік туғызады. Дизайнер қандай да бір
сызықты өзгерте отырып пішін вариацияларын жасайды, оларда
пішіннің бастапқы түрінің болар-болмас бөлігі ғана сақталады.
• Силуэттік сызықтардың кейбір бөліктері пішінді қалыптастырады.
Мысалы, XIX ғасырдың екінші жартысында әйел белдемшесінің
паньесі (ішкі белдемше) парабола пішінінде болған.
• Композициялық шешімде бір модельде әр түрлі сипаттамалы
сызықтардың шектен тыс көп болуына, дисгармония жасалуына
жол берілмейді. Сонымен қатар, біртектес сызықтардың көп болуы
модельді бірқалыптылығымен жалықтырып жібереді.
• Сонымен, киімді пішінге келтіру
сызықтарының ыргақтық негізі оның
созылымды құрылымының сипатын
айқындайды. Пішіннің созылымдылық
құрылымы суретшінің эскиздеу кезеңінде
қаланады. Эскизде пішіннің созылымдылық
дамуының сипаттамасы, яғни бір пішін
бөлігінің екіншісіне «ағып түсу» сипаттама
сы тексеріліп түгелденеді. Әрбір сызықты
өңдеу, олар- дың өзара және силуэттермен
байланысын анықтайды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz